Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптар | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №14 (409) апрель 2022 г.

Дата публикации: 11.04.2022

Статья просмотрена: 354 раза

Библиографическое описание:

Нугусова, А. Н. Математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптар / А. Н. Нугусова, К. Б. Ескендиров, Б. Б. Бакиджанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 14 (409). — С. 344-346. — URL: https://moluch.ru/archive/409/90054/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада математиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын негізгі талаптар жазылған.

Түйін сөздер: ақпараттық технология, математиканы оқыту әдістемесі

В статье изложены основные требования к использованию информационных технологий в обучении математике.

Ключевые слова: информационные технологии, методика преподавания математики

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез-келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаменталды пәндерді, соның ішінде математиканы да оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастыру — негізгі маңызды мәселелерінің бірі [1].

Математика мұғалімі компьютерге оқу үрдісінде өзінің электрондық ассистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қана қандай қызмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру зерттеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдер жүйесіне байланысты.

Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүниетанымын және интеллектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ, көпшілік жағдайда мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің құрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.

Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі, ол үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді, бірнеше пән түйісінде пайда болған есептерді қарастыру математикалық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.

Математикаға оқыту — бұл жеке әрбір оқушыға бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Оқушылардың барлық (жақсы, орташа, нашар оқитын) категориясына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал, басқа бір оқушылар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады [2].

Компьютерді қолдану жас талаптың мүдде және талаптылыққа ынталандыратын ақпараттық жағдайды жасауға мүмкіндік береді

Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны көбейеді; оқушының жұмысы ұтымды екпініне жетеді; үйренудің деңгейлі дифференциациясына оңай жетеді; оқушының бүкіл сабақ бойы белсенділігі мен қызығушылығы қамсыздандырылады.

Оқытуды жекелендіру үшін қолданбалы бағдарламалық жабдыққа (ҚБЖ) дидактикалық талаптар қойылады. Қолданбалы бағдарламалық жабдық оқытудың жаңа құралы болуы үшін бірінші кезекте дидактикалық талаптарға сай болуы керек. Біз дидактика категорияларына сүйене отырып, бағдарламалық жабдыққа қолданылатын осы талаптарды қарастырамыз. Ю. К. Бабанскийдің айтуынша, дидактика категорияларына: оқыту принциптері, білім мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары жатады.

Рессейде шыққан (авторы Гришин Александр) «Маśţег Function» интеллектуалды бағдарламасын жекелендіріп оқыту талабы негізінде жасаған қолданбалы бағдарламалық жабдыққа осы бағдарламаны «Функцияның графиктері», «Функция графиктерін түрлендіру», «Туынды» және «Тригонометриялық функциялар» бөлімінде функция графиктерін зерттеуде және оларды тұрғызуда пайдаландық.

Оқушылардың зерттеу біліктілігін қалыптастыру және өз бетінше жұмыс істей алуын дамыту мақсатындағы мұндай бағдарламаларды пайдалану артықшылығы айқын [3].

  1. Оқушылар қарқынмен көрсетілген, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне жауап беретін (мысалы, темпераментіне) қозғалмалы түрлі-түсті суреттерді бақылайды. Осылайша оқу материалының қолжетімділігі және оқу іс-әрекетінің мотивациясы жоғарылайды. Бұл оқушылардың оқуға деген белсенділігінің жоғарылауына әкеледі.
  2. Бағдарлама әр қаралатын жағдайға параметр мәнін және иллюстрация санын анықтауда өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін береді.
  3. Оқушылар дайын білім ғана алмайды, зерттеу процесі кезінде оларды «іздеп табады».
  4. Оқушылардың оқу іс-әрекеті жекеленген: әрбір оқушыны оқыту оның компьютермен сұхбаты барысында іске асады, демек оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.

Математикалық есептерді шығаруға сан түрлі мүмкіндік беретін бағдарламалардың бірі белгілі Microsoft Office Excel. Бұл бағдарлама қарапайым және күрделі функциялардың графиктерін салуда, теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешудің графикалық түрінде, сонымен қатар үш өлшемді беттер құруда пайдалану үшін арналады [4].

Сабақтарда мультимедианы қолдану келесі талаптарды іске асырады:

  1. Көрнекілік принципі. Сабақта кез келген иллюстрациялық материалды, аудиоматериалды, сирек иллюстрациялар ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді. Материалдың көрнекілігі оқушылардың көзбен көру, механикалық, есту және эмоционалды түйсігінің барлық каналдарын қабылдағандықтан, оқушының оны игеруін жоғарылатады.
  2. Табиғи пайымдылық принципі. Интернет материалдарын қолдану жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын көрсетеді. Мультимедиялық презентацияларды қолдану тақырыпты оқытудың әр деңгейі мен сабақ әр кезеңінде орынды. Оқу материалын мультимедиялық презентация ретінде беру оқыту уақытын ретінде беру оқыту уақытын азайтып, оқушылардың денсаулық ресурстарын босатады.
  3. Беріктік принципі. Презентация сабағын қолдану оқытылып жатқан немесе оқылған материалға техникалық түрде қайталауға болады.
  4. Ғылымилық принципі: бұл принциптің мультимедиялық оқыту кезінде көбіне іргелі негіз болуға қолданады.
  5. Жеткіліктілік принципі: бұл технология дифференциалды оқыту технологиясымен бірігіп, сабақта бір уақытта мониторға немесе экранға әр деңгейлі тапсырмаларды, бақылау тестілік тапсырмаларды, жоғары қиын тапсырмаларды көрсетуге мүмкіндік береді.
  6. Жүйелілік принципі: презентация сабақтарын қолдану бір тақырып бойынша сабақтар жоспарын құра отырып, экранға өткен сабақтардың элементтерін шығарып, жаңа тақырыпты түсіндіруге мүмкіндік береді.
  7. Бірізділік принципі: дәстүрлі сабақтарда сияқты оқу материалы үлкен көлемде және берік есте сақталады.

Сонымен сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану сабақ үдерісін одан әрі жандандыра түседі, оны оқушылар үшін қызықты және тиімді етеді. Ақпараттық технологиялармен оқу оқушы үшін шығармашылық ізденіс болып табылады, оның көмегімен жеке тұлғаның қалыптасуы іске асады.

Әдебиет:

  1. «Математканы оқытудың теориясы мен әдістемесі (1-бөлім, электрондық оқулық). — Талдықорған, 2017. — 45 б.
  2. Сабыров Т. С. «Оқыту технологиясының негіздері». — Алматы Республикалық баспа кабинеті, 2013. -14 б.
  3. «Жаңа технология мектепте». // Математика және физика. 2019. — № 2. 43-б.
  4. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. «Жаңа информациялық технологиялар», Алматы: ЖТИ, 2014. –214 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Ключевые слова

ақпараттық технология, математиканы оқыту әдістемесі

Похожие статьи

Мектеп математикасын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану

Мақалада мектеп оқушыларына математиканы оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы айтылады. Оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары көрсетілген.

Баланың логикалық ойлауын дамытудың әдістері

Мақалада бастауыш ыныптарда логикалық тапсырмаларды оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері баяндалған. Логикалық тапсырмаларды тиімді оқытудың әдістемесі ұсынылған.

Педагогикалық жоо-да физика мұғалімдерін даярлау барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың әдістемесі мен технологиясы

Қазіргі таңда оқыту жағдайында педагогикалық ЖОО-да физика мұғалімдерін даярлау кезінде оқу пәндері арасындағы байланысты пайдалану әдістемесі мен технологиясы ұсынылады.

Биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері

Аталмыш мақалада автор биология сабағында дидактикалық тапсырмаларды дайындау кезеңдерін, оны қолданудың негізгі талаптарын және дидактикалық тапсырмалармен жұмыс жасау барысында қолдануға қолайлы бағдарламаларды ұсынады.

Логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары

Бұл мақалада логопедия сабақтарында дидиктикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту жұмыстары мәселесі қарастырылған.

Білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақалада білім беру сапасын арттыру құралы ретінде ақпараттық технологияларды пайдалануы қарастырылған. Авторлар, оқушыларға қажетті білім беру сапасы мен деңгейін арттыру құралы ретінде талдау жасалған.

Зияты зақымдалған балаларды оқыту технологиялары

Мақалада зияты зақымдалған балаларға арналған оқыту технологиялары қарастырылған және тиімділігі көрсетілген.

Медицина қызметкерлері ұжымын басқарудағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлі

Мақалада медицина қызметкерлері ұжымын басқарудың тиімділігін арттыру барысындағы әлеуметтік-психологиялық ортаның рөлін анықтауға байланысты зерттеу нәтижелері берілген.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында білім алушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңызы

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың маңыздылығы негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ер...

Экоқалаларды құру ерекшеліктері мен принциптері

Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай қала құрылымын бақылаусыздыққа алып келеді. Сол себепті бұл мақалада қаланың негізгі экологиялық мәселелерін анықтап, экологиялық құрлымы дұрыс жүйеге келтірілген бірнеше қала қарастырылған.

Задать вопрос