Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданудың ғылыми негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 22.04.2022

Статья просмотрена: 216 раз

Библиографическое описание:

Сенкубаев, С. Т. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданудың ғылыми негіздері / С. Т. Сенкубаев, Гулдаурен Мухамет. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 538-540. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90228/ (дата обращения: 18.11.2024).

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың тиімді әдістері қарастырылған. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Кілттік сөздер: технология, мультимедия, қашықтықтан оқыту, электронды оқулық.

В данной статье рассмотрены эффективные методы применения новых педагогических технологий в образовании младших школьников. Формирование информационного общества становится необходимым условием в условиях быстро развивающегося и широкого использования информационно — коммуникационных технологий для обмена данными, общения людей, отвечающих современным требованиям. Основное требование информационного общества-дать учащимся основы информационных знаний, развить логическое мышление-структурное мышление, сформировать навыки использования информационных технологий и воспитать умение адаптироваться к течению века и росту информационно-грамотного социума, т. е. адаптироваться к информационному обществу.

Ключевые слова: технология, мультимедиа, дистанционное обучение, электронный учебник.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 — бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].

Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру — бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді [2].

Коммуникация — ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық — коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Ақпараттық технология — қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны [3].

XXI ғасыр озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Қазіргі кезде ақпараттық технология, қашықтан оқыту, мультимедиялық технологиядың маңызы өте зор. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту білім алушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  1. Оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
  2. Ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
  3. Деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «ақпараттық оқыту жүйесі», «қашықтан оқыту жүйесі», «сын тұрғысынан ойлау» жүйесі білім алушылардың даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [4].

Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір- біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі бұл, ең алдымен, білім жəне денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи əдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тəуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін əлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек» делінген [5].

Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [6].

Осылайша оқыту құралдарының бірі — электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал.Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі — компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың — шығармашылық жетістіктің негізгі көзі [7].

Ойымызды қорытындылай келе, ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші — мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл.
  3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Ишанғалиева А. М. Құзыреттілік білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту əдістемесі. — № 2. -34-б.
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан., 2012. № 41–42 (27114). — 28 қаңт.
  6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Қазақстан мұғалімі. — 1999. — 23 шілде. — 2–5-б.
  7. Мұхамбетжанова С. Т., Мелдебекова М. Т. Педагогтардың ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, информационное общество.

Похожие статьи

Нұр-сұлтан қаласының атмосфералық ауасының автономды қазандықтармен ластануы

Қазақстан қатал климаттық аймақта орналасқан, сондықтан тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Орталық қазандықтар мен ЖЭС жабдықтарының біразінің нақты қызмет ету мерзімі техникалық құжаттамада көрсетілгеннен біршама ...

Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу

Бұл жұмыста «Honeypot бағдарламалық жасақтамасы негізінде ақпараттық қауіпсіздігінің инциденттерін зерттеу» тақырыбы қарастырылған. Желінің қауіпсіздігі туралы алаңдағанда, сіздің желіңізді рұқсатсыз кіруден қорғаудың көптеген жолдары бар. Ықтимал қо...

Бастауыш сыныптарда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қашықтықтан оқыту — білім, білік, дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процесінің тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының жергілікті алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыр...

Тұтынушыларға арналған адалдық бағдарламаларын қалыптастыру кезеңдері

Өркениеттің дамуымен тұтынушылық адалдық қазіргі нарықтағы маңызды мәселеге айналды. Адалдық бағдарламалары клиенттердің адалдығы мен сенімін қалыптастыруға арналған құралдар жиынтығы болып табылады. Бәсекеге қабілетті нарықтарда клиенттердің адалдығ...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Математика сабағында электрондық оқыту құралдарын қолдану

Ақпараттық — коммуникациялық технологияларын білім беру үдерісінде қолдану — оқушылардың оқу тиімділігін және сапасын арттыруға бағытталған. Математика сабағында АКТ қолдану оқыту сапасын бақылаудың және диагностикасының жаңа деңгейіне көшуге мүмкінд...

Экономикалық потенциал: теориялық негіздері, бағалау әдістері

Кәсіпорын қызмет ету негізінде оның экономикалық потенциалынық қалыптасуы мен оңтайлы пайдаланылуы жатады. Сондықтан, мақалада алдымен «экономикалық потенциал» термині түрлі тәсілдемелермен қарастырылған. Экономикалық потенциал құрауыштары анықталып,...

Алматы қаласының экологиялық жағдайын бағалау

Алматы экологиясын қарастырған кезде ең басты мәселе атмосфералық ауаның ластануы болып табылады. Өкінішке орай, Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары болып сипатталады. Экологиялық ақпараттармен қалыптасқан талдауда ірі мегап...

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Задать вопрос