Оңғар Дырқайұлы жұмбақ өлеңдерінің көркемдік сипаты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тайманова, С. Т. Оңғар Дырқайұлы жұмбақ өлеңдерінің көркемдік сипаты / С. Т. Тайманова, Д. К. Куаныш. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 16.1 (463.1). — С. 19-20. — URL: https://moluch.ru/archive/463/101763/ (дата обращения: 17.12.2024).

Мақалада Оңғар Дырқайұлының жұмбақ өлеңдері қарастырылады.

Кілтті сөздер: жұмбақ өлең, жұмбақ айтыс, каламбур тәсілі.

В статье рассматриваются загадочные стихи Онгара Дыркайулы.

Ключевые слова: стихотворение, содержащее загадки, айтыс с загадками, каламбурный подход.

Сыр бойы ақын-жырауларының әдеби мұрасы сан-салалы. Соның бірі — жұмбақ өлеңдер. Жұмбақ — адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында айтылатын әдеби жанрдың шағын түрі. А. Байтұрсынов: «Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан, қолдың ішіне бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолға жұмып Қтұрып таптырмайды, ойда бүгіп, айтпай қойып сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар» [1, 271 б.], — десе, Ә. Марғұлан: «Жұмбақ адамның дүние тану жолындағы ой-өрісінің, адам қиялының белгілі бір сатысын көрсететін, ой тапқыштығының бір түрі. Мазмұны, тақырыбы сан алуан. Ойын — сауықта ғана емес, даналықты, кемеңгерлікті жұмбақпен сынау әр жұрттың салты болған. Жұмбақ — заманын толғап айтатын — поэзияның бір түрі», — деген еді [2, 53 б.]. Олай болса, фольклордан бастау алатын жұмбақ ежелгі дәуір әдебиет нұсқаларында, жыраулар поэзиясында да тіпті қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығармаларында жиі кездеседі. Халық жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Сыр бойы ақын-жырауларының шығармашылығында жұмбақтың осы үш түрі де бар. Десек те, әр ақынның бұл өнерде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Олардың бүгінгі ұрпаққа жеткен жұмбақ өлеңдерінен Сыр бойы ақын-жырауларының үлкен парасат иесі, білгір, суырып салма, сауатты болғандығын аңғарамыз. Мысалы, оған ұлттық салт-дәстүріміздің бірі той үстінде айтылған Дүр Оңғардың қыз жұмбағын шешкен жауабы дәлел бола алады.

Қыз:

Өгіз алдым жорадан,

Өгізімнің мүйізіне

Құрым киіз ораған,

Осыны тапқан кісіге,

Сүйінші айтып отырмын

Ашылмаған ұрадан

Жырау:

Өгіз алсаң жорадан

Сабақ алған молдадан.

Өгізіңнің мүйізіне

Құрым киіз ораған -

Қалауы ақ қағазға жолдаған.

Сүйінші айтса ашылмаған ұрадан,

Қатын шығар, рас айтса, сол маған,-

деген жұмбақ өлең қайымдасу үлгісінде айтылған. Ақын-жыраулар халықтың күнделікті лексикалық қорында жиі қолданылып жүрген құрым киіз, ұра деген сөздерге көркемдік реңк береді.

Жұмбақ өлеңнің құрылымы фольклорлық шығармаларда екі бөлімді болып келеді. Ақын шығармасында да осы сақталған. Біріншісі — жұмбақтың байлауы, екіншісі — жұмбақтың шешімі. Жұмбақтың шешімін тапқан Оңғар метафоралық тәсілді шебер қолданған. Мұндағы өгіз — қалың мал иесі, құрым киіз — ақ жаулық. Бұл жұмбақ өлең түрінде айтылған.

Сол секілді ақынның:

Кең дария таяз дейді кешкен сайын,

Бір шәрбат жан тоймайды ішкен сайын,

Бір тесік тарылады тескен сайын,

Бір жіп күрмеледі шешкен сайын.

Алдыңда көрінеді бір асқар тау

Жақындап ұзарады көшкен сайын [3].

(Шешуі: адамның өмірі, ой-арманы) Мұндағы кең дария, шәрбат, тесік, жіп, асқар тау — ақын қолданған метафоралар. Бұл жұмбақ та өлең түрінде айтылған. Жұмбақтың мазмұнын халықтың дүниетанымымен, тұрмысымен біте қайнасып жатыр.

Жұмбақ өлеңнің тақырыбы табиғат құбылыстары, жер-су, жан-жануарлар, жәндіктер, адам өмірі, адам мүшелері, түрліше өлі заттар, тіршілік құралдары т. б. болып келеді. Жұмбақ өлең — өмірдегі шынайы зат пен құбылысты, қоршаған ортаны танытудың құралы. Жоғарыдағы мысалдар осының дәлелі.

Жыраудың келесі жұмбақ өлеңі:

Бір нәрсе темір басты, ағаш сапты,

Алдыңда қарсы қарап құлап жатты.

Ағаеке, тапқыш болсаң, осыны тап,

Өзімнің тәуір көрер ағам атты

Жұмбақта ол туысының атын жасырады. Ақын бір затты екінші затпен салыстырып, ұйқастыруға шебер. Бұл — оның жұмбақ айту шеберлігін аңғартады.

Екінші бір ерекшелігі — Оңғар жырау жұмбақ өлеңдерінде каламбур тәсілін, яғни сөз бен сөз тіркесінің дыбысталуы жағынан ұқсас келуінен туатын стилистикалық оралымды тиімді қолданады. Оңғар ақын сөз бен сөзді құбылтып, қиыстыра білу тәсілін шебер игерген ақын. Оны жұмбақ өлеңдері мен бірқақпайларынан аңғаруға болады. Мысалы:

Бір нәрсе қыза түсер өшкен сайын (нәпсі құмарлық).

Бір түйін күрмеледі шешкен сайын (қиял, арман).

Бір арқан тарқатылады ескен сайын (ой, тілек).

Бір дарақ өсе түсер кескен сайын (ұрпақтар өсіп-өнуі).

Бір көлік қалмайды артта көшкен сайын (ұрпақтар жалғасы) [3].

1940 жылы С. Аманжоловтың ел аузынан жинаған жұмбақтарды құрастырған кітабының алғы сөзін жазған М. Әуезов жұмбақты халықпен бірге, сол халықтан шыққан ақындардың көп пайдаланғанын айта келіп, «жұмбақтың өзіндегі ақындық, көбінесе, едәуір күшті ақындық болады» дегенді айтады. Олай болса, Оңғар жырауды біз де күшті ақындар қатарына жатқызамыз. Оның дүниені тану жолындағы көркем ойы мен қиялынан ілімінің терең екенін аңғарамыз.

Әдебиет:

  1. Байтұрсынұлы А. Алты томдық шығармалар жинағы. — Алматы: Ел-шежіре, 2013. Т. 1. — 384 б.
  2. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 368 б.
  3. Оңғар Жырау. Қоңыраулы көк найза. — Алматы: Береке, 1992. — 32 б.
Основные термины (генерируются автоматически): музыкальное образование, чувашский народ, народ, народная музыка, развитие, Симбирская чувашская учительская школа, история развития, народная песнь, песня, духовная культура.

Похожие статьи

Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Берілген мақалада тұрмыс салт жырлары ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Сыр өңіріндегі діни-ағартушылық бағыттың қалыптасуы

Берілген мақалада Сыр өңіріндегі ахундық, ишандық, діни ағартушылық бағыттар қарастырылады.

Логопедиялық түзету сабақтарының өзіндік жұмыстары

Берілген мақалада логопедиялық жұмыстарда сөйлеу тілін дамыту жұмыстары туралы қарастырылады.

Зияты зақымдалған мектеп оқушыларының ерік-жігер сферасының ерекшеліктері

Мақалада зияты зақымдалған мектеп оқушыларының еріктілік сферасының ерекшеліктері қарастырылған.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы ауылшаруашылық жерлерінің тиімділігін арттыру

Мақалада: ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді жаңа технологиялар пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.

Жоғары сыныптарда тарих сабақтарында жобалау қызметін ұйымдастыру

Мақалада жалпы орта мектептердің жоғары сыныптарында тарихты оқытуда жобалау қызметін ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

Ақыл-есі кем төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейін зерттеу

Берілген мақалада төменгі сынып оқушыларының сөздік қорының қалыптасу деңгейі қарастырылады.

Ұжымдағы қарым-қатынас арқылы мінездің қалыптасу ерекшеліктері

Берілген мақалада ұжымдағы қарым-қатынас арқылы мінездің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған.

Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Задать вопрос