Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 6 апреля, печатный экземпляр отправим 10 апреля.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №16 (411) апрель 2022 г.

Дата публикации: 22.04.2022

Статья просмотрена: 98 раз

Библиографическое описание:

Молдабекова, С. К. Ақпараттық технологиялар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми — теориялық негіздері / С. К. Молдабекова, А. Т. Айтжанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 16 (411). — С. 523-525. — URL: https://moluch.ru/archive/411/90227/ (дата обращения: 29.03.2024).

Мақалада ақпараттық технологиялар көмегімен бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінің тиімді әрі түсінікті өтетіні анықталған. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі-мұғалімге мектептегі оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың білімін кеңейтуге, оқудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, жеке қабілеттерін көруге және дамытуға мүмкіндік беру. Бастауыш мектепте оқу процесінде ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану мақсаты оқу процесінің тиімділігін арттыруға, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, белсенді өміршең позицияны сақтауға мүмкіндік береді.

Кілттік сөздер : ақпараттық технология, білім жүйесі, коммуникация, заманауи білім үрдісі.

В статье определено, что процесс обучения младших школьников с помощью информационных технологий проходит эффективно и доступно. Главной эффективностью информационных технологий является предоставление учителю возможности кардинально изменить структуру учебного процесса в школе, расширить знания учащихся, укрепить межпредметные связи в обучении, увидеть и развить индивидуальные способности. Использование средств информационных технологий в учебном процессе в начальной школе позволяет повысить эффективность учебного процесса, сохранить активную жизнеспособную позицию, формируя познавательные интересы учащихся.

Ключевые слова: информационные технологии, система образования, коммуникации, современный образовательный процесс.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет», — деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық коммуникациялық технологияны оңтайландыру [1] мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Қазіргі дамыған заманда ақпараттық технологияларсыз сабақ беру, білім үрдісін жүргізу мүмкін емес. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр [2].

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет-бұл компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, сонымен қатар кез-келген ақпарат көзін дұрыс пайдалану мүмкіндігі: анықтамалық кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар және т. б.

Заманауи талаптар бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі электрондық оқулықтарды оқу процесіне енгізу болып табылады. Оқу материалын ұтымды игерудегі электронды оқулықтардың рөлі орасан зор. Теориялық материал теориялық білімді зерттеу, визуализация және қабылдау процестері бір уақытта жүретін және оларды миға бекіту және материалды жалпылау процесі ұтымды болатын әртүрлі схемалармен, схемалармен толықтырылады [3]

Жаңа ақпараттық комуникативтік технологиялар-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді [4].

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың бірден бір көзі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының артқанын байқадық. Мысалы ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика сабақтарында топтастыру, сәйкестендіру тестерін қолданамыз.

Математикада түрлі геометриялық фигураларды салу,салыстыру, құрау жұмыстары оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Бастауыш білім берудегі педагогикалық ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде,жаңа сабақты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік, дағдыларын бақылау барысында қолдануға болады.

Ақпараттық технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі. Жеке тұлғаның ақыл-ой санасы, оқу, білім алу барысында қалыптасады. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлемін. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы олардың белсенділігін арттырады.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін әр түрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушының оқу мүмкіншілігіне қарай әзірленеді. Сонымен қатар топқа бөліп оқыту тәжірибиесін қолдану керек. Топқа бөліп оқыту тиімділігі нашар оқушы көлеңкеде қалмайды, берілген тапсырманы ақылдасып, бір-біріне түсіндіру арқылы дұрыс орындауға мүмкіндік береді. Тиімді жағы күнделікті сабақта түгел оқушы бағаланады. Ал тәрбиелік жағынан әділ болуға үйренеді, өз араларында беделге ие болады.

Сабақты түрлендіріп қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың танымдық кабілеттерін арттыратын ойын элементтерін пайдалану, ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру жатады. Ойын элементтері оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз байлығын кеңейтіп, елестету және қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауға үйретеді. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Оқу іс-әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағылұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Әрекеттердің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге бағытталады. Оқу іс-әрекетінде оқушы алдына мақсат қойып, содан нәтиже шығаруға тырысады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады; ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді;

Үнемі сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып қана қоймай шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы ақпараттық білім беру –тұрақты даму тетігі.

Әдебиеттер:

  1. 2006–2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының Кешенді бағдарламасы. 2005ж. 3-бет.
  2. ҚР-ның білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. «Қазақстан мектебі» № 3, 2004ж.18-бет.
  3. Досжанов Б, Алменаева Р, Қазақ тілінде электрондық оқулықтармен web-парақтар даярлау әдістері. Информатика негіздері. № 3. 2008ж.27-бет.
  4. Білімдегі жаңалықтар. № 4, 2008ж. 12-бет.
Основные термины (генерируются автоматически): учебный процесс.

Ключевые слова

коммуникация, ақпараттық технология, білім жүйесі, заманауи білім үрдісі

Похожие статьи

Учебный процесс как педагогическая система в процессе...

Библиографическое описание: Кулиева, Ш. Х. Учебный процесс как педагогическая система в процессе подготовки учителей профессионального обучения / Ш. Х. Кулиева, Х. Ю. Хамроева...

Об особенностях механизма образовательного процесса сегодня

образовательный процесс, современное образование, факторы образовательного процесса, образовательный уровень, современное образование.

К вопросу об образовательном процессе в вузе в контексте его...

Гармонизация образовательного процесса в вузе взаимоотношений должна

учебно-воспитательный процесс, система образования, система, синергетика...

Технологизация образовательного процесса при реализации...

Библиографическое описание: Бодичева, Л. В. Технологизация образовательного процесса при реализации компетентностного подхода в обучении / Л. В. Бодичева.

Характеристика основных компонентов процесса обучения в вузе...

Ключевые слова: процесс обучения, структура процесса обучения, компоненты процесса обучения

– вовлечение в учебный процесс профессионалов педагогической сферы.

Применение образовательных технологий в учебном процессе

Библиографическое описание: Астралинова, Л. Б. Применение образовательных технологий в учебном процессе / Л. Б. Астралинова.

Урок как основная форма организации обучения в современной...

Учебно-познавательные задачи как средство повышения учебной... Учебный процесс складывается из определённых структурных звеньев, которые.

Учебно-познавательная деятельность — процессы присвоения...

Учебно-познавательная деятельность — процессы присвоения определенного круга знаний, добытых другими, и выработка своего собственного научного понимания окружающей...

Образование, воспитание и обучение как единое целое

образовательная психология.  построение учебного плана.

Образование получают, в основном, в процессе обучения и воспитания в учебных заведениях под руководством...

учитель, ученик, учебный процесс, будущий педагог, поведение...

Учебный процесс как педагогическая система в процессе... Цель и содержание обучения

Учебно-познавательная деятельность — процессы присвоения определенного круга знаний...

Задать вопрос