Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №2 (61) февраль 2014 г.

Дата публикации: 01.02.2014

Статья просмотрена: 1762 раза

Библиографическое описание:

Альмухамедова, А. Б. Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері / А. Б. Альмухамедова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 2.1 (61.1). — С. 33-35. — URL: https://moluch.ru/archive/61/9108/ (дата обращения: 24.04.2024).

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелерінің бірі –әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайда өмір сүруге дайын болып қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардағы оқыту-тәрбие үрдісінің мазмұны тұлғаның жеке өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталып, дамытушылық, тұлғаға бағдарлы тұрғыдан қарастырылуы өзекті мәселе болып танылады. Мектеп дейінгі ұйымдарда педагогикалық үрдісте көптеген тұғырлар қолданылып, тек білім білік дағдыны меңгеру, балалармен әдістемелік жұмыста репродуктивті ақпараттар берумен шектеліп келді. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық, пәндік -дидактикалық және психологиялық дамыту үлгілеріне негізделген білім берудің дәстүрлі философиясын өзгерту қажеттігі туады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында білім берудің мақсат, міндеттері мен мазмұны ізгілік пен демократиялық идеяларға негізделген мемлекетіміздің білім берудегі стратегиялық бағытын айқындайды [1, 3 б.]. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа технологияларын, білім берудің жаңа үлгісін оқыту үрдісіне енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осындай жаңа білім беру үлгілерінің бірі – тұлғаға бағдарлы педагогикасы. Бұл педагогиканың басымдылығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында тәжірибеге бағыттау және оны есепке алуды қажет етеді. Осыған орай біздің зерттеуіміздің үшінші әдіснамалық бағыты – тұлғаға бағдарлану тұғыры. Білім беруге осы тұрғыдан қарайтын болсақ, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті тәжірибесін жеке тұлғадан оқшау емес, жеке тұлғаға тікелей қатысты қалыптастыру қажеттігін мойындауымыз керек, сонда еңбек іс-әрекеті барысында «...бала сыртқы педагогикалық әсерлерді жай ғана ішкі санасымен қабылдап қоймайды, берілген білім субъектісінің жеке тәжірибесімен «кездесіп», соңғысы мәдениеттенеді, баийды, өседі, өзгереді, мұның өзі тұлғаның жеке даму «векторын» құрайды. Мұндайда дербестікке, өзіндік ізденіске, өзін өзектендіру талпынысына және басқа да жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының ішкі тетіктеріне ерекше мән берген жөн.

Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры–қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері, баланың жеке, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу. Жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық, заттық-дидактикалық және психологиялық моделі» деп анықтама беріліп, рухани және интеллектуалды сапаларының қалыптасуына бағытталады [3]. Жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданыста болып, бірнеше жолдары белгілі болған.

Тұлға - адамгершілік ұстанымдары өзі үшін және қоршаған орта үшін маңызды болып саналатын, өзін байланыстар мен қарым-қатынаста көрсете алатын, әлеуметтік тұрғыда негізделген, оның психологиялық сипаттамаларының жүйесінде қарастырылатын жеке адам болып табылады. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, жеке адамның негізгі қызметі қоғамда қалыптасқан адамның тәжірибесін жасампаздықпен қабылдау болып табылады.

Ә.Мұханбетжанованың зерттеуінде «тұлғаға бағдарлы білім берудің негізгі ерекшелігі педагогикалық технологияға қатысты қарастырылады. Оның негізі түсіндіруден-түсінуге, монологтан-диологқа, әлеуметтік бақылаудан-дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу, ал педагогтың негізгі міндеті қарым-қатынас болып табылады» [2, 35 б.]. Тұлғаға бағдарлы білім берудің басты идеясы оқыту үрдісіндегі субьектілік қатынастарда қалыптастыру болып табылады. Ғалымдардың пікірінше, тұлғаны құндылық ретінде қабылдау, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігін, даралығын, тұлғаның әлеуеті мен мәндік күшін ашуға бағыттап, оның қатынастар жүйесі мен бағдарларының өзара әрекеттесуіне ықпал етеді. Біздің зерттеуімізде тұлғаға бағдарлы тұрғыдағы көзқарастар талдана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекетінің бірі еңбек екендігі айқындалды. Ғалымдардың көзқарасынан білім берудің тұлғаға бағдарлануы деп баланы еңбек іс-әрекетінің субьектісі ретінде өзін өздігінен жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, өздігімен еңбектенуі, өзін-өзі танытуға, өзіндік тәжірибесінің негізінде жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағыттау деп түйіндейміз.

Тұлғаға бағдарлану тұғырын әдіснамалық негіздеген И.С.Якиманский бағдарлы оқытуда баланың субьектілі тәжірибесіне сүйену керек деп есептейді. Субьектілі тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс-әрекеттің негізі болып табылады. Сондықтан білім беру үрдісінде баланың субъектілі тәжірибесі тәрбиешінің беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие болып өзгереді, дамытады, жетілдіреді. Біздің зерттеуіміз үшін әсіресе ғылымның жеке тұлғаға бағдарланған оқыту үлгісінің негізгі қағидалары төмендегідей:

- мектепке дейінгі ұйымда арнайы ұйымдастырылған оқуға дейін қалыптасқан субъектілік тәжірибесі бар баланың жекелігіне, өзіндік құндылығына, өзіндік ерекшелігіне басым көңіл бөлу қажет (бала басынан таным субъектісі болып табылады);

- оқу үрдісін жобалауда әлеуметтік маңызды нормативтерге сай өзгерту енгізгенде жеке іс-әрекет ретінде қайда жаңғырту мүмкіндігін қарастыруы тиіс;

- білім беру үрдісін жобалап, жүзеге асырған кезде әрбір баланың тәжірибесін анықтау бойынша ерекше жұмыс жүргізіп, оны әлеуметтендіру (мәденеттендіру) қажет; оқу жұмысының қалыптасып жатқан тәсілдерін бақылап отыру керек;

- түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған бала мен тәрбиешінің ынтымақтастығын іске асырған жөн; білім беру үрдісінде қатысушылардың арасында ұжымдық бөлінген жұмысты арнайы ұйымдастыру қажет;

- білім беру үрдісіде оқытумен берілетін қоғамдық тарихи тәжірибе мен оқуда жүзеге асырылатын баланың субъектілік тәжірибесі «кездеседі»;

- екі түрлі тәжірибенің (қоғамдық-тарихи және жеке) өзара әрекеттестігі жеке тәжірибені ығыстырып, оның орнына қоғамдық тәжірибені «толтыру» бағытында емес, олардың үйлесімдігі негізінде, балалардың таным субъектісі ретінде жеке өмірінен жинағандарын пайдалану бағытында жүзеге асырылуы тиіс; оқу, сондықтан, оқытудың тікелей кескіні бола алмайды;

- балалардың жеке тұлға ретінде дамуы (оның әлеуметтенуі) оның нормативтік әрекеттерді меңгеруі арқылы ғана емес, сондай-ақ өзіндік дамудың маңызды негізі ретіндегі субъектілік тәжірибенің үнемі байып, өзгеріп отыруы арқылы да жүзеге асырылады;

- баланың негізгі нәтижесі тиісті білімдерді меңгеру не            гізінде танымдық қабілеттерді қалыптастыру болуы тиіс [3, 65 б.]. Ғалымның белгілеуінше, тұлғаға бағдарлы оқытуда балалардың субъектісі тәжірибесіне сүйену керек. Ғалымның ой пікірінің біздің зерттеу жұмысымыздың мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда арқау болатын тұстары мол. Мектеп жасына дейінгі баланың білім, біліктерінің қалыптасуын, оларды оқыту үрдісінде берілмеген жағдайларда қолдануын қамтамасыз ететін оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруі арқылы таным үрдісінде өзін-өзі жүзеге асыру құқығы жүзеге асырылатынын айтып өтеді. Оқу әрекетінде басшылыққа алатын қағидаларды ұсынып ,оның ішінде біздің зерттеу объектімізге сәйкес келетін тұстарын іріктеп алдық. Жаңа деңгейде дамыту үшін баланың субъектілі тәжірибесі мен танымның ішкі құрылымына, қабілеттер мен таным стратегияларын есепке алуға көңіл бөлуді қажет етеді.

Ересек адамдар баланың еңбек іс-әрекетінде әрбір баланың даралығы мойындалатындай және құрметке ие болатындай жағдайында ұйымдастыруы қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігінде іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне немесе мазмұнына деген қызығушылықтары, қабілеттерінде айырмашылықтар байқалады, мысалы, іс-әрекеттің көркемдік және ойлау типіне қарай пайда болады. Көркемдік типтегі балалар илеумен, сурет салумен, жапсырумен, музыкамен, би билеумен айналысады. Олардың көп жағдайда математикаға деген қабілеттері байқалады, олар өз кезегінде олардың қиялын дамытады, эксперимент жасауға қызығады, олардың эмоционалдығы, импульсивтігі анық байқалады. Ойлау типі анықталған балаларда тілдік қабілеттер байқалады, олар ережелер жаттаудан өз қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл жастағы балаларға өзіндік реттеудің жоғары деңгейі тән, олар іс-әрекеттің реттелген түрлеріне мән береді. Көркемдік және ойлау типіндегі балаларда әлемді танудың және өзіндік реттеудің құралдары мен тәсілдеріндегі айырмашылықтар ажыратады. Көркемдік типіндегі балалар қолданатын белгілер жүйесінің негізінде бейнелер болады. Ойлау типіндегі балалар сүйенетін жүйелер жүйесінің денелік сипаты болады. Бұл аталған ерекшеліктерді біз мектеп жасына дейінгі балалар еңбек іс-әрекетінің субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруда ескереміз.

Қазіргі заманда қоғамдық өмірде болып жатқан түбегейлі өзгерістер әрбір адамнан жаңа идеяларды жүзеге асыру қабілетін, бастамашылдық көрсетуді талап етеді, яғни өз тұлғасының даралық мүмкіндігін жүзеге асыруды талап етеді. Гуманистік психология идеяларының әсері жаңа педагогикалық парадигманың пайда болуына, балаға оқыту мен тәрбиенің субъектісі ретінде көзқарасының қалыптасуына, педагогикалық үрдісте баланы негізгі құндылық ретінде түсіну және мойындау, қабілеттері мен өзіндік дамуға құқығын, субъективті еркіндігін, баланың психологиялық жағынан қорғалуын және дүниеге деген көзқарасын талап ететін баламен өзара іс-әрекетті құруға байланысты жаңа көзқарастарды туындатты. Қалыптасу объектісінен бала өзіндік даму субъектісіне, қайталанбайтын даралық иесіне айналады. Сондықтан толыққанды адамзаттық өмір сүрудің принципі ретінде әрбір адамның даралығы анықталады.

Қазіргі таңда тұлғаға бағдарлы технология түрінде оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, бірқатар зерттеу жұмыстары арналып келеді. С.М. Башихаеваның пікірінше, гимназияны тұлғаға бағдарлы технология негізінде басқарудың шарттарын белгілеп, «тұлғаға бағдарлы технология негізінде басқару- білім беру субъектілерінің өзіндік сапаларының қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін ұстанымдарға, шарттарға және іс-әрекеттерге негізделген өзара қарым-қатынастар» [3, 74 б.]. Мектеп жасына дейінгі балалардың даралығын дамыту мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен еңбегін қолданумен қатар, бірқатар зерттеушілер еңбек іс-әрекетіндегі қарым-қатынасын өз құрдастарымен ұйымдастыру мағызды. Еңбек іс-әрекетін осылай ұйымдастырудың түрі мектепке дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыру күнделікті еңбектің тиімді формасы болып табылады. Сонымен, жоғарыдағы ой пікірлерімізден мынандай тұжырым жасаймыз: еңбек іс-әрекетінде тұлғаға бағдарлы тұғырының мақсаты әрбір баланың даралығын ашу мен дамыту, қоғамдық маңызды жеке тәжірибесін жинақтау құқығы беріледі. Педагог тең дәрежеде әрбір баланың даралығына құрметпен қарайды және өз жұмысын осы даралықты ескеру арқылы құруға ұмтылады. Жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, біз зерттеу мәселемізге байланысты тұлғаға бағдарлану тұғырының бірнеше бағыттарды белгіледік:

-       еңбек іс-әрекетінің субъектісі ретінде жеке тұлғаның дамуын;

-       баланың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың мәнін, шартын және құралдарын белгілеу;

-        әрбір баланың мүмкіндігін, даралығын және қоршаған материалды әлемді тану және қайта құруда субъектілі тәжірибесін қалыптастыруға бағытталу, күнделікті өмірде технология сабағында, еңбек іс-әрекеті арқылы өзіндік дамуын көздеу.   

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. – 2004. – 20 қаңтар.

2.      Мұхамеджанова Ә. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері / 13.00.01 – жалпы педагогика, пед. ғыл. док... дис. – Алматы, 2001. – 288 б.

3.      Жиенбаева С.Н. Мектепалды және кіші мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастырудың теориялық негіздері. – Алматы. – 2008. - 294 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос