Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (407) март 2022 г.

Дата публикации: 25.03.2022

Статья просмотрена: 731 раз

Библиографическое описание:

Баймендинова, А. Н. Орта білім беруде виртуалды оқытудың тиімділігі / А. Н. Баймендинова, Н. О. Изимбетов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407). — С. 318-321. — URL: https://moluch.ru/archive/407/89591/ (дата обращения: 16.11.2024).

Қазіргі уақытта «Виртуалды» деген атау күнделікті өмірде көп пайдаланатын сөзге айналды. «Виртуалды» термині латынның «virtus» (лат. virtus — ақиқат) сөзінен шыққан. Қазіргі таңда осы «виртуалдық» ұғымы білім беру саласына да енді. Виртуалды білім беру терминінің мағынасы ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, оны кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субьектілері мен обьектілердің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін үдеріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады. Виртуалды білім беру негізгі мақсаты бұл әр адам баласы үшін өзінің жеке және кәсіби тиімділігін арттыру құралы, ол тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталады.

Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлеріне жүргізуде және мультимедиа, телекомуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда.

Кілтті сөзде: ақпарат, білім беру, виртуал, технология, инновация, мультимедиа, коммуникация, интернет, программа.

В настоящее время понятие «виртуальный» стало словом, которое многие используют в повседневной жизни. Виртуальный — от латинского virtus (истина). В настоящее время это понятие» виртуальное» вошло и в сферу образования. Необходимо изменить подход, согласно которому значение термина «виртуальное образование» понимается только как дистанционное с помощью информационных технологий, и рассматривать его в широком смысле как процесс, протекающий в виртуальном образовательном пространстве в результате взаимодействия субъектов образования и объектов. Создание виртуальной среды в образовательном пространстве и создание условий для виртуального обучения — это виртуализация образования. Основная цель виртуального образования — это средство повышения собственной личностной и профессиональной эффективности для каждого человека, направленное на всестороннее развитие личности.

В настоящее время виртуализация сферы образования включает в себя самостоятельную форму обучения, очную, заочную формы обучения и интенсивное развитие мультимедиа, телекоммуникационных систем, социальных сетях.

Ключевые слова: информация, образование, виртуал, технологии, инновации, мультимедиа, коммуникации, интернет, программа.

Мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамыту міндеттерін шешуге байланысты білім сапасын әлемдік тәжірибелерге сәйкес жоғары деңгейге көтеру — заманауи талап. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізуді талап етуде. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды, осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Қазіргі кезде орта білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды және виртуалды оқу түрлерін ендіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі.

Виртуалды білім беру туралы түсінік:

— ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне енгiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;

— орта бiлiм беру ұйымдарын интернет желiсiне қосу;

— бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және енгiзу;

— жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесiне енгiзудi қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу;

— ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;

— оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн қадағалау;

— оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т. б. [1].

Ең әуелі, «виртуалды білім беру» терминінің мағынасын ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, «виртуалды білім беру» терминін кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін өндіріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады. Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жҥргізілуде және мультимедиа, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда. Виртуалды білім беру жүйесінің принциптерін түсіну үшін виртуалды білім берудің күндізгі білім беруден бірқатар артықшылықтарына тоқталып өтсек:

— білім беру сапасына кері әсер етпейді және мемлекеттік білім беру стандартына толығымен сәйкес келеді;

— оқу-әдістемелік мәліметтер мен оқыту формасын үнемі жаңартып отыруға мҥмкіндік береді;

— оқу уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді;

— бір мезгілде оқуға және жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

— білімді меңгеру күндізгі білім беру формасымен салыстырғанда көп қаражатты үнемдейді;

— білім үйрену үдерісі білім беру мекемесінен кез келген қашықтықта орындала береді;

— мемлекеттік университет мәртебесіне лайықты сапалы білім берілетіндігіне кепілдік береді;

— мемлекеттік университет дипломын береді;

— басқа университеттердің оқу бағдарламасындағы факультативтік пәндерді оқып үйренуге мүмкіндік береді;

— өздігінен оқуда студент интерактивті түрде қамтамасыз етіледі;

— — электрондық конференцияларға және бизнес-клубтарға қатысуға мүмкіндік береді;

— жыл ағымына қарай оқу топтары үздіксіз қалыптасады және жеке оқу жоспарын бекітеді;

— үйден шықпай ақ білім алу мүмкіндігін тудырады;

— экстерн білім алуға кедергі келтірмейді;

— емтихан сессиялары уақытында кеңес беруге және күндізгі қабылдауларға кеңес береді [2].

Виртуалды оқу интернет технологиясын қолданып онлайн ортада білім беру ортасы. Бұл ортада білім талапкерлері виртуалды класстарға, оқу материалдарына, тесттерге, тапсырмаларға, өз алға бағаларын, академиялық күнтізбе, басқа онлайн ресурстарына интернет немесе локалды желі арқылы қол жеткізе алады.

Қазiргi таңда дидактикалық оқыту жүйелерiн қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бiрi — мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалану [3]. Ең әуелі, виртуалды білім беру терминінің мағынасын ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, виртуалды білім беру терминін кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін үдеріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады. Виртуалды білім берудің негізгі мақсаты — бұл әр адам баласы үшін өзінің жеке және кәсіби тиімділігін арттыру құралы, ол адамның өзін өзі дамытуына бағытталады.

Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жүргізілуде және мультимедиа, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда. Виртуалды білім беру жүйесінің принциптерін түсіну үшін виртуалды білім берудің күндізгі білім беруден бірқатар артықшылықтарына тоқталып өтсек: Күндізгі оқытумен салыстырғанда қашықтан оқыту бірқатар артықшылықтарға ие болып отыр:

— жеделділік(кеңістіктік және уақыттық кедергілерді жеңу, өзекті тың ақпараттар алу, жедел кері байланысты орнату);

— ақпараттық (тұтынушыға интерактивті веб арналардың көмегімен ақпараттардың жеткізілуі, телеконференцияларда және интернет желісінің басқа да құралдарында жариялану);

— коммуникациялық (сабақтарды, олимпиадаларды өткізуде, жобаларға қатысуда аймақтық шектеулерді жою);

— педагогикалық (оқытудың интерактивтілігі, дараландырылуы; оқушы жұмыстарының желіде жариялануы және оларды сараптау мен бағалаудың жеңілдетілуі);

— психологиялық (оқушыға өзін таныту үшін қолайлы жағдай жасау; оқытушымен қарымқатынаста психологиялық кедергілердің болмауы);

— экономикалық (жол шығындары және үй жайды жалға алу және т. б. шығындарды үнемдеу есебінен оқуға жұмсалатын жалпы шығындарды кеміту);

— эргономикалық(оқушыға сабақ кестесін ыңғайландыру,техника мен басқа да оқу құралдарын таңдауға және пайдалануға мүмкіндік беру) [4].

Қазіргі таңда виртуалды проектер өте көп. Виртуалды білім беру электротехника саласынан басқа, биология, химия, физика, экология, механика салаларында да кең өріс алған.

Виртуалды ғылыми зертхананың тиімділіктері:

— Қымбат бағадағы жабдықтар мен реактивтерді сатып алмау;

— Зертханада іске асыруға мүмкін емес процестерді түбегейлі модельдеу;

— Процестердің тереңдігіне еніп, не болып жатқанын бақылау мүмкіндігі;

— Қауіпсіздік, яғни жұмысты экран арқылы бақылау мүмкіндігіміз;

— Компьютер виртуалды процесті бақылағандықтан, әр түрлі енгізу мәндерімен бірқатар тәжірбиелерді қатаржүргізу мүмкіндігі;

Виртуалды зертханалардың бірнеше түрі бар: STAR, VirtualLab, Algodoo, PhET және т. б. Algodoo — 2D физикалық модельдеуге арналған бағдарлама. Әртүрлі объект құруда, физикалық құралдардың өзара әрекеттесуі мен қасиеттерін модельдеуде қолданылады. Бағдарлама тек механикалық процестерді ғана емес, оптикалық процестерді де модельдей алады. Thyme сценарий тілі арқылы сіз физикалық құбылыстар мен әртүрлі эффектілері бар заттарды құруға мүмкіндік ала аласыз. Сызбаларды жүктеуге де болады, сонымен қатар суреттерді жүктей аласыз. Кез келген физикалық қасиеттерді орнатуға мүмкіндік бар. Бағдарламаның тағы бір тиімділігі — бағдарлама тегін. Пайдаланушылар өздерінің модельдерімен бөлісе алатын ALGOBOX қоймасы бар. Бұл бағдарлама іс жүзінде ойын тренажері, бірақ бұл қарапайым ойын емес, ол физика заңдары мен пәннің физикалық қасиеттерімен толықтай үйлесетін орта құру үшін ойын құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді [5].

Қорытындылай келе, виртуалды оқу ортасы жалпы педагогикалық контексте бірнеше виртуалды оқу объектілерінің түрлерін қамтитынын атап өткен жөн. Осы объектілерді пайдалану мұғалімге теориялық материалдың үлкен көлемін тез және оңай түсіндіруге мүмкіндік береді, ал оқушыларға тиімді білім алуын қамтамасыз етеді, шығармашылық ойлауын дамытады және оқуға деген ынтасын арттырады.

Әдебиет:

  1. «Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың» мемлекеттiк бағдарламасы. — Астана, 1997.
  2. А. А. Якушкина, Е. В. Алексеева. Виртуальные лаборатории. // Вопросы информатизации образования, № 7, 2005.
  3. Михайлов В. Ю., Гостев В. М., Кугуракова В. В., Чугунов В. А. Виртуальная лаборатория как средство обеспечения коллективной научно-методической работы. // Сб. трудов XII международной конференции «ИТО-2002». М.: Проспект, 2002.
  4. Гурина Н. А., Медведева О. А. Виртуальная информационно-образовательная лаборатория как средство развития самостоятельности школьников // Информатика и образование, № 3, 2007.
  5. Григорьев С. Г., Гриншкун В. В. Использование мультимедиа-технологий в общем среднем образовании./ Интернет-издание, http://www.ido.rudn.ru/nfpk/mult/,2008,-98с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, орт, ALGOBOX, STAR, интернет, мультимедиа, образование, сфера образования.

Похожие статьи

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Ақпараттық жүйелерде криптоқорғау тәсілдерін қолдану

Бұл зерттеу криптография киберқылмыскерлерден өте құпия және құнды ақпаратты қорғаудың өте тиімді әдісі болып табылады. Ақпараттық қауіпсіздік бүкіл әлемдегі ең ыстық тақырыптардың бірі болып табылады. Ақпаратты қорғау әдістері мен кілттерін қамтамас...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Геймификация модельдері және оның білім берудегі әлеуеті

Геймификация негізі қалыптасқан ойын технологияларынан басталады. Бұл адам-адам қатынасында жұмыс жасайтын қызмет саласы мамандарының кәсіби біліктілігін шыңдаудың серпінді дамып келе жатқан технологияларының бірі. Кәсіби қызметке психологиялық дайын...

Биология сабағында оқушыларға жеміс жидектерді сақтаудың биотехнологиялық әдістемелерімен таныстыру

Биоәртүрлілікті сақтау — адамзаттың қазіргі және болашақта шешуі тиіс негізгі міндеттерінің бірі. Адамдардың өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі соңғы бірнеше мың жыл ішінде табиғатты қалай сақтай алатындығы адамның түр ретінде өмір сүруіне байланысты. Ада...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Есепке жатқызуды қолданудың алғышарттары

Бұл мақалада автор міндеттемені тоқтату тәсілінің бірі ретінде танылатын міндеттемелерді есепке жатқызу тәсілін қолданудың алғышарттарын, яғни міндеттемелердің біртектілігі, тараптардың өзара қарама-қарсы талаптарының болуы, міндеттемені орындау мерз...

Задать вопрос