Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №1 (60) январь 2014 г.

Дата публикации: 08.01.2014

Статья просмотрена: 11446 раз

Библиографическое описание:

Жаксыбаева, А. Ж. Болашақ педагог-психологтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру / А. Ж. Жаксыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2014. — № 1.2 (60.2). — С. 55-57. — URL: https://moluch.ru/archive/60/8930/ (дата обращения: 19.04.2024).

Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұны Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген сөздерімен дәйектеуге болады. Яғни, осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.  Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді.

Болашақ мұғалім:

- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үдерістегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуді меңгеруі;.

- оқушылардың негізгі: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтарын қалыптастыруға дайын;

- білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыра білуі керек.

Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.

Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәреже де көрінеді. Педагог-психологтар әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын проблемаларды шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, сонымен қатар сол сыныптағы балалардың ішінен дарынды, қиын балаларды анықтап әрқайсымен жеке сұқпаттаса отырып, кеңес беруі қажет.

Әр жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны ары қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі заманның талабына сай етіп даярлау, т.б. Бұлардың бәрі – педагог-психологтың қызметі. Қазіргі білім беру парадигмасы тұлғаның өзіндік дамуына ықпал етеді (К.А. Абульханова-Славская, А.Г. Асмолов, Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, В.П. Зинченко, А.Н. Леонтьев, В.Н. Мясищев, В.А. Петровский, В.М. Розин, С.Л. Рубинштейн, В.И. Слободчиков, Д.И. Фельдштейн); педагогикалық практикадағы ізгілендіруді қамтамасыз етеді (Е.В. Бондаревская, Г.Н. Волков,    И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов); дамыта оқыту тұжырымдамасына негізделеді (В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Е.Н. Кабанова-Меллер, З.И. Калмыкова,       С.А. Смирнов, Г.А. Цукерман, Д.Б. Эльконин); оқу процесін өзара әрекет ретінде ұйымдастырады (Ю.К. Бабанский, П.Л. Гальперин, И.И. Ильясов, В.Я. Ляудис, М.И. Махмутов, Н.Ф. Талызина, Е.И. Унт, И.И. Чередов, Г.И. Щукина); танымдық қызығушылықты, дербестікті, шығармашылықты  дамытады (Д.Б. Богоявленская, П.И. Пидкасистый, Я.А. Пономарев, Г.К. Селевко, Т.И. Шамова, Е.А. Яковлева); білім алушыны диагностикалауға және даралық жол табуға бағдарланған (Ю.З. Гильбух, К.М. Гуревич, Л.М. Фридман).

Аталған барлық бағыттар үшін жалпылық бұл студент тұлғасына, оның даралық ерекшеліктеріне, студенттердің әлеуеттік мүмкіндіктерін, өзіндік дамуын анықтау үшін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігіне  бағдарлану болып табылады. Сонымен, жоғары оқу орнында студенттерді оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық әдебиеттерге жасаған талдау негізінде тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдірудің мәні, құрылысы және мазмұны нақтылауға; тұлғаны дамытудағы қарым-қатынасты жетілдіру моделін құруға, студенттердің тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін критерийлерді, көрсеткіштерді және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Сондықтан жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық-психологиялық мамандардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ педагогтар мен психологтарды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.

Маман дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-психологтің жеке тұлғасын қалыптастыру талап етіледі. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі кәсіби дайындау барысында жетіледі.

Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен, техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс.

Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, педагогтар мен психологтарға байланысты. Олардың жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілігі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.

Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесін О.А. Абдуллина, В.И. Андреев, Э.Ф.Зеер, Н.В.Кухарев, Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және т.б. шешкен. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин, Н.Н.Тарасович, Г.И.Хозяинов және т.б.) және педагогикалық техниканы жетілдіруге ерекше көңіл бөлінген (Ю.П. Азаров, А.А.Кан-Калик, Л.И. Рувинский және т.б.).

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық дайындықтың жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов және т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық (К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық сараптама, өз педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю.А. Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А.Черкасов, Т.И.Шамова және т.б.).

Сонда болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың кейбір аспектілері зерттелген. Сол сияқты психологтарды да кәсіби іс-әрекетке дайындау біршама қарастырылған. Ал екі мамандықты Қазақстан республикасында біріктіріп дайындау жағдайы жолға қойылғанда, жоғары оқу орындарында педагог-психолог мамандарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудың теориясы күні осы кезге дейін психология мен педагогика ғылымдарында анықталмаған.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет.

Әдебиет:

1.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2000.

2.      Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2011.

3.      Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002.

4.      Тұрғынбаева Б.А.Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту. – Алматы, 2005.

5.      // Педагогика мәселелері. – 2006. - № 1-2.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос