«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл) | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2021 жыл) / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 16.1 (463.1). — С. 10-11. — URL: https://moluch.ru/archive/463/101791/ (дата обращения: 16.12.2024).

Берілген мақалада 2021 жылғы «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері талданады.

Кілтті сөздер: Скопус, саяси жарнама, БАҚ.

В данной статье анализируются показатели понятия «политическая реклама» в базе «Скопус» за 2021 год.

Ключевые слова: Скопус, политическая реклама, СМИ.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштеріне осы уақытқа дейін бірнеше рет көңіл бөлгенбіз. Осы уақытқа дейін ғалымдардың басым бөлігі «political advertising» ұғымын қолданатындығын айтқан болатынбыз [1]. Бұл жолы біз 2021 жылда индекстелген зерттеулерге назар аударып отырмыз. «Political advertising» кілт сөзі бойынша осы уақытқа дейінгі көрсеткіштерді де салыстырып көрейік: 2019 жыл — 37 (өзгеріс жоқ); 2020 жыл — 45 (өзгеріс жоқ). Зерттеп отырған 2021 жылы 51 ғылыми мақала индекстелсе, ақпан айының соңында 2022 жылы базада осы кілт сөзбен 7 мақала индекстеліп үлгерген. Бұл мәселе төңірегінде келесі жылы талдаймыз. 1 кестеде «Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны көрсетілген:

Кесте 1

«Скопус» библиографиялық және реферативтік базасынан «political advertising» кілт сөзі арқылы табылған материалдар саны: 2021 жыл (28.02.2022 көрсеткіш)

Зерттеу саласы

Саны

Зерттеу саласы

Саны

1

Social Sciences

41

6

Economics, Econometrics and Finance

3

2

Arts and Humanities

13

7

Engineering

2

3

Business, Management and Accounting

11

8

Multidisciplinary

2

4

Computer Science

10

9

Decision Sciences

1

5

Psychology

4

10

Mathematics

1

Өткен жылғыдай 2021 жылы аталмыш кілт сөзбен ең көп бірлескен зерттеу жұмыстарын АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Мидлтаун қаласында орналасқан гуманитарлық университет болып табылатын Уэслиан университетінің ғалымы Э. Ф. Фаулер жариялаған. Ғалымдар тобы мақсаттар мен уақыт шеңберіндегі Facebookтегі жарнамалардың ықпалы, онлайн және офлайн түрдегі саяси жарнама, 2020 жылғы саяси жарнамаларға шығындар көрсеткіші, саяси науқанға арналған теледидарлық жарнамалардың әсер етуі және Facebookтегі саяси жарнамалардың географиялық ықпалдарын зерттеген [2].

Сайлау науқанында бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе теледидардың рөлі маңызды екендігін айқындаған еңбектер бар. Авторлардың пайымдауынша БАҚ қоғамға сайлауға қатысты ақпаратты жеткізеді. Осылайша, БАҚ қоғам мүшелерінің саяси кандидаттар мен партияларға пікірлері мен көзқарастарын сәтті қалыптастырады [3].

2020 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлауға дейін Twitter мен Google саяси жарнама саясатындағы өзгерістер туралы хабарлады. Әлеуметтік желілерге қатысты сенім мен құпиялылық мәселелері қарастырылған зерттеуде Facebookтегі саяси жарнама туралы қазіргі қоғамдық пікір бағаланады. Өйткені Facebook Twitter және Googleге қарағанда, саяси жарнаманы қолдауда өзгерістер енгізген жоқ. Зерттеуде қазіргі қоғамдық риторикадағы түсініктерді алу үшін 2019 жылдың қазан айында сөйлесулерден жиналған Twitter деректерінің мәтіндік талдауы пайдаланылады [4].

Көптеген ғалымдар теледидардағы науқандық жарнаманың қатысуға ықпалы туралы қызығушылық танытады және кейбір жағдайларда саяси жарнаманың әсерін дұрыс болжамдарға негізделгенін қалайды. Дегенмен, эмоциялар мен саясат туралы зерттеулер толығымен дерлік өзін-өзі бағалауға негізделеді. Мұқият таңдалған науқандық жарнаманы рандомизацияланған экспериментті пайдалана отырып талдаған еңбекте эмоционалдық жауаптың, физиологиялық қозудың балама өлшемі азаматтардың саясатқа қатысуға дайындығы дәлелденеді [5].

Интернеттегі мақсатты саяси жарнаманың жылдам пайда болуы деректердің құпиялылығы және үкіметтің жауабы қандай болуы керектігі туралы алаңдаушылықты туғызды. Мәселе бойынша тағы 1 еңбекте Интернеттегі мақсатты саяси жарнаманы қатаң реттеуге деген қоғамның көзқарасы ішінара жеке мүддеге негізделген деген гипотеза тексеріліп, расталады. Нәтижелерде демократтар мен республикашылдар мақсатты саяси жарнама оппозициялық партияға пайдалы деп көрсетіледі. Бұл сенім олардың саяси қарсыластары өз партиясының жақтаушыларына қарағанда, Интернеттегі мақсатты саяси жарнама арқылы жұмылдырылуы ықтимал деген көзқарасқа негізделген [6].

Әдебиет:

1. Насимов М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері // Молодой ученый. — 2020. — № 9.1 (299.1). — С. 24–26.; Насимов М. О. «Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар) // Молодой ученый. — 2021. — № 5.1 (347.1). — С. 6–7.

2. Ridout T. N., Fowler E. F., Franz M. M. The Influence of Goals and Timing: How Campaigns Deploy Ads on Facebook // Journal of Information Technology and Politics. — 2021. — № 18(3). — Р. 293–309.; Fowler E. F., Franz M. M., Martin G. J., Peskowitz Z., Ridout T. N. Political Advertising Online and Offline // American Political Science Review. — 2021. № 115(1). — Р. 130–149.; Ridout T. N., Fowler E. F., Franz M. M. Spending Fast and Furious: Political Advertising in 2020 // Forum (Germany). — 2021. — № 18(4). — Р. 465–492.; Niederdeppe J., Avery R. J., Liu J., Gollust S. E., Baum L., Barry C. L., Welch B., Tabor E., Lee N. W., Fowler E. F. Exposure to televised political campaign advertisements aired in the United States 2015–2016 election cycle and psychological distress // Social Science and Medicine. — 2021. — № 277. — 113898.; Gitomer A., Oleinikov P. V., Baum L. M., Fowler E. F., Shai S. Geographic impressions in Facebook political ads //Applied Network Science. — 2021. — № 6(1). — 18.

3. Adanlawo E. F., Reddy M. M. The role and effect of the mass media during electioneering // Journal of African Films and Diaspora Studies. — 2021. — № 3(2). — Р. 61–74.

4. Bright L. F., Sussman K. L., Wilcox G. B. Facebook, trust and privacy in an election year: Balancing politics and advertising // Journal of Digital and Social Media Marketing. — 2021. — № 8(4). — Р. 332–346.

5. Karl K. L. Motivating Participation Through Political Ads: Comparing the Effects of Physiology and Self-reported Emotion // Political Behavior. — 2021. -№ 43(2). — Р. 687–710.

6. Baum K., Meissner S., Krasnova H. Partisan self-interest is an important driver for people s support for the regulation of targeted political advertising // PLoS ONE. — 2021. - № 16(5), e0250506.

Основные термины (генерируются автоматически): ONE, мена.

Ключевые слова

Скопус, саяси жарнама, БАҚ

Похожие статьи

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімін спектралдық теория көмегімен зерттеу

Мақалада спектралдық теория көмегімен бірінші ретті айырымдық теңдеулер шешімдерінің құрылымы зерттеледі.

Сөйлеу тілінің артикуляция аппаратының мүшелерін тексеру жұмыстары

Берілген мақалада сөйлеу артикуляциялық аппаратының мүшелерін тексеру бойынша жұмыс мәселелері қарастырылады.

«Скопус» базасындағы «Саяси жарнама» түсінігінің көрсеткіштері (2019–2020 жылдар)

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Дүкенбай Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі

Мақалада қазақтың көрнекті жазушысы Д.Досжан әңгімелерінің көркемдік шешімі мен жазу ерекшелігі туралы айтылған.

Жүктелген параболалық теңдеу үшін жартылай периодты шеттік есеп

Шектеулі облыстағы параболалық типтегі спектрлік-жүктелген дифференциалдық теңдеулер үшін екі шекаралық есепті шығарайық.

Жоңышқа дайындау және сақтау жүйесінің типтік математикалық моделін талдау

Берілген мақалада жоңышқа дайындау және сақтау жүйесінің типтік математикалық моделін талдау мәселесі талданады.

Сәулет кеңістігіндегі формалардың адам психологиясына әсері

Мақалада сәулет кеңістігіндегі формалардың түрлері, олардың ерекшеліктері және адам психологиясына қалай әсер ететіндігі туралы қарастырылған.

Задать вопрос