Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлы интеграциясын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар ерекшелігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (407) март 2022 г.

Дата публикации: 25.03.2022

Статья просмотрена: 566 раз

Библиографическое описание:

Алшынбекова, Г. К. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлы интеграциясын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар ерекшелігі / Г. К. Алшынбекова, Ж. Н. Нурмаш. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407). — С. 313-316. — URL: https://moluch.ru/archive/407/89662/ (дата обращения: 24.04.2024).



Мақалада сенсорлы интеграция түсінігі, дисфункциясы және бұзылу белгілері, мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлы ерекшеліктері, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлы интеграциясын дамытатын және бұзылыстарын түзететін жаттығулар мен ойындар қарастырылған.

Кілтті сөздер: сенсорлы интеграция, жаттығу, ойын.

В статье рассматривается понятие сенсорной интеграции, признаки дисфункции и симптомы нарушения, сенсорные особенности дошкольников, а также упражнения и игры, развивающие сенсорную интеграцию и исправляющие нарушения у детей дошкольного возраста.

Ключевые слова : сенсорная интеграция, упражнения, игра.

Сенсорлы интеграция — бұл адамның барлық сезім мүшелерінің рецепторларынан келетін ақпараттарды мида ұйымдастырып және тиісінше сыртқы ортаға жауап қайтару процессі. Сезімдер бізге дененің және қоршаған ортаның физикалық жағдайы туралы ақпарат береді. Әр миллисекунд сайын миға бүкіл денеден сенсорлы ақпараттың сансыз бөліктері келеді және өңделеді. Адам қозғалу, жаңа заттарды үйрену немесе өзін-өзі ұстау керек болғандықтан, ми жоғарыда аталған барлық сезімдерді ұйымдастыруы керек. Ол сезімдердің тиісті аймағын анықтайды, сұрыптайды және оларды белгілі бір қатарға орналастырады. Сезімдер ұйымдасқан немесе интеграцияланған кезде, ми оларды қабылдауды, мінез-құлықты қалыптастыру үшін, сондай-ақ оқу процесін үйлесімді жүзеге асыру үшін қолдана алады.

Сенсорлы интеграция:

— бұл мида болып жатқан бейсаналық процесс (біз бұл туралы ойламаймыз (мысалы, тыныс алу туралы ойламаймыз));

— сезім мүшелерінің көмегімен алынған ақпаратты ұйымдастырады(дәм, көру, дыбыстар, иіс сезу, жанасу, қозғалыс, ауырлық күші мен кеңістіктегі позиция);

— біз сезінген сезімдерге мән береді, ақпаратты сүзеді және назар аудару керек нәрселерді таңдайды (мысалы, мұғалімді тыңдап, ауладағы шуылға назар аудармау);

— бізге мағыналы әрекет етуге және жауап беруге мүмкіндік береді;

— теориялық оқыту және әлеуметтік мінез-құлық үшін негіз қалыптастырады [1, 22 б.].

Мектепке дейінгі жас сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіруге, қоршаған орта туралы білімді жинақтауға қолайлы кезең болып табылады. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е. И. Тихеева, А. В. Запорожец, А. П. Усова, Н. П. Сакулина т. б.) толыққанды сенсорлы дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлы тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі болып табылатынын айтқан. Сенсорлы даму баланың жалпы ақыл-ой дамуының іргетасын құрайды. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдау тану қабілетінен басталады. Танудың басқа түрлері — есте сақтау, ойлау, елестету — қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес [10].

Орталық жүйке жүйесі сенсорлы ақпаратты өңдеу процесінде тиімсіз жұмыс істеген кезде, мектеп жасына дейінгі балалар күнделікті өмірде қиындықтарға тап болады. Олар керемет ақыл-ой қабілеттеріне ие болуы мүмкін, бірақ сонымен бірге ебедейсіз, икемсіз, қорқақ және агрессивті болуы мүмкін. Сенсорлы интеграция бұзылысының белгілері көбінесе эмоционалды тұрақтылықта, мінез-құлық факторларында, қозғалтқыш функциясында, сөйлеу дамуының кідірісінде көрінеді, бұл кейіннен оқу іс-әрекетінде, әлеуметтік бейімделуде, зейін шоғырлануында және өзін-өзі бақылауда, реттеуде түрлі проблемаларға әкеледі [2, 26 б.].

Мектепке дейінгі жаста сенсорлы интеграциясы бұзылған балаларда ойын дағдылары нашар дамиды. Бала сырттан келіп жатқан ақпараттарға тиісінше жауап бере алмайды. Ол басқа балалардың әрекеттерін түсінбейді және бірігіп ойнауда қиындықтар туады. Өз жасына қарамастан заттық-манипулятивтік іс-әрекеттерді орындай алмайды [9].

Әр түрлі авторлардың пікірінше, балалар популяциясындағы сенсорлы өңдеудің бұзылуының таралуы 5-тен 30 % — ға дейін екені анықталып отыр [1, 2, 7].

Джин Айрес құрсақтағы баланың жүйке жүйесінің ерте дамуы туралы зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде осы кезеңде сәбиде үш жүйе жұмыс істей бастайтындығын анықтаған, және олар бала дамуына әсер ететін негізгі сезімдер екенін атап өтті. Олар: вестибулярлы, проприоцептивті және тактильді сезімдер.

Есту, иіс сезу, көру-яғни денеден қашықтықта орналасқан тітіркендіргіштер қабылданатын сезімталдық түрлері дамудың кейінгі сатысында жұмыс істей бастайды.

Сезімталдық түрлерінің мұндай бөлінуі көбінесе олар бір-бірінен бөлек жұмыс істейтін сияқты әсер қалдырады және белгілі бір жетіспеушіліктермен оларды оқшаулауға болады. Шын мәнінде, әртүрлі сезімдерді қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан барлық жүйелер, өз денесінен сезімді қабылдау және сыртқы әлемнің денеге әсерін қабылдау әрқашан бір уақытта жұмыс істейді [4, 16 б.].

Сенсорлы интеграцияның бұзылу көрсеткіштерін келесі негізгі топтарға бөліп қарастырамыз:

  1. Тактильді дисфункция. Мұндай бұзылысы бар жанасудан қашу реакциясында, кейбір киімдерді (жүннен) киюден бас тартуда, қолды ластаудан қорқуда байқалады. Ал жеткіліксіз сезімталдығы бар балалар үнемі түрлі сезімдерді іздеуде болады: айналасындағы барлық заттарды ұстап, жанасып шығады; ауырсынуды немесе температураны сезінбеуі мүмкін.
  2. Вестибулярлық дисфункция. Бұл балалар өз денелерін дұрыс басқара алмайды, тепе-теңдікті ұстауда қиындықтар болады. Кеңістікте түрлі дене позаларын қабылдауға қорқады немесе шектен тыс жақсы көреді және белсенді болады.
  3. Проприоцептивті дисфункция. Бұл бұзылысы бар бала асыра немесе әлсіреген реакциямен сипатталады. Бірінші жағдайда, бала дене мүшелерінің қозғалысын қамтитын әрекеттерден аулақ болады. Екінші жағдайда, бала ебедейсіз, икемсіз болып көрінеді және үнемі өзін-өзі ынталандыруға тырысады: секіру, қолды сермеу, шулы және қозғалыс ойындарын ойнауды жақсы көреді.

Сенсорлы ақпаратты өңдеу процесінің бұзылуы-бұл күнделікті өмірде сәтті жұмыс істеу үшін сезім арқылы алынған ақпаратты пайдалану қабілетінің болмауы. Сенсорлы ақпаратты өңдеу процесінің бұзылуы есту немесе көру қабілетінің бұзылуы сияқты белгілі бір бұзылулар емес, керісінше әртүрлі неврологиялық бұзылуларды қамтитын жалпылама анықтама болып табылады [2, 40 б.].

Сенсорлы интеграция бойынша жүргізілетін жаттығулар мен ойындар мектеп жасына дейінгі баланың даму үдерісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, қоршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезінуіне бағытталған.

Вестибулярлық жүйені дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты — вестибулярлық аппаратты ынталандыру, тепе-теңдік сезімін жақсарту, дененің кеңістіктегі орнын сезіну және тепе-теңдікті қалпына келтіру мүмкіндігі. Кейбір балаларда бұл жаттығулар қозғалыс қорқынышын азайтуы мүмкін.

Әткеншекте кәтену. Қажетті құрал-жабдықтар: балансборд (тепе-теңдік ұстайтын тақтай), түрлі әткеншектер, гамак.

Жаттығу барысы: баланы әткеншекке отырғызып, әткеншектің екі жағынан ұстауын ұсыныңыз. Жаттығуды алдыға және артқа қарай, баланың сенсорлы бұзылысына сәйкес 2–10 минут көлемінде, 2 минут сайын үзіліс жасап орындау қажет. Қажет болған жағдайда маман әткеншекті өзі кәтетеді, бұндай жағдайда да балаға жаттығу пайдалы болады.

Өткізу нұсқалары: әр түрлі тербелетін құрылғыларды қолданыңыз; кәтену бағыттарын өзгерту: алдыға-артқа, оңға-солға, айнала; әр түрлі позаларды ұсыныңыз: ішпен немесе арқамен жатып, отырып, тізерлене отырып, тұрып кәтену.

Ось бойымен айналу. Қажетті құрал-жабдықтар: айналмалы тақтай, гамак, офистік айналмалы орындық.

Жаттығу барысы: баланы айналмалы тақтайға аяқтарын айқастырып отырғызу қажет. Алдымен қолдары арқылы жерден итеріліп өзі қалаған кез-келген бағытта, жылдамдықта айналады. Жаттығу үзілістермен 5–10 минут аралығын алады.

Өткізу нұсқалары: маманның көмегімен айналу бағытын алмастыра отырып гамакта айналу; төмпешіктен жатып дөңгелеу; жұмсақ бөшкенің ішінде жатып айналу.

Сақтық шаралары: ешқашан эпилепсияға бейім және шунтқа тәуелді (көбінесе гидроцефалиясы бар балаларға шунттау жүйесі орнатылады, онда артық “ликвор” дененің табиғи қуыстарына шығарылады) баланы айналдырмаңыз.

Сонымен қатар вестибулярлы қабылдауды түзету барысында сенсорлы скейтте кәтену, батутта секіру, сырғанақтан сырғанау, фитнеске арналған допта түрлі жаттығулар жасауға болады.

Вестибулярлы жүйемен жұмыс істегенде баланың хал-жайын үнемі бақылауда ұстау керек. Егер бала қатты қорқатын болса, оны тапсырманы орындауға мәжбүрлемеңіз. Бұл жағдайда баланы баяу үш-бес рет кәтетіңіз немесе айналдырыңыз (баланың рұқсатымен!), содан кейін бала тапсырманы өз бетінше орындағысы келгенше біртіндеп бағыт пен жылдамдықты арттырыңыз [5, 19 б.].

Проприоцептивті жүйені дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Бұл жаттығулар мен ойындардың жалпы мақсаты-проприоцептивті жүйені ынталандыру (бұлшықеттерден, буындардан келетін сигналдарды қабылдау), кеңістіктегі дене күйін сезіну және күшін дұрыс қолдануды жақсарту. [5, 24 б.].

«Сэндвич» немесе «буррито». Қажетті құрал-жабдықтар: спорттық төсеніштер, жұмсақ бөшке.

Жаттығу барысы: баланың қолын, аяғын және арқасын мықтап басып, оны жастықтардың арасына салу керек («сэндвич») немесе оны көрпеге мықтап орау керек («буррито») [6, 46 б.]

« Мөшек» ойыны . Қажетті құрал-жабдықтар: арнайы эластикалық матадан жасалған мөшек.

Жаттығу барысы: балаға мөшектің ішіне кіруін ұсыныңыз. Алдымен басын кіргізбей мөшектің ішінде аяқ-қолдарын әр түрлі бағытта немесе жұлдыз секілді созуы керек, кейін қиындатып басын да мөшектің ішіне кіргізеді. Бала мөшектің ішінде мол проприоцептивті сезімдер алады.

Өткізу нұсқалары: мөшектің ішіне бірнеше баланы кіргізу; мөшектен шығатын жерді табу; мөшекті киіп түрлі кедергілерден өту, қуыспақ ойнау.

Сонымен қатар түрлі салмақтағы заттарды итеру және тарту, оларды бір орынан екінші орынға тасу. Баланың қолына және аяқтарына массаж жасау (қысу), фитнеске арналған доппен баланың үстін басу, эластикалық бинтпен баланы орау. Қандай да бір іс-әрекет барысында ауырлатылған желетке немесе шарф тағып отыруына болады [7, 427 б.]

Тактильді жүйені дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Бұл жаттығулардың жалпы мақсаты-баланы сипап сезу арқылы алатын сезіммен қамтамасыз ету және тактильді ынталандыруға төзімділікті арттыру. Тактильді жүйені дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар баланың қоршаған әлемді саналы түрде зерттеуге деген ұмтылысын арттырады. Сондықтан қолданылатын материалдар құрылымы, температурасы, салмағы бойынша әр түрлі болуы керек [5, 26 б.].

«Тактильді жолдар» ойыны. Ойынның мақсаты: аяқтың биологиялық белсенді аймақтарына әсер ету арқылы аяқтың сезімталдығын жақсарту.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі тактильді беттері бар модульдерді (жұмсақ, қатты, өткір, тегіс және т. б.) жеке-жеке әртүрлі комбинацияларда бір жол ретінде тізу керек.

Жаттығу барысы: балалар өздігінен немесе мұғаліммен тактильді жолды тізіп қояды. Егер балада жоғары сезімталдық болса, алдымен шұлықпен, кейін жалаң аяқ тактильді жолдардың үстімен өтеді. Жаттығуды жүргізу барысында түрлі музыкалық сүйемелдеу немесе ойындар қосуға болады [3, 62 б.].

«Ысқылау» жаттығуы — теріні түрлі текстуралармен ысқылау. Сұйық сабын, көпіршіктер, скрабтар, губкалар, дене ысқыштар, пластикалық щеткаларды қолдану ұсынылады.

«Сэндвич» жаттығуы — бала «нанға» (төсеніш немесе жастық) жатады, кейін түрлі щетка, губкамен баланың үстінен «майонез немесе соус» жағып жатыр деп сылап шығады. Түрлі бағытта, яғни оңға-солға, астыға-үстіге қарай сылау керек. Соңында сэндвичтің екінші «нанмен» (төсеніш немесе жастық) үстінен басу керек, осылайша бала терең, тыныштандыратын қысым сезінеді. [8, 32 б.].

Жаттығулар мен ойындар негізінен баланың ішкі ұмтылысына бағытталған, баланы мәжбүрлемеу керек. Қолайлы жағдай ұйымдастырып, балаға ойынды іс-жүзінде түсіндіріп, көрсету қажет. Әр уақытта баланы жігерлендіріп, мадақтау әдістерін қолданып баланың қызығушылығын ашу керек. Жаттығулар мен ойындарды орындау барысында қиялға ерік беріңіз, мысалы, ойнап отырған құмды шөл дала деп елестетіп, құмның арасынан қазына іздеуге болады.

Қорыта келе, мектеп жасына дейінгі баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлы дамуына байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі жас кезеңі баланың дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлы дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттерін қызықты сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптастырған тиімді болып саналады. Сенсорлы сезімдерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарының арқасында алынған ақпарат жақсырақ интеграцияланады, яғни оны ми жақсы өңдейді, соның нәтижесінде баланың сөйлеу сапасы мен оқу қабілеті, өзін-өзі реттеуі және мінез-құлқы жақсарады және дамиды.

Әдебиет:

  1. Айрес Э. Джин. Ребенок и сенсорная интеграция, понимание скрытых проблем развития. — Теревинф, 2009. — 268 б.
  2. Крановиц К. С. Разбалансированный ребенок.– Санкт — Петербург: Редактор,2012. — 396 б.
  3. Пескишева Т. А., Беляева О. Н. Дети и сенсорная интеграция: сборник методических рекомендаций. — Череповец, 2019. — 132 с.
  4. Кислинг У. Сенсорная интеграция в диалоге: понять ребенка, распознать проблему, помочь обрести равновесие. — Теревинф, 2010. — 240 c.
  5. Ворошнина О. Р., Санникова А. И. Телесные практики, сенсорная интеграция и эрготерапия // Сборник методических материалов семинара в рамках образовательного форума «Современные подходы и технологии сопровождения детей с особыми образовательными потребностями». — Пермь, 2018–140 с.
  6. Т. В. Кондратьева. Сенсорная интеграция — метод коррекции первичного нарушения при расстройствах аутистического спектра: методическое пособие.– Самара, 2018–122 с.
  7. Банди А., Лейн Ш., Мюррей Э. Сенсорная интеграция: теория и практика. — Москва: Теревинф, 2021. — 768 с.
  8. Т. Е. Ефремова, И. А. Сафонова, А. М. Лобанова. Роль сенсорной интеграции в реабилитации детей с речевыми и психическими нарушениями в практике отделения медицинской реабилитации ГБУ РО «ОДКБ»: учебно-методическое пособие. — Ростов-на Дону: РостГМУ, 2020. — 36 с.
  9. О. А. Андриевская. Сенсорная интеграция, как психокоррекционный метод в работе с детьми раннего и дошкольного возраста, имеющими психологические, поведенческие и речевые нарушения // cyberleninka.ru
  10. Өмірзақ Ұ.Ұ. М. Монтессори педагогикасы және «Фребель сыйы» технологиялары // infourok.ru
Основные термины (генерируются автоматически): сенсорная интеграция, немес, мена, бал, дошкольный возраст, интеграция, ребенок.


Ключевые слова

ойын, жаттығу, сенсорлы интеграция

Похожие статьи

Значение использования методов сенсорной интеграции...

Сенсорное развитие детей дошкольного возраста с нарушением речи отличается качественным своеобразием.

Очевидно, что дети с дисфункцией сенсорной интеграции не могут самостоятельно справиться с перечисленными проблемами.

Психофизиологические аспекты сенсорной интеграции у детей

Сенсорная интеграция — это процесс упорядочивания ощущений, поступающих от различных сенсорных систем (зрительной, обонятельной

Возраст от трех до семи лет играет ключевую роль в сенсорной интеграции. В этот период мозг наиболее чувствителен к ощущениям и...

Развитие речи у детей с задержкой речевого развития с помощью...

Ребенок и сенсорная интеграция. Понимание скрытых проблем развития.

Значение использования методов сенсорной интеграции... сенсорная интеграция, игра, ребенок, нервная система, окружающий мир, речевое развитие, сенсорная информация, дошкольный...

Сенсомоторное развитие детей раннего возраста в условиях...

Ключевые слова: сенсомоторное развитие, дошкольники, ранний возраст, интеграция

Психофизиологическое развитие детей раннего возраста является в настоящее время

Наумова Т. В. Развитие психомоторных способностей детей дошкольного возраста в...

Мозжечковая стимуляция как эффективный метод речевого...

– стимулирование сенсорной интеграции (вовлечение сенсорных систем в формирование ответа на раздражитель способствует их развитию

Коноваленко, С. В. Развитие психо-физиологической базы речи у детей дошкольного возраста с нарушением развития / С. В...

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды... | Молодой ученый

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, Сенсорная комната, адаптация, бал, немес, психология, сау.

Значение использования методов сенсорной интеграции в работе...

Музыкально-игровые технологии для детей дошкольного возраста...

Сенсорное развитие — фундамент умственного развития детей...

Значение сенсорного развития в младшем дошкольном возрасте трудно переоценить. Именно этот период наиболее благоприятен для

В старшем дошкольном возрасте дети могут соотносить качества предметов с освоенными общепринятыми эталонами: солнце как шар...

Сенсорное развитие детей раннего возраста в разных видах...

Ключевые слова: восприятие, сенсорное воспитание, интеграция.

Говоря о сенсорном воспитании дошкольников, мы предполагаем восприятие детьми формы, цвета

Исходя из этого, можно сделать вывод о том, что сенсорное развитие в дошкольном детстве имеет...

Сенсорное развитие детей раннего возраста во взаимодействии...

ранний возраст, сенсорное развитие детей, ребенок, методика, сенсорное развитие, сенсорный эталон формы предметов, Восприятие, серия заданий, дошкольный возраст, детский сад. Особенности сенсорного развития детей раннего возраста.

Похожие статьи

Значение использования методов сенсорной интеграции...

Сенсорное развитие детей дошкольного возраста с нарушением речи отличается качественным своеобразием.

Очевидно, что дети с дисфункцией сенсорной интеграции не могут самостоятельно справиться с перечисленными проблемами.

Психофизиологические аспекты сенсорной интеграции у детей

Сенсорная интеграция — это процесс упорядочивания ощущений, поступающих от различных сенсорных систем (зрительной, обонятельной

Возраст от трех до семи лет играет ключевую роль в сенсорной интеграции. В этот период мозг наиболее чувствителен к ощущениям и...

Развитие речи у детей с задержкой речевого развития с помощью...

Ребенок и сенсорная интеграция. Понимание скрытых проблем развития.

Значение использования методов сенсорной интеграции... сенсорная интеграция, игра, ребенок, нервная система, окружающий мир, речевое развитие, сенсорная информация, дошкольный...

Сенсомоторное развитие детей раннего возраста в условиях...

Ключевые слова: сенсомоторное развитие, дошкольники, ранний возраст, интеграция

Психофизиологическое развитие детей раннего возраста является в настоящее время

Наумова Т. В. Развитие психомоторных способностей детей дошкольного возраста в...

Мозжечковая стимуляция как эффективный метод речевого...

– стимулирование сенсорной интеграции (вовлечение сенсорных систем в формирование ответа на раздражитель способствует их развитию

Коноваленко, С. В. Развитие психо-физиологической базы речи у детей дошкольного возраста с нарушением развития / С. В...

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды... | Молодой ученый

Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, Сенсорная комната, адаптация, бал, немес, психология, сау.

Значение использования методов сенсорной интеграции в работе...

Музыкально-игровые технологии для детей дошкольного возраста...

Сенсорное развитие — фундамент умственного развития детей...

Значение сенсорного развития в младшем дошкольном возрасте трудно переоценить. Именно этот период наиболее благоприятен для

В старшем дошкольном возрасте дети могут соотносить качества предметов с освоенными общепринятыми эталонами: солнце как шар...

Сенсорное развитие детей раннего возраста в разных видах...

Ключевые слова: восприятие, сенсорное воспитание, интеграция.

Говоря о сенсорном воспитании дошкольников, мы предполагаем восприятие детьми формы, цвета

Исходя из этого, можно сделать вывод о том, что сенсорное развитие в дошкольном детстве имеет...

Сенсорное развитие детей раннего возраста во взаимодействии...

ранний возраст, сенсорное развитие детей, ребенок, методика, сенсорное развитие, сенсорный эталон формы предметов, Восприятие, серия заданий, дошкольный возраст, детский сад. Особенности сенсорного развития детей раннего возраста.

Задать вопрос