Мақалада Алматы қаласы нысандарын зерттеу және заманауи технологияларды қолдану арқылы олардың үшөлшемді үлгілерін жасаудың нәтижелері.
Түйінді сөздер : меаполис, әдістеме, үлгілеу, карта, геоақпараттық жүйфе.
В статье приводятся результаты изучения и создание 3D-моделей объектов г. Алматы с использованием современных технологий.
Ключевые слова : мегаполис, методика, моделирование, карта, ГИС технология.
The article presents the results of a study of the creation of 3D models of objects in Almaty using modern technologies.
Keywords : metropolis, methodology, modeling, map, GIS technology
Кіріспе. Геоақпараттық жүйені (ГАЖ) қолданыа кез келген нысанды үш өлшемде үлгілеу келесідей материалдарды: векторлық карталар, скандер, суреттер, моделдер, сұлбалар, пландар, диаграммалар, графиктер, кестелер, мәліметтер базасы, мультимедиялық және мәтінді деректерді қажет етеді. 1992 жылдың 1- қаңтарынан бастап, бұрынғы одақтық республикалардың Егеменді ел болуларына байланысты, КСРОдағы геодезиялық-картографиялық қызымет таралды. Бірақ тәуелсіз республикалардың саяси және экономикалық дамуы ұлттық геодезиялық-картографиялық қызыметтің қажеттілігін талап етіп, оны жетілдіруе.
Жұмыстың негізгі мазмұны Бүгінде Қазақстан Республикасы территорияындағы глобалды өгерістерге, оның ішінде құрылыс жұмыстарының еселеп дамуына байланысты, үлкен немесе шағын учаскелердің топографиялық карталарын жасау мен қайтадан жаңартау геодезия және картография саласындағы өте маңызды мәселе болып отыр. Геодезия, картография және бір-бірімен байланысты ғылымдар арасындағы ингергация саласындағы заманауи информациялық технологияның дамуы — кеңістік деректерін жинақтаудың, өңдеудің және сақтаудың негізін қалады [1, 2].
Бұрынғы дағдылы әдістерден заманауи геодезиялық технологиялар мен бағдарламаларға көшу 3D сканерлерді кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде геодезия мен картография үшін координаталарды анықтаудың интеграцияланған автоматтандырылған жүйесі (КАИАЖ) үлкен маңызға ие. Мұнда барлық далалық өлшеулердің нәтижелерін өңдеу үшін, әр аспапқа лайықты арнайы бағдарламалық кешендер қолданылады.
Информациялау деңгейі жоғары елдердегі көпжылғы тәжрибе ГАЖды ArcGIS технологиясын қолданып жасақтау басқаларға қарағанда басымдау екенін көқрсетуде. Бұның дәлелі, Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару Агенствосы, қорғаныс министрлігі және Қазақстанның карографиялық фабрикасының динамикалық карталарды жасауда, жаңартуда и сақтауда ГАЖ технологиясын және интеграцияланған автоматтандырылған жүйесін қолдануы (ИАЖ) [3].
Бұл әмбебап технологиялық схема топографиялық түсірістер мен аппараттық-бағдарламалық жабдықтардың заманауи әдістерін қолдануды ұйғарады (1-сурет).
Сурет 1. Топаграфиялық түсірістер мен 3D моделдеуде координаталарды интеграцияланған автоматтандырылған жүйеде ГАЖ технологиясын қолданып жүргізу схемасы
Мұндағы технологиялық процес төрт этаптаен тұрады: 1) дайындық; 2) далалық; 3) камералдық; 4) дайын өнімнің сапасын тексеру және қабылдап алу.
Бірінші этапта барлық геодеректер базасынан жұмыс жүргізілетін жер беті жайлы мәліметтер жинақталады.
Екінші деңгейде далалық жұмыстар жүргізіледі. Мұнда лазерлік түсіресті екі адамнан тұратын бригаданың орындауы, еңбек ақыны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Келесі деңгей — түсіріс негіздемесін құру. Геодезиялық аспаптар мен жабдықтардың жаңа түрлері қолданылатын ГАЖ бен максималды түрде интеграция жасауға толық мүмкіндік береді. Карталарды моделдер бойынша жасау, өңдеу және нысандарды сызу әдістемесі, әдетте автоматты түрде жүргізіледі, ГАЖ деректеріне жаңа мәліметтерді енгізу, тек классификаторды таңдап және түсірістің жобасын жасап болғаннан соң басталады. Әрі қарай ГАЖ-да өнімдер құрастырылады, толықтырылады, жаңартылады және баспаға дайындалады [4]. Осылайша, үшөлшемді моделдеу — әртүрлі көздерден алынға алынған ГАЖ деректерді бір жүйеге біріктіруден тұрады (2-сурет).
Сурет 2 . Бірыңғай интеграцияланған 3D ГАЖ
Үш өлшемді моделдеу технологиясын ГАЖда қолдану қалақұрылысында, архитектуралық жаспарлауда, навигациялық және т. б. мәселелерді шешудің тиімділігін жоғарылатады (3-сурет).
|
|
|||
ArcGIS ағдарламасында алынған Алматы қаласының векторлы картасы |
Алматы қаласы орталық бөлігінің ситуациялық картасы |
|||
|
|
|
|
|
Алматы және Астана қалаларындағы бірегей архитектуралық нысандардыі моделдері |
||||
Сурет 3. 3D моделдеуді әртүрлі салада қолдану
Қорытынды. Сөйтіп, көптеген дәл және анық деректер (көпэтажды үйлер мен жерасты коммуникациялары, эскиздер мен фотографиялар) негізінде нысандардың жоғары дәрежелі нақтыланған үш өлшемді моделдерді құрастырылады. Және де ол моделдер салынып жатқан, реконструкцияланатын немесе салуға жабаланып жатқан құрылыс ныс андары үшін жасалынады. Сонымен қатар, интерактивті 3D моделдер нысанның сырт көрінісі мен ішін де нақтылы түрде көруге мүмкіншілік береді.
Исследование выполнено при финансовой поддержке Комитета Науки Министерства науки и высшего образования РК (ГФ ИРН № АР23489269).
Әдебиет:
- Андреев А. М. и др. Компьютерные технологии обработки визуальной информации и их применение при издании карт. — Геодезия и картография. № 8, 1995, С. 47–49.
- 2.Кошкарев А. В., Тикунов В. С., Трофимов А. М. Теоретические и методические аспекты развития географических информационных систем. География и природные ресурсы, 1991, № 1, С.11–16.
- М. Б. Нурпеисова, Д. М. Киргизбаева Создание разновременных карт Аральского региона// Международная научно-практическая конференция «Инновационные технологии сбора и обработка геопространственных данных для управления природными ресурсами», Усть-Каменогорск, 2010.-С.85–90.
- Мугражова М., Нурпеисова М. Б. Картирование городских объектов по данным ДЗЗ // Труды Международной научно-практической конференции, посвященной 115-летию академика А. Ж. Машанова «Инновационные технологии в геопространственной цифровой инженерии» — Алматы; КазНИТУ им.К. И. Сатпаева, 18–19- марта 2022.- С.415–419.