Тәрбие берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Библиографическое описание:

Насимов М. О., Паридинова Б. Ж., Абуталип А. Н. Тәрбие берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі // Молодой ученый. — 2014. — №4.1. — С. 30-31. — URL https://moluch.ru/archive/63/10003/ (дата обращения: 17.12.2018).

Ақпараттық заманда адамзат бұқаралық ақпарат құралдары (газет-журнал, теледидар, радио және Интернет) арқылы тәрбиеленіп келе жатқаны белгілі. Бұқаралық ақпарат құралдары саяси процестердегі ең ықпалды құрылымдардың бірі және бүгінгі саяси сахнадағы негізгі құрал болып табылады. Сондықтан, баспасөз, радио мен теледидар қазіргі қоғамға ықпал ететін және жанама түрде тәрбиелейтін мықты институт. Бүгінгі ғылыми зерттеулерде бұқаралық ақпарат құралдарының екі негізгі қызметін айқындай аламыз: 1) гуманитарлық (ақпараттандыру, білім беру, ойын-сауықтық); 2) саяси (бұқаралық сана қалыптастыру).

Мақала авторлары осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселе бойынша бірнеше мақалалары жарияланған болатын: жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар [1], ақпараттық қоғам шарттарындағы тәрбие беру мәселелері [2] және қазіргі шарттарда студент жастарды патриоттыққа тәрбиелеу [3].

Қоғамдық өмірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының орны айқындалған мақалалар да жарық көрді: мемлекет пен қала имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдары [4]; жаңа қазақстандық патриотизмнің қалыптасуындағы басымдықтары [5]; жоғары мектептегі оқытудың инновациялық технологияларының дамуындағы белгілері [6]; әлеуметтік-экономикалық даму шарттарындағы білім мен ақпараттың өзара байланыстары [7].

Бүгінгі күндегі бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялаудағы рөлі өте жоғары. Міне, осы БАҚ бұқараның санасында қазіргі заман адамының өмірі мен қызметінің салтын қалыптастырады. Азаматтардың мінез-құлқы мен дүниетанымын реттейді, саяси ұстанымдарына ықпал етеді. Барлық ақпараттарды беруде адам санасына әсер етудің жасырын қызметін пайдаланады. Бұқара халық манипулятивтік технологиялар ықпалымен өз мүдделеріне қарсы шығу қаупі де туындауы әбден мүмкін. Бүгінгі күні телекөрермен саяси басқарудың элементі ретінде телевизиялық коммуникацияның бастауы саналады. Бұл демократиялық  институттың негізі болып табылатын тікелей халықтық басқарудың технологиялық шыңы. Әлеуметтік жауапкершілікке ие теледидардың әлеуметтік-саяси дамуының аспектілері шын мәнісіндегі саяси мәдениеттің дамуына өз үлесін қосатыны белгілі.

Қазіргі мәдени-саяси жүйедегі қажетті ақпаратты алу мен өңдеудің маңызды арналық белгісі бар байланыс қажеттілігі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы тиімді және сапалы мүмкіндігін ұйымдастырудағы мәні зор. Сондықтан әлеуметтік процестерді басқарудың метатехнологияларын қалыптастыру туралы да айта кеткен жөн. Өйткені бүгінгі күннің бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық коммуникацияның құралына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі қазіргі кезеңдегі өзіндік құрамдас бөлігін құрайтын және гуманитарлық қызметпен тығыз байланысты бірнеше өзіндік ерекшелігі бар қызмет түрлерін қамтиды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі қызметтерінің қатарына ақпараттандыру жатады. Саяси ақпаратқа қоғамдық маңызы зор мемлекеттік органдар тарапынан назарды қажет ететін және оларға ықпал жасайтын мәліметтер енеді. Алынған ақпарат негізінде азаматтардың үкімет, парламент, партиялар мен басқа саяси институттар қызметі, қоғамның экономикалық және мәдени өмірі туралы ойлары қалыптасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық қызметі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өз дәрежесінде бағалау мен реттеуге бағытталады. Масс-медиа азаматтардың бүкіл өмірін қамту арқылы олардың саяси және әлеуметтік ақпаратты ұғынуға ықпал жасайды. Сондықтан азаматтардың саяси біліміне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері мол. 

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ағартушылық әлеуметтендіру қызметімен тығыз байланысты. Дегенмен, ағартушылық жүйелі білім игеру мен тұлғаның танымдық және құндылық мүмкіндіктерін кеңейтсе, саяси әлеуметтендіру халықтың саяси нормалар, құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін игеруге ұмтылдырады. Сонымен қатар, тұлғаның әлеуметтік ақиқатқа бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сыни қызметін саяси жүйедегі масс-медиамен қатар, оппозиция кеңінен қолданады. Бірақ, ақпарат құралдарындағы сынның көлемділігі өте кең болғандықтан, мемлекеттік саясаттың барлық бағыттары оның назарында болады.

Қоғамдық пікірдің беделділігіне негізделген бақылау қызметінің артықшылықтары өте мол. Қоғамдағы келеңсіздіктерге әкімшілік және экономикалық жазалау шараларын қолданбаса да кез келген оқиға мен саяси тұлға қимылына құқықтық және адамгершілік бағасын ұсынады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалдастық қызметі саясат пен қоғамдағы кемшіліктерді сынаумен қатар, саяси ойыншылар мен түрлі қоғамдық мүдделер ықпалдастығын қамтамасыз етеді. Түрлі әлеуметтік топтар мүшелері пікірлерін бұқараға ашық білдіру мүмкіндігін ұсынып, қоғамдық пікірдегі өз мүдделерін қорғауға жағдай қалыптастырады.

Жоғарыда аталған бұқаралық ақпарат құралдары саяси қызметі түрлерінің барлығы жұмылдыру қызметімен бірлескен. Қызметтің бұл түрі  азаматтардың белгілі бір саяси қызмет түріне итермелеуге жол береді. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың санасы мен сезіміне ықпал ете отырып, нақты саяси мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді. Өйткені кез келген жоғары білімді азамат қарама-қайшылығы мол саяси процестерде жауапты шешім қабылдауда теледидар, радио, газет пен журналдарға сүйенеді. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі жоғарыда аталған түрлерімен шектелмейді. Кейбір ғалымдар бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі түрлеріне инновациялық, жеделдету және қоғамдық пікірді қалыптастыру қызметтері туралы да айтады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының саяси кеңес беру қызметі ерекшеліктерін толықтай айқындаумен қатар, тәрбие беру мәселелерімен өзара байланыстылығын танытады.

Әдебиет:

1.    Насимов М.О., Саткенов Д.А. Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар // Молодой ученый. – 2014. – № 1-2. – С. 67-68.

2.    Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Ақпараттық қоғам шарттарындағы тәрбие беру мәселелері. Сборники конференции НИЦ Социосфера. – 2013. - №40. – С. 037-038.

3.    Nassimova G.O., Nassimov M.O., Paridinova B.Z., Koppossynova M.K. Patriotic education of students in the modern conditions // Paradigmata poznani. – 2014. - № 1. – Р. 52-52.

4.    Насимов М.О. Image of the country and the city on the example of the Republic of Kazakhstan and Astana // Молодой ученый. – 2013. - №5, Том ІІІ. – С. 564-566.

5.    Паридинова Б.Ж., Абдуова Ж.К. Жаңа қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мәселелері. Сборники конференции НИЦ Социосфера. – 2013. - №56-2. – С. 089-090.

6.    Еңсепов А., Паридинова Б.Ж. Жоғары мектептегі оқытудың инновациялық технологиялары.  Сборники конференции НИЦ Социосфера. – 2013. - №32. – С. 089-091.

7.    Паридинова Б.Ж., Бегалиева Қ.Б. Әлеуметтік-экономикалық даму шарттарындағы білім мен ақпараттың орны. Сборники конференции НИЦ Социосфера. – 2013. - №15. – С. 041-043.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, сборник конференции.

Похожие статьи

Использование сервисов мгновенного обмена сообщениями...

V международная научная конференция «Современная филология» (Самара, март 2017). Дата публикации: 06.03.2017. Статья просмотрена: 256 раз.

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Научный журнал «Молодой ученый» №10 (114) май-2 2016 г.

Спецвыпуск Материалы Всероссийской научно-практической конференции "Актуальные проблемы

Іс әрекеттегі зерттеу: Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Научная конференция «Экономика, управление, финансы»...

Место проведения конференции и издания сборника Санкт-Петербург. Конференция состоится в заочной (дистанционной) форме в октябре 2018 года.

Научный журнал «Молодой ученый» №13 (147) март 2017 г.

Научный журнал. Международные конференции. Тематические журналы.

Спецвыпуск Сборник научных трудов кафедры психологии, сервиса и туризма.

Материалы VI международной научной конференции...

Место проведения конференции и издания сборника Казань. Конференция состоялась в заочной (дистанционной) форме в марте 2018 года.

О правилах выполнения перевода научно-технической литературы...

Проработав и изучив массив информации, представленной в сборниках материалов конференций, в частности, III-й Международной научной конференции «Актуальные вопросы...

Материалы V международной научной конференции...

Место проведения конференции и издания сборника Самара. Конференция состоялась в заочной (дистанционной) форме в марте 2017 года.

Международные научные конференции — Молодой ученый

По результатам конференции издается сборник статей. Сборники конференций размещаются на eLIBRARY.RU, но не индексируются в РИНЦ.

Архив номеров журнала — Молодой ученый

Научный журнал. Международные конференции. Тематические журналы.

Сегодня получили бандероль: сборник и сертификат. Большой Вам рахмет!

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle

Задать вопрос