Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (456) март 2023 г.

Дата публикации: 06.03.2023

Статья просмотрена: 178 раз

Библиографическое описание:

Мейрамбек, Ф. М. Оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларда зейінді шоғырландыру / Ф. М. Мейрамбек, А. Р. Оразбаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 9 (456). — С. 378-380. — URL: https://moluch.ru/archive/456/100483/ (дата обращения: 16.12.2024).

Бұл мақалада Lesson Study бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі баяндалады.

Кілттік сөздер: Lesson Study, зейінді шоғырландыру, оқытудағы әдіс-тәсілдер.

В данной статье рассматриваются результаты исследования на основе Lesson Study.

Ключевые слова: Lesson Study, концентрация внимания, методы и приёмы обучения.

Оқытудағы әдіс-тәсілдер мен стратегиялар дизайн, информатика, орыс тілі, дене шынықтыру сабақтарында зейінді шоғырландыруға қалай әсер етеді? Осы сұрақтар аясында пән мұғалімдерімен біріге отырып, зерттеу жүргізуді жоспарладық.

Тақырыпты зерттеуге 7В сынып оқушыларының сабақ барысында тақырыпты толық түсінбеуі, өз ойын қажетті деңгейді жеткізе алмауы және тапсырманы орындау кезінде зейіннің бір бағытқа бағытталмауы/шоғырланбауы себеп болды.

Әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Оқушының зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса, олардың сабақ үлгерімі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты — оқытудағы әдіс-тәсілдер ретінде «диалогтік оқыту» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа ала отырып, оқушылардың белгілі бір мақсатта жұмыс істей алуы үшін зейінін шоғырландыру.

Аталған мақсат аясында алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

— зейінге сыртқы фактордың маңызын ескере отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

— берілетін тапсырмалардың түсінікті, анық, нақты болуы;

— сабақтың мақсаты айтылып, оқушы өзінің міндетін түсініп, күтілетін нәтижені білуі;

— оқыту барысында зейінді шоғырландыруға көмек беретін түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегияларды қолдану;

— С оқушының оқуға деген құлшынысын арттыру;

— В оқушының бойындағы потенциалын ашу;

— А оқушының жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу жүргізу барысында қол жеткізген нәтижелерге және қиындықтарға тоқталсақ, А деңгейлі оқушы күтілетін нәтижеге сай сабақта белсенді болып, орыс тілі сабағында өзін көрсете алды. Дизайн пәнінде де практикалық тапсырмаларды ұқыпты, қатарластарынан бұрын орындап отырды.

В деңгейлі оқушымен орыс тілі пәні мұғалімі осыған дейін де жеке жұмыстар атқарған. Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде оқушы өз ойын ашық жеткізуге тырысты. Үй тапсырмасын орындап келгендігі оқушының жауапкершілігі жоғары екендігінің көрінісі. Сабақ кезінде берілген тапсырмаларды толық орындауға талпынды.

Топтық жұмыстар арқылы Дизайн сабағында С деңгейлі оқушының сабаққа деген ынтасының жоғарылағандығын байқадық. Модельдеу тақырыбы аясында 3Д бағдарламамен жұмыс жасаған оқушылар үшін қызықты болды. Жобалық жұмыс кезінде әр оқушы жүргізілген зерттеуге сай өз өнімін әзірлеу қажет болды. Сондықтан ТинкерКад бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты. Практикалық жұмыстарды орындау сәтті әрі нәтижелі болды.

Информатика пәні бойынша Санау жүйелері тақырыбы қарастырылды. С деңгейлі оқушы сабақта белсенді болып қана қоймай, тақтаға шығып берілген санды екілік санау жүйесіне дұрыс аударды. Осы арқылы С деңгейлі оқушы техникалық ойлау қабілетінің басым екеніне назар аудардық.

Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы кезінде сабақ кестесінің ынғайлы болмауы қиындық тудырды. Сондықтан, зерттеу тобындағы екі мұғалімнің ғана сабағына қатысуға тура келді. Бұл зерттеу кезінде алынған нәтиженің толық болмауына алып келді деп санаймын.

Lesson Study мұғалімдік тәжірибедегі зерттеу тобымен жүргізген алғашқы жұмысымыз. Ұзақтығы бір циклге ғана созылғанына қарамастан, әріптестерімізден кері байланыс алу, сабақты сырттай бақылау, қолданылатын әдіс-тәсілдерге талдау жасау арқылы көптеген мағлұмат алдық. 7 В сыныбының пән мұғалімдері ретінде бізді толғандырып жүрген ортақ проблеманы анықтай келе, осы сыныпты зерттеу сыныбы ретінде таңдау ұсынылды. Зерттеу пәндері дизайн, информатика, орыс тілі және дене шынықтыру болып бекітілді. Қараша айында зерттеу тобының алғашқы отырысы болып өтті, сыныпқа қатысты бірнеше проблемадан ортақ бір проблема шығарылды. Ортақ проблема — “оқушыларда зейінді шоғырландыру” болды. Пән мұғалімдерімен бірге бақыланатын оқушыларды анықтадық. А оқушысы — сабақты жақсы оқиды, топта да, жеке жұмыс кезінде де өзін лидер ретінде көрсете алады. В оқушысы — сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, ойын ашық жеткізе алмайды. С оқушысы — деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сабақ кезінде жан-жағына көп алаңдайды, басқа оқушылардың әрекеттеріне түсініктеме беріп отырады.

Алғашқы сабақ әр мұғалімнің өз жоспарына сай өткізілді, сол арқылы таңдалған проблеманың қаншалықты өзекті екенін байқай алдық.

Дизайн пәні бойынша Модельдеу юнитіне сай С критерийінде практикалық тапсырмалар орындады. 3Д модельдеу бағдарламасы ретінде ТинкерКад таңдалды. Себебі, функциялары анық, формалары қолдануға ыңғайлы.

Бірінші сабақтағы кері байланысқа сәйкес, жоспарлау кезінде топтық жұмыс таңдалып алынды. С деңгейлі оқушының ынтасын арттыру мақсатында рөлдік ойындар таңдалды. Және келесі сабақта С оқушының топта өзін лидер сезініп, жұмысты орындауда жауапкершілігі байқалды. А оқушысы өз деңгейінде тапсырманы орындады, В оқушыға мұғалімнің аздаған көмегі қажет болды. Сабақта оқушылар бірін-бірі тыңдап, қызығушылықпен жұмыс жасады.

Екінші сабақта мұғалімдердің берген ұсыныстары ескеріле отырып, сабақ жоспары жасалынды. Сабақ басында “иә/жоқ” ойыны ойнатылды және сабақ соңында рефлексия ретінде осы берілген тұжырымдарды иә немесе жоқ деп сабақ кезінде алған білімдерін қорытындылау мақсатында қолдану тиімді болды. Сонымен қатар, “Нысана” әдісі де қолданылды. Сабақты талдау кезінде екі бірдей рефлексия артық болды деп топшыладық. Мұғалімдер тарапынан әр орындалған тапсырмаға сәйкес, бағалау критерийлерін енгізу және кезең бойынша кері байланыс беру ұсынылды.

Үшінші сабақта жоғарыда аталған барлық кемшіліктер мен ұсыныстар ескеріле отырып, сабақ жоспарланды. Рефлексия кезінде қолданылған “Бағалау парағы” әдісі тиімді шықты. Сабақ шығармашылық бағытта өтті. Оқушылар жүргізілген зерттеу жұмысына сай, эскиз үлгісі негізінде 3Д модельді дайындап шығарды. Сабақты зерттеу идеясымен, концепциялар байланыстыру ұсынылды.

Зертеу жүргізу барысында байқағанымыз, С деңгейлі оқушы топтық жұмыс арқылы тапсырманы орындауда белсенділік танытып, қолын көтеріп сабаққа қызыға қатыса бастады. В деңгейлі оқушы орыс тілі пәнінде “ақпаратты жеткізу” бойынша берілген тапсырмада “тарихшылар” рөлінде өз ойын жеткізе алды. В оқушысында белсенділік пайда болып, ойын қысылмай еркін айтуға үйренді. А деңгейлі оқушыны ары қарай дамытуға жұмыс жасау мақсатын қойдым. Себебі зерттеу кезінде В және С оқушыларға көп көңіл бөлініп, А оқушы назардан тыс қалғандай болды. Тағы бір түйгеніміз, зерттеу алдында оқушылар үнін есту мақсатында олардан сұхбат немесе сауалнама алу қажеттігін және зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алу қажеттілігі сезілді.

Зерттеу сабағын бірлесе жүргізу мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады. Сонымен бірге, мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады, сабақты бақылауды және кері байланыс беруге дағдыландырады. Lesson Study мұғалім үшін кәсіби біліктілігін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың таптырмас құралы деп санаймыз.

Әдебиет:

  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. — Алматы: Білім, 2004
  2. Аскоченская Т. Ю. Как развивать внимание. — Донецк, 2003
Основные термины (генерируются автоматически): дизайн.

Ключевые слова

lesson study, зейінді шоғырландыру, оқытудағы әдіс-тәсілдер

Похожие статьи

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемдері

Мақалада қазақ дүниетанымындағы уақыт түсінігіне тоқталып, тәулік, ай, жыл секілді уақыт өлшемдерінің тарихы туралы жазылған.

Опока негізінде көбікті шыны өндірісінің заманауи технологияларын зерттеу

Мақала минералды шикізаттың жаңа түрін таңдауға және жылу оқшаулағыш көбікті шыны технологиясын зерттеуге арналған.

Логопедиялық түзету сабақтарының өзіндік жұмыстары

Берілген мақалада логопедиялық жұмыстарда сөйлеу тілін дамыту жұмыстары туралы қарастырылады.

Тұрмыс-салт жырлары — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі

Берілген мақалада тұрмыс салт жырлары ұлттық тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырылады.

Зайырлы мемлекет және заманауи дін функциясы

Мақалада Қазақстандық зайырлы мемлекет пен діннің ара қатынасына көзқарас әр қилы екені және бұл салада реттеу қызметі өте әлсіз қалыптасқандығы қарастырылады.

Қазақстандық нарықта кайдзен технологиясын енгізудің өзектілігі

Бұл мақалада автор Қазақстанда жапондық кайдзен технологиясының енгізу және қолдану мәселелеріне қатысты зерттеу жүргізді.

Сәулет кеңістігіндегі формалардың адам психологиясына әсері

Мақалада сәулет кеңістігіндегі формалардың түрлері, олардың ерекшеліктері және адам психологиясына қалай әсер ететіндігі туралы қарастырылған.

Биологиялық құзыреттілікті қалыптастыруда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

Бұл мақалада қазіргі таңда білім беру саласының алдында тұрған ауқымды міндеттер көрсетілген. Оқыту мен білім берудің басым бағыттары өз тәжірибелерімен жазылған. Өзара тәжірибе алмасуға қажетті материалдар бар.

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері

Берілген мақалада дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері мәселесі қарастырылады.

Ұнтақты көмір отыны

Мақалада ұнтақты көмір отынын өндірісте қолдану тиімділігі мен ұнтақты көмір отынын алу технологияларына талдау жасала келе Қазақстан аумағында өндірілетін көмір маркаларын саралай отырып, ұнтақты көмір отынын жасауға лайықты марканы анықтайды

Задать вопрос