Ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін зерттеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сакенова, С. Б. Ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін зерттеу / С. Б. Сакенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 24.1 (471.1). — С. 14-15. — URL: https://moluch.ru/archive/471/104123/ (дата обращения: 17.12.2024).

Берілген мақалада төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейі қарастырылады.

Кілтті сөздер : белсенді және пассивті сөздік қорын анықтау, ойлау процестерін дамыту.

В статье рассматривается формирование уровня словарного запаса у младших школьников с умственно отсталым развитием.

Ключевые слова: определить активный и пассивный словарный запас, развитие мышления.

«Өнер алды — қызыл тіл» деп халық даналығында айтылғандай, сөйлеу, пікірлесу, адамның өз ойын анық әрі сауатты жеткізе алуы — ең басты құндылықтардың бірі. Яғни, сөйлеу — бұл қалыпты балалар үшін де, дамуында ауытқулары бар балалар үшін де маңызды байланыс құралы болмақ. Сондықтан ата-ана үшін де, педагог үшін де бастауыш мектеп жасынан бастап баланың сөздік қорын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. Оқушының сөздік қорын қалыптастыру оның психикалық жағдайымен, танымдық іс-әрекеттерінің даму деңгейімен және негізгі ойлау процестерінің қалыптасуымен тығыз байланысты [1].

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорының деңгейін зерттеу әдістерін қарастырсақ, Р. С. Немовтың белсенді және пассивті сөздік қорын анықтау әдістерін негізге алар едік. Баланың белсенді сөздік қорын анықтауда «Сурет бойынша сөйлеңіз» әдістемесінде балаға бірнеше суреттер көрсетіледі және осы суреттерді мұқият қарау үшін балаға 2 минут уақыт беріледі. Егер ол суретке мүлде мән бермесе немесе суретте не бейнеленгенін түсіне алмаса, онда экспериментатор оған көмек үшін ерекше назар аударады. Содан кейін балаға оған не көргені туралы айту ұсынылады. Осы әдісті қолдана отырып зерттеу жүргізетін психолог маман бала нәтижелерін кестеде жазады, онда баланың сөйлеудің әртүрлі бөліктерін, грамматикалық формалары мен құрылымдарының дұрыс қолданылуын назарға алады [2].

Ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін зерттеу үшін Р. И. Лалаева мен И. В. Кищепова төмендегіше құрылымды ұсынады:

  1. Номинативті сөздіктің көлемі мен сапасын зерттеу. Бұл қоршаған орта пәндері бойынша және «Апта күндері», «Жыл мезгілдері», «Дене бөліктері», «Жемістер» және т. б. тақырыптар бойынша әңгімелесу барысында жүргізіледі;
  2. Ұсынылған тақырып бойынша әрекеттерді атау қабілетін зерттеу. Тәжірибеге арналған материал — бейнелі суреттер. Тәжірибе алушы кезек-кезек суреттерді көрсетеді, оқушы оларды мұқият қарап шығады, ал соңында кімнің қалай қозғалатынын, қалай әрекет ететінін сұрайды;
  3. Тақырыпты білдіретін сөзге анықтамаларды таңдау қабілетін зерттеу. Бұл бөлімде балаға теңіз, гүл, үй және т. б. сияқты бейнеленген суреттер ұсынылады. Оқушыдан суреттегі әр заттың анықтамасын, түрін, түсін сұрайды;
  4. Синоним сөздердің атауы. Оқушыға кестедегі сөздерді мұқият оқып шығуға, содан кейін олардың әрқайсысына мағынасы жақын сөз жазуға нұсқау береді;
  5. Антоним сөздердің атауы. Тәжірибе алушы оқушыға сөздері бар карточка береді және олардың әрқайсысына мағынасы жағынан қарама-қарсы сөзді таңдап, жазуды сұрайды;
  6. Сөздің мағынасын түсіндіру қабілетін зерттеу. Оқушыға кестеде көрсетілген сөздерді мұқият оқып, олардың мағыналарын түсіндіруін сұрайды [2].

Осылайша, мақала барысында айтылғандай әрі бұдан тыс ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорын талдауға бағытталған әртүрлі әдістер қарастыра беруге болады. Әдістемелер ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін, тілді меңгеру деңгейін бағалауға, бастауыш сынып оқушыларының лексикалық қорын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, ұсынылған әдістер ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін диагностикалауға көмектеседі. Нәтижелерді талдау кезінде алынған мәліметтер психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған жаттығуларды таңдауға негіз болып табылады.

Әдебиет:

1. Лалаева Р. И., Прищепова И. В. Выявление дизорфографии у младших школьников. — СПб.: СПбГУПМ, 1999. — 36 с.

2. Блинова Л. Н. Диагностика и коррекция в образовании детей с задержкой психического развития. — М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2001. — 136 с.

Ключевые слова

белсенді және пассивті сөздік қорын анықтау, ойлау процестерін дамыту

Похожие статьи

Зияты зақымдалған мектеп оқушыларының ерік-жігер сферасының ерекшеліктері

Мақалада зияты зақымдалған мектеп оқушыларының еріктілік сферасының ерекшеліктері қарастырылған.

Биологиялық құзыреттілікті қалыптастыруда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

Бұл мақалада қазіргі таңда білім беру саласының алдында тұрған ауқымды міндеттер көрсетілген. Оқыту мен білім берудің басым бағыттары өз тәжірибелерімен жазылған. Өзара тәжірибе алмасуға қажетті материалдар бар.

Опока негізінде көбікті шыны өндірісінің заманауи технологияларын зерттеу

Мақала минералды шикізаттың жаңа түрін таңдауға және жылу оқшаулағыш көбікті шыны технологиясын зерттеуге арналған.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Берілген мақалада тұрмыс салт жырлары ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Ұнтақты көмір отыны

Мақалада ұнтақты көмір отынын өндірісте қолдану тиімділігі мен ұнтақты көмір отынын алу технологияларына талдау жасала келе Қазақстан аумағында өндірілетін көмір маркаларын саралай отырып, ұнтақты көмір отынын жасауға лайықты марканы анықтайды

Театрландырылған қойылымдардағы көркем-мәнерлеу құралдарын пайдалану

Мақала театрландырылған қойылымдардың көрермендерге идеялық-эстетикалық ықпалын жетілдіру проблемасына арналған. Көркем-мәдени құралдарын қолдану әдістері сахналық және сөздік әрекеттерден бастап өнер жанрларына тоқталып, режиссерлық өнерге: образдық...

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Логопедиялық түзету сабақтарының өзіндік жұмыстары

Берілген мақалада логопедиялық жұмыстарда сөйлеу тілін дамыту жұмыстары туралы қарастырылады.

Задать вопрос