Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Шомекеева, Г. Б. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары / Г. Б. Шомекеева, Н. Н. Кошенова, Алтынай Кайраткызы, К. Н. Нурмухамбет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 15-17. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101244/ (дата обращения: 19.12.2024).



Берілген мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қарастырылады.

Кілтті сөздер : сана, сыбайлас жемқорлық, парақорлық.

В данной статье рассматриваются пути формирования антикоррупционного сознания.

Ключевые слова: сознание, коррупция, взяточничество.

Сыбайлас жемқорлық — бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі тез жету үшін, «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы. Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру деген мағынаны білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді. Бұл тезистің мақсаты: сыбайлас жемқорлықты алдын алу. Тезистің міндеттері: көпшілікке парақорлыққа қарсы іс-қимылдарды насихаттау; ғаламдық мәселенің алдын алу және шешімін табу; қоғамға кедергі келтіретін, әлемдік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу.

Жемқорлық «Коронавирус» іспеттес десек қате болмас еді. Коронавирус секілді әлемнің түкпір түкпірін жайлап алды да, қоғаммен өсіп, дамуда. Жемқорлықтың осылай белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Бұл ауқымды мәселені шешу үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?» — деген сан алуан сұрақтар туындайды. Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады. Алайда, бұған қарамастан қаншама адамдар жемқорлықтың өсуіне өз үлестерін қосуда. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер, жоғары лауазымды адамдар. Қаншама қарапайым халық сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанайқайларын баспасөздерде жеткізген болатын. Бірақ өте өкініштісі сол адамдарға ақшаны өздері ұсынатындығында... Себебі, қазіргі таңда адамдардың түп санасында бұл заманды ақша билейді деген қағида қалыптасып кеткен. Бұл түсінікті алдын алу үшін ең алдымен әр жеке тұлға санасын, бұл мәселеге деген көзқарасын өзгертуі қажет.

Біріншіден, адам саналы түрде пара сұрауды тоқтатуы қажет, тіпті ұсынған жағдайда қажетті органдарға дереу ескертуі тиіс. Осылайша, сол адамдар өз жазасын алады. Егер осылай жасасақ пара ұсынушы және оны қабыл алған адамдардың бойына қорқыныш ұялайды, әрі пара беремін деген ой екінші рет туындамайды. Ең бастысы, олар бұл жағдайдан сабақ алары сөзсіз. Екіншіден, тәрбие мен мәдениеттілікке тікелей қатысы бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Жастарды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» [1]. Бұлай ерекшелеп айтуының өзі еліміздің болашағы жастардың қолында екенін, олардың еліне адал болуы, түзу жолды таңдауы, сыбайлас жемқорлықтың орын алуын болдырмауы еліміздің өркендеуіне біршама үлес қосатынын көрсетеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында адал еңбек пен маңдай термен тапқан әр тиын — нағыз ардың ісі екенін, өскелең жастарға да бұл қасиетті бойларына сіңіріп, тәрбие беру керек екенін жеткізеді. Осы бастан өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетін, сыбайлас жемқорлық біздің қоғамда өмір сүріп жатқан «құбыжық» екенін түсіндіру керек.

«Transparency International» ұйымының жемқорлықтың әлем бойынша рейтингін анықтауы бойынша еліміз 2020 жылы 180 елдің ішінен 94-орын, 2021 жылы 102-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш елімізде парақорлықтың артып келе жатқандығын көрсетеді. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда пара алу, пара беру бойынша көрсеткіш 20 %-дан астам азайған. Бұл қуантарлық жайттардың бірі. Ұйымның рейтингі бойынша 1-орында Дания, ал соңғы орындардың біріне парақорлығы басым Венесуэла орналасқан. Ендігі кезекте осы елдерді сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша салыстырып көрсек.

Дания — ең бақытты елдер рейтингінде 1-ші орынды алады. Себебі, бұл ел — әлемде жемқорлықтан ең таза ел. Қылмыс та, түрме де өте аз. Сотталған адамдар демалыс кезінде үйлеріне барады, тіпті олар жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Заңға қарапайым адамнан, билік басында отырған адамдар да қатаң бағынады. Дания еліндегі сыбайлас жемқорлықтың аз болуының негізгі себептері мынадай: 1) мемлекет пен ел тұрғындарының жауапкершіліктерінің жоғары деңгейде болуы; 2) жұмысқа тұру барысында және компаниялардың өз ішінде арнайы заңының болуы, екі жақтан келісімді түрде пара алуға немесе бермеуге әрекет жасаулары; 3) жемқорлық туралы заң бойынша кімде кім пара берсе, ұсталса немесе күдікті ретінде саналса ұзақ жылға бас бостандығынан айырылып, мансабымен қош айтысады; 4) елдегі ақша айналымы ашық түрде жүргізіледі. Кіріс пен шығыс қатаң бақыланып отырады. Бұл елдің экономикасы дамыған және тұрғындардың өмір сүру жағдайлары жоғары екенін көрсетеді. Егер кез келген елде жемқорлық жоқ болса, халқы бақытты, елі тыныш және өмір сүруге қолайлы болар еді [2].

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, Венесуэладағы сыбайлас жемқорлық деңгейі жалпы әлемдік стандарттар бойынша жоғары және Венесуэла қоғамының өзіндік деңгейлерінде көптеп таралған болып табылады. XX ғасырда елде табылып, ашылған мұнай саяси парақорлықты одан сайын күшейтті. Сыбайлас жемқорлықтың күннен күнге көбеюі, үкіметтің елді дұрыс басқармауы себебінен Венесуэлада үлкен экономикалық дағдарыс орын алған болатын. «Transparency International» ұйымының 2019 жылы жүргізген сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін зерттеулері бойынша, 180 елдің ішінде Венесуэла 173-орынға ие болды. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы тұрғындардың да назарын аударып, үкіметте жемқорлық кең таралған деп санап, бірнеше рет парақорлыққа қарсы наразылық шерулерін өткізуге себеп болды. Сонымен қатар, бәрімізге Венесуэла әлемдегі ең нашар заң үстемдігі бар, үкіметтің заң алдында жауап бермейтін, жемқорлығы басым, ашықтық жоқ және азаматтардың жеке өмірін құрметтемейтін ел екендігін көрсетеді. Ең өкініштісі, бұл мәселеге тіпті ішкі істер органдары да бейжай қарап, жалақының аздығынан өздері де заң бұзушыларды ақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол береді [3].

Еліміз сыбайлас жемқорлық статистикасында 2018 жылы 124 орынға, ал 2019 жылы 113 орынға ие болған. Қазақстанның жемқорлықпен күресуі қазіргі таңға дейін актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Актуалды саяси проблема болып табылатын бұл коррупция мәселесі бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Н. Н. Годунова мәлімдеуі бойынша: «2018 жылдың бюджетінде 138 млрд. теңге тиімсіз шығындалған болатын. Оның себебі дұрыс шешімдердің қабылданбауында», — дейді төраға. Бұған кім жауапты?! Оның ойынша, тиімсіз шешімдерді қарапайым орындаушылар қабылдаған екен. Сонымен, Есеп комитеті жинақтауы бойынша, 230-ға жуық қызметкерлер жауапкершілікке тартылды, ал оның ішінде жетекшілер олардың аз ғана пайызын құраған болатын» [4].

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықты алдын алу жолдары іске асырылуда. Мемлекет басшысының өкілетті органның алдына қойған талаптарының орындалуына байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысшылар құрылымы қайта қаралды. Экономиканың құлдырауына себепкер болып отырған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін әшкерелеу мақсатында лауазымды тұлғалардың қаржыларын тергеу бөлімшесі құрылды. Тәулік бойы бақылау орнату үшін электронды бақылау жүргізу құралдары орнатылуда. Бұл форматта 2021 жылы 121 іс тергелді. Жалпы агенттіктің сол жылғы жұмысы қарала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған 6 отырыс өтті [5].

Біздің жауабын таба алмай жатқан ауқымды мәселенің шешімі негізі оп-оңай. Ол — Отанға деген шексіз махаббат, яғни патриотизм. Қазір жасалып жатқан шаралар болсын, алдағы уақытта қолға алынатын шаралар болсын, ұйымдар болсын әр қандасымыздың бойында Елімізге деген кішкене ыстық сезім, сүйіспеншілік болмаса, бәрі бекер екені мәлім. Отанға деген махаббат, елге адал қызмет ету, өз халқына жанашыр болу, біреуге пара беріп, пара бермеуі. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң жүйесін өзге елдердегідей қатаңдату қажет. Мысалы, жемқорлыққа қарсы ең ауыр жазалар Қытайда қолданылады. Сонымен қатар, Сингапурдың заңдар жүйесін қарауға болады.

Қорытындылай келе, әр адам өз-өзімен жұмыс жасау керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлау қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіруі қажет. Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары анық.

Әдебиет:

  1. Жапанова Р. Н. Ұлтаралық қатынастар мәдениетінің негізі — патриоттық тәрбие // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://infourok.ru/ltarali-atinastar-mdenietini-negizi-patriotti-trbie-631591.html (қаралған күні: 10.03.2023).
  2. Методы борьбы с коррупцией в Дании в 2022 году // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://emigranto.ru/evropa/daniia/korruptciia-v-danii.html (дата обращения: 10.03.2023).
  3. Коррупция в Венесуэле — Corruption in Venezuela // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://ru.wikibrief.org/wiki/Corruption_in_Venezuela (дата обращения: 10.03.2023).
  4. // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://korda-aids.kz/ru/ (қаралған күні: 10.03.2023).
  5. 2021 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама // [Электрондық режим]. — Көру режимі: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/283483?lang=kk (қаралған күні: 10.03.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): Венесуэла, Дания, пар, Электронный ресурс.


Ключевые слова

сана, сыбайлас жемқорлық, парақорлық

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде

Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу

Мақалада бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың маңызы мен жолдары қарастырылады.

Зияты зақымдалған балаларды денсаулығын жақсартуға педагогикалық ынталандыру

Мақалада зияты зақымдалған балалардың денсаулығын жақсартуға арналған жұмыстады арнайы (түзету) мектеп-интернаттың пәндеріне енгізу жайында айтылған.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері

Мақалада авторлар бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру тәсілдерін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту дарынды балалармен жұмыс жасау құралы ретінде

Жұмыста ақпараттық технологияларды қолдана отырып, дарынды балаларды оқыту мәселесі талданған.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру

Мақалада оқушылардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабардарлығын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу

Мақалада бастауыш сыныптың көркем еңбек сабақтарында оқушыларды ұлттық қолөнерге баулудың маңызы мен жолдары қарастырылады.

Зияты зақымдалған балаларды денсаулығын жақсартуға педагогикалық ынталандыру

Мақалада зияты зақымдалған балалардың денсаулығын жақсартуға арналған жұмыстады арнайы (түзету) мектеп-интернаттың пәндеріне енгізу жайында айтылған.

Құрама-монолитті қаңқалы жүйелердің оңтайландырылған технологияларна шолу

Мақалада құрастырмалы-монолитті қаңқалы жүйелерге шолу жасалады, Қазақстандағы жергілікті жағдайларға оңтайландырып жасау.

Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларын дамыту

Мақалада кіші жастағы оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі олардың құндылығын, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін өнімді дамыту қарастырылады, оқушылардың белсенділігің, олардың оқытылатын материалға қызығушылығы қалыптастырылады. Оқытылатын ма...

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары

Берілген мақалада жазуы мен оқуындағы кемістіктердің алдын алу жұмыстары қарастырылған.

Задать вопрос