Саяси процестерге «әлеуметтік боттардың» әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №17 (412) апрель 2022 г.

Дата публикации: 29.04.2022

Статья просмотрена: 30 раз

Библиографическое описание:

Махамбет, Азамат Махамбетулы. Саяси процестерге «әлеуметтік боттардың» әсері / Азамат Махамбетулы Махамбет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 17 (412). — С. 407-409. — URL: https://moluch.ru/archive/412/89390/ (дата обращения: 16.12.2024).

Ақпараттық соғыс заманында дәстүрлі медиамен қатар, жаңа медиа, оның ішінде әлеуметтік желілер қолданысы өте үлкен қолданыста. Осы ғылыми жұмыс әлеуметтік желідегі ресми ақпараттан бөлек әлеуметтік боттар жұмысының әсерінің маңызы мен нәтижелілігін көрсетуге ұмтылады. Оған қоса әлеуметтік боттардың қолданыс салалары да әртүрлі және әр бағытта бола алады. Мақала соның ішіндегі саяси бағыттағы қолданысы мен әсерін бағалауға ұмтылады.

Ғылыми мақаланың мақсаты: әлеуметтік боттардың функцияларын зерттеу, жұмыс механизмін сараптау, пайда болу табиғатын қарастыру. Саяси объекттер арасындағы бұл тәсілді қолданудың саяси жүйе және процестерге қаншалықты әсер ете алатынын бағалау.

Кілтті сөздер: әлеуметтік боттар, боттар, әлеуметтік желі, қоғамдық санаға әсер ету, манипуляция.

Во времена информационной войны, наряду с традиционными медиа, очень большое распространение получили новые медиа, в том числе социальные сети. Настоящая научная работа, помимо официальной информации в социальных сетях, стремится показать значимость и результативность влияния работы социальных ботов. Кроме того, сферы применения социальных ботов различны и могут быть в разных направлениях. Статья стремится оценить влияние и использование ботов в политической деятельности.

Ключевые слова: социальные боты, боты, социальная сеть, воздействие на общественное сознание, манипуляция.

Кіріспе

Саяси процестерде ақпарат пен оның таралу жолдары өте үлкен маңызға ие. Кімде ақпарат болса, сол күштірек. Кім ақпараттарды жақсырақ басқара алса, соның билігі көбірек. Оны түсінетін саясаткерлер ақпаратқа қол жеткізудің де, оны таратудың да түрлі жолдарын қарастырып, оны өз пайдасына асыруға ұмтылады. Бұл мүддеге әркез жаңа технологиялық мүмкіндіктер қолданылып отырады. Бұрын телевизия арқылы жүретін саяси жарнамалардың өзі қазір әлеуметтік желі арқылы жүре бастады. Туиттердегі бір ғана жазбаның өзі дүниежүзілік экономикаға, сайлау процесіне әсер етуге қауқарлы. Оған қоса, бұл құралдың тегін қолжетімді екенін, белсенді халықтың арасында танымалдылыққа ие екенін ескерсек, потенциалы өте жоғары мүмкіндіктерге есік ашатынын көруге болады.

Негізгі бөлім

Осы мақала әлеуметтік желідегі саяси ақпаратты тарату үшін әлеуметтік боттардың қолданысын зерттеуге ұмтылады. Бұл тақырып бойынша Қазақстанда ешқандай зерттеулер байқалмайды. Шетелдің өзінде көп емес. Бұның негізгі себебі ретінде әлеуметтік боттар қолданысы жалпы үрдіс ретінде жаңадан пайда болғанын келтіруге болады. Осыған қоса, көп жерде, соның ішінде Қазақстанда әлеуметтік боттарды қолданып ақпарат таратуды тәсіл ретінде мойындамайды. Сол себепті оның қаншалықты нәтижелі әсер ететінін бағалай алмаймыз. Сәйкесінше, кесірінің көлемін де, маңызын да анықтауға мүмкіндігіміз болмайды. Ол келтіретін зияндарды бақылауда ұстауға мүмкіндігіміз болуы үшін кем дегенде бұл тәсілдің заңды шектеулері қабылдануы тиіс. Ал оған жету үшін ең алдымен, журналист ғалымдар мен журналистік ұйымдар бұл тәсілді ақпаратты жеткізу тәсілі деп қабылдауы керек. Содан кейін ғана оның принциптік зияндарын көріп, заңды шектеулер енгізе аламыз.

Цифрлы заманның келуімен қатар жаңалықты таратудың, ақпаратты жеткізудің де әртүрлі жолдары пайда болып жатыр. Ғаламтор ақпараттың шексіз көп көлемін қолжетімді етіп берсе, әлеуметтік желілер оған қоса басқа ақпаратты да қарапайым адамдардың тарата алуына жол ашып берді. Бұл үрдіс кеңінен таралған сайын жаңа мәселелер де көбейіп отырды. Үлкен ақпарат ағынының ішінен сапалысын, маңыздысын, өзектісін, тіпті, шынайысын табудың өзі үлкен шаруаға айналды. Осымен ғана айналысатын мамандар пайда болды. Ең қызығы, тұтастай құрал ретінде жаңадан ақпарат тарату тәсілдері пайда болды. Соның бірі — әлеуметтік боттар жұмысы арқылы тарату. Бұл тәсілдің несімен ерекше, өзекті екенін бағаламай тұрып алдымен бұның не екенін, жұмыс принципі мен мәні неде екенін түсініп алуымыз керек.

Бот дегеніміз не? Бір сөзбен — әлеуметтік желідегі фейк аккаунттарды басқаратын компьютерлік бағдарлама. Әлеуметтік желінің тұрақты қолданушылары әркез жолығып отыратын цирфлы функция бар. Ол боттар функциясы бойынша желі қолданушысының жұмысын тәуелсіз жеңілдету үшін жасалады. Әртүрлі жекелеген кішкентай мәселелерді шешу үшін қолданушылар осы боттардың қызметіне жүгіне алады. Олардың мысалы ретінде аудио, видео, бейнелік, мәтіндік материалдарды жүктеуге арналған боттарды келтіруге болады. Ол үшін әдетте сервердегі цифрлы сілтемесін ботқа жіберсе жеткілікті. Кейбір боттар сервистік бизнес үшін де қолданылады. Клиенттің қалауларын, сұрақтарын, шағымдарын қанағаттандыру үшін арнайы қызметкермен байланысып отырмай-ақ, бот арқылы қалаған ақпаратына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ол үшін алдын ала енгізілген командалар бойынша боттың жұмыс механизмін дайындайды. Дегенмен, біздің объект болып отырған бот сәл басқаша сипатталады. Ол дәл осыған ұқсас функцияларды бот ретінде емес, адам ретінде ұсынады. Яғни, қарапайым желі қолданушысы өзі кездескен ботты адамнан айыра алмайды. Боттың атқарған жұмыстарын, соның ішінде тарататын ақпаратын жеке тұлғаның тарапынан қабылдау мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз бір бот бір адамның жеке пікірімен теңеседі деген сөз. Сонда бір ғана бағдарлама жүз ботты іске қосар болса, жүз адамның пікірін қолдан жасап бере алатын қабілеті бар.

Саяси аренада жеке адамдардың ортақ пікірі қаншалықты маңызды екенін түсіндіру қиын емес. Ақпараттық алаңда саяси партияны немесе жеке тұлғаны халықтың қолдауына ие екенін көрсетіп жасанды халық пікірін тарату арқылы шынайы адамдардың да ойына әсер етуге болады. Осылайша саяси объекттер халықтың санасымен, таңдауымен ойнай алады.

Бұл жағдайға қатысты көзге анық көрінетін, біраздан бері ашық талқыланатын мысалдар бар. Оның ішінде жақсы танысы көрші елдегі механизм. Ресей Федерациясында 2013 жылы құрылған «Интернет-зерттеулер агенттігі» деп аталатын ұйым бар. Ұйымның негізгі функциясы тапсырыс берушінің қызығушылығына сай дезинформация таратумен, халықтың пікірін қалыптастырумен айналысады. Көп жағдайда ресейлік оппозициянерлерге қарсы бағытта, кремлшіл бағытта жұмыс атқарады. Халық арасында бұлар «кремлебот» немесе «Савушкина 55» деген терминдермен танымал. Бұл бірнеше үлкен мәселелерді тудырады. Біріншісі — әділетсіздік. Шынында, бұны осылай бір сөзбен сипаттау қиын. Не үшін әділетсіз екенін түсіндірейін. Бұл ұйым ашық жұмыс істейтінінен бөлек тәуелсіз жеке бизнес емес, үкіметтен тікелей қаржыландырылатын агенттік. Сол үшін де әділетсіз болуының бірнеше себебі бар: А) үкіметтің ақшасы деген түсінік жоқ, бюджеттің бәрі салық төлеушілердің ақшасы екенін ескерсек, практикада халықтың өз ақшасын халықтың өзін алдау үшін қолданып жатқанын көруге болады. Сонда билік жай ғана халықтың қаржысын ретсіз қолданып, жемқорлық жасап жатқан жоқ, оған қоса өз билігінің күшін арттыру үшін қолданып жатыр. Солайша, ары қарай да бюджетті өз пайдасына қолданып жемқорлық пен билігін сақтап қалу үшін жақсырақ жағдай жасап жатыр. Ә) Монополия. Билік монополиясы ашық түрде оппозицияның өмір сүруіне кедергі болып жатыр. Бұл әдістің гуманды емес екенін ескермегеннің өзінде оппозиция үшін әділетсіз бәсекелестік көрсетіп отыр. Б) плюрализмді өлтіреді. Жай ғана билікке таласушылар арасында емес, халықтың өзіндегі болуы керек әртүрлі пікірлерге тосқауыл қояды.

Қазақстанда бұндай бар ма? Ресми ұйым жоқ. Дегенмен, соған ұқсас үрдіс бар. Көршілеріміз секілді фейк аккаунтпен пікір білдіретін боттар ара-арасында байқалады. Ақорданы былай қойғанда кейбір әкімдердің жеке боттарының жұмысы көрінген мысалдар бар. Әдетте ол боттарды «нұрбот» деп атайды. Бұл олардың бәріне ортақ қасиетіне сай қойылған атау. Яғни нұрботтар Нұр Отан партиясын, Назарбаев саясатын мақтаумен, қорғаумен айналысатынын байқап оған халық сондай ат берген. Жұмыс принципі бойынша кремлеботтардан еш айырмашылығы жоқ. Тек ресми түрде үкімет тарапынан тапсырыс қабылдайтын ұйым көрген жоқпыз. Соған қарап билік бұл боттарды іске қосты дегенді сенімділікпен айта алмаймыз. Кез келген жеке адамдар өз қалауымен істеп отырған болуы да мүмкін.

Бот деген не екенін анықтадық, енді «әлеуметтік бот» деген түсінікке келейік. Олардың жалғыз айырмашылығы бар. Қарапайым боттар пәркені орнатылған бағдарлама бойынша ғана жұмыс істейтін болса, әлеуметтік боттардың артында тірі адам тұрады. Яғни, автоматтандырылған режимде пікір қалдырмай тірі адамдарша ретсіз әрқилы жолмен жеткізе алады. Бұл нені білдіреді? Әлеуметтік боттар ситуацияны толық түсіне алады, соған сай әртүрлі комбинациялы сөйлемдер ойлап таба алады. Тірі адамға тірі адам сияқты жауап бере алады. Боттар бір сөйлемді бірнеше жерде әртүрлі аккаунттан жаза алатын болса, әлеуметтік бот бір идеяны жеткізу үшін әр уақытта бөлек сөйлемдер құрастыру мүмкіндігі бар. Сұрақтарға жауап беруге, басқа адамның пікіріне қарсы сұрақ қоюға қабілетті. Боттардың аккаунты фейк екенін көрсететін бірнеше белгілері бар: әдетте олардың жарияланымдары, суреттері, жазбалары, аты-жөні болмайды. Ал әлеуметтік боттар бұл пункттердің бәрін толықтыра алады. Жалған есім мен басқа кісінің суреттерін пайдалану еш қиындық та, күмән де тудырмайды. Сол себепті әлеуметтік боттар әкелетін зиян үлкенірек, әрі қауіптірек деп бағалауға болады.

Ең маңызды екі сұрақ бар. Әлеуметтік боттардың жұмысы санаға қалай әсер етеді? Саясатта бұл не үшін маңызды?

Бірінші сұрақтан бастап тоқталайық. Орташа адамдар қоғамның мүшесі ретінде әркез сол қоғам ережелеріне сай өмір сүреді. Бұл дегеніміз әлеуметтік нормаларға бағынады дегенді білдіреді. Ұқсас шешімдер қабылдайды, ұқсас өмір сүру стилін қолданады, ұқсас тамақ жейді, ұқсас киімдер киеді және ең маңыздысы — ұқсас ойланады. Ең қауіптісі де осы. Адамдар бірдей ойланған кезде жақсы өзгерістерге ұмтылмайды, қолайсыздықтарды нормаға қабылдап оны өзгертуге ұмтылмайды. Осы қалыптасқан жағдайдың әсерінен адамдар көпшіліктің пікіріне қосылуға бейік келеді. Көпшіліктікі дұрыс деп ойламауы мүмкін, алайда көпшілікпен бірге қауіпсізірек деп санайды. Осы инстинктивті ойлау жүйесін пайдалуға болады. Боттардың жұмыс жүйесі осыған-ақ негізделген. Көпшілік пікірдің иллюзиясын жасап басқалардың соған илануына әсер етеді. Айналаңыздағы адамдардың бәрі бір нәрсені айтып сендіріп жатқан кезде оған келіспей қарсы тұру әсіре қиын. Бұны дәлелдейтін өте көп психологиялық тәжірибелер, зерттеулер бар. Бұл туралы «Киевнаучфильм» режиссері Феликс Соболев өзінің «Я и другие» деген тәжірибелер жинағынан тұратын фильмінде көрсетеді. Тәжірибе көрсеткендей адамдар пирамиданың түсі қара екенін көре тұра басқалар ақ деп сипаттағанын көріп пирамида түсін ақ деп айта бастайды. Бұның бәрі адамдардың конформдылық қасиетінің әсерінен болады. Яғни адамдар қоғамнан бөлектеніп қалудан қауіптенеді. Сол себепті ерекшеленіп басқа пікір айтуға қорқады. Осы заңдылық жұмыс істеп тұрған кезде әлеуметтік боттардың жұмысы да нәтиже бере береді.

Адамдардың санасына әсер ету принциптік тұрғыда дұрыс емес екенін түсінеміз. Ал саяси жағдайларға қатысты бұл әдеттегіден үлкен маңыздылыққа ие. Себебі, әр адамның саяси позициясы ешкімнен тәуелсіз болуы керек. Журналистика саясаттан тәуелсіз болуы керек. Ол тікелей мемлекеттің тағдырына әсер етеді. Саяси компаниялар, насихаттар мен үндеулер манипуляциясыз болуы керек. Басқа жағдайдың бәрі биліктің авторитарлығына әкеліп соғады. Сондықтан саясатта бұл әдістің қолданылуына шектеу қою керек.

Қорытындылай келе, адамдар тәуелсіз ойлануы үшін, тәуелсіз сайлауы үшін, тәуелсіз шешімдер қабылдауы үшін бұл әдісті заңмен шектеу маңызды. Осылай ғана журналистика тәуелсіз өмір сүре алады. Осылай ғана журналистика өз функционалдық қызметін дұрыс атқара алады. Соны жүзеге асыру үшін алдымен әлеуметтік боттардың қызметін ақпаратты жеткізу тәсілі ретінде мойындау керек және заңмен шектеу керек. Осылай ғана манипуляциялық насихат жолын бөгей аламыз.

Әдебиет:

  1. Хачатрян, М. Г. Обнаружение ботов в социальных сетях с помощью многослойного перцентрона / М. Г. Хачатрян, П. И. Чепик. — Текст: непосредственный // Политехнический молодежный журнал. — 2019. — № 4.
  2. Мартьянов, Д. С. Политический бот как профессия / Д. С. Мартьянов. — Текст: непосредственный // ПОЛИТЭКС. — 2016. — № Том 12, № 1. — С. 74–89.
Основные термины (генерируются автоматически): бар, бот, мена, оса.

Ключевые слова

манипуляция, әлеуметтік желі, әлеуметтік боттар, боттар, қоғамдық санаға әсер ету

Похожие статьи

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру

Мақалада инклюзивті білім беруді жүзеге асыру аясында ерекше білімді қажет ететін балалардың әлеуметтік дамуы қарастырылған. Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке басын әлеуметтендіру процесі мұндай балаларды қоғамға біріктірген жағдайда тиімді бо...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Қоңыр күріш ұны мен жақсартқыштарды галет өндірісінде қолдану

Мақалада қоңыр күріш ұнын жоғары сұрып бидай ұнымен алмастыру және «Paknar» жақсартқышын қолданып жақсартылған галет өнімдерін дайындау технологиясы құрастырылды және ғылыми негізелді. Опара қамыры мен дайын өнім сапасына қоңыр күріш ұны мен жақсартқ...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке алумен, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау

Мақалада зиянды өндірістік факторлардың бірлескен әсерлерін есепке ала отырып, мұнай-газ саласында еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері ұсынылған. Кәсіпорында еңбек жағдайларының жай-күйі және қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың мәні осы кәсі...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Задать вопрос