Берілген мақалада қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау мәселесі қарастырылады.
Кілтті сөздер: дефектолог маманы, тіл мәселесі.
В данной статье рассматривается проблема диагностики гласных звуков, характерных для казахского языка.
Ключевые слова: специалист-дефектолог, языковая проблема.
Ең алдымен, тақырыпқа оралмас бұрын қазақ тіліне қалай қол жеткізгеніміз жайында сөз қозғасам. Әрине, бұл бізге оңай жолмен келген жоқ. Қаншама батыр ұл-қыздарымыз ерлік жолында өз өмірлерін қиып,келешек ұрпақ үшін Қазақстан үшін көп еңбек сіңірген болатын және тәуелсіздігіміз бен қатар, жастар білімді, саналы-салиқалы болсын деп ғұлама ақындарымызда аянып қалған жоқ. Соның бірі барлығымыз білетін Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы — 5 қыркүйек 1872 жылы Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақтың үлгі тұтар ақыны, зерттеушісі, Алаш орда өкіметінің мүшесі. Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы тұңғыш «Әліпби» жазды. Бұл «Әліпби» кітабының жарық көруі: халықтың болашағын ойлап,жаны ашығандықтан жазылған.
Келесі кезекте, ең алғаш мектеп ашқан ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай Алтынсарин –қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, 1864 жылы алғашқы қазақ мектебін ашқан, қазақтың «Ұлт ұстазы» деген атқа лайық болған ғұлама ұстаз [1].
Жалпы, қазақ тілінде 42 әріп бар. Әріптердің белгілі ретпен тізілген жиынтығын әліпби деп атаймыз. Бүгінгі тоқталатын тақырыбымыз қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, е, э, ұ, ү, ы, і, и, у.
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауысты дыбыстарға: а, о, ұ, ы, у жатады. Себебі: бұл әріптер тілдің кейін шегініп, үсті дөңестеу арқылы жасалуына байланысты. Ал, тілдің ілгері қарай созылуы арқылы жіңішке дауысты дыбыстар жасалады: ә, ө, ү, і, е, э, и, у.
Бұл жердегі у дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке. Жуан, жіңішке екендігін сөздегі бастапқы дауысты дыбыстарға қарап ажыратамыз. Мәселен, оқу сөзінде «о» дыбысты жуан болғандықтан, «у» дыбысының жуан екендігін аңғаруға болады.
Ал, жақтың ашылуына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып бөлінеді. Жақтың кең ашылуына байланысты дауысты дыбыстары ашық деп айтамыз: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуына байланысты қысаң дауысты дыбыстарға: ұ, ү, ы, і, и, у дыбыстарды жатқызамыз.
Ерін мен езудің айтылуына қарай: еріндік, езулік болып бөлінеді. Еріндік дауысты дыбыстарға: о, ө, ұ, ү, у. Себебі: бұл дыбыстар еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады. Езудің кейін қарай тартылуы арқылы езулік дауыстылар жасалады: а, ә, е, э, и, ы, і.
Ереже мен танысып өтсек, келесі айтылатын жайт: дауысты дыбыстардың жазылу емлесі. Дауысты дыбыстардың өздеріне тән айтылу, жазыл, ерекшеліктері бар. Қазақтың байырғы сөздерінде дауыстылар бірыңғай жуан немесе жіңішке болса(мектеп,қалам),басқа тілден енген сөздерде жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келе береді: мұғалім, депутат, кітап [2].
- А, е әріптері буын талғамайды. Кез-келген сөздердегі бастапқы, ортаңғы, соңғы буындарда кездесе береді: терезе , балалар .
- Ә әрпі буын талғайды, көбінесе сөздің бірінші буындарында жазылады: сә - би , ә - ке , ә - леу - мет . Дегенмен, кейбір сөздердің соңғы буындарында жазылады: күмән, кінә,сірә.
- О, ө әріптері буын талғайды. Көбінесі жалаң сөздердің бастапқы буынында жазылады: ө-сім-дік, бо-ран,бө-де-не, то-пы-рақ. Кейде, о әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында жазылады: кино,филолог.
- Ұ, ү әріптері буын талғайды, сөздің бастапқы буынында жазылады: үміт, жүрек, ұрыншақ.
- Ы, і әріптері буын талғамайды, кез-келген сөздердің барлық буындарында жазыла береді: мөлдір,ынталы,байлық.
- И әрпінің алдында қысаң ы, і дыбыстары естілгенімен, жалаң и жазылады: сиыр-сыйыр емес [3].
Қорытындылай келсек, бұл мәліметтер тек қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарға ғана қатысты. Осыдан-ақ қазақ тілінің сөздік қоры ең үлкен,әлемдегі ең таза тілдердің бірі екендігін байқаймыз.
Әдебиет:
- Қазақ тілі. Энциклопедия. — 7–10 бб.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — 58–60 бб.
- Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. — 25–27 бб.