Қазақстандағы тіл мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Анис, Ш. Б. Қазақстандағы тіл мәселесі / Ш. Б. Анис. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 13.1 (460.1). — С. 3-4. — URL: https://moluch.ru/archive/460/101143/ (дата обращения: 17.12.2024).

Берілген мақалада Қазақстандағы тіл мәселесі қарастырылады.

Кілтті сөздер : саясат, тіл мәселесі, қазақ тілі.

В данной статье рассматривается языковая проблема в Казахстане.

Ключевые слова: политика, языковые проблемы, казахский язык.

Қазақстан зайырлы, тәуелсіз, көпұлтты, тату мемлекет. Қазақ халқы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқ, қаншама қиындықтарды басынан өткеріп, елім, жерім деп жанын берген ата-бабаларымыздың арқасында осы күні еркін өмір сүріп жатырмыз. Тезистің мақсаты: қазіргі таңдағы өз ана тіліміздің күннен күнге қолданыстан азайып жатқандығын байқауымызға болады. Өз жерінде, өз елінде тұрса да ана тілінде сөйлеуге ұялатын жастарымыз қоғамда аз емес. Тезиске осы тақырыпты таңдай отыра, өз ана тілімнің маңыздылығын, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген мақалдың қаншалықты дұрыс айтылғанын көрсеткім келеді. Тезистің міндеті: ана тілімізді қолданысын арттыру үшін түрлі жобаларды ұсыну, тіл жөніндегі заңдар бөлімін қайта ойластыру.

Әр ел өзінің сөйлеу тілімен, мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихымен бір-бірінен ерекшеленеді. Менің қозғайын деп отырған тақырыбым — тіл мәселесі. Тіл — ұлттың айнасы, көрінісі. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ал ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде — орыс тілі қолданылады. Осы тұста қазақ тілі орыс тілінің артында көлеңкеленіп қалғандай көрінеді. Орыс тілінің маңызы туралы Абай атамыздың, Алаш қайраткерлерінің сөздерінен-ақ байқауға болады. Міржақып Дулатұлы «Малыңды, еліңді сақтап, ой-өрісіңді кеңейткің келсе орыс тілін біл» деп о баста айтып кеткен болатын [1]. Сол кезден қазақтарға орыс тілін білудің маңызы бар екенін көруге болады.

Өз елімізді құрметтейтін болсақ, әуелі қазақ тілін содан кейін барып орыс және ағылшын тілін меңгергеніміз абзал. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашағы мен бәсекеге қабілеттілігі үшін «Үштұғырлы тіл» саясатын енгізді [2]. Бұл саясаттың негізгі ойы — өз тілімізді жетік біле тұра, өзге тілдерді қызмет үшін қолдану болатын.

Болашақ жастардың қолында деп айтамыз, ал қазіргі жастар орыс сыныбында оқуға үйір болуы немесе қарапайым мысал кішкентай баланың тілі Youtube-тан орыс, ағылшын тіліндегі видеоларды көру арқылы өз тілінде шықпауынан тіліміз қалай сақталады? «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, тәрбие бастауы — ата-ана [3]. Еліміздің қамын ойламасақ, болашағымызға кім кепіл? Ұрпағымызға қай ұлттың тәрбиесін, тілін бойына дарытсақ, болашақта сол ұлтқа тартып тұратын болады. Осыны естен шығармайық.

Ал, енді тіліміздің тағдырын сақтап қалу үшін қандай шаралар қолдана алар едік? Менің ойымша қазақ тілін үйренуді халықтан бұрын билік басындағы депутаттарға катаң міндеттелгені дұрысырақ деп ойлаймын. Сол кезде халық та түзелер еді. Жапонияны алатын болсақ 98 % халық таза өз тілдерінде сөйлейді. Әрине, бұл көрсеткіш біздің еліміз үшін өте қатты таңғаларлықтай сан. Дәл ол дәрежеге жетпесек те, жарты пайыздан асырып сөйлеп бастағанымыз жөн болар. Бірнеше ұсыныстарыма тоқталғым келіп отыр:

1) Жұмысқа тұрарда, маман іздерде қазақ тілін жетік меңгеруін талап ету. Қазақ тілін мықты біліп, орыс, ағылшын тілдерін қосалқы тіл үшін қолдануды міндеттеу.

2) Балаларға арналған «Балапан» телеарнасы бар. Қазақша түрлі мультфильмдер көрсетіліп жатыр. Дәл сол сияқты көптеген балаларға арналған каналдарды көбейте беру қажет. Қазақ ертегілерін, эпостарын жаңа, заманауи тұрғыда анимациялап көрсету арқылы балалардың қызығушылығын арттырады.

3) Youtube каналдарында неге қазақша субтитрды қоспасқа? Көбісі ағылшын, орыс тілінде субтитр болғандықтан, қазақ тілі артта қалып жатыр.

4) Жастардың қазақ тілін дамыту туралы ұсынған идеяларын іріктеп, оларға қолдау көрсету арқылы жобаларының іске асуына көмектесу.

Қорытындылай келсек, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің жағдайы өте қиын. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл деген тек қағаз жүзінде болып қала ма деп қорқамын. Бәрі өз қолымызда. Еліміздің болашағына мән берсек, тіліміздің құзыреттілігін сақтап қалуға тырысайық. Өз тілімізді құрметтейік!!!

Әдебиет:

1. Бижан А. Қазіргі кездегі қазақ тілінің мәртебесі // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://adyrna.kz/post/35222 (қаралған күні: 15.03.2023).

2. Абибулла Н. Қазақ тілі қайтсек қажет тіл болады? Сараптама // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://informburo.kz/kaz/qazaq-tili-qaitsek-qazet-til-bolady-saraptama (қаралған күні: 15.03.2023).

3. Қабидолда Ж. Тіл мәселесі — тұтас ұлттың басты проблемасы // [Электрондық ресурс]. — Көру режимі: https://massaget.kz/blogs/24770/ (қаралған күні: 15.03.2023).

Ключевые слова

саясат, тіл мәселесі, қазақ тілі

Похожие статьи

Рухани бірегейлік ұғымын қысқаша талдау

Берілген мақалада рухани бірегейлік ұғымына қысқаша талдау жүргізіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен күні мен бүгінгі жағдайы

Берілген мақалада автор Қазақстан халқы Ассамблеясының өткені мен бүгінін қарастырады.

Өркендеген дәуірдің сусыз көрінісі

Берілген мақалада еліміздегі ауыз су тапшылығы мәселелері қарастырылады.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Қазақы жылқылардың ет және сүт өнімділігі

Шығыс Қазақстан облысы «Шөптіқақ» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, 12-айлық жылқылардың ет және сүт өнімділігінің көрсеткіштері мақалада келтірілген.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі конструктивті кері байланыс

Көрсетілген мақала оқыту процесіндегі тиімді конструктивті кері байланыс берудің жолдарын, түрлерін қарастырады.

Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау

Берілген мақалада қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды диагностикалау мәселесі қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды даярлау

Бұл мақалада мемлекеттік сатып алу саласындағы кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіз болу себептері мен оларды даярлау мәселелері қарастырылады, сонымен қатар оларды шешудің мүмкін нұсқалары қарастырылған.

Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілеті

Берілген мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік дағдылары мен қабілетінің өзекті мәселелері қарастырылады.

Задать вопрос