Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №13 (408) апрель 2022 г.

Дата публикации: 31.03.2022

Статья просмотрена: 26 раз

Библиографическое описание:

Кошжанов, С. К. Қазақстанның Маңғыстау облысының білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мамандарын тұрғын үймен қамтамасыз ету / С. К. Кошжанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 13 (408). — С. 331-332. — URL: https://moluch.ru/archive/408/89818/ (дата обращения: 16.12.2024).

Тұрғын үйге қолжетімділік халықтың әл-ауқатының ағымдағы деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның тұрғын үй саясатын іске асырудағы мемлекеттік бағдарламалардың бағыттары қарастырыла отырып, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне назар аударылады.

Кілт сөздер: тұрғын үй, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, қолжетімді тұрғын үй

Доступность жилья является одним из основных показателей текущего уровня благосостояния населения. В статье рассматриваются направления государственных программ в реализации жилищной политики Казахстана, акцентируется внимание на вопросах обеспечения жильем в сфере здравоохранения, образования и культуры.

Ключевые слова: жилье, жилищная политика, государственные жилищные программы, доступное жилье

Тұрғын үй мәселесін шешу — әрбір елдегі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Тұрғын үйге қол жетімділік адам өмірінің маңызды негіздерінің бірі бола отырып, халықтың әл-ауқатының деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мәселен, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары, елдер алдына 2030 жылға қарай барлығының тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету міндеті қойылды [1].

Мемлекет тұрғын үй нарығының тиімсіз жұмыс істейтін бөлігін, соның ішінде тұрғын үйге мұқтаж адамдарға түрлі тетіктер немесе құралдар арқылы қолдау көрсетуді реттеуге арналған. Бұл ретте, тұрғын үй саясаты нарықтың даму деңгейіне және халықтың әл-ауқатына сәйкес өзектендіріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй құқығы Конституцияда көзделген [2].

Қазақстан Үкіметі халықтың қандай да бір себептермен мемлекеттік қолдауды қажет ететін жіктерінің тұрғын үйге қолжетімділігін кеңейту арқылы осы көрсеткішті жақсарту бойынша бірқатар шараларды іске асыруда.

2017 жылдан бастап елімізде бір мезгілде бірнеше тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда. Сонымен қатар, бұл бағдарламалардың барлығы дерлік «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасынан бастау алып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Бағдарламалар санының артуы мемлекет үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін тұрғын үй саясатының сапалы жұмысының маңыздылығын көрсетеді. Егер бұрын тұрғын үйдің қолжетімділігі тұрғын үй құрылысы арқылы қамтамасыз етілсе, соңғы жылдары баламалы жолдарды іздестіру маңызды болып табылады. Құрылыс саласын кеңейтуді ынталандырудың және ел халқының кең ауқымын тартудың әртүрлі тетіктері алдыңғы қатарға шығарыла бастады.

Тұрғын үй саясатын іске асыру процесін жаңғырту бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу тетігіне де әсер етті.

2019 жылы халықтың табысы бойынша тұрғын үйге қолжетімділік сатылары енгізілді.Табысы бар тұлғалар:

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға бір ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін, сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйге үміткер бола алады;

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 2 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін, 2 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («Бақытты отбасы» бағдарламасы»);

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін, 5 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («5–20–25» бағдарламасы»);

— отбасының бір мүшесіне тиісті жылға 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары 7 пайыздық мөлшерлемемен кредиттік тұрғын үйге үміткер бола алады («7–20–25» бағдарламасы»);

— —тиісті жылға отбасының бір мүшесіне шаққанда 5 ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары, бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді («Баспана-хит», «Орда», «Өз үйім») пайдалана алады [3].

Жоғарыда келтірілген мемлекеттік бағдарламаның бағыттарына сүйене отырып, Қазақстанның тұрғын үй саясаты халықтың әлеуметтік осал топтары, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиеленетін отбасылар сияқты белгілі бір адамдардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар, мемлекет 29 жасқа дейінгі азаматтардың санатын –Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін жастарды бөлек бөледі. Оларға сатып алу құқығынсыз 5 жыл мерзімге жалға берілетін тұрғын үй беріледі.

Жоғарыда аталған тетіктер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған, ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін белгілі бір кірісі бар, сондай-ақ тұрғын үй жинақтарының салымы болған кезде халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына тұрғын үй сатып алуға арналған.

Осы орайда еліміздің кейбір әлеуметтік салаларында тұрғын үй қолжетімділігі толық қамтамасыз етілмей ішінара шешімін тауып келеді. Мәселен қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірлерінде атап айтсам Маңғыстау облысында мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Өңірдің білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелерінде аталған саладағы мамандарға деген қажеттілік бар.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтау саласына 300 ден астам, білім беру саласына 100 ден астам, ал мәдениет саласында 40 тан астам маман жетіспеушілігі байқалып отыр. Осы салаларға білікті мамандарды тарту үшін де бірден бір әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу талап етіледі.

Жоғарыда аталып өткен мәселелерді шешу үшін 2020 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізу туралы келісімге қол қойылды. 2020 жылы аталған тетік бойынша тұрғын үйді іске асыруды бастау үшін білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне 58 пәтер, ал 2021 жылы 50 пәтер қарастырылған.

Алайда, қабылданған шаралар мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз.

Қорытындылай келе, жалпы Қазақстанда тұрғын үй мәселесі өзекті болып қала береді деп айтуға болады. Әрине, республика азаматтары оның ішінде ел жастары тұрғын үй сатып алуда мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Алайда, халық табысының шектеулілігі тұрғын үйді қамтамасыз ету шаралары бойынша мемлекеттің бағдарламалық мақсаттарына қол жеткізуді тежеуші фактор болып табылады.

Әдебиет:

  1. БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттары. https://www.un.org/sustainabledevelopment/ru/sustainable-development-goals/.
  2. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 25-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_.
  3. «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900001054
Основные термины (генерируются автоматически): бола.

Ключевые слова

тұрғын үй, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, қолжетімді тұрғын үй

Похожие статьи

Қазақстан қалаларындағы тұрғын үй кварталдарын жаңғыртудағы негізгі талаптар

Мақалада Қазақстан қалаларындағы тұрғын-үйлер кварталдарының ерекшеліктері мен түрлері, қалалар аумағының игерілуі және жаңа шешімдердің ұсынылуы туралы айтылады. Қарапайым халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және де сол тұрғын үйлердің қазіргі ә...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы тәрбиенің негізгі құралының бірі болып табылады. Балал...

Қазақстанда Павлодар облысы мысалында атқарушы органдарының халықпен кері байланыс соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасау жұмысының дамуы

Осы мақалада жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен онлайн кері байланыс жүргізу туралы, осы үрдістің қазіргі заманда кері байланыс жасаудың маңызды, басымды құралы екені сипатталады. Ақпараттық технологиялар әлемде дамып, өмірдің барлық салала...

Ұлттық дүниетаным кеңістігіндегі этномаркерлі бірліктердің алатын орны мен маңызы

Бұл мақалада ұлттың танымымен сан ғасырлар бойы қалыптасып келген этномаркерлі лексикалық бірліктердің этностың тілінде алатын орны мен маңызы туралы айтылады. Тұтас бір халықтың рухани және материалдық мәдениетін танытатын сөздердің мән-мазмұны ашыл...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Табыс, шығын және сату көлемінің арақатынасының талдауы (ЖШС мысалында)

Бұл мақалада нарықтық экономика жағдайында ЖШС мысалында табыс пен шығынға қаржылық есептілік №2 формасының көрсеткіштерін пайдалана отырып талдау жасалды. Сату көлемінің кезеңдері және оның көрсеткіштері талдау, яғни олар түсімнің өсу қарқыны және ...

Факультативтік курс «Мен — азаматпын»

Биыл еліміздің тәуелсіздігіне жиырма төрт жыл болды. Осы уақытта күрделі жұмыстар жасалып жатыр:дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды.Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Бірнеше мемлекеттерде Қазақстан...

Қазақ халқы ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары

Бүгінде әрбір ұлт өз тарихы мен мәдениетін зерттеу тәсілдерін қайта қарастыруда. Әр түрлі мәдени дәстүрлерді өзара байытуға ықпал ететін адамдардың бірнеше ұрпағы жасаған барлық халықтардың тәжірибесін, олардың рухани құндылықтарын тану, құрметтеу жа...

Құрылымдары әр түрлі тілдердегі аударма барысындағы мәселелер

Әлемде неше тіл болса, сонша мәдениет бар. Мәдениет алмасу, әсіресе жаһандану заманында орасан зор маңызға ие. Бұл ретте аударма қарым-қатынастың өзекті кілті болып табылады. Аударма ісі қызығы мен қиындығы қатар жүретін құбылыс. Әсіресе, құрылымдары...

Задать вопрос