Бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін кіріктірілген сабақтарда қалыптастыру (4-сынып) | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №5 (452) февраль 2023 г.

Дата публикации: 06.02.2023

Статья просмотрена: 96 раз

Библиографическое описание:

Жумадуллаева, А. А. Бастауыш сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттерін кіріктірілген сабақтарда қалыптастыру (4-сынып) / А. А. Жумадуллаева, М. К. Шылмырзаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 5 (452). — С. 388-390. — URL: https://moluch.ru/archive/452/99642/ (дата обращения: 25.04.2024).

Кіріктіріп оқыту — әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастырудың бірден бір көзі негізінде. Бастауыш сынып білім алушыларының бойында табылатын жоғары дәрежедегі сапаларға зерттеу жүргізілді. 19 бастауыш сынып мұғалімінен кіріктірілген сабақты қаншалықты жиі өткізіп тұратындығы жөнінде сауалнама алынды. Зерттеу жұмыстың қорытынды бөлімінде 4-сынып баласының әмбебап оқу әрекеттерін қалыптастыру маңызы ашылды.

Кілт сөздер: бастауыш сынып, әмбебап оқу әрекеті, кіріктірілген сабақ, функционалдық сауаттылық, пән.

Интегрированное обучение — на основе единого источника формирования универсальных учебных действий. Проведено исследование высокого уровня качества обучающихся начальных классов.Были опрошены 19 учителей начальных классов о том, как часто они проводят интегрированные занятия. В заключительной части исследовательской работы раскрыто значение формирования универсальных учебных действий у школьников 4-го класса.

Ключевые слова: начальная школа, универсальные учебные действия, интегрированный урок, функциональная грамотность,предмет.

Кіріспе. Білім — жаңа ғасырдың басты құндылығы.Қай елдің де әр салада нәтижелі болып, тәуелсіз саясат құруы ғылыми жетістіктерге тәуелді. Сондықтан қазіргі қоғам заманауи өзгерістерге бейімделе алатын сапалы білім, саналы оқушыға мұқтаж. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы республикалық Тамыз кеңесінде жоғарыда аталған талап үддесінен «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу арқылы шыға алатынымызды қадап айтты. Мұндай негізгі міндет сөзсіз ұстаздарға жүктеледі. Ал мұғалімдер қауымы білімнің қайнар бастауы «бастауыш сыныпта» екенін жақсы түйсінеді.

2022 жылғы «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» 1–4 сынып оқушылары білім алу барысында мынадай ауқымды тұлғалық дағдыларды қалыптастырып, дамыту қажет делінген:

— Алған білімін функцоналдық және шығармашылық бағытта қолдана алу;

— Сын тұрғысынан ойлау;

— Зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүргізе білу;

— Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

— Коммуникацияның түрлі дағдыларын, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;

— Топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары. [1]

Яғни, стандартқа сәйкес бастауыш сынып оқушылары білім алудың алғашқы сатысынан-ақ әмбебап оқу әрекеттерін игеруге қадам басуы көзделеді. Соңғы жылдары аталған критерилердің үддесінен шығып, оқушының жан-жақты сауат ашуында кіріктірілген сабақ тиімділігін көрсетіп жатыр. Отандық білім беру саласында осындай мақсатта біршама пәндер бойынша кіріктірілген оқу бағдарламалары іске асырылуда. Атап айтқанда, «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту», «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру пәнін басқа пәндермен кіріктіру», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаратылыстану пәндерін кіріктіру», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Жаратылыстану», «Дүниетану» «Көркем еңбек» пәндерінің бағдарламалары өз ішінде бірнеше пәндердің мазмұнын кіріктіріп отыр.

Кіріктіру ұғымына философиялық және энцеклопедиялық сөздіктерде мынадай анықтама береді: « кіріктіру — әртүрлі бөліктер мен элементтердің бүтінге бірігу үрдісінің қыры» [3, 84] делінсе, Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігінде « кіріктіру — педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіру» деген анықтама берілген. [2, 7]

Әмбебап оқу әрекеті — оқушының оқу қабілетін көрсетеді. Бағдарламалық пәндер бойынша жан жақты іздену, жаңа материалдарды саналы, белсенді түрде меңгере отырып өзіндегі тұлғалық қабілеттерді дамыту, өзін-өзі жетілдіру. Осы тұрғыда педагог-ғалымдар Юрий Бабанский, Исаак Лернер, Нелли Лошкарева: «Әмбебап оқу әрекетін-шеберлік ұғымына теңестіреді. Ал шеберлік барлық іс-әрекетті саналы түрде игеру». Ғалымдар ұсынған интерпретация бойынша әрекеттер дағдыға айналады. Мәселен, бала алдымен цифрларды жаттаса, оның дағдысы еркін санай білу. [4, 25]

Негізгі бөлім. «Бастауыш сыныптардағы «ортақ тақырыптар» әр сыныпқа сегіз, әр оқу тоқсанына 2 тақырыптан бөлінген». Бастауыш білім беру деңгейінде 4 сынып қорытынды жасап, оқытудың негізгі сатысына даярлайтын маңызды саты. 4 сыныпта оқу мазмұны да спиральділік ұстанымына сай күрделенеді. Мәселен, кіріктірілген сабақ жүйесіне қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерін таңдасақ. Тақырып екі тілге ортақ: сөйлем мүшелері. Балалардан екі тілді не байланыстыруы мүмкін екендігі сұралады. Оқушылар сауалға жауап беру арқылы өз болжамдарын ұсынады. Осындай түрткі сұрақ арқылы балалардың ойын еркін жеткізу, сөйлеу дағдысы дамиды. Сабақтың мақсаты балаларға сөйлем мүшелерін үйрету, тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелерін ажыратуға дағдыландыру. Оқу барысында балалар сөйлем мүшелерінің екі тілдегі қызметін қатар ұғына отырып, таңдалған тілдердегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдай алады. Бұл әдісті тәжірибеде іске асыру үшін мынадай әдіс қолдана аламыз:

Қазақтан және ағылшыннан шыққан екі атақты суретші Әбілхан Қастеев пен Уильям Тернердің картиналары бойынша 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру тапсырылады. (Қатар отырған екі оқушының бірі қазақ, екіншісі ағылшын тілінде мәтін құрауы тиіс. Мәтін 2 тұрлаулы сөйлем, 3 тұрлаусыз сөйлем мүшесінен құралу керек). Тапсырманы оқушылар түгел орындап шыққаны тексерілгеннен кейін мәтіндермен алмасып, қарама-қарсы тілге аудару талап етіледі.

Мұнда оқушының көргенін құрастыру, ойлау деңгейі дамып, білу, түсіну әрекеттері қалыптасады. Сондай-ақ, терминдердің ағылшын тілінде айтылуын қазақ тіліндегі мағынасынымен салыстыра отырып тез жаттайды. Сөздікпен жұмыс жасау машығын жетілдіреді. Демек, сабақ барысында балаларда ассосация құру дағдысы актив күйге көшеді.

Ал орыстан шыққан атақты лингвист, аудармашы Яков Монсеевич Колкер бір рет тыңдағаннан кейін, екінші рет қосқан кезде әр жерінен тоқтатып қойып сұрақ қою арқылы есте сақтау, тез ойлану, жылдам шешім шығару сынды әрекеттерді дамытуға болатын айтады.

Оқушы бойында әмбебап әрекеттер қалыптастырудың, проблемамен бетпе-бет келіп, өз бетімен шешіп шығарып, тығырықтан шығуды көздейтін — ситуациялық жаттығулар. Жағдаят: Алпамыстың ата-анасы тосын сый жасап баласының туған күніне достарын, сыныптастарын үйіне шақырды. Алпамыс туған күнімен құттықтап, тілек білдірген достарына «рақмет, thank you» дей берді. Сен Алпамыстың орнында болғанда достарыңа ризашылығыңды тағы қандай сөздермен жеткізер едің? (Ризашылығыңды қазақ тілінде 3 түрлі сөйлеммен, ағылшын тілінде 3 түрлі сөйлеммен жеткіз).

Қорытынды. Кіріктірілген сабақ оқушы мен қатар пән мұғалімдерінің де технология, методологиялық тұрғыдан тізе қосуы. Бұл жаңартылған білім мазмұнының педагогтар үшін де тың жаңашылдығы. Осыған байланысты біз әлеуметтік желіде 19 бастауыш сынып мұғалімінен кіріктірілген сабақты қаншалықты жиі өткізіп тұратынын сұрадық. Сауалнама қорытындысындағы нәтиже мынадай:

1) 11 мұғалім жиі әріптестерімен бірігіп кіріктірілген сабақ өткізетінін айтты. (1 аптада бір рет, 2 аптада бір рет)

2) 4 мұғалім айына 1 рет әріптестерімен кіріктірілген сабақ өткізуге тырысатынын жеткізді.

3) 3 бастауыш мұғалімі 1 тоқсанда 1 рет өткізу жеткілікті деп санаған.

4) 2 мұғалім өз тәжірибесінде кіріктірілген сабақ өтпегенін айтты.

Қорыта айтқанда бастауыш мектеп пәндерін кіріктіру — балаларға толыққанды білім берудің ерекше жолы.. Кіріктірілген сабақта таңдалған тақырыптар аясында ақпарат беру, тапсырма орындату, жеке, топпен жұмыс істетудің түпкі миссиясы оқушыларды әмбебап әрекеттерге баулу.

Әдебиет:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» 2022ж
  2. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық ғылыми академиясы «Білім-Оброзование» № 2 (101) — Нұр-сұлтан, 2022. — 107 б
  3. Философский словарь|под ред. И. Г. Фролова. — Москва, 1986. — 589 б
  4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы, 2002. — 245 бет
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

әмбебап оқу әрекеті, бастауыш сынып, функционалдық сауаттылық, кіріктірілген сабақ, пән

Похожие статьи

Жаңғыру ұғымының қысқаша сипаттамасы | Статья в журнале...

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. В 1976 году в том же издательстве появилась на свет книга «Одо из Мена “О свойствах трав”», с...

Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Учёт операций по приобретению объектов основных средств на...

-дебет счёта 60 «Расчёты с поставщиками и подрядчиками» кредит счёта 62 «Расчёты с покупателями и заказчиками» - произведён зачёт взаимных требований по договору мены

Қаланы жасыл желектендірудің негізгі жүйелері мен талаптары

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Соотношение договора дарения со смежными сделками

Дарение, равно как рента, мена, купля-продажа, предполагают переход права собственности от одного лица к другому. Однако главным отличием между ними выступает то, что при дарении...

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы...

...ограничения только на сделки купли-продажи земельных участков, другие способы отчуждения права собственности (такие как мена, рента, дарение и некоторые другие) никак не упоминаются.

Ұлттық және діни мерекелердің рөлі | Статья в журнале...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Жарнама — қазіргі заманғы мифтік құрылым ретінде

Мақалада жарнама мен қазіргі заманғы мифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сарапталады. Сонымен қатар жарнаманың қазіргі қоғамдағы рөлі талданады.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысатын...

мена, Кино, бар, дар, немес. EOR, MEOR, мена, немес, теза. Похожие статьи. Жaңa дiни aғымдapдың aдaм жaн дүниeciнe кepi әcepi. мена, Секта, бар, немес, христианин.

Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар.

Задать вопрос