Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №49 (444) декабрь 2022 г.

Дата публикации: 12.12.2022

Статья просмотрена: 116 раз

Библиографическое описание:

Касенова, А. Б. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі / А. Б. Касенова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 49 (444). — С. 555-558. — URL: https://moluch.ru/archive/444/97292/ (дата обращения: 17.12.2024).



Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінің тиімділігіне әсер ететін мәселелер көрсетіліп, және сол мәселелердің шешілу жолдары анықталған.

Кілт сөздері: мемлекеттік еңбек инспекторы, еңбек құқығы, еңбек заңнамасы.

В данной статье представлена информация о деятельности государственной инспекции труда в Республике Казахстан. Отражены вопросы, влияющие на эффективность деятельности государственной инспекции труда, и определены пути решения этих вопросов.

Ключевые слова: государственный инспектор труда, трудовое право, трудовое законодательство.

Қазақстан Республикасының Президенті — елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстандағы 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруға ерекше назар аударды [1].

5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында № 83 қадаммен еңбек қатынастарын ырықтандыру туралы атап өтілді [2].

Қазақстан Республикасында және тағы басқа бірқатар елдерде конституциялық құқықтардың және еңбек заңнамасының қағидаттарының бірі — азаматтың еңбек ету бостандығы және жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады [3].

Еңбек ету бостандығы құқығын дұрыс және заңды түрде жүзеге асырылуын қадағалайтын және бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Сондай мемлекеттік органның бірі — мемлекеттік еңбек инспекциясы.

Қазақстан аумағындағы мемлекеттік еңбек инспекциясының мәртебесін реттейтін нормативтік құқықтық акт 2016 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және оның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған өзге де заңға тәуелді актілер болып табылады.

Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган [4].

Еңбек инспекцияларының қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші — қон комитетінің құрамына кіретін бас мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Комитеттің Бас мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қатынастары мәселелері бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан қажетті ақпаратты сұрау жолымен еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, сондай — ақ басқа да мемлекеттік органдармен, қызметкерлер өкілдерімен және жұмыс берушілермен қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және өзара іс қимылды жүзеге асырады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының бақылауында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық ұйымдар жатады.

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау, жалақы бойынша берешекті өтеу, өндірістік жарақаттанудың және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында болып табылады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес 2013 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясының функциялары мен штат саны жергілікті атқарушы органдарға берілді (ЖАО-ға 312 штат бірлігі берілді) [5].

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың штатында 237 бірлік мемлекеттік еңбек инспекторлары бар, яғни 2013 жылдан бастап 24 % қысқартылған.

Қазіргі кезде еңбек заңнамасының талаптарының сақталуына бақылауды облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 191-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық мәртебесі Кодекстің 193 және 194-баптарында айқындалған.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу мақсатында жұмыс берушілерге кедергісіз баруға; жұмыс берушілерден, жұмыскерлерден (олардың өкілдерінен) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға; жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары:

1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге;

4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;

5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;

6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға;

7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;

8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;

9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті [4].

Мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды тексеру арқылы жүзеге асырады. Жоспардан тыс тексерулердің негізіне құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жатады [6].

2021 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 065 тексеру жүргізді (профилактикалық бақылау — 201, жоспардан тыс тексеру — 4 727), оның барысында 10 784 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары саласында — 6 915, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 3 547, халықты жұмыспен қамту бойынша — 130.

Негізгі бұзушылықтар — жалақыны уақтылы төлемеу, еңбек шартының мазмұнына сәйкес келмеуі, қызметкерлерді еңбек шартын жасаспай жұмысқа тарту, жұмыс уақытының нормаларынан асып кетуі, кезекті ақылы еңбек демалыстарын уақытында бермеу, еңбек шартын заңсыз бұзу және т. б.

Жұмыс берушілерге 3 348 ұйғарым беріліп, 324,9 млн. теңге сомасына 1 323 айыппұл салынды [7].

Анықтама. 2020 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 439 тексеру жүргізді (профилактикалық бақылау — 113; жоспардан тыс тексеру — 4 332), оның барысында 7 260 бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары саласында — 5 001, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 2 096, халықты жұмыспен қамту бойынша — 163. Жұмыс берушілерге 2 614 ұйғарым беріліп, 182,2 млн. теңге сомасына 1 090 айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда еңбек инспекциясы жұмысының тиімділігіне әсер ететін мәселелер бар.

ҚР-дағы ұлттық заңнама ХЕҰ-ның "Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек инспекциясы туралы» № 81 (әрі қарай — № 81 Конвенция) және «Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» № 129 (әрі қарай — № 129 Конвенция) конвенцияларына сәйкес келеді, онда еңбек инспекциясы орталық биліктің бақылауында және қадағалауында болады [8].

Алайда 2013 жылдан бастап, мемлекеттік еңбек инспекция жергілікті атқару органдарына берілді. Бұл шешім жоғарыда аталған № 81 Конвенция мен № 129 Конвенцияның талаптарына сай емес. Бұған дәлел ретінде төмендегідей бірнеше себептерді келтіруге болады. Жалпы екі органның (Еңбек министрлігі мен жергілікті атқарушы органның) еңбек инспекциясына қатысты іс — әрекеттерін көрейік.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, яғни еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік еңбек инспекциясысына қатысты төмендегідей іс — әрекеттерді жүзеге асырады:

1) қызметін үйлестіреді және олардың қызметіне тексеруді, әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;

2) еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;

3) өңірлердегі еңбек саласының жай-күйі туралы сенімді ақпарат пен есептілікті белгілейді;

4) жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі объективтілік, тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.

5) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;

Мемлекеттік еңбек инспекциясына қатысты әкімдіктердің тарапынан жүзеге асыратын іс — әрекеттері мынадай:

1) Әкімдіктер өңірдегі ірі жұмыс берушілер болып табылады (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары және т. б.) және де бұл мемлекеттік еңбек инспекторларының шешім қабылдауының объективтілігіне әсер етуі мүмкін;

2) Мемлекеттік еңбек инспекторларын өздеріне тән емес функцияларға тарту. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік еңбек инспекторларына негізгі қызметке қатысы жоқ және жұмыс уақытының едәуір бөлігін алатын түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу жөнінде қосымша функциялар жүктейді. Мәселен, пандемияға байланысты рейдтерге қатысу, инспекцияның құзіретіне сай келмейтін комиссиялардың құрамына, жиналыстарға қатыстыру және т. б.

3) Әкімдіктер тарапынан өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылығы әкімнің рейтингінеәсер ететіндігін ескере отырып, кәсіпорындардың мәселелері, яғни еңбек жанжалдары, жалақы бойынша берешек фактілерін жасыруға болады;

4) 2013 жылдан бастап мемлекеттік еңбек инспекторларының саны312-ден 2022 жылдың қаңтар айының жағдайы бойынша 237-ге дейін төмендеді (75 бірлікке азайған);

№ 81 Конвенциясына және олардың ұсынымдарына сәйкес еңбек инспекторларының өз функцияларын тиімді орындауын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік еңбек инспекторлары санының жұмысшылар санына қатынасы 10 мың қызметкерге 1 еңбек инспекторы болуы қажет. Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 мың қызметкерге 1 еңбек инспекторынан келеді [9].

Анықтама үшін: Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлердің саны 6436 бірлікті, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлер 8 мың бақыланатын объектілерге 338 бірлікті құрайды.

5) Мемлекеттік еңбек инспекторлары өз саласы, яғни еңбек заңнамасы бойынша оқытылмайды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 826 қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курстары» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды [10].

Халықаралық тәжірибе Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Финляндия, Нидерланды және Норвегия сияқты Еуропа елдерінде еңбек инспекциясының функционалдық міндеттері Еңбек министрлігінде бір жүйе ретінде ұйымдастырылғанын көрсетеді.

АҚШ-та еңбекті қорғау жөніндегі басқарма еңбекті қорғау және кәсіптік аурулардың алдын алу мәселелерімен айналысатын Еңбек министрлігінің ведомствосы болып табылады. Канадада еңбек инспекторлары Канаданың Еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі орталығына есеп береді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы өңірлік еңбек инспекцияларының вертикал құрылымы Халықаралық еңбек ұйымының № 81 Конвенциясы және № 129 ратификацияланған конвенцияларына көбірек сәйкес келеді, оларға сәйкес еңбек инспекциясы орталық биліктің байқауында және бақылауында болуы тиіс.

Аумақтық еңбек инспекцияларын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарамағына қайтару қажет.

Бұл құқық қолдану мен еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудың бірыңғай практикасын қамтамасыз етеді.

Әдебиет:

  1. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті — елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  2. 100 нақты қадам Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ;
  5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 102-V Заңы;
  6. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ.
  7. 2020–2021 жылдардағы әкімшілік деректер «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» 1-МЕИ;
  8. «Ауыл шаруашылығындағы еңбек инспекциясы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» № 129 (129 Конвенция)
  9. «Өнеркәсіп пен саудадағы еңбек инспекциясы туралы конвенцияны бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 7 мамыр № 194-II (81 -конвенция).
  10. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 826 қаулысы
Основные термины (генерируются автоматически): мена, государственная инспекция труда.


Ключевые слова

мемлекеттік еңбек инспекторы, еңбек құқығы, еңбек заңнамасы

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері

Берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері қарастырылады.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар мен олардың тиімділігі

Мақалада автор қазіргі кедегі ең өзекті мәселелердің бірі ретәнде әлеуметтік кәсіпркерліктің экономикадағы алатын орнын анықтауға тырысты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері

Берілген мақалада Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қызметті жетілдірудің маңызды мәселелері қарастырылады.

Құзыреттілік тәсілдерін жүзеге асыру жағдайында Қазақстан Республикасында мектептегі математикалық білім берудің дамуы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мектептегі математикалық білім берудің мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру контекстінде негізгі мазмұны қарастырылған.

Қазақстандық жастардың еңбек нарығына бейімделу мәселелері

Бұл мақалада Қазақстандық жастардың еңбек нарығындағы қазіргі жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, еліміздің еңбек ресурстарына жастардың қатысуы, жастарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау мәселелеріне талдау жүргізіледі.

Егемендік дәуіріндегі Қазақстан сәулет өнері; Нұрсұлтан қаласының мысалында

Қазақстан — Еуразия құрылығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы мәдениет көпірінің рөлін ойнайды. Елорда өзінің сәулетінде азиялық, батыс және кеңестік стильдерді біріктіре келе, ерекше өзіндік мазмұнға ие. Бұл мақалада ег...

Қазақстанның Маңғыстау облысындағы әлеуметтік жобалар мен олардың тиімділігі

Мақалада автор қазіргі кедегі ең өзекті мәселелердің бірі ретәнде әлеуметтік кәсіпркерліктің экономикадағы алатын орнын анықтауға тырысты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуы

Мақалада автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар қызметінің дамуын және мемлекеттік органдар құрылымдық сапалық өзгерістерін ашуға тырысты.

Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістерін шолу

Мәтіндік деректерден ақпаратты алудың қолданыстағы әдістері ұсынылған. Мәндер мен қатынастарды бөліп алу тәсілдері қарастырылады. Ашық облыстардан мәндер мен қарым-қатынасты бөлу, атаулы мәндерді өңдеу, сондай-ақ уақыт бойы оқшауланған фактілерді сәй...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Алматы қаласының жаңбыр суларын тазалау мәселелері және шешу жолдары

Бұл мақалада Алматы қаласының алабында пайда болатын жаңбыр суларын әкетудің және тазалаудың тиімді технологиясы ұсынылған.

Задать вопрос