Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 22651 раз

Библиографическое описание:

Набуова, Р. А. Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде / Р. А. Набуова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 64-67. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8935/ (дата обращения: 16.12.2024).

Оқуды тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет.

Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда қолдану мүмкіндігіне серпін бергені анық. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.

Р.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкиналардың «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» әдістемелік нұсқаулығын зерделей келе, формативті бағалаудың оқушыларды оқытудағы тұлғаға бағытталған білім берудің құрамдас бөлігі екендігін, бағалау үздіксіз жүзеге асырылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс үдерісі бағаланатынын ұғындым.

Әдетте «баға – жазалау құралы» деген ұғым бар, себебі кейде мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін осы әдісті қолдануы мүмкін екендігі белгілі. Мұндай баға сыныптың бағалау журналына түсіп, оқушының пәнге, мұғалімге деген кері көзқарасын қалыптастыруы мүмкін. Тіпті оқушыға көтеріңкі баға қою арқылы баланың пәнге ықыласын арттыруға болатыны да белгілі, әрине бұл әдіс бір балаға қатысты үнемі қолданылғанда кері нәтиже беретіні сөзсіз. Оған қоса, мұғалімнен тек жақсы баға алу үшін ғана оқитын балалардың қалыптасу қаупі болса, төмен баға алған балалардың «нашар баға» алуға үйреніп алуы сияқты жағдай орын алуы мүмкін. Олай болса, бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы қалайша оқушылардың оқуға, сабаққа деген қызығушылығын туғызуға, сабақты терең меңгертуге, пән бойынша білімін тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болады? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздей отырып, «Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?» тақырыбында өткізілген сабақтың мақсатын Блум жүйесіне сүйене отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуін меңгерту – деп айқындадым.

Сабақ жоспары жоспарланған оқыту мақсатына сай оны толық жүзеге асыруға бірізділік принципін сақтай отырып, жасалды. Қолданылған стратегиялар мұғалімдерге І «Бетпе-бет» кезеңіндегі мақсаттары және міндеттерін, тренингтік сессиялардың сабақта күтілетін нәтижеге бағыттау қарастырылды.

Сабақ жоспарын Бағдарламада берілген үлгіні басшылыққа ала отырып, жасалған. Әрине, берілген дайын үлгінің деңгейінде жұмыс жасаған дұрыс, дегенмен Блум жүйесіне негіздей отырып, сабақ мақсатын айқындалды. Мақсат: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын білу және түсіну, практикада қолдана алу, талдай білу және теориясынан алған білімін жинақтай алуы мен бағалай білуі. Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдерге сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды.

Сабақ барысында жасалған «Кенесары хан жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін табыс критерийлерін айқындау», «Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасын» жасау жоспарланды, себебі мұғалімдердің пікірін тыңдау, ақпаратты салыстыру негізінде талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыруды мақсат еттім. Әр тапсырма, жаттығу жұмыстарынан кейін формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағалау сэндвичі», «Табыс критерийлері» түрлері негізге алынды.

Тапсырмалар жүйесі 4 сабақта табыс критерийлері өлшемдерінің нәтижесін анықтауға, тұжырымдауға және өз тәжірибесінде өзгеріс енгізуге бағытталып, қолданылды.

Сабақ соңында «Сөйлемді аяқтау» әдісі» арқылы «Мен үшін қиын болды», «Мен түсіндім, үйрендім», «Мені таңқалдырды» және «Алдағы уақытта» – деген ой-тұжырымдары арқылы кері байланыс жасату көзделді. Бұл әдісті мұғалімдердің өзін-өзі бағалау құралы ретінде пайдалануды жоспарладым.

Жүйеленген тапсырмалар мен жаттығулар арқылы Блум жүйесіне негізделе отырып, мұғалімдердің меңгеру деңгейі айқындау межеленді.

Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша: Оқыту үшін бағалау ..............., Бағалау арқылы оқытуды жақсартудың 5 факторы ..............., «Қара жәшік» ішіндегі бағалау .................,Оқуды бағалау кезінде ......., Интерпретация ....... арқылы, яғни сыни көзқарас таныта отырып, топтасты. Көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылды.

Осы орайда мен тренер ретінде мұғалімдердің теориялық сауаттылығын арттыру үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулықты басшылыққа алуларын өтіндім.Себебі, І-ші «Бетпе-бет» кезеңінде меңгерген теориясының негізінде мектептегі тәжірибе кезеңіндегі өткізетін мұғалімнің әр сабағында формативті бағалау өз дәрежесінде жүзеге асырылуы қажет.

Сабақтың кіріспе бөлімінде теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма ретінде «Аққала» суретін салуға жеке тапсырма бердім, салынған суреттер тақтаға ілінген соң, «4», «5» бағаларды қойып шықтым, осы мезетте топта «жұмыс шуы» басталды, неге «4», неге «5» қойдыңыз деген секілді сұрақтар қойылды. Осы сәтте шынайы бағалау үшін табыс критерийлерін айқындатып, қайта бағалау жүргізілді.

«Кенесары хан» жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін кемінде 3-4 критерийлерін айқындату мақсатында топтық жұмыс жүргізілді. Табыс критерийін айқындату өзектілігі жайлы түсініктеме жүргізілді.

Мұғалімдер өзінің нұсқамасына оқыту үшін бағалау әдісін енгізу үшін, оларға алдымен бағалау оларға не үшін қажет екендігін ойлану, ал екіншіден, балаларға оқыту үдерісінде бұдан жоғары нәтижелерге жетуге қалай жәрдемдесуге болатындығын шешу керек.

Мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдер алынды.

4 сабақтан тұратын сабақтар тізбегінде мен оқыту үшін бағалауда мынадай әдіс-тәсілдерді жоспарлап, қолдандым:

* Топтық жұмыс. Кенесары хан жайлы жазылған шығарманы бағалау үшін кемінде 3-4 критерийлерін құрастыру, әр топтың жасаған критерийлерінен түйінді бағыттары айқындалды.

* Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша 5 қадам: қарапайым сұрақ қою, сұраққа жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма, жаттығу, бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, жоба қорғалды.

* Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-бірі бағалау жүргізілді.

* 12 бағалау стратегиясын 5 топқа 2-3 стратегиядан бөліп берілді, жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізе отырып, постер дайындады, топ баяндамашылары қорғады.

* Планшетте топтардағы өзара бағалау стратегиясы бойынша «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалау жүргізіледі.

* Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасын» жасады.

* Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі бойынша жүргізілді: Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңқалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды.

Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. (Блэк және қосалқы авт., 2003) дегендей, планшетте жазылған «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалауда қиындық туғызғанына көз жеткіздім.

Мұғалімдердің бағалау өлшемдерін жасағанда жұмыс мысалдарының транскрипцияларын пайдалануда қиындық туындағаны анық, әрине төмендегі жұмыс транскрипцияларын: А) А пәні: өте жақсы, жақсы ұйымдастырылған, жақсы талпыныс, өте жақсы жұмыс, фантастыикалық тетіктер, осылайша жалғастырыңыз, өте жақсы таныстырылым. Ә) түзетуге бағытталған: көптеген суреттер берліген, өте жақсы жұмыс – жазу ережесін дұрыс қолдан, не түзетілгені – толықтырулар, жалпы жақсы жазылған, бірақ мәніне жету үшін көп уақыт керек. Б) ғажап, қателердің жанында жақсы жауабы жазылған, өте жақсы тырсқансың, өте жақсы + түзетілген қателер, жақсы талпыныс, егер түсініксіз болса маған кел, жақсы күш салғансың, сөйлемді .... дан бастама, себебі; қолдану арқылы қиындықтарды игертуге қол жеткізе бастадым.

Формативті бағалау мен суммативті бағалаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындауға бағытталған «Венн диаграммасы» жасалды.

Формативті бағалау: оқыту үшін бағалау, сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы жетелеуші, қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Суммативті бағалау: оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі. Ұқсастығы бағалау; мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Венндиаграммасын жасау арқылы мұғалімдерде форматвиті бағалау мен суммативті бағалаудың ерекшелігі мен ұқсастығын түсінуге мүмкіндік алды.

Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001) – деген ой-тұжырымына келісе отырып, сабақ соңында «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша кері байланыс жүргіздім.

Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Кейбір қиыншылықтар «нәтиже» және «білім» арасындағы айырмашылықты түсінбеумен байланысты туады. Әйгілі психолог Кэрол Двэк бір-біріне жақын екі бағытты ажыратқан. «Нәтиже» бағыты ақымақ болып көрінбей, «білімді болып көріну» үшін бағытталған, ал «білім» бағыты жаңа дағдыны алу, жаңа мәселелерді орындау және түсіну есебінен «Білімдірек» болуға мақсатталған. «Нәтижелерді көрсетумен» шектен тыс айналысу білім алу үдерісін өзінің басуы мүмкін – деген тұжырымымен келісемін.

Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және қосалқы авт., 1989).

Формативті бағалау өздігінен жеткілікті мөлшердегі маңызды құрал, өйткені сәтсіздікті айқындауға мүмкіндік жасайды.

Оқудың 1-ші бетпе-бет кезеңінде тренингтер, дәрістер ұйымдастыру барысында мұғалімдерге әдістемелік тұрғыда қолдануды жөн көрдім. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі тақырыбын өткізгенімде мұғалімдермен оқыту формасын түрлендіріп (ұжымдық іс-әрекет, топтық, жұптық, жеке) іс-әрекеттер жоспарланды. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің идеясын дамыту үшін негізгі стратегияларын: ой қозғау, Блум, Венн диаграммасы, бағалаудың түрлері: т.б. қолдандым. Әрбір өткізілген сабақтан кейін мұғалімдермен кері байланыс жүргізу – мақсатқа жетудегі жасалынған іс-әрекеттер, жағдаяттар, қойылған сұрақтарға берілген түсініктемелер мен комментарийлер. Дәріс соңында кері байланыс парағына мен үшін қиын болды, нені үйренді, алдағы уақытта нені жақсартатын қадамдарын белгіледі осы тренингтен қандай нәтиже көрсеткенін жазды. Сабақ рефлексиясында ұнаған, қиын болған тұстарын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.

Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды.

Әдебиет:

1.      Александер Р. Культура и педагогика. – М.: Wiley–Blackwell, 2001.

2.      Бағалау реформасының тобы. Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным. - Кембридж Университетінің білім беру факультеті, 2002.

3.      Блэк П.И., Вильям Д. Сыныпта бағалау және оқыту, білім берудегі бағалау: ұстанымдар,саясат және практика. – 1989. - 5 (1). - 5–75 бб..

4.      Пэтти Д., Нэльсон Т. Бүгінгі оқыту. // Практикалық нұсқау. - 2-басылым. – Алматы, 1998.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, QCA.


Задать вопрос