Мемлекет жойылады ма? Мемлекеттің жойылу себебі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №13 (460) март 2023 г.

Дата публикации: 02.04.2023

Статья просмотрена: 108 раз

Библиографическое описание:

Абдуллаева, Ш. Е. Мемлекет жойылады ма? Мемлекеттің жойылу себебі / Ш. Е. Абдуллаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13 (460). — С. 2-3. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101260/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада мемлекеттердің жойылу себептері қарастырылады.

Кілтті сөздер: мемлекет, саясат, климат.

В статье рассматриваются причины исчезновения государств.

Ключевые слова: государство, политика, климат.

«Мемлекет» термин ретінде Қайта өрлеу дәуірінде Италияда пайда болған. Бұл термин ең алғаш Испанияда орнығып, Франция, Германия секілді Еуропа елдеріне тарады. Мемлекеттің пайда болуы мемлекет терминінен кейін қызықты әрі нақты анықтама берілмеген негізгі мәселелердің бірі. Ал қазір таңда керісінше «жойылу алдында тұр», «күні бітті» деген мәселелер пікірталаста 1980 жылдың соңынан бастап талқыда [1]. Расымен де, әлем тарихына көз жүгіртер болсақ, тарих мемлекеттің жойылуын ашық көрсете де, дәлелдей де алады. Мысалы: Оңтүстік Вьетнам. Бұл екіге бөлінген мемлекет болған. Біріншісі — Оңтүстік Вьетнам (демократиялық), екіншісі — Солтүстік Вьетнам (коммунистік). Бірақ бұл мемлекет екінші бір мемлекеттің, Солтүстік Вьетнамның басып алу күші әсерінен жойылды. Бұл мемлекеттің халқы, діні, ұлты жойылмаса да, ең бастысы мемлекет жойылды. Демек бірінші кезекте мемлекет жойылады деген анықтаманы тарих арқылы біле аламыз.

Мемлекеттердің пайда болуы секілді олардың жойылу типтері де әр түрлі. Мысалы: жаулап алушылық, бірнеше мемлекетке бөлініп кету (ұлттық мәселеге, дінге, территорияға байланысты т. б.), екі бөлек бір ұлтты мемлекеттердің қайта бірігуі, сыртқы күштер әсерінен, ел ішіндегі қақтығыстар салдарынан т. б. Біз білетіндей көптеген мемлекеттер әлем тарихынан жаулап алушылық салдарынан бірігіп, болмаса бірнеше мемлекеттерге ыдырап кетті. Оларға мысал ретінде — КСРО-ны алып қарауға болады. КСРО 70 жылға жақын өмір сүріп, 1991 жылы 15 тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетіп, өзі жойылды. Ал ұлттық мәселеге байланысты бөлініп кеткен: Чехословакия. 1992 жылы ел арасындағы мәдени айырмашылыққа байланысты чех және словак болып екі мемлекетке бөлініп, Чехословакия мемлекеті атауы да екіге бөлінді.

Екі бөлек, бірақ бір ұлтты мемлекеттердің бірігуіне Шығыс Германия мысал. Батыс Германия және Шығыс Германия деп аталатын бұл екі мемлекет 1990 жылы араны бөліп тұратын қабырғаны бұзуы арқылы бірігіп, екі мемлекет аты картадан өшіп, бір үлкен Германия мемлекетін құрды. 600 жылдан астам тарихы бар Осман империясы сыртқы және ішкі қақтығыстар салдарынан әлсіреп 1922 жылы құлады. Тағы бір әлем тарихынан жоғалған мемлекеттердің бірі Тибет мемлекеті. 1951 жылы Қытайдың басып алушылық салдарынан жойылған мемлекет. Бұл мемлекеттің жойылуындағы өздерінің жіберген ең үлкен қателігі ол — ядролы қарудан бас тартып, бейбіт өмір кешеміз деген шешімі. Соның салдарынан олар өздері әрең алған тәуелсіздігінен әп-сәтте айрылды [2].

Мына мемлекеттерге қарасақ олардың жойылу салдары да әр қалай, бірақ ортақ қасиет дәрменсіздік. Олар өз дәрменсіздіктерінің әсерінен жойылды. Дәл осындай қиын жағдайда болып, өз мемлекеттігін сақтап қалған елдерде бар. Мысалы: Жапония. Ол екінші дүниежүзілік соғысынан кейін өте ауыр жағдайды бастан кешкен мемлекеттердің бірі. Сол соғыстан опық жеген жапондықтар сол сәттен бастап елдің барлық қаржысын білім мен ғылымға құйып, әскери жағына ешбір инвестиция құймады, соның арқасында әлемдегі технология бойынша алдыңғы қатардағы елге айналды. Келесі мемлекет — Германия. Бұл мемлекет Жапония секілді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күл-талқаны шыққан мемлекет болатын, қазір дамыған елдер қатарында 9-шы орында. Қазақстанды да жатқызуға болады. Себебі өзіміз білетіндей қазақтар аштық жылдарында 6 миллион адамның 2–2,3 миллионы аштықтан қайтыс болған. Сол кездері қазақ елі жойылу алдында тұрған болатын.

Бұл тақырыпты тарихтың өткен парағы ретінде қарастырмай, болашағы ретінде де қарастыратын болсақ, онда ол жайлы сөздер көңіл қоншытарлық еместігі айқын. Болашақта да жойылып кетуі қаупі бар мемлекеттер аз еместігін алға тартады және олардың негізгі себебі: климаттық, экономикалық жағдайлар және қақтығыстардардан болуы мүмкін. Мысалы қазіргі таңдағы жағдайды қарастыратын болсақ, Тувалу мемлекеті климаттық жағдайға байланысты жойылудың шақ алдында тұрған мемлекет. Тувалу 2022 жылғы деректер бойынша өзінің қиын жағдайда тұрғанын БҰҰ-на және басқа да ұйымдарға хабарлай отырып, өзінің қазіргі таңда өзге мемлекеттерге қоныс аударуға дайындалып жатқандығын, 5 мыңнан астам халқы Жаңа Зеландияға қоныс аударып үлгергендігін хабарлайды. Сонымен қатар, бұл ел өзінің осындай жағдайда болса да, мемлекет деп мойындауын доғармауын қалайтындығын жеткізеді [3]. Дәл осындай климаттық жағдай Мальдив аралдарында да бар. Бірақ бұл аралдардың жағдайы дәл Тувалу мемлекеті секілді қазіргі таңдағы өзекті еместігі анық. Бірақ аралдың күннен күнге теңіз астына батып бара жатқандығы, 2100 жылы бұл аралдар жер бетінен не бәрі 1,5 метр биіктікте болатындығын айтады [4].

Мүмкін мемлекет құрамындағы элементтер жойылмайтын шығар, бірақ мемлекет жойылады және оның қайтып әлем картасына оралуы екіталай, оралған күнде де бұрынғы құндылығын сақтап қалмасы сөзсіз. Өзіміз байқағандай, мемлекеттің өмір сүруі жайлы ешкім топшалап айта алмайды. Бір қызығы кейбір мемлекеттер сыртқы күш арқылы жойылып жатса, кей мемлекеттерді сол мемлекет халықтары жояды. Негізгі мемлекеттің «мемлекет» деп атау үшін өзіне лайықты сипаттамаға сай болу үшін төмендегідей үш элементтері болуы керек: мемлекеттің жер аумағы; мемлекеттің халқы; мемлекеттік өкімет [1].

Мемлекеттің өсіп өркендеуі, кері қарай құлдырауына халқы мен өкіметі айрықша рөл атқарады. Өкімет билігі халықтың қажеттіліктерін ести отырып, соны уақытылы орындай алса, халық өкіметті негізгі шешім қабылдайтын және қабылдаған жағдайларда түсіне алса, сол кезде мемлекеттің ішкі функциясында еш қиындық тумайды. Бірақ, мемлекет тек ішкі функцияға ғана мән бермей, тиісінше сыртқы функцияны да реттеп отыруы керек.

Әдебиет:

  1. Қуандық Е. Саясаттану негіздері. — Алматы, 2013. — 78–80 бб.
  2. Раушанұлы Т. ХХ ғасырда әлем картасынан жойылып кеткен 9 мемлекет // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/63931/ (қаралған күні: 15.03.2023).
  3. Климат дағдарысынан әлемде тұңғыш рет тұтас мемлекет жойылады. Территориясы су астында қалатын ел мемлекеттілігін сақтап қалу үшін цифрлы ұлт жобасын қолға алмақ // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-dagdarysynan-alemde-tungysh-ret-tutasmemleket-joiylady-territoriyasy-su-astynda-qalatyn-el-memlekettiligin-saqtapqalu-u-16113/ (қаралған күні: 15.03.2023).
  4. Барон Мюнхгаузен. Красная Армия: как и зачем возвращали погоны // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://m.fishki.net/2477126-krasnaja-armija-kak-i-zachem-vozvrawalipogony.html (дата обращения: 15.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): Вьетнам, бар, Германий, Чехословакия.

Ключевые слова

климат, мемлекет, саясат

Похожие статьи

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Дизартриясы бар мектеп жасына дейінгі балаларда етістік лексикасын кеңейту негізінде белсенді сөздікті қалыптастыру

Берілген мақалада мектепке дейінгі баланың сөйлеу тілінің кезеңдерінің дамуы туралы қарастырылады.

Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері

Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

БҚО Орал қаласы, «Мирас» Шаруа қожалығындағы қолдан ұрықтандыру кезінде жіберілетін қателіктер

Жасанды ұрықтандыру- бұл ұрықты тікелей жатырға енгізу арқылы бедеулікті емдеу әдісі. Ғалымдар үй малын тез өсіру жолын жасады. Содан бері жануарлар адамдарға арналған техникаға бейімделе бастады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Критериалды бағалау оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде

Берілген мақалада критериалды бағалау жүйесі оқу мен оқытудың қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Қызылорда облысындағы діни нысандар

Берілген мақалада Қызылорда облысындағы діни нысандар қарастырылады.

Бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңызы

Берілген мақалада бастауыш сыныпта «Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралын пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады.

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Задать вопрос