Абай қарасөздерінің аударма үдерісіндегі трансформациялану типтері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 января, печатный экземпляр отправим 8 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (407) март 2022 г.

Дата публикации: 22.03.2022

Статья просмотрена: 214 раз

Библиографическое описание:

Дадебаев, Ж. Д. Абай қарасөздерінің аударма үдерісіндегі трансформациялану типтері / Ж. Д. Дадебаев, А. А. Атшыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407). — С. 321-325. — URL: https://moluch.ru/archive/407/89660/ (дата обращения: 25.12.2024).



Мақалада Абай қарасөздеріндегі ұғымдар мен аударма мәтіндегі қолданыстардың аражігі ажыратылып, олардың тілдік бірліктері қарастырылған. Тілдік тұлға қолданысындағы сөздердің мәні талданып, прагматикасы талқыланды.

Абайдың «Жетінші қарасөзі» нысанға алынып, аударма үдерісіндегі трансформация типтері зерттелді. Тілдік тұлға, әлемнің тілдік бейнесі, тілдік-менталды кеңістік туралы әлем және қазақ ғалымдарының еңбектері қарастырылып, ондағы негізгі аспектілер арқылы тақырыптық зерттеу және сараптау, талдау жұмыстары жасалды. Сараптама жұмысы жасала келіп, «Абайтану» ғылымының ұғымдары мен теориялары сараланып, қорытындыланды.

Зерттеу нәтижелері мәнмәтіндегі тілдік тұлға қолданысындағы бірліктерді түсінуге, талдауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: тілдік тұлға, қарасөз, трансформация, мән, аударма, сәйкестік.

В статье рассмотрены языковые единицы, различающиеся между понятиями и употреблениями в тексте перевода в словах Абая. Проанализирована сущность и прагматика слов в употреблении языковой личности.

Объектом исследования является «Седьмое Слово Назидания " Абая и изучены типы трансформации в процессе перевода. Были рассмотрены труды казахских и мировых ученых о языковой личности, языковой картине мира, языково-ментальном пространстве, проведены тематические исследования и анализ основных аспектов. Была проведена экспертная работа, проанализированы понятия и теории науки «абаеведения».

Результаты исследования позволяют понять, проанализировать единицы употребления языковой личности в контексте.

Ключевые слова: языковая личность, слова назидания, трансформация, суть, перевод, соответствие.

Аударма саласы — бір ұлттың мәдениетін, тарихын, тұрмыс-тіршілігін екінші бір ұлтқа таныстыру арқылы ұлтаралық рухани үндестік орнататушы сөз өнерінің бір саласы. Демек аударманың түпкі мақсаты — тілді насихаттау, тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайту.

Ғылымда аударма мәтіні түрлі мәнге ие. Л. С. Бархударов аударма ұғымына «белгілі бір мәтіннің мағынасын сақтай отырып қайта құрылуы» [1, 3] деген анықтама берсе, Е. В. Бреус тек екі тілдің байланысы ғана емес, олардың арасындағы мәдениетаралық бірліктердің ұйқасы [2, 19] деп санайды. Аударма және оның мәтіндегі өзгерісі туралы алғашқы жинақталған, жүйелі теорияны ұсынған ғалым — В. Н. Комиссаров. Трансформациялық теорияға қатысты ғалым «перевод есть процесс описания при помощи языка перевода денотатов, описанных на языке оригинала» деген анықтама береді.

Аударматануда көркем мәтін түпнұсқасының аударма мәтініндегі көрінісі немесе өзгерісі трансформация деп аталады. Бұл терминді алғашқылардың бірі болып Ресейде И. И. Ревзин және В. Ю. Розенцвейг [3], шетелде Ю. Найда [4] жасаған. Я. И. Рецкер, Л. С. Бархударов, А. Д. Швейцер жəне т. б. көптеген аударматанушы-ғалымдардың еңбегінде «трансформация» термині көптеп кездеседі. Аударма мәтінге орынсыз сөз қосу немесе түпнұсқа мәтінді сөзбе сөз аудару мәтіннің семантикалық тұтастығын бұзады. Көркем мәтінде автор көзқарасының мәнін мейлінше сақтау үшін трансформация тәсілі қолданылады.

Эксперимент . Аударма үдерісі — динамикалық қозғалыс, ол бірқалыпты тіл білімінің заңдылықтарына әрқашан бағына бермейді. Сәтті аударма аудармашының тілді толыққанды білуіне, шығармашылық ой-өресінің деңгейіне, таным-түсінігінің креативтілігіне байланысты. Ал сондай сәтті аударманың тиімді бір тәсілі — трансформация, яғни аудармашының мәтіндегі ой тұтастығын сақтай отырып, оны бірнеше жолдармен жеткізу қабілеті.

Аударма саласында трансформациялық әдістің 4 түрі белгілі:

1) Орын тәртібі (сөйлем құрамындағы жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің орын алмасуы);

2) Ауыстыру (гинерализация, антономиялық аударма, компенсация);

3) Қосу (аудармашының мәтіндегі мәнді жеткізуде өз жанынан тілдік бірліктерді қосуы);

4) Түсіру (кейбір грамматикалық, лексикалық, семантикалық сәйкессіздіктерді мәтіннен алып тастау).

Нәтиже мен талқы . Көркеммәтін аудармасындағы трансформация типтерін талдау үшін Абай қарасөздерінің қазақ-ағылшын тілдеріндегі көрінісін қарастыруды жөн көрдік. Өйткені Абай — қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Оның шығармасында қазақ тілінің бай қоры сақталған. Екіншіден, Абай қарасөздері тұнған философия, сол себепті әлемнің ғаламдық бейнесінде оның өзіндік орны бар. Үшіншіден, Абай тегі қазақ болғанымен, оның шығармалары күллі әлем жұртшылығын баурап алды. Осы факторларды ескере отырып, біз зерттеу мақаламызда Абайдың «Жетінші қарасөзін» ағылшын тілінде трансформациялану типтерін талқылайтын боламыз.

Орын тәртібі — аудару үдерісінде түпнұсқа мәтіндегі тілдік бірліктердің (сөз немесе сөз тіркестерінің) аударма мәтінде өзгеруі. Бұл тілде болатын қалыпты құбылыс. Өйткені тілдер типологиясына (аглютинативті, флективті, аморфты) байланысты сөздер әртүрлі орналасады. Мәселен, қазақ тілінде сөздер қатаң тәртіпті сақтаса, орыс және ағылшын тілдерінде тілдік бірліктер еркін орналасады.

Born into this world, an infant inherits two essentialneeds. The first is for meat, drink and sleep. These are the requirements of the flesh, without which the body cannot be the house of the soul and will not grow in height and strength .

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды (түпнұсқа) [5, 36].

Түпнұсқа мәтінінде сөздер белгілі бір тәртіппен, яғни баяндауыш — сөйлем соңында, іс-қимыл иесі сөйлем басында, толықтырушы мүшелер — сөйлем ортасында ораналасқан. Аударма мәтінде предикат сөйлемнің басына ауысады да, объект сөйлемнің соңына жылжиды. Сондай-ақ, түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді аудармада екі жай сөйлеммен береді. Бұл — грамматикалық ерекшеліктерге байланысты трансформацияның бір типі. Одан бөлек сөздердің лексикалық мағыналарының толықтай алмасуы, басқа сөздермен ауыстырылуы байқалады. Мысалы, «жас бала» сөзі әр абзацта «infant», «baby», «child» сөздерімен алмастырылып береді. Мұны ауыстыру трансформациясы деп атайды. А. М. Алдашева осы орайда сөздіктегі сәйкестіктер көркем аудармада ұғымдық-мазмұндық, стильдік және экспрессиялық қызметінде елеулі айырмашылықтар жоқ тілдік құралдардың орны ауыстырылатындығын, ал кейбір жағдайларда екі мәтіннің коммуникативті-функционалды тепе-теңдігіне көз жеткізу үшін мәтіндегі сөздің дәлме-дәл баламасы емес, мағынасы жуық, сөздің стильдік қызметін нақтылайтын, экспрессивті бояуын бере алатын басқа сөзбен ауыстырылатындығын айтады [3, 35].

A baby will grasp at brightly coloured objects, it will put them in its mouth, taste them and press them against its cheek. It will start at the sound of a pipe. Later, when a child hears the barking of a dog, the noises of animals, the laughter or weeping of people, it gets excited and asks about all that it sees and hears: What’s that? What’s that for? Why is he doing that?

Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді (түпнұсқа) [5, 36].

Ауысымдар мен оның типтері:

– сөз формасының ауысымы (бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды — without which the body cannot be the house of the soul and will not grow in height and strength: бұл жерде «қонақ үй» сөзі house сөзімен берілген. Біріншіден, бұл сөздің тура мағынасына сәйкес келмейді; екіншіден, «қонақ үй бола алмайды» тіркесі ауыспалы мағынада, яғни тірек мағынасында) ;

– сөз таптарын ауыстыру (біреуі — ішсем , жесем, ұйқтасам деп тұрады — the first is for meat , drink and sleep: бұл жерде ішу сөзі етістік, аудармада meat (ет) зат есім формасында берілген) ;

– сөйлем мүшелерін ауыстыру (Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? — Чем же мы отличаемся от животных если мы воспринимаем вещи только глазами?: бұл жерде сөйлем мүшелерінің орны ауысқан) .

Жоғарыдағы мысалда сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлем мүшелерінің лексикалық, грамматикалық трансформациясын айқын байқауға болады. Түпнұсқадағы бастапқы екі сөйлем аударма мәтінде бір сөйлемге кіріктірілген. Соңғы сөйлемдегі риторикалық сұрақты 3 сұраулы сөйлеммен берген және құрмалас сөйлемді жекелемей, сол қалпын сақтауға тырысқан. Осы мәнмәтінде ерекше байқалатыны түпнұсқа мен аударма мәтін көлемінің сәйкессіздігі. Бұл құбылыс аударма үдерісінде кейбір сөздердің аудармашы тарапынан қысқартылғанын, мәтіннен мүлдем алынып қалғанын білдіреді. Аудармада қандай сөздер түсіп қалады?

Біздің зерттеуімізше, қазақ тілінің өз бояуын, қазақ қалпын, қазақ салтын сақтайтын, ұлттық колоритті тілдік бірліктер аудармада балама нұсқасын табылмағандықтан, аударылмайды. Олардың қатарына фразеологизмдер, тұрақты тіркестер, еліктеуіш сөздер, байырғы етістіктер жатады. Аудармашы аталмыш тілдік бірліктерді аударма тілге жақындатып, ыңғайлауға болатын еді. Бірақ әр аудармашы үшін мәтіннің санынан бұрын сапасы маңызды, мәтіннің сыртқы құрамы трансформацияға ұшырағанымен, оның ішкі мазмұны, автордың айтар ойы сақталуы қажет.

Алып тастау — негізгі тілдегі лингвистикалық пен стилистикалық нормаларын бұзбау үшін аударма жүзінде қолданылатын сөз немесе сөздерді мәнмәтіннен жою тәсілі. Абайдың «Жетінші қарасөзінде» алып тастау (түсіріп тастау) трансформациясы жиі ұшырасады. Мысалы, «Һәм» сөзі ағылшын тіліндегі мәтінде аударылмаған. Ол сөздің өзі кірме сөз, қазақ тіліне араб тілінен енген. Қазіргі тілдік қолданыста «және», «әрі», «немесе» секілді шылаулардың орнына жүреді. Түсіріліп тастау трансформациясына ұшыраған тілдік бірліктердің біразы — күрделі етістіктер.

«Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны» [5, 36].

«Otherwise, the spiritual life of a person will not differ from the existence of any other living creature. From the very beginning God separated man from beast by breathing the soul into him».

Сөйлемде бедерлі іс-қимылдар түсіріліп тасталған. Бедерлі деуіміздің мәні — мәтіннің экспрессивтілігін күшейтетін, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра сілтейтін, образды сөздер. Жоғарыдағы мысалда «ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқан» сөйлемшесінің түгелдей түсіп қалуының себебі де осында, түпнұсқада ойдың құр сөзбен емес, әсерлі, әдемі жетуі мақсат етілсе, аудармада көпшілікке түсінікті болуы мақсат етіледі.

Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? [5, 37].

Why then, on grow-ing up and gaining in wisdom, do we not seek to gratify our curiosity, which in childhood made us forget about food and sleep? Why do we not tread in the path of those who seek knowledge?

Мәтінде «қуат жетпеген», «ми толмаған», «ессіз» тілдік бірліктері түсіріледі де, «which in childhood» (бала кезде) тіркесі орнын басады. «Бала кезде» сөзінің алдындағы эпитет аударма мәтінде болмайды.

«Ержеткен соң», «ақыл кіргенде» айқындауыш мүшелері сөзбе сөз аударылмағанымен, түпнұсқаға жуық «on growing up and gaining in wisdom» баламалармен алмасады. Қызығы, алдыңғы сөйлемде көркемдеуіш құрал түсіріліп аударылса, бұл жерде, керісінше, аллитерацияның көрінісін, яғни лексикалық трансформацияны да айқын байқаймыз.

Екі мәтіннің прагматикалық қызметін теңбе-тең ұстау үшін аудармашы өзге де тәсілдермен қатар контекстегі сөзді түрлендіріп, оның орнына функционалды қызметі жақын-жуық, сөз тіркесін, фразаны, тұрақты теңеуді қолданады, сондай-ақ бірі бірінің мағынасын үстейтін бірнеше синонимдерді қатар қолданады.

«Орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып» авторлық фразеологизмдер де сол күйі аударма мәтіннен түсіріліп тастайды. Фразеологизмдердің қалыптасуына автор бар елдің мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі ықпал етеді. Аталмыш факт ағылшын және қазақ тілінің табиғи ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Фразеологизмдерді сөзбе сөз аудару да әбестік, мұндай жағдайда тіркес сәтсіз аударылуымен қатар, мәтін тұтастығына, концепциясына кері әсерін береді.

Аудармада сөзді оңды-солды түсіре бермейді, мазмұнға нұқсан келтірмейтіндей жүзеге асуы қажет. Сөзді түсіруге қарма-қарсы мәнде сөз қосу түсінігі бар. Бұл құбылыс жұтаң мәндегі аударманы аудармашы тарапынан толықтырулармен ерекшеленеді.

Сөз қосу түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Сөз қосу сөз, сөз тіркесі, сөйлемше, сөйлем, мәтін түрінде кездеседі.

Абай өзінің қарасөздерін қалың қазаққа қаратып жазғаннан кейін де, кейбіріне мәтінаралық түсінік беруді талап етеді. Өйткені аударма мәтінді өзге ұлт өкілдері оқиды. Олар шығарманы оқып отырғанда, түсініксіз сұрақтар туындамауы қажет. Мәселен, төмендегі мысалға назар аударайық:

«Has In my younger days it never occurred to me that any-one could forsake his own people. I loved the Kazakhs with all my heart and believed in them. But as I came to know my people better and my hopes began to fade, I found that I lacked the strength to leave my native region and form kinship with strangers. This is why there Is avoid in my heart now» . Аударма мәтіндегі дәл осы сөздерді түпнұсқадан таба алмаймыз. Аудармашы тарапынан қосылған сөз — түпнұсқаның соңғы мәнмәтініндегі ойдың түсіндірмесі.

«Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз» [5, 37].

Бұл күндері Абайдың өз шығармаларында мейлінше ашылып, халқына ашынып айтқан сөздерін «қазақты айыптаушы» ретінде насихаттағысы келетіндерді байқап жүрміз. Мұндай кереғар пікірлердің шетелдік оқырмандарда орын алмасы үшін аудармада осындай түсіндірулер арқылы сөз қосу трансформациясын қолданған жөн. Расында, Абай өз халқын өзінен артық жақсы көрген. Ал оның шығармаларындағы ащы әжуа қоғам шындығы, заман ақиқатынан туындаған.

Түсіндірме түріндегі аударма аударматанудың теориялық және практикалық мәселелері талданатын әдебиеттің барлығында да екінші тілде мағыналық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз лесиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі — түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік құрылымдар арқылы берілуінде. Түпнұсқа бірлігі мен оның аударма тіліндегі баламасының арасында лексикалық сәйкестік болмайды.

«Бас ұрғызса» (Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді) тұрақты тіркесі аударма мәтінде толық сөйлем арқылы түсіндірілген: We should come to realise that spiritual virtues are far superior to bod ily endowments, and so learn to subordinate our carnal desires to the dictates of our soul.

Қазақ әдебиетіндегі көркем мәтін аударма үдерісіндегі проблемалардың бірі — түпнұсқа контекстегі сөз мағынасын кеңейтіп, ұлғайтып беретін баламалардың жұмсалуы. Контекстегі сөздің ауыспалы мағынасын, стильдік қызметін толық жеткізе алатын балама, сәйкестік бола тұрса да, аудармашы көп ретте сөздің семантикасын ашатын басқа баламаны, сөзді, сөз тіркесін іздейді және пайдаланады. Аудармашының бұндай ізденістері көркем аудармаға айтылған сыни еңбектерде «қателік», «түпнұсқадан ауытқу», «еркін кету» деген пікірлермен біржақты түсіндіріледі. Алайда түпнұсқадағы сөздің мағыналық құрылымын толық, жан-жақты беретін функционалды сәйкестіктер жасауда сөз мағынасын нақтылаудағы сияқты белгілі бір заңдылықтар бар. Аударматану теориясында сөз мағынасын дамыту деген термин алынады. Бұл — түпнұсқадағы тілдік единицаның мағынасын логикалық түрде дамыта алатын лексикалық-семантикалық алмастыру деген сөз.

Абай қарасөздерінде лексикалық-семантикалық трансформациялардың сәкестілігін немесе прагматикалық ерекшеліктері өз алдына бөлек тақырып, тың ғылыми тұжырым. Мәселен, «A baby will grasp at brightly coloured objects, it will put them in its mouth, taste them and press them against its cheek» (Не көрсе соған талпынып , жалтыр-жұлтыр еткен болса) сөйлемінде «brightly» тура мағынада қолданылып тұр. Түпнұсқада ауыспалы мағынада жұмсалған, автор «қызықтыру» сөзін экспрессивті түрде жеткізгісі келген.

«Мән» ‒ кісінің рухaни болмысының cыры. Мәтін мәнін әркім әртүрлі түсінеді. Автордың ойын ешкім дөп басып айта алмайды. Оқырман мен ғалымдардың мәтіндегі қандай да бір сөзге, ұғымға, сөйлемге, ойға, тақырыпқа қатысты пікірлері мен тұжырымдары болжам түрінде ғана беріледі» [6].

«Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек» сөйлеміндегі «өрістетіп, өрісімізді ұзартып» аударма мәтінде түсіріліп қалады да, «жиған қазынамыз» метафоралық тіркес «wisdom» (It behoves us to strive to broaden our interests and increase the wisdom that nourishes our souls) сөзімен сәтті алмасады.

Қорытынды . Абай қарасөздері — басқа ақын-жазушылардың қолтаңбасына ұқсамайтын, қайталамайтын көркем прозаның өзінше бір бөлек формасы. «Бөлек формасы» деуіміздің мәні — ол бір сюжеттер жиынтығы немесе дидактикалық ғибраттар, басы ашық естелік әңгімелер емес, тіршілікті, күллі әлем заңдылықтарын түсіндіретін ғақлиялар топтамасы. Абайдың адамдық концепциясы жалпы адамзатқа ортақ. Сондықтан да оның қарасөздері әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған.

Абай қарасөздерін басқа тілге аударуда ескерілетін жағдай, қаламгердің жеке қолданысындағы тілдік бірліктердің көп бөлігі ауыспалы мағынада жұмсалғандықтан және ұлттық колорит басым болғандықтан шығарманың өзіне тән бояуы, қасиеті сақталуы қажет.

«Кез келген жазушы, ақын өз шығармасын басқа бір тілге аударғанда түпнұсқаның толық мазмұнының сақталуын талап етеді, ал аударма дегеніміз — үлкен өнер, ал сол өнерді аса шеберлікпен пайдалана білу — тәржімашының ең үлкен міндетінің бірі» [4, 82].

Аударматанудағы сәтті аударманың кең таралған түрі — трансформация. Абай қарасөздерінің ағылшын тілді аударма мәтінін талдау арқылы трансформацияның 4 типі және лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерін айқындадық, тілдік бірліктерін сараладық, аударма сәйкестігін, тіларалық қатынастарын анықтадық. Нәтижесінде, аударма мәтіндегі тілдік бірліктермен қатар, Абайдың жеке сөз қолданысы, философиясы айқын көрініс тапты.

Әдебиет:

  1. Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдату: Оқулық. — Астана, ТОО «Искандер КО», 2005. — 142 б.
  2. Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте, 2-бөлім. — Алматы, 2003. — 138 б.
  3. Алдашева А. М. Аударматану: Лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. — Алматы, «Арыс», 1998. — 215 б.
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 3-том: Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1978. — 768 б.
  5. Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер. — Алматы: Жібек жолы, 2005.- 488 б.
  6. Салқынбай А. Абай сөзінің лингвопоэтикасы. — Алматы: Қазақ университеті, 2015–162 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Абай, языковая личность, мена, трансформация, Алматы, бал, немес, оса, слово назидания.


Ключевые слова

трансформация, аударма, тілдік тұлға, қарасөз, мән, сәйкестік

Похожие статьи

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін тұрғын үй құрылысында пайдалану тиімділігі

Бүгінгі күні Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Бұған бірқатар факторлар: тұрғын үй қорын молайту үшін ресурстардың жоқтығы, халықтың басым бөлігінің төлем қабілетсіздігі, урбанизация және республикалық маңызы бар қалалардың ...

ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесі

Зерттеу мақсаты посткеңестік Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесін қарастыру болып табылады. Мақалада егемендігін жаңадан алып, демократиялық бағытқа бет бұрған Орталық Азия мемлекеттерінде орын алған адам құқықтары мәселесі қарастыр...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Жергілікті сазға негізделген жеңіл толтырғыш технологиясын жасау

Бұл мақалада жергілікті саз бен бентонит сазына негізделген жеңіл толтырғыш алу мүмкіндігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жеңіл толтырғыштың кеуектілігін жасау үшін көмір мен ағаш үгінділер жанғыш қоспалар ретінде пайдаланылды. Ұсақталған көмір кер...

Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау

Big Data (Үлкен деректер) термині жақында енгізілгеніне қарамастан, ол қазіргі білім беру жүйесіне кірігіп кетті. Мақалада заманауи бағалау технологияларының жаңа түрі ретінде білім беру тәжірибесіне үлкен деректерді енгізу қарастырылған. Білім беру ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Похожие статьи

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін тұрғын үй құрылысында пайдалану тиімділігі

Бүгінгі күні Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Бұған бірқатар факторлар: тұрғын үй қорын молайту үшін ресурстардың жоқтығы, халықтың басым бөлігінің төлем қабілетсіздігі, урбанизация және республикалық маңызы бар қалалардың ...

ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесі

Зерттеу мақсаты посткеңестік Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесін қарастыру болып табылады. Мақалада егемендігін жаңадан алып, демократиялық бағытқа бет бұрған Орталық Азия мемлекеттерінде орын алған адам құқықтары мәселесі қарастыр...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Жергілікті сазға негізделген жеңіл толтырғыш технологиясын жасау

Бұл мақалада жергілікті саз бен бентонит сазына негізделген жеңіл толтырғыш алу мүмкіндігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Жеңіл толтырғыштың кеуектілігін жасау үшін көмір мен ағаш үгінділер жанғыш қоспалар ретінде пайдаланылды. Ұсақталған көмір кер...

Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау

Big Data (Үлкен деректер) термині жақында енгізілгеніне қарамастан, ол қазіргі білім беру жүйесіне кірігіп кетті. Мақалада заманауи бағалау технологияларының жаңа түрі ретінде білім беру тәжірибесіне үлкен деректерді енгізу қарастырылған. Білім беру ...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Задать вопрос