Жоғары патогенді құс тұмауының Қазақстанға әсері: шығу себебі, таралуы және келтірілген шығын | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №17 (412) апрель 2022 г.

Дата публикации: 28.04.2022

Статья просмотрена: 33 раза

Библиографическое описание:

Бегасыл, Кобейхан Сапарханулы. Жоғары патогенді құс тұмауының Қазақстанға әсері: шығу себебі, таралуы және келтірілген шығын / Кобейхан Сапарханулы Бегасыл. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 17 (412). — С. 396-398. — URL: https://moluch.ru/archive/412/90874/ (дата обращения: 20.04.2024).

Бұл мақалада ЖПҚТ вирусының Қазақстан Республикасында тіркелген ошақтары, аурудың таралу жолдары және соған байланысты ғылыми зерттеулер келтірілген.

Кілт сөздер: жоғары патогенді құс тұмауы, вирус, миграция.

В данной статье представлены зарегистрированные в Республике Казахстан очаги вируса ВПГП, пути распространения заболевания и связанные с этим научные исследования.

Ключевые слова: высокопатогенный грипп птиц, вирус, миграция.

Құс тұмауы — жабайы және үй құстарының ас қорыту және тыныс алу органдарын зақымдайтын, аса жұғымтал вирустық ауру [1].

Ауруды ең алғаш 1878 жылы Италияда Перрончито «тауық сүзегі» деп сипаттады. Аурудың қоздырушысы вирус екендігін 1901 жылы Чентани дәлелдеді. Басында бұл ауруды Ньюкасл ауруымен көп шатастырылған, бірақ этиологиясы анықталғалғаннан кейін еуропалық немесе классикалық құс обасы деп аталатын болды. Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап нақты бір жүйеге келтіріліп, ауруды «тұмау», қоздырушысын «тұмау вирусы» деп атады [2].

Аурудың қоздырушысы құрамында РНҚ-сы бар, Orthomyxoviridae туыстастығына және тұмау вирусының А тобына жатады. Вирус көлемі 80–120нм құрайды. Негізгі антигендері: H(гемагглютинин) және N(нейраминидаза). Құс тұмауының қоздырғышы H антигені бойынша 16 кіші топқа(H1-ден H16-ға дейін), ал N антигені бойынша 9 кіші топқа(N1-ден N9-ға дейін) бөлінеді. Сондай-ақ Гветамелада тіршілік ететін жарғанаттардан Н17 және Н18 жаңа кіші топтары анықталған [3].

Құс тұмауының вирустары — вируленттілігіне қарай негізгі екі топқа бөлінеді: төмен патогенді және жоғары патогенді. Төмен патогенді құс тұмауының(ТПҚТ) қоздырушысы кез-келген кіші түрдегі штамм болуы мүмкін. ТПҚТ вирустары аурудың жасырын немесе созылмалы өтуімен және леталдық көрсеткіштің төмен болуымен сипатталады. Бірақ басқа вирустық немесе бактериялық екіншілік ауру себепті өте ауыр өтуі мүмкін. Ал жоғары патогенді құс тұмауының Н5 және Н7 кіші топтарымен шыққан ауру аса ауыр өтуімен, леталдық көрсеткіштің жоғарылығымен тіпті адам өміріне қауіп төндіре алуымен сипатталады [4].

Аурудың негізгі таратушысы көбінесе сулы-батпақты мекенде тіршілік ететін жабайы құстар болып табылады. Жабайы құстардың миграциясы аурудың таралуына және вирустың эволюциясында үлкен рөл ойнайды [5].

Қазақстан Республикасына маусымдық миграция нәтижесінде ұшып келетін құстардың 130 түрі тіркелген. Көктемгі және күзгі миграция нәтижесінде әр жылы елімізге ұя салатын құстардың саны 10 млн-ға, ал су қоймаларына тоқтайтын құстардың саны 50 млн-ға жетеді.

Аурудан қолайсыз елдерден ұшып келетін құстардың маусымдық миграциясы ҚР-да құс тұмауының шығу ықтималдығын қатты арттырады. Әсіресе ұшу бағыттары мен құстардың жаппай шоғырлану орындары ерекше қауіп төндіреді.

Құстардың миграция бағыттарын талдау, республика аумағы арқылы өтетін құстардың негізгі үш бағыты бар екендігін көрсетті:

— Пәкістан қыстауларынан;

— Үнді қыстауларынан;

— Оңтүстік Еуропа және Солтүстік Африка қыстауларынан [6].

Аурудың жұғуы негізі нәжіс және ауа тамшылары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар сирек жағдайда транспорттық көліктермен контакты нәтижесінде, зарарланған астық және жұмысшының киімі арқылы да ауру жұғуы мүмкін. Аурудың таралуының негізгі факторлары ретінде жабайы құстардың үй құстарына тікелей әсер етуі мен су көздерінің нәжіспен зарарлануын айтуға болады.

Алғаш Қазақстан аумағында тұмаудың А вирусын зерттеу 1978–1981 жылдары бастау алды және осы күнге дейін жалғасын табуда. Вирусологиялық зерттеуге сынамалар елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынан 1773 құстан сынама алынды. Зерттеу нәтижесінде тұмау вирусының 52 изоляты бөлініп алынды және оның 42-сі H10N5 кіші тобына және 10-ы H1N1 кіші тобына жататындығы анықталды.

Ал 1987 жылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағында құс шаруашылықтарының бірінде жіті респираторлық инфекция нәтижесінде өлген құстың ішкі органдарынан тұмаудың А вирусының 2 штаммы (H7N1 және H7N7) бөлініп алынды [7].

Қазақстан Республикасының аумағына панзоотиялық құс тұмауы вирусының енуі 2005 жылдың маусымында тіркелді. Ауру Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарының жеті тұрғылықты аймағында суда тіршілік ететін үй құстарында көрініс тапты. Еліміздің жоғары патогенді құс тұмауының шығуы және таралуының хронологиялық талдауы, аурудың ең алғаш 2005 жылдың 22-ші маусымында Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылынан шыққандығын көрсетті.

ЖПҚТ шыққан уақыттан 9 күн өткен соң Голубовка ауылынан 900 км қашықтықта орналасқан Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Виноградовка ауылынан ауру белгілері байқалды. Мұның артынша үш апта ішінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында тағы бес аймағынан анықталды. Ауру шыққын аймақтардың бір-бірінен ұзақтығы 100-ден 600 км-ге дейінгі аралықты құрайды.

Аурудан қолайсыз аймақтардан алынған сынамаларға ИФТ, ГАТР және ПТР сынды лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Барлық зертттеу нәтижелері аурудың қоздырушысы тұмау вирусының H5N1 штаммы екендігін мәлімдеді.

Сондай-ақ эпизоотологиялық мәліметтер мен лабораториялық зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасында шыққан жоғары патогенді құс тұмауы жабайы құстардан жұғуы нәтижесінде орын алғандығын көрсетті.

Аурумен күресу және алдын алу мақсатында қолайсыз аймақтардан 12860 үй құстарын өртеу арқылы көзін жойды. Құстардың тіршілік ететін мекендері ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес дезинфекциялық ерітінділермен өңделінді. Ауру анықталған аймақтарға карантин жарияланды [8].

Кейіннен ҚР-да ЖПҚТ араға 15 жыл салып 2020 жылдың қыркүйек айында тіркелді. Алғашқы аурудың шығуы Қазақстан-Ресей шекарасы бойындағы аймақтарда байқалды. Жергілікті ветеринарлардың мәлімдеуінше құстардың қырылуы оңтүстікке қарай ұшып жатқан, сулы-батпақты жерде өмір сүретін жабайы құстардан бастау алған. 2020 жылдың күзіне қарай жағдай одан әрі қиындай түсті, себебі ауру одан әрі таралуы күшейіп, құстардың қырылуы арта берді. Жылдың соңына қарай өлген құстардың жалпы саны 2 миллионды құрады. Көптеген шаруашылықтар 3 айға өз жұмысын тоқтатты және соның нәтижесінде құс өнімдерінің бағасының көтерілуіне әкелді. ЖПҚТ елдің 11 облысынан тіркелді және де ең көп ошақтар Солтүстік Қазақстан облыстарынан (Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) анықталды [9].

Аурудан қолайсыз аймақтардан сынама алынып полимеразды тізбекті реакция көмегімен лабораториялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесі аурудың қоздырушысы H5N8 тұмау вирусы екендігі және сол жылы мамыр айында Иракта шыққан құс тұмауы вирусымен генетикалық тұрғыда өте ұқсас екендігі анықталды [10]. Бүгінгі таңда ҚР құс тұмауынан таза мемлекет болып есептеледі.

Қорытындылай келе, жоғары патогенді құс тұмауы бүгінгі таңда өте өзекті аурулардың бірі болып табылады. Ауру қоздырушысы жылдам өзгеріске ұшырауға және түраралық барьерлерді бұзуға қабілетті. ҚР бүгінгі таңда бұл аурудан таза болғанмен, кейбір Европа, Африка және Азия мемлекеттері заманауи профилактикалық шараларға қарамастан зардап шегуде [11]. Бұл өз кезегінде ауруды тереңірек зерттеуді және жабайы құстардың миграциясын бақылап отыру қажеттілігін туындатады.

Әдебиет:

1. Печенкина А. А. Грипп птиц: история, возбудитель, эпидемиология //Вестник современных исследований. — 2020. — №. 5–1. — С. 16–20.

  1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы, 2009.- 438 б.
  2. Ирза В. Н. и др. Грипп птиц //БИО. — 2021. — №. 1. — С. 24–30.

4. Экви Б. П., Рогожина Н. И. Высокопатогенный грипп птиц //Российский ветеринарный журнал. — 2006. — №. 1. — С. 34–36.

  1. Тихонова З. В. Проблемы и перспективы профилактики эпизоотии гриппа птиц //Ветеринарная практика. — 2007. — №. 2. — С. 10–16.

6. Об утверждении Программы по предупреждению распространения птичьего гриппа в Республике Казахстан на 2007–2008 годы. — URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P060000801_ (дата обращения: 27.04.2022).

7. Саятов М. Х., Кыдырманов А. И., Ишмухаметова Н. Г. Высокопатогенный грипп птиц. Ситуация в мире и в Казахстане //Биотехнология. Теория и практика. — 2006. — №. 2. — С. 5–13.

  1. Карабасова А. С. Эпизоотическая ситуация по гриппу птиц в мире и в Казахстане / А. С. Карабасова, С. Б. Маманова, М. А. Садуакасова, Б. Байкара // Ветеринария ғылымының заманауи теориялық және практикалық мәселелері / глав. ред. А. А. Султанов, зам глав. ред. А. М. Абдыбекова, отв. за выпуск Ж. Ж. Тлегенова. — Том LXVI. — Алматы: ТОО КазНИВИ, 2020. — С. 149–160. — ISBN 978–601–04–4736–3.

9. Amirgazin A. et al. Highly pathogenic avian influenza virus of the A/H5N8 subtype, clade 2.3. 4.4 b, caused outbreaks in Kazakhstan in 2020 //PeerJ. — 2022. — Т. 10. — С. e13038.

10. Lewis N. S. et al. Emergence and spread of novel H5N8, H5N5 and H5N1 clade 2.3. 4.4 highly pathogenic avian influenza in 2020 //Emerging Microbes & Infections. — 2021. — Т. 10. — №. 1. — С. 148–151.

11. High Pathogenicity Avian Influenza (HPAI)- Situation Report 28. — URL: https://www.oie.int/en/document/high-pathogenicity-avian-influenza-hpai-situation-report-28/ (дата обращения: 27.04.2022).

Основные термины (генерируются автоматически): URL, Казахстан, аура, Высокопатогенный грипп птиц, грипп птиц, Павлодар, HPAI, ISBN, LXVI, Африка.

Ключевые слова

миграция, вирус, жоғары патогенді құс тұмауы

Похожие статьи

Вирус гриппа | Статья в журнале «Юный ученый»

Я очень боялся заболеть гриппом. Мне посоветовала посмотреть фильм о вирусах. Это оказалось очень интересно. У меня накопилось много информации на эту тему. Я решил рассказать о вирусах гриппа другим, чтобы люди знали, как защититься от гриппа. Для этого я

Эпизоотическая ситуация по блютангу в Восточно-Казахстанской...

Для территории Республики Казахстан существует реальная угроза заноса возбудителей блютанга. Основной риск в себе несет скот, завозимый из зарубежных стран, территория которых неблагополучна по этим заболеваниям или находится в непосредственной близи со странами...

Опубликовать статью в журнале «Молодой учёный» №21...

Сразу же после оплаты. Моментально после онлайн-оплаты на сайте появится препринт вашей статьи (у вас будет ссылка на страницу с публикацией). Кроме этого, в личном кабинете сразу же появится справка на фирменном бланке издательства и свидетельство о публикации статьи.

Птицы и их клювы | Статья в журнале «Юный ученый»

Библиографическое описание: Габышева, Д. И. Птицы и их клювы / Д. И. Габышева, Е. А. Аксеновских.

Гипотеза – я предполагаю, что клювы птицам нужны не для красоты, они им необходимы для добывания пищи и связаны с условиями их жизни, поэтому они различны.

Проблемы использования генно-модифицированной продукции

Генная инженерия, биотехнология – одна из самых бурно развивающихся областей современной науки. Ее достижения, с одной стороны, вызывают удивление и восхищение, но с другой – вселяют тревогу и опасения. Точки зрения на возможность, желательность или...

Современные инструменты продвижения косметических брендов...

В статье рассматриваются современные инструменты продвижения в социальных медиа, которые могут использовать косметические бренды в своей маркетинговой стратегии.

Глобальные тренды цифровизации и международный опыт

«Цифровую реформу также проводит Казахстан. Государственная программа «Цифровой Казахстан» — это важная

Основные цели,которые преследует Программа являются ускорение темпов развития экономики Республики Казахстан и улучшение качества жизни населения, а...

Весенняя орнитофауна водоёмов Краснодара | Статья в журнале...

Составленный список видов птиц, отмеченных в черте города Краснодара с XIX века, на данный момент включает в себя 262 видов, однако

Целью данной работы является изучение эколого-фаунистических особенностей водоплавающих птиц города Краснодар, изучение их видового...

Исследование нейросетевых технологий для выявления...

На сегодня системы обнаружения вторжений (СОВ) обычно представляют собой программные или аппаратно-программные решения, которые автоматизируют процесс контроля событий, протекающих в компьютерной системе или сети. Поскольку количество различных источников...

Инструкция: Поиск публикаций автора на eLIBRARY.RU

Обычно публикации после добавления в базу данных портала обрабатываются в автоматическом порядке и появляются в числе работ, которые возможно относятся к конкретному автору. В таком случае можно воспользоваться стандартным функционалом...

Задать вопрос