Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (63) апрель 2014 г.

Дата публикации: 28.03.2014

Статья просмотрена: 174 раза

Библиографическое описание:

Есиркепов, Ж. М. Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны / Ж. М. Есиркепов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 4.1 (63.1). — С. 54-58. — URL: https://moluch.ru/archive/63/10015/ (дата обращения: 20.04.2024).

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ауылдық жалпы білім беретін мектептерінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысы қиындықтарға тап болып отыр. Экономикалық реформалар мен қоғам қажеттіліктерінің қысымымен бүгінде ауыл мектебі өзінің оқу-тәрбиелік үрдісіне сай қайта құрылып жатыр. Бұл негізінен өзгелердің тәжірибесін өз қызметіне қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісі жүйесінің құрылымы, тұтастығы, логикасы бұзылады. Жүргізілген зерттеулеріміз көрсеткендей, жекелеген мектептер мен педагогтар мектептегі тәрбие жұмыстарынан (біздің зерттеуіміз бойынша 15-20% мектеп, 30%-ға жуық мұғалімдер мен сынып жетекшілер) бас тарта бастады. Осы бағытпен кете берсе мектеп тәжірибесінен сыныптан тыс сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралар (әртүрлі кездесулер, оқушылармен үздіксіз жұмыс істеп тұратын клубтар, шығармашылық кештер, есеп беру кештері, т.б.) біртіндеп жойыла бастайды. Жақсы ұйымдастырылып, өткізілетін мұндай іс-шаралардың әлеуеті мен стимулдық маңызы өте жоғары болып табылады.

Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының көптеген дәстүрлі формаларын айта отырып, қазірде олардың көбісінің ескіргендігін, жаңа талаптарға сай еместігін ескерген дұрыс деп ойлаймыз.

Педагогикалық орта қазірде тәрбие жұмысының құралдарына, әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына жаңа өзгерістер енгізіп, жаңарту керек екендігін мойындап отыр. Олар қазір ең алдымен оқушыларды әлеуметтендіруге бағытталуы тиіс. Ол үшін қазіргі жаңа ауыл мектебі әлеуметтік-экономикалық реформаларға, қоғамның идеологиялық құрылымдарына сай болатын тәрбие құралдары мен түрлерін іздеу керек.

Ауылшаруашылық өндірісін нарыққа сәйкес ұйымдастыру жағдайында, кейбір объективті себептерге байланысты еңбекті ұйымдастыруда соңғы жылдары жергілікті шаруашылықтың  тәрбиелік әлеуеті едәуір әлсіреді.

Бұл құбылыс ауылдық фермерлік шаруашылықтарда да көрініс тапты. Бұл сыныптық, жалпы мектептік, мектептен тыс іс-шаралардың эмоционалдық және эстетикалық жұпынылануына, оқушылардың белсенді әлеуметтік әрекетттерін тежеуге әкеліп соқты.

Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мұндай жағдайы тәрбиеші, мұғалім, ата-аналардың, тіпті оқушылардың алдында да әлеуметтік тәрбиелеу мен дамытудың жаңа түрлерін және мазмұнын жақсартуға шешім қабылдау міндетін қойып отыр.

Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда рухани-өнегелілік, моральдық-психологиялық, эмоционалдық-эстетикалық жағдайды олар өмір сүретін ортада қалыптастыру шешуші орын алады.

Тәрбиелеуде оқушы мен мұғалім арасындағы жағымды қарым-қатынастың маңыздылығына баса назар аудара отырып А.Ф.Никитенко өз еңбегінде «Бүгінде мектеп үшін дау-жанжалсыз қарым-қатынас ұйымдастыру мәселесі өзекті болып отыр: мұғалімдер мен оқушылар мәдениетті түрде диспут өткізіп, сөз жарыстырып (пікір алысып), жеке қарым-қатынастар арасында жанжал, ұрыс-керіс, бір-бірін кемсіту, тағы да басқа жағдайларға жеткізбей қарым-қатынас жасауды үйренуі керек. Халықтар арасындағы бейбітшілік жеке адамдар арасындағы бейбітшіліктен басталады. Ал қоршаған ортаға, жақындарына қайырымды, тілектес сезімде болу адамның мәңгілік ең құнды қасиеті болып қалады» - деп жазады [1, 33 б.].

Тәрбиеші мен тәрбиленуші арасында қарым-қатынастың көңілді стилін құруда әлеуметтік мазмұндағы мектеп мерекелерінің орны ерекше.

Оқушылардың бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруда мектептегі мерекелердің педагогикалық маңыздылығын қарастырып әрі талдап көрейік. Көптеген зерттеушілер [2, 3, 4, 5] мектептегі мерекелер оқушылардың өз еріктерімен, қызығушылығымен қатысатын тәрбиелік іс-шара, олар онда қуанады, ойнайды, өзінің шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін өз еріктерімен көрсетеді, - деп дәлелдеген. Мерекелер оқушылар мен мұғалімдер ұжымының еңбек, шығармашылық, рухани, интеллектуалды өмірін байытады, балаларды батыл, белсенді, инциативті болуға тартады. Сондықтан, біз қазіргі жағдайда мерекесіз және мерекелеусіз мектептің оқушы ұжымын және кез-келген тәрбиелік қызметті елестету мүмкін емес деп есептейміз.

Күнделікті бірсыдырғы өмірден алыстататын көңілді мерекелер оқушылардың есінде мәңгілікке сақталып қалады. Бұған тәрбиелік қызметтеріндегі тікелей тәжірибесі мен педагогикалық ой-толғамдары бар ұлы педагогтар С.Т.Щацкийдің, В.Н.Шульгиннің, А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің зерттеулері айғақ бола алады. Соңғы жылдары мерекелер еліміздің алдыңғы қатарлы мектептері мен мұғалімдерінің педагогикалық қызметтерінде маңызды орын алып отырғандығын бақылау барысында анықтадық.

Мектеп мерекелерінің әлеуметтік маңыздылығы арта түсетін себебі, олар оқушылар бойында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруға шынайы жағдай жасайды. Өйткені мерекелер қатысушылардың өзін жан-жақты көрсетуіне ықпал етіп, ішкі шығармашылық әлеуетін нығайта түседі. Сонымен қатар, мерекелер ауыл оқушыларының қиялдау, армандау, ойлап табу қасиеттерін оятып, таланттары мен қабілеттерін ашуға қажетті жағдай жасайды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстан көргеніміздей, мерекелер балалардың ойлауына, бірге бастан кешуіне, салыстыруына, т.б. үйретеді. Мектеп мерекелерін өткізуге оқушылардың белсенді қатысуы олардың әлеуметтік, рухани-өнегелілік, еңбек ету және шығармашылық өмірін тәжірибемен байытады, әртүрлі әлеуметтік білім мен ұғым, біліктілік алуына көмектеседі.

Мектеп мереклеренің тәрбиелік әлеуеті нарықтық және гуманитарлық принциптер негізімен тығыз байланысты. Себебі, оқушылар мерекені дайындап, өткізу барасында көптеген нарықтық қатынас элементтерімен беттеседі. Сонымен, оқушылар мереке өткізу барысында, викториналарды шешуде, нарықтық ұғымдардың, терминдердың кейбірімен таныс болады.

Егер психологиялық-педагогикалық жағынан мерекелердің барлығы дұрыс ұйымдастырылса, онда ауыл оқушыларының әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен факторларға белгілі деңгейде оң қатынаста болуына мүмкіндік болады: мектепке, білім алуға, мәдениетке, еңбек және халық дәстүріне, шығармашылық-іздену қызметтеріне, қоршаған ортаға, т.б. – бұл зерттеу барысында дәлелденген жағдай.

Мектептегі тәрбие жұмыстарының қорытындысы көбіне оқушылардың қоршаған әлеуметтік әлеммен күнделікті ұйымдасқан байланысының сипатына байланысты екендігін педагогика ғылымы дәлелдеген.

Мектепте немесе сыныпта өткізілетін кез-келген мереке оқушыларға әлеуметтік құнды реакция береді. Мерекелердің арқасында оқушылар адамдар арасындағы кейбір қарым-қатынастарды түсінеді, нақты сыртқы әлемді көруге ұмтылады.

Мерекелердің арқасында педагогикалық рөлдің де маңызы көрінеді, оқушылар шығармашылық іскерлік көрсетеді, мерекеге қатысушылардың барлығын шараға қатынасуға тартады.

Зерттеуден байқағанымыз, оқушылар мерекелер арқылы өз бетінше ешқашан көрсете алмайтын қылықтар мен іс-әрекеттер жасауға мүмкіндік алады. Мысалы, ауылдың қарт адамдарының мәселелеріне көңіл бөліп қамқорлық көрсету, ұжым алдында сахнаға шығып ән салу немесе билеп беру, байқауларға, викториналарға, қойылымдарға (спектакльдерге) қатысу сияқты мәселелерге қызығушылықпен қарайды.

Біздің бақылау барысында байқағанымыз, шығармашылық бағыттағы мұндай белсенділіктер яғни, мерекелердегі әрекеттер, бірте-бірте қатысушылардың көбіне норма болып қалыптасып кетеді. Бұл оқушылардың сезімталдығы мен әсершілдігінің жоғарлығынан болады.

Мерекені дайындауға қатыса жүріп оқушылар өзін ұжымның немесе қоғамның нағыз мүшелері ретінде сезінеді, сондықтан мерекелер өздерін көрсетуге көмектеседі.

Кез-келген көпшілік шараларды ұйымдастыра отырып, мұғалімдер, оқушылар мерекеден тыс қалса, қоғамнан да тыс қалғаны екендігін әркез есте сақтауы тиіс.

Мектеп мерекелері оқушылардың бір-біріне жақын болуына, жеке де қоғамдық та әрекеттерін белсендіруіне көмектеседі. Міне, сондықтан да мектеп пен мұғалімдер оқушылар үшін мерекелік іс-шараларды жүргізуге, оған оқушының атсалысуына мүмкіндік жасауға барынша тырысу керек.

Оқушылардың қарым-қатынас, байланыс қажеттілігін қалыптастыруда мерекелер ауылдың, мектептің, сыныптың жалпы моральдық-психологиялық ақуалға оң, көтеріңкі әсер ететіндіктен маңыздылығы арта түседі

Жақсы ұйымдастырылып, дайындалған мерекелер барлық мектептік ортаны игілендіріп, елеусіз түзетіп отырады, онда шығармашылық, рухани ақуал қалыптастырып, оқушының барлық өмір сүру кеңістігіне оң әсер етеді. Осылай біз оқушылар жүйелі түрде мерекелерге қатысып отырса, әлеуметтік және рухани дамуы бір сатыға өздері көтеріліп қана қоймайды, жалпы сынып пен жалпы мектеп ұжымын да көтереді. Іс-шаралардың өзге формаларына қарағанда мерекелерді оқушылар тәрбиелік жұмыстың бір формасы деп қарамайды. Оның барлығы мерекеде оқушыға байқалмай жүзеге асады. Сондықтан мектеп мерекелерінің тәрбиелік ықпалына оқушылар қарсыласа қоймайды. Керісінше, балалар мерекеге бейне бір өздерінің жеке шаруасы іспетті, оның үстіне қызығушылықпен, шығармашылықпен, өмірлік маңызды деп есептеп қатысады. Егер мерекелер оқушылардың өміріне үйлесімді сіңіп кететін болса, онда олар мектепте тәрбиелеп жатқанын да байқамайтынын эксперимент көрсетіп отыр. Мектеп тәжірибесінде байқағанымыз, егер оқушы өзіне кейбір талаптар мен ескертпелерді күштеп қыстырып жатқанын сезіп не байқап қалса, онда олар қарсы тұрады, өткізілгелі тұрған шараға негативті қатынасын көрсетеді. Мұндай құбылыстар көбіне мұғалімдер мен қоғамдық тәрбиешілердің жасаған еңбегін зая кетіреді.      

Зерттеу барысында біз педагогика ғылымының мерекенің немесе басқа шаралардың тәрбиелік мақсатын мұғалімдер мен оқушылар қандай дәрежеде білуі тиіс, немесе барлық уақытта білуі тиіс пе? -  деген маңызды жорамалды тексердік. Әлі күнге дейін педагогикада мерекенің тәрбиелік мақсаты туралы сұрақ ашық күйінде қалып тұр. Біреулер тәрбиелік шараның мақсатын барлық қатысушылар да білуі тиіс десе, екіншілері мақсат туралы тек ұйымдастырушылар білсе жетіп жатыр деп есептейді. Тәжірибелік зерттеу жұмысы барысында біздің көзіміздің жеткені – мерекенің мақсаты туралы тек ұйымдастырушылар білсе жеткілікті болатыны, ал оқушыларға мереке мақсаты жай таныстырылса жетіп жатыр. Осылай дұрыс болар, өйткені мереке оқушы үшін ресми тәрбиелік шара болып қалады.

Оқушылар үнемі ізденумен, халық мәдениеті мен тарихының фактілерімен, әртүрлі материалдарды жинақтаумен, еңбек дәстүрлерімен, шығармашылықпен, халық өнерімен, т.б. байланысты болғандықтан, оларды сол мерекелерге арнайы тартып тұратындай, олар оған қатыса жүріп оны өздері де байқамайды, міне, мектеп мерекелерінің тәрбиелік әлеуетінің зор екені осында.

Оқушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қалыптастыруда олардың ойлап тапқыштығын, бәсекелесуге ұмтылғыштығын, жеке тұлғаның көптеген шығармашылық қабілеттерін дамытатындығымен мерекелердің құндылығы көрінеді.

Оқушылар мысалы, мерекеге дайындалуға кірісіп жүріп ұйымдастырушылар оларды қандай күрделі әлеуметтік қатынастарға қосқанын елемей де қалады. Мереке барысында оқушылардың бір-бірімен сабақ кезіндегідей емес, басқа жағдайларда еркін әрі жақын араласуына, тек құрдастырымен ғана емес, мұғалімдермен де, мектептен тыс орта өкілдерімен де ауыл жастарымен де еркін қарым-қатынас жасауға шынайы мүмкіндік туады. Осының бәрі ауыл оқушыларын әлеуметтендіру барысында және оларда әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруда позитивті әсер етеді.

Әрбір мектеп мерекесі өзге кез-келген тәрбиелік іс-шарада кездеспейтін балалық пен жасөспірім әлемін кереметпен, әдемілікпен, қайырымдылықпен, сеніммен, сыйластықпен және сүйіспеншілікпен, т.б. бір-біріне жақындата алады.

Мазмұны мен формасы жағынан қазіргі жағдайға сәйкес келетін көңілді мерекелер қоғамның, ауылдың, жергілікті шаруашылықтың, кәсіпорынның, ұйымның, ұжымның әлеуметтік өмірінің суреттері мен әртүрлі бейнесін көрсете алады.

Барлық мән-мағынасында тәрбиелік әлеуеті бар мерекелер әлеуметтік шындықпен шынайы іс-жүзіндегі арақатынасқа оқушыларды жетелеп отырады, өйткені ол мерекеде мұғалімнен басқа ауылдың мәдени-ағарту өкілдері, спорттық-сауықтыру, т.б. өзге ұжымдар өкілдері қатысады. Мерекеге өмірде әртүрлі әлеуметтік тәжірибесі бар адамдардың қатысуы, олардың еңбектегі және өмірдегі тарихтары ұйымдастырылып отырған іс-шараның оқушылар үшін көптеген жаңа және бейтаныс фактілермен, оқиғалармен, әртүрлі материалдармен мазмұнын толықтырып, байытып отырады.

Мектептен тыс орта өкілдерінің тәрбиелік ықпалын күшейту үшін мерекені ұйымдастырушылар олармен алдын ала кездесіп, олардың айтатын сөздері, баяндамалары, іс-әрекеттері туралы бірге ақылдасқаны дұрыс, іс-шара барысында олардың алатын орнын алған жөн.

Біздің тағы да бір көз жеткізгеніміз, егер мерекеге қатысушылар сөз алғанда суреттер, хаттар, газет пен журнал материалдарын, мақтау қағаздарын қоса көрсетіп отырса, онда мектеп мерекелерінің тәрбиелік маңызы күшейе түседі.

Әрбір жүргізілетін мектеп мерекелері, оған дайындық мұғалімдердің үлкен физикалық, интеллектуалды, шығармашылық және психологиялық күш жұмсауын, әрі көп уақытын алатын болғандықтан, ауыл мұғалімдері оқушылармен тәрбие жұмысының бұл түрін жүргізуге ұмтыла бермейді.

Теориялық зерттеулер мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында біз ауыл мектептерінің тұрақсыз және қарама-қайшы қарым-қатынастарының негізгі педагогикалық себептерін анықтадық. Ол себептер мыналар:

- мұғалімдердің көбісі (60%-ға жуығы) мектеп мерекелерінің тәрбиелік әлеуетін дұрыс анықтап бағалай алмайды, мерекелердің қандай әлеуметтік құндылықтар бере алатынын, басқа тәрбиелік шараларға қарағанда алатын орны, рөлі қандай екенін түсінбейді;

- ауыл мұғалімдерінің мектеп мерекелеріне бір жақты қарамау себебі, олардың көбісі бұрынғы қоғам дамуының социалистік принциптерімен байланысты болғандықтан болып отыр. Соның әсерінен қазіргі күндері ондай шараларды дайындауға және өткізуге қажетті технология мен әдістеме жоқ болып отыр. Сондықтан бүгінде бұған әрбір ауыл мектебі мен ауыл мұғалімі әдістемелік те, психологиялық та дайын бола бермейді;

- кейбір мектептер мен мұғалімдердің бұл мерекелерге екі жақты қарауының себебі, оған дайындық жүргізу - өте күрделі, ұзақ жылдық үрдіс, ол қосымша күш пен уақытты қажет етеді. Сонымен бірге кедергі болатын тағы бір мәселе ол жүлделер, байқау, сөзжұмбақ шешу жеңімпаздарына алғыс сыйлықтар алуға, залдарды безендіруге өте көп қаражат құралдарының қажет болатыны. Қазіргі жағдайда барлық білім беру мекемелері сияқты ауыл мектептері де бұл жағынан елеулі қиыншылықтарды бастан кешіруде, өйткені агроөнеркәсіп кешендері терең әлеуметтік экономикалық және қаржылық дағдарысты бастан кешіруде;

- қоғамдық-саяси жағдайлар, рухани-өнегелілік дағдарысы, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты қоғамның моральдық-психологиялық ақуалы жалпы алғанда күрделі әрі тұрақсыз. Бұл факторлар тек оқушылардың ғана емес, барлық ауыл тұрғындарының көңіл-күйі мен мінез-құлығына негативті ықпал етері сөзсіз.

Осы зерттеулерді жүргізе отырып біз жүргізілген мектеп мерекелерінің тиімділігінің маңызды педагогикалық жағдайларын анықтадық.

Бұл мәселелерге оң жауап іздеуге қазір көптеген зерттеушілер, алдыңғы қатарлы ұстаздар, әдіскерлер, психологтар, т.б. атсалысуда. В.А.Сухомлинскийдің, В.А.Караковскийдің, З.Г.Нигматовтың, Е.В.Васильеваның теориялық қағидалары мен қорытындыларына сүйене отырып, біз тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында мектеп мерекелерінің кейбір тиімді жағдайларын анықтадық. Олардың ең маңыздыларын келтірейік.

1. Бала және жасөспірім психологиясына әркезде жаңашылдық, әдемілік, таңғажайыптық жақын. Сондықтан мектеп мерекелерінің тиімділігін арттыру үшін зал мен бөлмелердің сыртқы безендірілуінің маңызы зор. Мерекенің тақырыбына сай әрі әдемі безендірілген зал оқушылар мен көрермендерді оң көңіл-күйге бөлейді, шараның басында-ақ қанағаттанарлық сезім тудырып, эмоционалды көтеріңкі көңіл сыйлайды. Гүлдер, бильбордтар, плакаттар, портреттер, фотоқұжаттар мен фотоальбомдар, жеңіл әрі көңілді музыка – осының бәрі мектеп мерекесінің залын керемет әдемілікке бөлейді.

2. Тәрбиенің талаптарына және мәндеттеріне сәйкес келетін кез-келген мектеп мерекесінің негізгі идеясы жан-жақты ойластырылып, нақты анықталуы тиіс.     Дәл мерекенің идеясы оқушылар байында әлеуметтік құнды қажеттіліктерді қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан ол дайындық жұмыстарының барлық кезеңдерінде ескеріліп отырылуы тиіс және бастапқы минутынан соңғы минутына дейін есепте болу керек. Тәжірибелік жұмыс көрсеткендей, кейбір мерекені ұйымдастырушылар оны неге өткізіп жатқандығын түсінбейді, өйткені оның мазмұнында негізгі идея жоқ. Онда тек жекелеген қатысушы топтардың бөлек-бөлек әрекеттері ғана көрінеді. Ал негізгі идеялардың болмауынан мерекелер ойдағыдай өтпейді. Содан олар тек ақпарат беруші, әртүрлі сандық деректер келтіруші шара болып қана өтеді. Оған оқушылар да белсенді қатыспайды.

3. Мереке бағдарламасына спорттық және көңілді ойындар қосылып өткізілсе тәрбиелік мәні артар еді. Ойын жүргізілетін сәттер оқушыларды мерекеге ынталандырады, оған қатысқаны үшін жауапкершілігін арттырады. Мұғалімнің, ырғақтың, күрделі спорттық-гимнастикалық қимылдардың көмегімен мерекені қызықты, тартымды етуге болады. Сөйтіп, сахнаға түрлі-түсті киінген оқушылардан құрастырылған пирамида шыққанда, ол күтпеген жерде пайда болса деп елестетіп көрейікші, сонда аз уақыттан кейін-ақ бәрін лезде өзгертіп жібергендей болып сала береді. Көтеріңкі көңіл-күй, мерекеге қатысуға деген қызығушылық пайда бола бастайды.

4. Кез-келген мектеп мерекесінде көрермен мен қатысушы арасына шекара қоюға болмайды. Міндетті түрде әртүрлі бағытта бәрі де қатысушы болып отыру керек. Осының нәтижесінде оқушылар өзге адамдармен тереңірек араласып тәжірибе жинақтайды. Зерттеу қорытындыларына сүйене отырып, біз тәрбие іс-шараларын жүргізуде технология-сынақ әдістерінің маңызы өте зор деп есептейміз. Мұндай тапсырмалар мен міндеттемелер оқушылардың санасына мерекенің негізгі мағынасын, идеясын мақсатқа бағытты қатысушылардың көңіл-күйлерін бұрып отырып, олардың әлеуметтік белсенділігі мен әрекеттерін тереңдетіп кеңейтуге болады.

5. Дайындық кезеңінде ұжымда жағымды моральдық-психологиялық ақуал, ұйымдастырушылар мен барлық қатысушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнауын қамтамасыз ету керек. Бұл қатысушыларға қиындықтарда қосымша қуат пен күш жинауына мүмкіндік береді. Тәжірибелік жұмыстан көрінгендей, кейде дайындық кезінде кейбір ұйымдастырушылар тарапынан қажетсіз күйгелектік, ашушаңдық, шыдамсыздық жағдайлар көрініп қалады. Бұл әрине ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасындағы арақатынасты күрделендіреді, жалпы рухани-өнегелілік ақуалға кері әсерін тигізеді.

6. Кез-келген мерекенің жетістікке жетуі құрылымдығын, мақсаттылығын, логикалық байланыстардың кезең арасындағы жасалуы жағынан ұйымдастырушылықты дұрыс қалыптастыруына байланысты. Әрбір қатысушыға нақты және шамасына қарай тапсырма берілуі тиіс. Алдын ала мерекеге қажетті барлық материалдарды дайындап қою керек, жүйелі түрде дайындық жұмыстары, олардағы қиындықтар мен мәселелер туралы мектеп ұжымын, ата-аналарды хабардар етіп тұру керек. Әйтпесе, ол көңіл көтеретін оқиғаға айналып кетуі мүмкін.

7. Мерекенің маңызды тәрбиелік мазмұны кесте құруда. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымызда біз мынадай кестені қолдандық: басталуы, негізгі кезең, соңғы бөлім. Мерекенің мұндай жоспары компазициялық кемшіліктердің болмауына мүмкіндік береді.

Тәжірибеде мерекені ұлттық дәстүрлер мен еңбек дәстүрлеріне сүйене отырып ұйымдастыруда біз А.С.Макаренконың «тәрбиеленушілер жан-тәнімен еліміздің алға жылжуын, оның жұмыстары мен жетістіктерін сезіне білуі керек. Әр қадам сайын тәрбиеленушіге оның әр жұмысы еліміздің өмірі мен өркендеуіне қосқан үлесі екенін көрсетіп, сездіріп, түсіндіріп отыру қажет. Оларға даңққа, ерлікке толы өткен күндерді көрсетіп отыру керек» [6, 82-83 бб.] Ұлы педагогтың бұл ойлары дәл осы мектеп мерекелерінде жүзеге асырылады.

Мектеп мерекелерінің тиімділігі туралы айта отырып, мынадай сұрақ туындайды: оның қандай элементтері оқушыларға күштірек әсер етеді? Өкінішке орай бұл сұраққа бірден жауап айту мүмкін емес. Өйткені, ол іс-шараның тақырыбына, мақсатына, бағытына байланысты. Мысалы, мектепте «көңілді сөре» атты спорттық мерекеге дайындық жұмыстары жүріп жатыр делік. Іс-шараның мазмұнын құрайтын психологиялық-педагогикалық талдауы көрсеткендей, бұл жағдайда оқушылар дайындық барысында әртүрлі турнирлерге дайындалуға көбірек көңіл бөледі. Бұл деген дайындық барысында оқушылар көптеген жаттығулар жасап шеберлігін, біліктілігін арттырып үйрене түсуге тырысады. Командалық-ұжымдық жаттығулар олардың өзара байланысын жетілдіріп, байыта түседі. Осының бәрі оқушы балаларды біріктіреді және олардың шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі. Мереке балалар үшін басталатын уақытынан әлдеқайда бұрын басталады. Сондықтан ең тиімді кезеңі – ол дайындық кезеңі болып табылады.

Мерекенің ақтық сынына көбірек көңіл бөлген дұрыс, ол әртүрлі мажорлы тонда аяқталуы тиіс. Мысалы, ұзақ қол соғулар, көңілді билер мен мереке тақырыбына сай сүйікті әндер, ұйымдастырушының қорытынды сөзі, т.б. Осы және басқа да формаларды қолдана отырып оқушылардың жүрегінде жылы, сенімді із қалдыру арқылы маңыздылығын арттыруға болады.

Мерекені позитивті түрде аяқтау арқылы, оқушылардың осындай іс-шараларға деген қызығушылығын дамытуға болады.

Сонымен, мектеп мерекелері эмоционалды қанықтығының, театрландырылуы мен оқиғалығының арқасында оқушылардың эстетикалық сезімдері мен әлеуметтік-өнегелілік әсер алатынын, әлеуметтік құнды қажеттіліктерін қалыптастыруға шынайы тамыр жаятынын көруге болады.

Әдебиет:

1.     Никитин А.Ф. Единство нравственного и граждансого воспитания // Советская педагогика. – 1990. - №7. – С. 32-37.

2.    Егізбаев Ж.Ә. Ұлттық құндылықтардың тәрбие құралы ретінде қарастырылуы // Дене тәрбиесінің жаршысы. – Алматы, 2012. – 59-62 бб.

3.    Волков Г.Н. Неотьемлемая часть народной культуры // Советская педагогика. – 1990. - №7. – С. 106-111.

4.    Нигматов З.Г. Воспитание социально гуманности у школьников - Казань: Таткнигоиздат, 1987. – 126 с.

5.    Ханбиков Н.И. Педагог-гумманист // Советская педагогика. – 1988. -№7. – С. 87-92.

6.    Макаренко А.С. О воспитании. - М.: Политическая литература, 1988. – 254 с.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, Советская педагогика, бола, немес, пена.


Похожие статьи

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Авторы: Жиенбекова Айнур Абдрахмановна, Султанова Айнур Эркиновна. Рубрика: Педагогика.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре, был исследователем и практикующим врачом.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Нарық, ұлттың немесе әлемдік ауқымда қарасты бәсекелестіктің бар болуын қарастырады. Нарықтағы бәсекелестік тауар мен қызмет өндірушіні жетілдіруге және өзінің перспективалық бәсекелестік артықшылықтарының даму жолына жетелейді.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері

Оқытудың білім беру функциясы оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға,білік пен дағдыны игеруге даярлайды.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Научный журнал «Молодой ученый» №6 (17) июнь 2010 г.

История 4. Политология 4. Педагогика 21. Физическая культура и спорт 1. Филология 15.

Советская военная элита 1930-х гг. в отечественной историографии.

Похожие статьи

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен тағылым

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат салысуы.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, бола, мена.

Apт-тepaпия apқылы пcихoэмoциялық cayлықты жәнe дeвиaнтты...

Авторы: Жиенбекова Айнур Абдрахмановна, Султанова Айнур Эркиновна. Рубрика: Педагогика.

Основные термины (генерируются автоматически): EOR, MEOR, мена, немес, теза.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре, был исследователем и практикующим врачом.

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

Нарық, ұлттың немесе әлемдік ауқымда қарасты бәсекелестіктің бар болуын қарастырады. Нарықтағы бәсекелестік тауар мен қызмет өндірушіні жетілдіруге және өзінің перспективалық бәсекелестік артықшылықтарының даму жолына жетелейді.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытудың негіздері

Оқытудың білім беру функциясы оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға,білік пен дағдыны игеруге даярлайды.

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Научный журнал «Молодой ученый» №6 (17) июнь 2010 г.

История 4. Политология 4. Педагогика 21. Физическая культура и спорт 1. Филология 15.

Советская военная элита 1930-х гг. в отечественной историографии.

Задать вопрос