Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №1 (448) январь 2023 г.

Дата публикации: 09.01.2023

Статья просмотрена: 14 раз

Библиографическое описание:

Бейсенбеков, Д. Ж. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы / Д. Ж. Бейсенбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2023. — № 1 (448). — С. 282-284. — URL: https://moluch.ru/archive/448/98585/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Кілтті сөздер: мемлекеттік қызмет, бағалау, сапа мен тиімділік.

В статье автор рассматривает качественные структурные изменения и развитие деятельности государственных административных служащих и государственных органов в Республике Казахстан.

Ключевые слова: государственная служба, оценка, качество и эффективность.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасын, халықтың әл ауқатын көтеру мақсатында ұзақ мерзімді стратегияларды құрды. Оның ішінде 1997 жылы мемлекеттік дамудың ұзақ мерзімді басымдығы ретінде кәсіби үкімет құруды айқындап берген "Қазақстан — 2030" стратегиясы мемлекеттік қызметті дамытудағы келесі кезеңі болды. Бұл мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын құру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру жолдары секілді мәселелерге бастау болды. Мақсат тек мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін артырып қана қоймай оның сапалық жағын да көтеру. Ең алғашқы қадамдар "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы еді. Мұнда мемлекеттік қызмет қағидаларын енгізу арқылы жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізуге мүмкіндіктер бере отырып мемлекеттік қызметтің ішкі лауазымдық сатыларын белгілеп ішкі реттеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Қабылданған заң негізінде мемлекеттік қызметке кіру, оның атқаратын міндетттері мен қызметін тоқтату мәселері реттелді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кірудің мөлдірлігін көрсету үшін конкурстық негізде жүргізілуде. Мемлекеттік қызметке конкурс кандидаттар арасында іріктелім арқылы жүреді. Бірінші кезең мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы білуге арналған тестілеуді өткізуі нәтижелерімен қоса мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының кандидаттармен әңгімелесуден өткізуін көздейді. Мемлекеттік тестілеуден өткендігі жайлы сертификат беріледі оның жарамдылық мерзімі 1 жылды құрайды. Сосын мемлекеттік қызметке тұру үшін сайтта жарияланған бос орындар жайлы хабарлама арқылы нақты бір лауазымға сұрақ-жауап негізінде кандидаттар іріктелініп жұмысқа алынады.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіру мақсатыда мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлау курстарынан өтеді. Сонымен қатар 3 жылдық мерзімде атестациялаудан өткізіледі. Атестациялау мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, құқықтық және халықпен жұмыс жасау алу қабілетін айқындауға көмектеседі. Мемлекеттік қызметі жаңа моделінің негізінде мемлекеттік қызметтер А басқарушы корпус және Б атқарушы корпустарына бөлініп қарастырылады. Әр корпус заң жүзінде қабылданған әдістеме негіздінде бағалаудан өтеді [1].

Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамудың мемлекеттік қызмет сапасы мен тиімділігін арттыру жоспарына қол жеткізу бірнеше кезеңдерге бөлініп жүзеге асырылды. Бірінші кезең мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеруге, оның оң имиджін, мінез-құлық этикасын қалыптастыруға, жоғары білікті маман әзірлеу үшін білім алу орталықтарын қалыптастыруға, адами капитал резерв кадр саясатын әзірлеуге және ішінара лауазымдарға бөлу арқылы органдардың ішкі процестерін ретке келтіріп, стратегиялық жоспарларды енгізе алуға, халықтың сапалы қызмет алып қана қоймай қызметтің қол жетімділігін арттыруға негізделді. Екінші кезеңде аталған шараларды одан әрі жетілдіріп толықтырулар енгізуге бағытталды. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін анықтау үшін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 4 және 5-тармақтар негізінде бағалау жүйесі енгізілді.

Бағалау көрсеткіштері барлық мемлекеттік органдар үшін біріздендірілді. Бағалаудың оң нәтижелері алғашқы легінен тиімділігін көрсетті. Атап айтқанда енді мемлекеттік органдар жоспарларды жай ғана әзірлеп қана қоймай оның қаншалықты дәл және дұрыс екенін, құжаттардың сапалы жасалғаны жыл қорытындысында жоспарға қаншалықты қол жеткізе алғаны бойынша анықтауға болады. Бағалауға электронды үкімет базасын жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету және деректер базасын интеграциялау, электронды құжаттар базасын енгізу т.б секілді салалар ұшырады. Елде қол жеткізген нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу жүйесі бағалаудың жаңа құралдарын енгізе отырып, нәтижелерді бағалау жүйесін одан әрі дамытуды талап етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі олардың қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде енгізілді. Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының іске асылуын бағалау, мемлекеттік органдар қызметінің тиімілігі бағалау, мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі бағалау, бюджеттік инвестициялардың іске асырылу тиімділігі бойынша бағалаулар жүргізілуде. Нәтижесі 2013–2019 жылдары жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша болжамды жыл сайын асыра орындау алдыңғы жылға қарағанда орташа есеппен 109,2 %-ды құраса, 2020–2021 жылдар кезеңінде алдыңғы жылға қарағанда орташа есеппен 124,5 %-ды көрсетті.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап өңірлік экономикаларды әр тараптандыру, сондай-ақ шикізаттық емес сектордың шағын және орта бизнесін (бұдан әрі — ШОБ) дамыту арқылы әкімдердің салық базасын кеңейтуге мүдделілігін күшейту үшін ШОБ-тан түсетін КТС түсімдері жергілікті бюджеттерге берілді. Нәтижесінде 2021 жылы жергілікті бюджеттерге қосымша 304 млрд теңге немесе болжалға қатысты 70,8 % (болжам — 429 млрд теңге) түсті [2].

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау кезінде шет ел тәжірибесіне де көз жүгірттік. Әр жылы Дүниежүзілік банк институты әлем елдеріндегі мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасына талдау жүргізеді. Дүниежүзілік банк институты бағалау индексіне (Government Effectiveness), яғни кесте 1-ге сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі бірнеше көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Кесте 1

Әлем елдерінің мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі [3]

2018

2018

2018

2019

2019

2019

2020

2020

2020

2021

2021

2021

Елдер

ккб

дк

пд

ккб

дк

пд

ккб

дк

пд

ккб

дк

пд

Қытай

0,52

9,00

69,23

0,56

8,00

71,63

0,68

7,00

72,12

0,84

7,00

76,44

Франция

1,45

8,00

90,87

1,37

8,00

88,46

1,24

7,00

86,54

1,27

7,00

86,06

Жапония

1,67

7,00

94,23

1,58

7,00

93,75

1,59

6,00

93,27

1,40

6,00

90,38

Қазақстан

-0,01

8,00

52,88

0,11

8,00

56,25

0,14

7,00

58,17

0,06

7,00

57,21

Қырғызстан

-0,61

8,00

31,25

-0,69

8,00

26,92

-0,53

8,00

33,65

-0,73

8,00

25,96

Ресей

-0,06

8,00

50,48

0,07

8,00

55,29

-0,08

7,00

50,48

-0,18

6,00

45,19

Түркменстан

-1,05

4,00

13,94

-0,97

4,00

15,38

-0,99

4,00

15,38

-0,93

4,00

14,90

Туркия

-0,03

8,00

51,44

0,02

9,00

53,85

-0,13

8,00

47,60

-0,09

7,00

49,52

АҚШ

1,57

7,00

92,79

1,48

7,00

91,35

1,31

6,00

87,02

1,34

6,00

88,46

Өзбекстан

-0,55

8,00

33,65

-0,52

8,00

35,10

-0,53

7,00

34,13

-0,20

8,00

44,71

Кесте 1-де көріп отырғанымыздай Қазақстанның процентильдік дәрежесі 52,88 ден 57,21-ге өскен. Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы «Мемлекеттік басқару индикаторлары» зерттеуіндегі «Үкімет қызметінің тиімділігі» көрсеткіші Корпоративтік басқаруды бағалау (шамамен -2,5 (әлсіз) мен 2,5 (күшті) басқару өнімділігі диапазоны) (ККБ) Бағалау негізделген деректер көздерінің саны (ДК) Барлық елдер арасындағы процентильдік дәреже (0-ден (ең төмен) 100-ге (ПК). Зерттеуге сәйкес ҚР Үкіметі қызметінің тиімділігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы мен саяси және экономикалық бағыттағы тұрақтылық саласындағы көрсеткіштердің артуы, сондай-ақ базалық мемлекеттік қызметтерді көрсетумен халықтың қанағаттану деңгейінің артуы есебінен жақсарды. Оң үрдіске қарамастан, Қазақстанға Үкімет қызметінің тиімділігі бізден әлде қайда жоғары шет елдердің тәжірибесін зерделеп, қабылдау қажет [4].

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру үшін электронды үкімет базасын қолдануды үйрететін орындарды көбейте отырып, бұл шараларға жастарды көптеп тарту керек. Мемлекеттік қызметке тұру үшін жарияланатын конкурстардың әділдігіне азаматтардың сенімін арттыру үшін қабылдау комиссиясының талаптарын күшейту шараларын арттыру керек. Мемлекеттік қызмет маңыздылығы мен атқарылу тиімділігін артыру үшін институттарды көбейту қажет. Дегенмен тәуелсіздік алғаннан бері елде жүргізіліп жатқан шаралар арқасында Үкімет қызметінің тиімділігі әлде қайда артты.

Әдебиет:

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы. — Текст: электронный // Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: [сайт]. — URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016299 (дата обращения: 04.01.2023).
  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы. — Текст: электронный // Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: [сайт]. — URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000119 (дата обращения: 04.01.2023).
  3. Worldwide Governance Indicators. — Текст: электронный // info.worldbank.org: [сайт]. — URL: http://info.worldbank.org/governance/wgi/#home (дата обращения: 04.01.2023).
  4. Всемирный банк дал оценку работе Правительства РК. — Текст: электронный // Forbes Kazakhstan: [сайт]. — URL: https://forbes.kz/news/2020/10/05/newsid_234939 (дата обращения: 04.01.2023).
Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена.

Ключевые слова

бағалау, мемлекеттік қызмет, сапа мен тиімділік

Похожие статьи

Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена...

мена, URL. Зерттеу нысанының мәселелері салық салу мен заң қызметін көрсетуде, экономикалық. Почта или мессенджер — что выбрать? /

Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена...

Мақалада жалпы сәулеттік кеңістікті құраушы композициялық құралдардың өз-ара байланысы, олардың ерекшелігі, пропорциялық үйлесімділігі, өлшем бірліктері мен пішімдері қарастырылған.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық...

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы...

Жылыту үшін есеп айырысу тәртібін жетілдіру | Статья в журнале...

Бұл мақаланың мақсаты тұтынушы қалай тек өзі тұтынған жылу энергиясының мөлшері үшін ғана төлемақыны төлеуіне болады деген мәселені қарастыру.

Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена...

Бұл мақалада Үлкен деректер (Big Data) қолданылу аясы және мемлекеттік басқаруда үлкен деректерді пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылады.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL.

- репутациялық консалтинг; - тапсырыс берушінің ақпараты негізіндегі баяндамалар, есептер мен бағдарламаларды дайындау; - белгілі бір ұйымның бағдарламасы мен идеологиясын дайындау

Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL.

Это универсальный сервис, который обеспечивает клиентов самыми современными услугами... мена, URL.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, URL...

Информационно-аналитический отчет за 2013 год «О тенденциях развития инноваций в Республике Казахстан и в мире» // URL: www.natd.gov.kz — официальный сайт АО...

Еуропа елдерінің қазіргі сәулет өнеріндегі негізгі көркемдік...

XIX ғасырда шарықтау шегіне жеткен өнеркәсіптік революция қала өмірінің көптеген аспектілеріне әсер етті. Адамдар өздерінің жетістіктері туралы көркемдік және визуалды аспектілер арқылы...

Қазақстан Республикасындағы спорт саласының даму мәселелері

Бұл мақалада автор Қазақстандағы спорт саласының дамуында бүгінде туындап жатқан мәселелері мен олардың салдарын айқындайды.

Задать вопрос