Ұлттық дүниетаным кеңістігіндегі этномаркерлі бірліктердің алатын орны мен маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (456) март 2023 г.

Дата публикации: 03.03.2023

Статья просмотрена: 72 раза

Библиографическое описание:

Муратбекова, Ж. К. Ұлттық дүниетаным кеңістігіндегі этномаркерлі бірліктердің алатын орны мен маңызы / Ж. К. Муратбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 9 (456). — С. 380-383. — URL: https://moluch.ru/archive/456/99805/ (дата обращения: 16.12.2024).

Бұл мақалада ұлттың танымымен сан ғасырлар бойы қалыптасып келген этномаркерлі лексикалық бірліктердің этностың тілінде алатын орны мен маңызы туралы айтылады. Тұтас бір халықтың рухани және материалдық мәдениетін танытатын сөздердің мән-мазмұны ашылып, жасалу жолдары қарастырылады.

Кілтті сөздер: халық тілі, мәдениет, тіл тарихы, ұлт танымы, этномаркерлі лексикалық бірлік.

В данной статье рассматривается место и значение этномаркерных лексических единиц, сформировавшихся веками с познанием нации в языке этноса. Раскрывается смысл и рассматриваются способы создания слов, отражающих духовную и материальную культуру целого народа.

Ключевые слова: язык народа, культура, история языка, познание нации, этномаркерная лексическая единица.

Тіл — күрделі құбылыс. Тілдің қоғам мүшелерінің өмірінде алатын орны, қатынас құралы ретінде атқаратын қызметінің ерекше екендігі белгілі. « Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі », — дейді ұлы педагог Константин Ушинский. Адамзат өзінің пайда болу кезеңінен бастап ой сананың негізінде тілді қалыптастырды десек, ұлттың тарихымен тығыз дамып келе жатқан тіл тарихы өзіндік даму жолында сан мың жылдарды басынан өткерді. Ғаламның тылсым сырларын түсінуге бағытталған әр этностың ғасырлар бойындағы жетістіктері тіл арқылы жалғасын тауып, осы күнге дейін қалыптасып келеді. Белгілі бір этностың тілінде ұлт табиғатынан, болмысынан сыр шертетін тұтас халықтың тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен салт — санасы, этносқа тән қасиеттер мен сенімі, психологиясы мен танымдық бейнесі көрініс табады. Сол себепті, қай ұлтты алып қарасақ та, сол халықтың сыры тілінде жатары сөзсіз.

Абай философиясындағы «толық адам» секілді ақыл — парасатқа ұмтылатын саналы адамның ең басты ерекшелігі — өзін қоршаған әлемді, қоғамды танып білуге деген ерекше құштарлығы болмақ. Қоршаған ортаны танып білудің негізінде адам санасында бейнеленген құбылыстардың бейнесі арқылы қабылданатын ақыл — ой сол заттардың әсерінен пайда болған білім, ақпарат болып саналады. Сол білімнің негізінде тіл қалыптасып, сана тілдік негізде өмір сүреді. Әлемдік философияда сананың негізінде ғалам туралы бейне жатыр деп есептелсе, сол көріністі тудыратын адамзаттың танымдық ізденісі деп түсіндіріледі.

Ұлттың дамуымен біте қайнасып келе жатқан қазақ тілінің мән маңызын арттыру және тілдің танымдық қызметін зерттеу бүгінгі күнгі тілші ғалымдардың өзекті мәселесіне айналды. Ғалым Г.Смағұлова « Кейінгі ұрпақ этностың жүріп өткен жолын оның тілінде сақталған түрлі атаулары арқылы танып біле алады. Ұлт болмысын айқындайтын рухани және материалдық игіліктер ерекшеліктерін тек этномәдени лексика ғана сипаттап жеткізе алады», — дейді. [1, б. 185]. Ғалымның осы тұста этномәдени лексикасы, басқаша айтқанда, этномаркерлі лексикалық бірліктер деп қарастырамыз.

Л. И. Гришаева этномаркерлі бірліктерді былайша түсіндіреді: «ұлттық болмысты бейнелейтін және басқа тілде тікелей аналогтары болмауы мүмкін фразеологиялық бірлік/мақал-мәтелдердің құрамдас бөліктері» [2]. Ғалым сонымен қатар, аталмыш мәселені жіктей отырып, ұлттық маркерлерге мыналарды жатқызады:

  1. Жарқын сурет пен ассоциативтік астар құрайтын, мәдени-ұлттық реңк беретін жалқы есімдер мен атаулар;
  2. Белгілі бір мәдениетке ғана жататын заттардың атаулары (тұрмыстық заттар немесе киім);
  3. Тайпалар мен ұлттардың атаулары.

Ж. Манкеева халықтың тек тілдік фактілер арқылы сақталған тарихын құбылыс атауларын, салт-санасын білдіретін мәдениет лексикасын анықтаудың өзекті арнасы этнолингвистикалық қағида деп есептей отырып, «ұлт пен тіл» біртұтас» немесе «тіл мен мәдениет сабақтас» деген ұстанымды алға тартады. Сонымен қатар, ғалым этнографизмдің жасалу факторларын бірнеше топқа жіктейді:

  1. шаруашылық-экономикалық факторына байланысты:
  2. ұлттық тамақтану дәстүріне байланысты:
  3. халықтық географиялық, астрономиялық, метеорологиялық атаулар:
  4. антропологиялық атаулар:
  5. жан — жануар және өсімдіктер әлемі [3, б. 60-62].

Ұлттық дүниетаным кеңістігінде этномаркерлі лексикалық бірліктердің алатын орны ерекше. Қазақ тілінің бүгінгі күнге дейін қалыптасуына географиялық жағдай мен табиғи орта, күнкөріс пен төрт түлік мал, баспана мен шаруашылық қызметі, қоғамдық саяси құрылым мен наным сенім тарихи тұрғыдан әсер етіп келеді. Атамлыш дүниенің барлығы халық өмірінің осы салаларына қатысты зат, ұғымдар мен құбылыс атауларынан байқалады.

Өзі таңбалаған затының қыр-сырын жан-жақты қарастырып, зерттеп алып, оны сол табиғаттың көрінісіндей етіп бейнелеп, сөздермен таңбалап көз алдына сол заттың суретін әкелуі — халық даналығының айқын көрінісі болып есептеледі. Көшпелі өмір салтын ұстанған ата — бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй болды десек, киіз үйдің тұрпаты мен көлеміне, қолданысы мен құрамдас бөлшектеріне (кереге, уық, шаңырақ...) қарап атау берген. Ақ үй, ақ орда, боз үй, отау үй, қоңыр үй, қара үй, алтын орда, алтын үзік, жабасалма сынды атаулар пайда болып, ұлтымыздың мәдениетіне, өркениетіне тән этномәдени сөздер жасалды.

Ұлт тілінің қалыптасуында халық қазынасына айналған төрт түлік үлкен рөл атқарады. Күнделікті өмірі төрт түлікпен тікелей байланыста болған қазақ халқында кисе — киім, мінсе — көлік, жесе — тағам, тұтынса — бұйым болған үй жануарларының маңызы ерекше. Осы тұрғыдан, «төрт түлігіміз сай болсын» деп тілеген халқымыздың мәдениетіне тән жылқы, сиыр, қой, түйе малына қатысты түрлі сөздер мен теңеулер қалыптасып шықты.

Мал патшасы — жылқыны киелі деп санау ата бабаларымыздан бастау алып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Жасына, сыртқы тұрпаты мен мінезіне қарай жылқы малына қатысты түрлі атаулар қойылды. Мысалы, құлын, жабағы, тай, құнан жылқы, дөнен жылқы, бесті, асау бие, жуас бие, қысыр бие, қазанат, сәйгүлік, жабы... Бұл атаулар жылқы малына ғана қатысты болып қана қоймай, биеден сауылатын сусынның (қымыз) ашытылу уақытына қарай сәйкестендіріліп аталуы арқылы этномаркерлі лексикалық бірліктерді тудырды. Мәселен, тай қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті қымыз, асау қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз , т.б. Тай деп бір — екі жас аралығындағы жылқы малын атасақ, тай қымыз деп бір — екі күн ашытылған қымызды айтамыз. Құнан — екі — үш жасар жылқы болса, құнан қымыз — екі — үш күн бойы ашытылған қымыз. Дөнен деп үш — төрт жас аралығындағы жылқы малын айтсақ, дөнен қымыз деп үш — төрт күн бойы қор құйып ашытылған қымызды атаймыз. Бесті — бес жасар жылқы, бесті қымыз — бес күн бойы ашытылған ащы қымыз. Халқымыз қысыр бие деп құлындамаған биені атайтын болса, қысырақ қымыз (қысыр қымыз, қысырдың қымызы) деп құлындамаған биеден сауылып алынған қымызды атайды. Осыдан келіп, жылқының жасы мен қымыздың қор құйып ашытылған мерзімі өзара семантикалық байланыста жатқандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар, қымыздың түрлеріне қатысты тілімізде «берместің үйінде бесті қымыз тұрады», «бие мінсең, құлын жоқ, саумал ішсең, қымыз жоқ» сынды мақалдар кездеседі.

Ұлт танымында асау сөзі тек жануарларға (асау бие, асау тайлақ) қарата айтылмайды, көркемдік тұрғысынан өте бай тілімізде асау жүрек, асау қиял, асау жел сынды метафоралық тіркестер де кездеседі. Абай поэзиясындағы « асау жүрек» : « Асау жүрек аяғын шалыс басқан, Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?» , Сәкен жырларындағы « асау жел» тіркесі: «Аузымнан өлеңімді қағып алып, Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп» этномәдени лексикалар болып табылады.

Сонымен қатар, дүлдүл ақын, жабы болу, жабыдай жалтаңдау, қазанат дене, тарпаң жігіт, тарпаң тайдай қылтылдау секілді тіркестер де көптеп кездеседі. Тіліміздің ерекшелігіне айналған аталмыш этномаркерлі бірліктердің ұлттың дүниетанымында алатын орны үлкен екендігі даусыз.

Қазақ тағамтану жүйесінде сүт өнімдерінің, сүттен жасалатын тағамдардың маңызы зор. Олардың тұтыну мерзімі мен жасалу жолдарына қатысты жасалған атаулары да өзара мағыналас келеді. Мәселен, айран, айырған май тағамдарын қарастырайық. Ә. Қайдардың зерттеулерінде « айранды қаймағынан, майынан ажыратуы арқылы жасалады» делінсе [4, б. 21]. А. Құраұлының зерттеулерінде « айырған май деп сары майды қайнатып, тортасынан ажыратылған, шыныландырған түрін» атайды [5, б. 122]. Екі атауға да ортақ «ай» (Э.Севортян «ад» ) семасы «ажырату, бөлу» мағынасы негізінде туындап отыр [6, б. 93]. Ұлтымыздың дүниетанымында кездесетін адалбақан, адырна, аймақ, айтыс сынды этномаркерлердің жасалу жолын қарастырсақ, дана халқымыздың таным көкжиегінің кеңдігін дәлелдейтін айғақ іспеттес.

Тіл — ұлттың айнасы деп түсінетін болсақ, әр этнос өзін қоршаған әлемді өзінше көріп, өзінің ұлттық дүниетаным деңгейі дәрежесінде танып бағалайды. Бұл сөздеріміз ұлы драматург, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», — деген ойымен өзара мағыналас. Көшпелі өмір салтын ұстанған халықтың өміріндегі географиялық орта мен табиғи жағдай туралы түсінігінің ауқымдылығын тілімізде кездесетін космонимдік атаулардан аңғаруға болады. Жұлдыздардың, ай мен күннің, найзағайдың жарқылы мен күннің күркіреуінен, жан жануарлар мен жәндіктердің көмегімен келер күннің ауа райын ата — бабаларымыз алдын — ала болжай білген. Ауа райының ерекшеліктеріне байланысты « ай қорғалау» (айдың кешігіп тууы, әр айдың жиырмасы кезінде айдың кешігіп тууы), « күннің қоралануы» (күннің төңірегіндегі жарық шеңбер), « ай көрген күн » (айдың әр жаңасы), « ақбайтал» (үскүрік боран, кесе қар, қалың бораннан кейінгі күртік қар), « құралай желі, құралай салқыны » (мамыр айының екінші жартысында орын алатын 2–3 тәуліктік күн суытуы), « ақбас» (ұйытқып соғатын жаяу боран) т.б. сөздер мен тіркестер жасалды [3, б. 60-62]. Қазақ халқы тек ауа райын ғана болжап қоймай, сонымен қатар, аспан денелерінің ерекшеліктеріне қарап атаулар қалыптастарыған: Жетіқарақшы, Есекқырған .

Зерттеуші ғалым Жамал Манкеева этнолингвистиканы құрайтын ең бай тілдік салалардың біріне киелі (сакральды) лексиканы жатқызады. Осы тұрғыда тілді үздіксіз даму үстіндегі құбылыс деп тұжырымдаған Вильгельм фон Гумбольдтың «Әр ұлттың өзіне тән іштей дамитын рухы бар, оны сыртқа шығарып, ұлттық ерекшелікті танытушы, оны жеткізуші күш — тіл, тіл — рухтың жемісі» деген пікірімен мағыналас болып келеді. Ғалымның түсінігіндегі киелі лексикаға қазақ халқының наным — сенімдері, әдет — ғұрыптары мен ырым — жоралғыларына байланысты мифологиялық сипаттағы лексикалық бірліктер жатады. Ал, зерттеуші А.Керімбаев қазақ тілінің сакральды лексикасына магиялық (фидеистік) сөздер, магиялық, киелі нысаналарды атайтын адамдардың, заттардың, географиялық және ғарыштық нысаналардың, дене мүшелерінің, жануарлар мен құстардың атауларын жатқызады. А. Керімбаевтың пікірінше, қазақ дүниетанымындағы киелі лексика тек заттық (материалдық) мәдениеттен ғана емес, рухани әлемінен де көрініс табады. Ұлт болмысының рухани және материалдық ерекшеліктерін тек этномәдени лексикалық бірліктер ғана сипаттап жеткізеді [7, б. 3].

Қорыта келгенде, этномаркерлі лексикалық бірліктер күнделікті қолданыстағы қарапайым сөздер емес, ол халықтың өзін қоршаған әлемге деген көзқарасынан, танымынан шыққан ұлттың табиғатымен тығыз қалыптасқан сөздер. « Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт» , — дейді Х.Досмұхамедұлы. Экономика мен нарықтың дамыған заманында, ақпараттық соғыстың шегіне жеткен тұсында, адамзаттың ұлттық дүниетанымнан алшақтап, еліктеушіліктің белең алған кезеңінде ұлттың табиғатын, тарихын танытатын этномәдени лексиканы танымдық тұрғыдан зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу өзінің өзектілігін жоғалтпайтын күрделі мәселе болып қала бермек.

Әдебиет:

  1. Смағұлова Г. Н. Түркілер өркениеті: қазақ этномәдени лексикасы//Altay Communities Language and Literature.İstanbul, 2017.-185–197-бб.
  2. Гришаева Л. И. Прецедентный текст как универсальное средство передачи и хранения культурной информации // Политическая лингвистика; Урал гос.пед. ун-т / отв. ред. А. П. Чудинов. Екатеринбург, 2008. Вып. 24. С. 118.
  3. Манкеева Ж. А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері.-Алматы:Жібек жолы, 2008.-356б.
  4. Қайдар Əбдуəли Ғылымдағы ғұмыр Қазақ тілі этимологиясының ғылыми-теориялық негіздері. — Алматы: «Сардар» баспа үйі, 256 б. 2014 ж.
  5. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі.- Алматы: «Сөздік-Словарь» 1997. 368б.
  6. Севортян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков: Общетюркские и межтюркские основы на гласные. Москва: Издательство «Наука», 1974 г. C.768
  7. Керімбаев А. Е. Қазақ тіліндегі сакральды атаулардың этнолингвистикалық сипаты.Филол. ғыл. канд. дәреж. алу үшін дайын. дис.автореф.-Алматы, 2017.- 25 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, познание нации.

Ключевые слова

мәдениет, халық тілі, тіл тарихы, ұлт танымы, этномаркерлі лексикалық бірлік

Похожие статьи

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік реттеу саясаты

Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік т...

Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, біл...

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту

Бұл мақалада сіздер мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамытудың түрлерімен, және де қандай ойын түрлері бүгінгі күннің сабақ үрдісінде қолданылатынын, балаларға ойынның берер ықпалы туралы мәлімет білетін боласыздар.

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балал...

Қоғамдық дискурсты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы когнитивті эквиваленттікке жету мәселелері (денсаулық сақтау аясында)

Қазіргі дамыған заманда аудармашылар екі мемлекетті байланыстыратын “көпір” рөлін атқарады. Сонымен қатар, кейінгі жылдары лингвистер мен аударматанушылардың назары лингвистикадағы жаңа бағыт “когнитивистикаға” көптеп аударуда. Бұл мақалада біз медиц...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері

Патриоттық мәдениет мазмұнын ұлтаралық қарым-қатынас, тарихи және азаматтылық компоненттері құрайды. Ұлтаралық қарым-қатынас Қазақ халқы мен Қазақстанның басқа халықтарының моральдық нормалары мен құндылықтарының, тілдері, әдебиеттері, өнері, ұлттық ...

Задать вопрос