Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Исмаилова, Р. Б. Қазіргі кездегі болашақ мұғалімнің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері / Р. Б. Исмаилова, Д. Б. Нургазы, Г. Н. Рымбекова, Д. С. Сейтбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 8 (455). — С. 291-293. — URL: https://moluch.ru/archive/455/100236/ (дата обращения: 22.12.2024).

Бұл мақалада қарастырып отырғанымыз, болашақ ұрпақтың жеке қабілетіне қарай дамуы мен қабілетін, дарындылықты арттыруда мұғалімнің маңыздылығына тоқталамыз. XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы дамыған ел — білімді, белсенді, шығармашыл азаматтар. Яғни, бүгінгі күні барлық елдер сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда.

Дамыған елдердің барлығында бірегей, сапалы білім беру жүйесі бар. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Еліміздің болашағы жастардың қолында,дәл сол себептіде бүгінгі таңда сапалы білім беру- заманның талабы. Және сол білімді беруде ең маңызды міндетті атқаратын — мұғалімдер.

Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген проблеманы өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Қазіргі заман мұғалімі бұрынғы мұғалімдерден өзгеше деп айтуға болмас. Себебі, мақсат пен нәтиже өзгермейді. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттей білуі керек.

Кілтті сөздер: қазіргі заман мұғалімі, білім беру жүйесі, мұғалім имиджі, мұғалім рөлі, жаңа бағдарлама, болашақ мұғалім.

В данной статье речь пойдет о важности учителя в развитии и повышении одаренности будущих поколений в зависимости от их индивидуальных способностей. Развитая страна на переднем крае XXI века — образованные, активные, творческие граждане. То есть сегодня все страны работают над системой качественного образования.

Все развитые страны имеют уникальную качественную систему образования. Цель современной системы образования-подготовка конкурентоспособного специалиста. Будущее нашей страны в руках молодежи, именно поэтому сегодня качественное образование — требование времени. И именно учителя выполняют самую важную задачу в передаче этих знаний.

Учитель нового века должен быть готов рисковать, принимая на себя решение любой проблемы. Эта черта в нем служит примером для других. Нельзя сказать, что современный учитель отличается от предыдущих учителей. Это потому, что цель и результат не меняются. Учитель должен не только давать знания, но и изучать психологию каждого ученика, сидящего перед ним.

Ключевые слова: современный учитель, система образования, имидж учителя, роль учителя, новая программа, будущий учитель.

Кіріспе

Мектептің немесе кез — келген білім беру орталығының жаны — мұғалім.Мұғалімнің қоғамдағы миссиясы — адамзат баласын жаңа сапаға көтеріп, оның болмысын қалыптастыру.

XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында сабақ берген білімді де беделді мұғалім бейнесін бүгінгі мұғалімдерден іздейміз. Әлі де қатал тәртіпке бағынған сыныпта оқыған балалар жақсы білім алады деп ойлаймыз. Ал жаңартылған бағдарлама, білім беруге жаңа көзқарас мұғалімнен тек жаттатқызып қана қоймай,берілген білімді талқылауды, өмірде қолдануды талап етеді. Заман өзгерген сайын білім беруге жүктелетін міндеттер де өзгере бермек. Алайда бұл міндеттер жақсы мұғалім бейнесіне көлеңке түсірмей, керісінше ашуы тиіс [1, б. 4-5].

Еліміздегі қазіргі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білімді және өз ісінің шебері, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр. Яғни, қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Сонда қазіргі заман мұғалімі қандай болуы қажет?

Қазіргі заман мұғалімі — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Олар жоғары білімді және шығармашыл тұлғаларды қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын басты талаптар:

  1. мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болуы кажет.Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге кол жеткізе алады.
  2. педагогтік және психологиялық білімін жетілдірумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білуі керек. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына,әр жағдайына қатысты кез -келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек. Және қазіргі заман талабының бірі — «Интернет» жүйесін меңгеру кажеттігі.
  3. ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде окулыктарды пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше окып үйренуге окушыны баулу міндеті тұр. Өзінің окушысын өз бетінше білім алуға үйрете алмаған мұғалім қазір түпкі нәтижеге кол жеткізе алмайды.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, тек отандык емес, шетелдік тәжірибелердіде білім беруде қолдана білетін педагогты атаймыз.

Әрбір елдің оқыту жүйесі әр түрлі болып келеді,алайда жаңа заман мұғалімдері,өзге дамыған елдердің білім беру жүйесінен жақсыларын қолданысқа енгізуді жоспарлауда. Мысалы, Жапон елінің оқыту тәсілі барлық елдермен салыстырғанда басқаша болып келеді. Оларда бастауыш мектепте оқу өте жеңіл және үй тапсырмалары берілмейді, қиын емтихандар жоқ, себебі бастауыш мектептің басты мақсаты — баланың бойына мәдениетті,тәрбиелі адам қасиеттерін қалыптастыру, жалпы білім негіздерімен таныстыру болып табылады. Яғни, оқушылар кішкентайынан адамды құрметтеуге, табиғатты аялауға, ортаға зиян келтіретін әрекеттен аулақ болуға тәрбиеленеді. Өзін-өзі ұстай білу, қанағатшылдық, қоғам үшін,елі үшін еңбек ету — басты тәрбие негізі. Оқушылар сабақтан соң кезекшілер сайланып сыныпты, дәлізді жуып, тазалайды. Демалыс кезінде мұғалім көптеген ізденіс жұмыстарын оқушыға үй жұмысы ретінде береді. Ал емтихандар мен қиын пәндер орта мектепте басталады, тіпті жылына екі-үш рет тапсырады. Емтихан тапсыру кез келген жапон үшін қиын әрі жауапкершілікті талап ететін маңызды іс болып есептеледі [4, б. 15-17].

Ал АҚШ-та оқыту тәсілі мүлдем бөлек. Оқушыларға бастауыш сыныпта бір ғана мұғалімнің көмегімен оқыту жүргізіледі. Бастауыш мектебінің оқыту әдісі арнайы жасалған жоспар бойынша жүзеге асады. Оған оқу, хат жазу, орфография, ана тілі, ән, өнер, арифметика, тарих, география, өзін-өзі тану, гигиена, дене шынықтыру және еңбек пәндері жатады. Кейін орта мектепте оқушылар негізгі пәндерді оқып, қалған уақыттарын өздері қалаған пәндерді таңдап оқиды [5, б. 8-10].

Қытайда болса бастауыш сыныбында ана тілі, математика, адамгершілік пен этика, музыка, шет тілі сынды пәндерге баса назар аударылады. Ал 3 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрену басталады. 4 сынып оқушылары жылына екі апта фермаларға, шеберханаларға барып жұмыс жасайды. Барған жерлерінің тыныс-тіршілігімен танысады [3, б. 7-8].

Бізде мұғалімдер оқушыларды қызықтырып, күнделікті оқу жоспарын жаңа қызық айдарлармен, суреттермен, видео сабақтармен дайындап келулері қажет. Оған қоса театрларға, музейлерге, кинотеатрларға, көрмелерге және т. б. мәдени орталарға оқушыларды апарып, өнерге деген қызығушылықтарын ояту қажет. Мысалы, әр айда бір рет балалармен мәдениет орталарына барып тұру қажет. Қазақ мектебінің бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Түрлі ойындар арқылы оқушыны қызықтыра білу, себебі, сол ойындар арқылы баланың өзін-өзі тануға көмектесу. Оқытудағы негізгі мақсат — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыруда мұғалімнің көмегі [6, б. 10].

Қазіргі заман мұғалімінің тек білімі емес, сыртқы келбетінеде назар аударылады. «Имидж» түсінігі XX ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. Педагог имиджінің калыптасуы, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардын ол туралы ойынан туған бейнесі. Өз имиджін жасауға талпынған педагог, жақсы көрініп қана қоймай, өзін жақсы сезінеді, өзіне көбірек сенімді болады. Яғни, осы айтып жатқан педагог имиджін құраушылар: дауыс күші мен тембрі, киімі,іс-қимылы,сөйлеу манерасы жатады.

Қорытынды

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер — олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісінде ұқыпты,шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талап-мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылығы,саяси –экономикалық білімділігі жоғары болу керек.

Заманауи мұғалімдер оқушының қызығушылығын анықтап, оқуға жұмылдырады, оқушыларға зерттеу құралдарын беріп, оны қолдануды үйретеді. Сыныптағы әрбір оқушының қабілеттерін ескере отырып, сараланған тапсырма беру арқылы олардың әрқайсысының шығармашылық дамуын, білімін жетілдірудің жеке жүйесін жасайды. Заманға сай мектептің оқушылары үздіксіз ізденісте жүріп, материалды өз бетінше түсініп, зерттеу дағдысын үйренулері керек. Ақпаратты іздеу, оны талдау, жүйелеу ең бастысы сауатты түрде мазмұндай білу қажет.

Әдебиет:

  1. Әдіскер мұғалім «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек» Бақыт Чакакова.
  2. Боревская, Н. Е. Система образования с китайской спецификой / Н. Е. Боревская // Народное образование. — 2003.
  3. Зарубежный опыт реформ в образовании (Европа, США, Китай, Япония, Австралия, страны СНГ): Аналитический обзор // Официальные документы в образовании. — 2002.
  4. Супян В. Б. Образование — ключевой фактор социально-экономического развития США в ХХI веке// Педагогика. — 2004.
  5. Қарлығаш Сарбасова «Инновациялық педагогикалық технологиялар» Алматы, 2006 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): качественное образование, Система образования, современный учитель.

Ключевые слова

білім беру жүйесі, қазіргі заман мұғалімі, мұғалім имиджі, мұғалім рөлі, жаңа бағдарлама, болашақ мұғалім

Похожие статьи

Айтыстағы шешендік өнердің қызметі

Билер мен айтыскерлердің шешендік өнерінің ерекшеліктерін салыстырмалы талдауға арналған мақала қазіргі кезде де өзекті болып отыр, өйткені ертерек олардың шешендік өнері бөлек зерттелген. Автор билер өнерінің кейбір қырларының өзіндік ерекшелігін сө...

Абайдың қара сөздерін ағылшын тіліне аудару кезіндегі лексикалық мағынасының сақталуы

Бұл мақалада Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» ағылшын тіліне аудару барысында өзгеріске ұшыраған сөздер мен сөз тіркестерін түпнұсқасымен салыстыра отырып, лексикалық түрлендірулердің іс жүзінде қолданылуы көрсетілген. Абай Құнанбаевтың философияға ...

Салауатты өмір-салтын ұстанатын ҚазҰМУ студенттерінің ОДҚ салыстырмалы түрде бағалау

Зерттеу мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің функционалдық жағдайының студенттің физикалық жұмыс қабілеттілігі мен жаттығуының деңгейіне тәуелділігін анықтау. Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны: Зерттеуге 50 студент қатысты. Олардан екі топ...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Қызанақ жемістерінің өнімділігі мен сапасына өсу реттегішін қолдану әдісі мен түрінің әсері

Қызанақ өсімдігінің өсуі мен қалыптасуын қадағалау — көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи технологиясының негізгі көзі болып табылады. А. Борисов және О. Ганичкинның мәліметтері бойынша өсімдіктің қалыптасуы қызанақтың жеміс беруімен қатар, өсуін қад...

Задать вопрос