Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 2165 раз

Библиографическое описание:

Жубауова, Ж. Р. Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру / Ж. Р. Жубауова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 57-60. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8932/ (дата обращения: 17.12.2024).

Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше.Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кезкелген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады.

Оқушы құзырлылығын қалыптастыруда оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың түйінді құзырлылықтары мен оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде проблемалық оқытуды жүзеге асыру қажет.“Құзырлылық”ұғымысоңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік   тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың  (латын тілінде «сompetens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір  сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді. Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапа ретінде /Құдайбергенова К.С/  қарастырылып жүр. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру сабақ барысында жүзеге           асырылады, сондықтан сабақ кезеңдерінде мақсат, нәтиже мен іс-әрекет түрлері нақты             айқындалуы қажет.

Қазіргі таңда проблемалық оқыту өзекті болып, лидерлік позицияда тұр. Өйткені, проблемалық оқыту оқушының өз бетінше ізденуіне, мұғалім мен оқушының арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты нығайтуға, ортақ мақсатқа жетуге, танымдық белсенділік пен құзырлылықты арттыруға негізделген. Бұл жағдайдағы оқыту субъектілердің бірлесіп ізденудегі әрекеттері деп есептеуге болады. Себебі оқушы проблемаларды шешуші болса, ал мұғалім бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы және көмекшінің ролін атқарады.

Проблемалық оқыту итеграциялық негізде оқытудың жетекші ұстанымдары мен білім беруді дамытудың бағыттарымен ұштасады. Олардың бірігуінен пәннің әдістемелік  білімінде жаңа бағыт-проблемалық-интеграциялық оқытудың пайда болғанын төмендегі белгілер бойынша анықтауға болады:

Ø физика, биология, география, экологиямен химияның тығыз байланысы;

Ø  оқушылар қаншалықты «өмірге дайын» екені, яғни олар мектепте аталған пәндер бойынша (пәнаралық байланыс)  алған білімдері мен біліктілігін есейген шақта кездесетін проблемаларды шешуде қолдану қабілеттілігі;

Ø проблеманы шешудегі интеграцияны, интеграция негізіндегі проблеманы табудағы оқушының логикасы.

Интеграциялық оқытуда оқушының танымдық құзырлылығын проблемалық ситуациялар арқылы арттыруға болады. Проблемалық ситуациялар оқушылардың білім алуға деген танымдық қажеттіліктерін дамытады, ойларын таным объектісіне бағыттайды.

Интеграциялық проблемалық ситуацияны үш негізгі компоненттердің бірігуімен түсіндіруге болады.

1.    «Белгісіздік» таным процесінің  қозғаушы күші болады, яғни ол қарама-қайшылық тұрғыда құрылуы керек («білемін-білмеймін», «жасай аламын-жасай алмаймын», « иә-жоқ»).

2.    Пайда болған қарама-қайшылықты шешуде оқушының саналы түрде қажеттілікті қанағаттандырудағы әрекеті.

3.    Оқушының өмірлік тәжірибесі және зияткерлік-танымдық қабілеті. Оқушының жеке басының қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым «белгісіздік» бойынша көп ақпарат беруге болады.

Проблемалық және танымдық тапсырмалардың алгоритмі

1. Ақпаратты таңдау тапсырмалары

..........үшін тән белгілерді атаңдар.

2. Қателерді жөндеуге арналған тапсырмалар

3. Қорытындыны салыстыруға және дайындауға арналған тапсырмалар.

..........құрылысы мен өмір сүру ортасын салыстыру

4. Байланысты айқындайтын тапсырмалар.

Қөректену мен фотосинтез арасындағы байланысты табыңдар.

5. Бейімделу ерекшеліктерін атаңдар. (мысал келтір)

6.Қарама-қайшылықты айқындайтын тапсырмалар.

Құмырсқалардың екі түрі болады, бір қөрекпен тәуліктің әр мезгілінде қөректенеді.

Құмырсқалардың белсенділігін түсіндір.

7. Тәжірибелік тапсырмалар.

Жапырақтағы судың булану механизмін түсіндіретін  тәжірибені жасалу жолын түсіндір.

8. Гипотезаны ұсыну тапсырмалары. Фактіні түсіндіруге  гипотезаны ұсыну (аюдың қысқы ұйқыға кеткен кездегі  тыныс алуының баяулауы).

9. Тәжірибе қорытындыларын түсіндіруге арналған тапсырмалар.

10. Гипотезаны талдауға арналған тапсырмалар.

Жер бетіндегі тіршілік саздан пайда болды. Құзырлылық тапсырмалары интеграциялық сипатқа ие. Сондықтан құзырлылықты қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырғанда пәнаралық байланысты жүзеге асырған жөн.

Құзырлылық тапсырмаларына қойылатын талаптар

Тапсырмалар құрастырылады:

Ò Стимул-жағдаят;

Ò Тұжырымдалған тапсырма;

Ò Ақпарат көзі;

Ò Толтыру парағы (жауап парағы);

Ò Тексеру құралы.

Стимул-жағдаят оқушыға тапсырманы орындауға түрткі болады. Жағдаяттың сипатталуы немесе ақпарат көздеріне негіз болатын тапсырманың шарттары қарастырылады.Тұжырымдалған тапсырма бір жақты ұғынылуы керек, үлгілі жауапқа , оқу жасына сәйкес, білімалушыға қызықты болуы қажет. Ақпарат көзі қажет және іс-әрекетті орындауға жеткілікті, қызықты, оқу жасына сәйкес болуы шарт. Тексеру құралы Үлгі жауап-дұрыс және мүмкін болатын жауаптар ( жауаптар сызбасымен ашық тапсырмалар),кілт-оқушылардың үлгілі жауаптары, бақылау парағы-тапсырманы орындалуы бойынша оқушының іс-әрекеттік үрдісі.

Құзырлылық тапсырмаларының деңгейлері

Ò  Жаңғыртушылық деңгейі (базалық білімді стандарттық жағдаяттарда қолдану);

Ò  Байланысты орнату деңгейі (әр түрлі тақырыптар бойынша материалдар интеграциясы, ақпараттың кесте және график түрінде берілуі);

Ò  Қорытындылау деңгейі( стандартты емес мәселелрді шешу, нәтижені тұжырымдау, түсіндіру)

Құзырлылыққа бығытталған тапсырмалар

Тақырыбы: «Су. Ерітінділер». 8 класс.

Бақшаңыздан жақсы өнім алдыңыз. Қысқа қиярды сақтап, тұздауды жөн көрдіңіз. Ол үшін тұзды ерітінді дайындау қажет.

Стимул-жағдаят

500 г. 7 % ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін тұз бен судың массасын есептеу керек. Ас тұзының формуласын жазыңдар.

Тұжырымдалған тапсырма.

1._______________________

2.________________________

3.________________________

Толтыру парағы (жауап парағы);

Қиярды тұздау үшін ас тұзының 7% ерітіндісі қолданылады. Дәл осындай ерітінді микробтардың өмір сүруіне кедергі болады. Түзілген сүт қышқылы қиярды жақсы қалпында сақталынуына септігін тигізеді.(консервант).

Ақпарат көзі

- тұздың массасы есептелініп, анықталғын

- судың массасы есептелініп, анықталғын

- ас тұзының формуласы жазылған

Тексеру құралы

m(тұз) = ω . m ер-ді = 500г. 0,07 = 35г                                         2 балл

m(су) = 500 – 35 = 465г                                                             2 балл

NaCl                                                                                           2 балл

Жоғарғы балл:                                                               6 балл

Үлгілі

жауап

Ескертпе: Оқушы тапсырманы орындауда қиналса, тірек сигналдар арқылы көмек көрсетуге болады

                   
    Цилиндр: ерітінді
    Цилиндр: тұз
  Цилиндр: су
   
       
 
 
 
 

                                                                                                              m ер.з.                               

     

m су                                m тұз                                  m ер-ді                      ω.100%

                                                                                                                    m ер-ді  

 m ер-ді= m су + m тұз       m су = m ер-ді - m ер.з.

10 минут көлемінде мәтінмен танысыңыз «Элементтің биологиялық ролі» топтастыру-сызбасын толтырыңыз

Тапсырманың берілуі

Химиялық әлементтердің биологиялық ролі.

ИОД

I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан, циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады.

Адамның қанының құрамында йодтың мөлшері жылдың мезгіліне байланысты кө­бейіп-азайып отырады. Мәселен, қыр­күйек – қаң­тар аралығында қан құрамында йод мөл­шері азаяды да, ал ақпаннан бастап көтеріледі, күн ыси бастаған мамыр айын­да йод деңгейі ең жоғары көрсеткішке жетеді. Негізінде дені сау адамға күн сайын шамамен 150 микро­грамм йод қажет. Егер осы қажеттіліктің орны толмаса ағзада түрлі ауру туындауы мүмкін. Қан құрамындағы йодтың­ аз бо­луы ағ­за­ның инфекцияларға, химиялық және физикалық, пато­ген­дік агенттерге қарсы тұру қабілетін төмендетеді, тіпті ақыл-естің кемдігіне соқтыруы да ғажап емес. Мәселен, бү­гінде плане­тамызда бір мил­лиардтан астам адам табиғи йод жетіс­пейтін аудандарда өмір сүреді. Олардың 200 миллионы ақыл-есі кем деп танылса, 6 миллионы кретинизмге шалдыққан.­ Шындығына келгенде, Қа­зақстан да йод жетіспейтін аймаққа жатады. Сондықтан  біз­­дің ел тұрғындарының да тағам құрамындағы йодқа ерекше мән бергені жөн. Се­бебі йод жетіспеушілігі тахикардия, қолдардың діріл­деуі, аздаған диффуздық жемсау сынды ау­руларға себеп болады екен. Себепсіз күйге­лектік пен жылау, бұлшық ет әлсіздігі де нақ осы себептерден туын­дайды. Ал асқын­ған жағ­дайда ағзадағы тұз бен су айналымы бұзылып, тері асты тінде­рінің ісуі де мүмкін.

Ал енді ағзадағы йодты қалыпты жағдайда ұстау үшін не істеу керек? Адам ағзасына қажетті йодтың 90 пайызы тамақ арқы­лы толықтырылады. Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай, күнделікті та­ғамның құрамы­на ерекше мән беру керек. Йод өсімдік өнімдерінде – 60-150 микрограмм, жануар өнімдерінде – 30-70, суда – 8, ауада – 2 микрограмм болады. Ал теңіз балығы, теңіз қырыққабаты, ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздат­қанда ондағы йод жойылып кетеді. Ал аспаздық өңдеу кезінде йодтың 14-тен 65 па­йызға дейінгі мөлшері жойылады. Нанды пісіргенде бұл көрсеткіш – 84%, сүтті пісір­генде – 26%, жар­малар мен бұршақтарды қайнатқанда – 47-64%, көкөністерді пісірген­де – 62%, етті – 45%, балықты қуырғанда, қайнатқанда йодтың бастапқы мөлшерінің 74 пайызы­ жойылады екен. Осы қарапайым ғана пайыз­дарды есте ұстап, тағамның құнарлылығына мән бере жүр­геніңіз өзіңізге жақсы.

Ақпарат көздері

- ағзадағы элементтің мөлшері  – 2 балла;

- элементтің биологиялық ролі  – 2 балла;

- қандай азық-түліктің құрамында – 2 балла.

Жауаптарды бағалау

Әдебиет:

1.      Құдайбергенова К.С. Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы, 2008

2.      Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. М.: Просвещение, 1977

3.      Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М.:Педагогика, 1972

Основные термины (генерируются автоматически): балл, йод, мена.


Задать вопрос