Шөлдену үрдісінің пайда болуы және оған әсер ететеін факторлар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (417) июнь 2022 г.

Дата публикации: 29.05.2022

Статья просмотрена: 862 раза

Библиографическое описание:

Карпыкова, К. Д. Шөлдену үрдісінің пайда болуы және оған әсер ететеін факторлар / К. Д. Карпыкова, М. Н. Мусабаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 22 (417). — С. 664-668. — URL: https://moluch.ru/archive/417/92352/ (дата обращения: 17.12.2024).



Процесс опустынивания представляет собой явление, вызванное природными и антропогенными факторами. К природным факторам относятся климатические, геохимические, лесопокровные факторы, к антропогенным факторам относятся нерациональное использование земель людьми, неучтенное использование водных ресурсов. Описывая факторы, в статье классифицируются виды опустынивания и описываются понятия. Он также рассказал о размерах и характере засушливых земель на Земле.

Ключевые слова: опустынивание, природные факторы, антропогенные факторы, аридные территории.

Климаттық фактор.

Белгілі жағдайларда табиғи факторлар шөлдену процесінің дамуында алғышарттар тудырады. Олардың ішінде климаттық фактор үстемдік етеді.

Зерттелетін территорияның маңызды климаттық ерекшелігі — күн радиациясының үлкен қарқындылығы. Климаттың негізгі белгілері (жоғары ауа температурасы, жазғы кезеңнің аса құрғақшылығы) радиациялық факторға байланысты келеді. Жазғы айларда Орталық Азияның барлық аймақтары жергілікті жылы тропиктік ауа массааларының қалыптасу ошағына айналады. Сондықтан жазықтық жерлер өзара ұқсас келеді. Жазық және тауалды аудандарында шілде айының орташа ауа температурасы жоғары келеді — 31–32℃. Ең жоғары температуралар Түрікменстанның оңтүстігі мен Қарақұм және Қызылқұмның шөл және шөлейтті аудандарында байқалады. Аридтік аудандардың климаттық режимінде шөлдену процесі апатты жағдайға дейін өршуі мүмкін. Оның себебі — ауа температурасы мен құрғақшылығының жоғары көрсеткіштері, аз жауын-шашын мөлшері мен оның жыл ішіндегі әркелкі таралуы, бір жыл ішіндегі және жыларалық өзгергіштігі. Кейде бір айда түсетін жауын-шашын мөлшері құрғақщылық кезінде бір жылда түсетін мөлшерден артық болады. Мысалы, Қағана ауданында бір айлық жауын-шашын мөлшерінің максимумы наурыз (83 мм) және сәуір (72 мм) айларына келеді. Құрғақшылық жылдары бұл уақытта 6 мм-ге де жетпейді. Бір жыл ішіндегі жауын-шашынның әркелкі таралуымен қатар, олардың үлкен өзгергіштігі де тән. Жылдық жауын-шашын мөлшері әр жылы бірнеше рет өзгеріске түсіп отырады, мысалы, Қаракөлде 57–199 мм-ге, Қаттақорғанда 57–515 мм-ге, Навоиде 89–237 мм-ге өзгереді. Аридтік аудандардағы шөлденудің табиғи қауіптілігіне баға беру үшін қолданылатын маңызды көрсеткіш — жыл ішіндегі құрғақ айлар саны. Шөлденудің әлсіз қаупі құрғақ айлар саны үштен аспайтын аудандарда, орташа көрсеткіш 4–7 айдан тұратын, күшті 8–9 және өте күшті 9 айдан аса тұратын аудандарда туындайды. [1]

Қазіргі кезде құрғақшылықтың қарқындылығына, мерзіміне, қайталануына және көлеміне, сонымен қатар Орталық Азияның аридтік территорияларының өсімдік жамылғысына теріс әсер ету деңгейіне баға беруге болатын мәліметтердің үлкен көлемі жинақталған. Алынған мәліметтер бойынша, соңғы 25–30 жылда барлық аудандарда әркелкі деңгейдегі шөлдену процесі жүріп жатыр және де құрғақшылықты оның басты табиғи себептерінің бірі ретінде қарастыру керек.

Ауа құрғақшылығы ең алдымен жоғары ауа температурасы мен төмен ауа ылғалдылығының біріккен іс-әрекеті түрінде көрінеді. Метеорологиялық көрсеткіш ретінде ылғалдылық дефициті алынады. Себебі, екі факторды қоса қамтиды және басқа метеорологиялық көрсеткіштерге қарағанда булану мен өсімдіктердің транспирации процестерімен тығыз байланысты. Орталық Азия жерінің әркелкі климаттық ерекшеліктері мен сумен қамтылуы жағдайында ауа құрғақшылығын (аңызық) сипаттауда келесідей қарқындылық шкаласы мен оған сәйкес ауа ылғалдылығы дефициті қолданылады (Кесте 1):

Кесте 1

Ауа құрғақшылығы [2]

Қарқындылық шкаласы

Ылғалдылық дефициті, мб

Әлсіз

50–60

Орташа

70–80

Күшті

80–90

Ылғалдылық дефициті 90 мб-ден жоғары болған жағдайда аса қатты құрғақшылық болуы мүмкін.

Геохимилық фактор.

Сортаңдалған топырақ аридті зонаның ландшафттарының міндетті элементі және шөлденудің үстем типі болып табылады. Климат неғұрлым құрғақ болған сайын, топырақтың сортаңдалу деңгейі де жоғары бола береді. Орталық Азия шеңберінд тұзжиналудың табиғи типтерінің ішінде екі түрі ажыратылады: континентальді және дельталық. Континентальді тип құрлықішілік тұйық облыстарда көмірқышқылдық, күкіртқышқылдық және хлор тұздарының миграциясы, қайта бөлінуі және аккумуляциясымен байланысты. Шөлденудің дамуына қолайлы жағдай туғызып және топырақтағы тұздардың жиналуына, тақырлар мен сортаңдардың пайда болуына әкелетін басты механизм — су асты суларының булануының басымдығы.

Соңғы жылдары шөлдену процесі Орталық Азияның таулы аудандарында да даму үстінде. Өзбекстанның аласа таулы өлкесінің оңтүстік тау бөктері әдетте топырақ-өсімдік жамылғысы жоқ, тасты келеді және бұл ауданда физикалық үгілу күшті әсер дамыған. Солтүстік бөктеріне қарағанда бұл аудандар шөлденуге көбірек ұшырайды. Оған көп мөлшердегі күн радиациясы (тура радиация), жоғары ауа температурасы, жер бетінен буланушылық әсер етеді. Шөлдену процесін күшейтетін тағы бір табиғи факторға 1978 жылдан басталған Каспий теңізінің трансгрессиясы жатады. [3]

Орман жамылғысы

Орман белдеулері топырақ жамылғысына кешенді әсер ететіндіктен маңызды орман қорғау қызметін атқарады: су және жел эрозиясының алдын алады, қар жамылғысының біркелкілігі мен күшін оңтайландырады, ол өз кезегінде қыста топырақтың қату қалыңдығын азайтуға әсер етеді, мұндай топырақ көктемде тезірек еріп, тереңірек ылғалданатындықтан топырақтың микроклиматы мен сол территорияның гидрологиялық режимі реттеледі. Жалпы орман қорғау белдеуі көмегімен микроклиматтың өзгеруі топырақ құнарлылығын жақсартуға әсер етеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және Ауыл Шаруашылық Ұйымының мәліметтері бойынша Жер бетінің 1/3-ін орман алқаптары алып жатыр, яғни 4,06 млрд гектар. Ғаламшарымыздың әрбір тұрғынына 0,52 га жуық орман сәйкес келеді. Барлық ормандардың жартысынан көбі (54 %) бар болғаны 5 мемлекетке тиесілі: Ресей Федерациясы (20 %), Бразилия (12 %), Канада (9 %), АҚШ (8 %) және Қытай (5 %). Негізгі климаттық белдеулердің ішінде орман алқаптары негізінен тропиктік белдеуде шоғырланған: тропиктік — 45 %, субарктикалық — 27 %, қоңыржай — 16 %, субтропиктік — 11 %. [4] 1990 жылдардан бері табиғи қалпына келетін ормандар көлемі азайған (алайда азаю қарқыны баяулаған), дегенмен орман дақылдары көлемі 123 млн га-ға артқан.

Қазақстан — орманы аз ел. Қазіргі уақытта орман қорының ауданы (барлық ормандар мен орман шаруашылығына арналған жерлердің жалпы көлемі) 30,4 млн га құрайды, оның ішінде 13,3 млн га орман алқаптары (ел аумағының 11 %), ормандылық деңгейі 4,9 %. Қазақстандағы ормандар біркелкі таралмаған. Орман өсімдіктерінің түрлері табиғат зоналарының әртүрлілігімен анықталады. Шөл зонасында сексеуіл ормандары өседі. Тау ормандарының негізгі бөлігін Алтай, Жоңғар және Іле Алатауының қара қылқан жапырақты екпелер құрайды. Дала және орманды дала зоналарының жазық бөлігінде қайыңды-көктерек жарылған ормандар, аралдық қарағайлы ормандар, Ертіс өңірінің ленталы ормандары өседі. Сексеуіл ормандары жалпы орман алқабының 50,5 %, қылқан жапырақты екпелер — 13,5 %, жұмсақ ағаш екпелер — 11,7 % құрайды. 2000 жылы орман қорының ауданы 26,5 миллион гектарды құрады, оның 11,4 миллион гектары орманды, орман жамылғысы 4,1 пайызды құрайды. 2015 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 29,3 млн га, 12,6 млн га және 4,6 % құрады. 2020 жылы орман алқаптары 1,6 миллион гектарға ұлғайып, 13,1 миллион гектарды құрады.

Аридті жерлердің дүниежүзінде таралуының жалпы сипатына қарайтын болсақ, шөлдердің негізгі бөлігі, яғни 70 %-ға жуығы, орталық және солтүстік Африкада, қалғаны Еуразия, Аустралия және Америка құрлықтарында шоғырланған (Сурет 8).

Сур. 8. Дүниежүзіндегі аридті жерлердің таралуы [5]

Соңғы 20 жылдағы динамикалық өзгерістер деградацияға ұшыраған жерлердің ауданының өскенін көрсетеді және де ол барлық аридті аймақтарда таралған. Деградацияланған және шөлді территориялардың жалпы кеңею тенденциясы әсіресе Африкада және біздің еліміз орналасқан Еуразияда байқалады (Кесте 2).

Кесте 2

Деградацияланған жерлердің динамикасы [6]

Көрсеткіш

Құрлық

Жалпы

деградацияланған

Өлшем бірлігі

1980

2005

1

Алып жатқан ауданы

14.8

2.9

3.0

млрд га

2

Еуразия

4.0

1.7

2.0

млрд га

3

СолтүстікАмерика

2.1

0.4

0.7

млрд га

4

Африка

3.2

1.4

1.8

млрд га

5

Қазақстан

5.03

2.1

2.2

млрд га

БҰҰ-ның Азық-түлік және Ауыл шаруашылық Ұйымының мәліметтері бойынша, жайылым, егістік және шалғындықтармен қоса есептегенде, құрлықтың 25–30 %-ға дейін, өнімдік ормандарды қосқанда 50–55 %-ын пайдаланады. Сонда да, ауыл және орман шаруашылығын дұрыс қалыптастырса, жоғары өнімділікті егіншілік көптеген негативті құбылыстарды жойып, қазір өнім бермейтін деградацияланған үлкен масштабтағы жерлерді шаруашылыққа қоса алады. Тағы бір маңызды мәселелердің бірі — жердің зиянды заттармен ластануы. Оның басты себептері: ұсақ түйіршікті шөгінділерден тұратын ашылған жер бетіне атмосферадан ауыр металлдардың түсуі, топырақтүзуші денелер болып табылатын шөгінділердің әртүрлі құрамын түзуге себеп болатын геологиялық жыныстардағы химиялық реакциялардың тепе-теңдігінің бұзылуы.

БҰҰ-ның Қоршаған Орта жөніндегі бағдарламасы 1984, 1989, 2000 жылдардағы шөлдену процестерінің жағдайларына бағалай жүргізген соң шөлденуге жалпы ғаламдық масштабта өсіп келе жатқандығына назар аудару керектігін айтты. 1981, 1990, 1991 және 2010 жылдары қайталанған күшті құрғақшылықтар онсыз да мүшкіл жағдайды ушықтыра түсті. [7]

Шөлдерді факторларына, орналасуына байланысты келесідей классификациялар жасалды (Кесте 3):

Кесте 3

Шөлдену классификациясы

Шөлдену типі

Факторлар

Климаттық белдеу

Таралуы

1

Климаттық (бастапқы), дезертизация

Ауа температурасы, жауын-шашын мен оның ара салмағы

Тропиктік, субтропиктік шөлдер

Африка, оңтүстік Америка, Австралия

2

Антропогендік-климаттық, дезертификация

Климаттық антропогендік

Қоңыржай жылы, шөлейттік

Еуроазиялық құрлық

3

Антропогендік (екінші реттік)

Климаттық өзгерістерсіз адамның әрекеті

Қоңыржай жылы

Еуропа, Шығыс Азия

4

Техногендік бұзылған

Антропогендік

Барлық белдеулер

Барлық жерде

Б. Г. Розанова мен И. С. Зонның пікірінше, топырақтың табиғи ылғалдылығы жерүсті экожүйелерінің гидротермиялық режимінің функциясын атқара отырып, климаттың аридизация деңгейін анықтайтын маңызды белгілердің бірі болып табылады. Климат аридизациясын сулы-физикалық қасиеттері мен су режимінің нақты көрсеткіштерінде орнатуға болады. 1990 жылдардағы Гуниннің еңбектерінде, шөлдену деп топырақтың шөлдену формасы деп көрсетілген және бұл процесс негізінде топырақ-өсімдік жамылғысы қауымдастығының қызметіндегі ылғал мен жылу алмасу процесстері түсіндіріледі (Кесте 4).

Кесте 4

Шөл ландшафттардың топырақтарының гидротермиялық режимдерінің дифференциациясы туралы концепция.

Концепциялар

Мазмұны

1

Атмосфера шаңдануы

Қаныққан ауа температурада қалқыма шаң-тозаң конвективті ауа тоғын басады, алдын алады, жауын-шашынды болдырмайды

2

Альбедо — жердің шағылысуының жоғарылауы

Өсімдік жамылғысы жоқ топырақтың ауданын кеңеюі, атмосфераның беткқабаттарындағы құрғақ ауа ағындарын күшеюі

3

Ылғалдылық дефициті (булану, транспирация)

Топырақтағы ылғалдылық пен өсімдік массасының азаюы

4

Адамның шаруашылық әрекеті

Ауадағы көмірқышқыл газының құрамын көбеюі, атмосфераның беткі қабаттарын жылыту арқылы жауын-шашынға теріс әсер етуі

5

Демография және жалпы құрлық ауданының тұрақтығы

Халық санының тежеусіз өсуі және 1 адамға шаққандағы пайдаланылатын аудандардың азаюы

Осы ұғымдардың біріншісі — атмосфераның шаң мен шаңды массасы туралы түсінік жерді пайдалану әдістері мен ауа-райының арасындағы кері байланысқа негізделген. Бұл қаныққан ауа ылғалданған шаңның температурасы градиентті өзгертеді, конвективті ауа ағындарын басады және жауын-шашынның құлдырауын болдырмайды.

Екінші концепция жерді жайылымдық мақсатта қолдану нәтижесінде өсімдік жамылғысынан айырылған жерлердің ауданының өсуімен байланысты. Ұзақ және үздіксіз жайылым кезінде нормаланбаған жүктеме әсерінен топырақ жамылғысы өсімдік жамылғысынан баяу қарқында жоғалтады.

Үшінші концепция өсімдік жамылғысының азаюымен анықталады және жауын-шашын ретінде түсетін ылғал бөлігі топырақ бетінен буланатын бөлігін көрсететіндіктен топырақ құрамындағы ылғал жауын-шашын мөлшерінің азаюына әсер етеді.

Төртінші концепция адам әсерін көрсетеді. Адам әрекетінің нәтижесінде атмосфераның беткі қабаттарын жылыту арқылы жауын-шашынға теріс әсер ететін ауа құрамында көмірқышқыл газы көбейеді.

Концепциялардың мазмұны шөлейттенуге қарсы планетарлық стратегияның басты негізін білдіреді және әлемнің құрғақ аймақтарында жүргізілген зерттеулер нәтижелерімен толықтырылады. Дүниежүзілік бөліктердегі құрғақ жерлердің таралуының жалпы белгілері негізгі ауқымдар (70 % -ға дейін) орталық және Солтүстік Африкада таралғанын көрсетеді, қалған бөлігі Еуразия, Австралия және Америка құрлығында. [8]

Қазіргі заманның өткір проблемаларының бірі — жердің климатын өзгерту. Әлемдік температураның өсу себебі парниктік газдар болып табылатындығы жалпы қабылданды.

Шөлдену — ғаламдық экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселе. Дүниежүзілік шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күрес күні жыл сайын атап өтіледі және шөлейттенуге қарсы халықаралық күш-жігер туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұл күн барлығына жердің деградациясының бейтараптығына проблемаларды шешу, қоғамдастықтың кең ауқымды қатысуы және барлық деңгейлердегі ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болатындығын еске салудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Бұл әсіресе қазіргі кезде, COVID-19 пандемиясы кезінде өзекті мәселелердің бірі. Біздің азық-түлік пен су жүйелеріміздің тұрақтылығын күшейту пандемияның халықтың осал топтарына және азық-түлік қауіпсіздігіне әсерін азайтуға көмектеседі. Бүгінгі күні шөлейттенуге қарсы күрес конвенциясы ұсынған «Дені сау жер — дені сау адамдар» ұраны бұрынғыдан да маңызды.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ISBN 9965–9315–1–8 C0702000000 00(05)-03 Қазақстан 2020 жылы / Cтатистикалық жылнама / қазақ және орыс тілдерінде / 488 бет
  2. ( https://kazhydromet.kz/kz/bulleten/okrsreda?year=2017 )
  3. Национальная программа действий по борьбе с опустыниванием в Республике Казахстан. МЭПР, ЭНЕП, Алматы, 1997.
  4. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002.
  5. Доскач А. Г. Природное районирование Прикаспийской полупустыни. М.: Наука, 1979. 144с.
  6. Земельные ресурсы Казахстана. Журнал, № 5, 2007г 3 Земельные ресурсы Казахстана. Журнал, 2001–2002г
  7. Чигаркин А. В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995.
  8. Чигаркин А. В. Региональная геоэкология Казахстана. Учебное пособие. Алматы, 2000.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд га, Америка, Азия, ISBN, Австралия, африка, Земельный ресурс Казахстана.


Ключевые слова

шөлдену, табиғи факторлар, антропогендік факторлар, аридті аймақтар

Похожие статьи

Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері

Ғылыми мақалада Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына экологиялық жағдайдың әсері қарастырылған. Қызылорда облысының экологиялық жағдайын өзгеріске ұшарататын факторлардың түрлері адам денсаулығына да әсер етеді. Қоршаған орта ластану жағдайы т...

Техногендік қалдықтардан құрылыс материалдарын жасап шығарудың тиімділігі

Мақала техногендік минералды түзілімдердің (ТМТ)әр аймақ бойынша аумағы, қоршаған ортаға тигізетін кері әсері және оларды қайта өңдеп, күнен күнге қарқынды дамым келе жатқан құрылыс саласында қолданудың тиімділігі баяндалған. Сонымен қатар, өнеркәсіп...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Мұнай өндіретін кәсіпорынның жұмысы кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысынан экологиялық тәуекелді бағалау

Мақалада экологиялық тәуекелді есептеу әдістемесі қарастырылған, сондай-ақ экологиялық ластаушы заттардан болатын экологиялық тәуекелді ескере отырып есептеу әдістемесі келтірілген. Толық экологиялық залалдың құрылымы көрсетілген. Қоршаған табиғи орт...

Су тасқындарының геоақпараттық картографиялауы (Алматы облысындағы Қарғалы өзенінің мысалында)

Ғылыми мақала төтенше жағдайлардың түрлерін, болу себептерін, таралу аймағын зерттеуге арналған. ArcGIS бағдарламалық өнімі арқылы, Landsat-8 ғарыштық жерсерігінен алынған ғарыштық суреттерді өңдеу нәтижесінде Алматы қаласындағы Қарғалы өзенінде болғ...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Қалааралық жолаушылар әуе көлігі: бүгінгі күнгі жағдайы

Бұл мақалада авиациялық әуе көлігінің коронавирустық пандемияға дейінгі және оның кезеңіндегі жағдайы қарастырылады. Пандемия Қазақстандағы авиация саласына қалай әсер етті,оның COVID-19-ға дейінгі және одан кейінгі статистикасы көрсетілді. Сондай-ақ...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау

Мақалада солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау үшін климаттық жағдайлардың оның ішінде, жылу және жауын-шашын режимі өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК...

Похожие статьи

Қызылорда облысының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығына әсері

Ғылыми мақалада Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына экологиялық жағдайдың әсері қарастырылған. Қызылорда облысының экологиялық жағдайын өзгеріске ұшарататын факторлардың түрлері адам денсаулығына да әсер етеді. Қоршаған орта ластану жағдайы т...

Техногендік қалдықтардан құрылыс материалдарын жасап шығарудың тиімділігі

Мақала техногендік минералды түзілімдердің (ТМТ)әр аймақ бойынша аумағы, қоршаған ортаға тигізетін кері әсері және оларды қайта өңдеп, күнен күнге қарқынды дамым келе жатқан құрылыс саласында қолданудың тиімділігі баяндалған. Сонымен қатар, өнеркәсіп...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Мұнай өндіретін кәсіпорынның жұмысы кезіндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындысынан экологиялық тәуекелді бағалау

Мақалада экологиялық тәуекелді есептеу әдістемесі қарастырылған, сондай-ақ экологиялық ластаушы заттардан болатын экологиялық тәуекелді ескере отырып есептеу әдістемесі келтірілген. Толық экологиялық залалдың құрылымы көрсетілген. Қоршаған табиғи орт...

Су тасқындарының геоақпараттық картографиялауы (Алматы облысындағы Қарғалы өзенінің мысалында)

Ғылыми мақала төтенше жағдайлардың түрлерін, болу себептерін, таралу аймағын зерттеуге арналған. ArcGIS бағдарламалық өнімі арқылы, Landsat-8 ғарыштық жерсерігінен алынған ғарыштық суреттерді өңдеу нәтижесінде Алматы қаласындағы Қарғалы өзенінде болғ...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Қалааралық жолаушылар әуе көлігі: бүгінгі күнгі жағдайы

Бұл мақалада авиациялық әуе көлігінің коронавирустық пандемияға дейінгі және оның кезеңіндегі жағдайы қарастырылады. Пандемия Қазақстандағы авиация саласына қалай әсер етті,оның COVID-19-ға дейінгі және одан кейінгі статистикасы көрсетілді. Сондай-ақ...

Солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау

Мақалада солтүстік Қазақстандағы вегетация кезеңінің ылғалдану және құрғақшылық дәрежесін бағалау үшін климаттық жағдайлардың оның ішінде, жылу және жауын-шашын режимі өзгеруінің әсері қарастырылып, Г. Т. Селяниновтың гидротермиялық коэффициенті (ГТК...

Задать вопрос