Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №12 (407) март 2022 г.

Дата публикации: 24.03.2022

Статья просмотрена: 297 раз

Библиографическое описание:

Изимбетов, Н. О. Big Data технологиялары негізінде білім сапасына болжамдық талдау жасау / Н. О. Изимбетов, А. Н. Баймендинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 12 (407). — С. 325-327. — URL: https://moluch.ru/archive/407/89570/ (дата обращения: 16.12.2024).

Big Data (Үлкен деректер) термині жақында енгізілгеніне қарамастан, ол қазіргі білім беру жүйесіне кірігіп кетті. Мақалада заманауи бағалау технологияларының жаңа түрі ретінде білім беру тәжірибесіне үлкен деректерді енгізу қарастырылған. Білім беру сапасын бағалау үшін үлкен деректерді пайдаланудың тиімділігіне талдау берілген. Үлкен деректер технологиялары негізінде білім беру сапасын бағалау принциптерін жақсартуға және жеңілдетуге болады. Үлкен деректердің сандық технологияларын қолдану арқылы студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және проблемалық оқыту аймақтарын анықтау үдерісі жеңілдетілуі мүмкін. Автоматтандырылған деңгейде деректерді алу және талдау арқылы оқу үрдісіндегі кез келген өзгерістерге жедел әрекет етуге болады.

Түйін сөздер: білім, білім беру жүйесі, үлкен деректер, Big Data, болжамдық талдау, цифрлық сервис.

Несмотря на то, что термин большие данные — Big Data введен недавно, он стремительно внедряется в современной образовательной системе. В статье предусмотрено внедрение больших данных в образовательную практику как нового типа современной технологии оценивания. Дан анализ эффективности использования больших данных для оценки качества образования. Принципы оценки качества образования можно улучшить и упростить на основе технологий больших данных. Использование технологии цифровых данных может упростить процесс мониторинга успеваемости учащихся и выявления проблемных областей обучения. На любые изменения в процессе обучения можно быстро отреагировать, получая и анализируя данные на автоматическом уровне.

Ключевые слова: образование, система образования, большие данные, Big Data, прогнозный анализ, цифровой сервис.

Ақпараттық технологиялар дәуірінде, әсіресе цифрландыру технологияларының қарқынды дамыған кезінен бастап, әрбір Интернет қолданушысы үшін ақпараттың едәуір көлемі жинақтала бастады, бұл өз кезегінде Big Data технологиясы бағытын тудырды. Big Data терминін алғаш рет 2008 жылы Nature журналының редакторы Клиффорд Линч қолданған [1]. Ол әлемдік ақпарат көлемінің қарқынды өсуі туралы айтып, оларды игеруге жаңа құралдар мен дамыған технологиялар көмектесетінін атап өтті.

Big Data технологиясын нақты білім беруде пайдалану оқыту сапасын жетілдіретіндігі көптеген ғылыми зерттеулерде дәлелденіп келеді. Үлкен деректер білім беру ұйымдарына білім беру сапасын және оқушылардың жетістіктерін, студенттердің тұрақтылығы мен жетістіктерін жақсарту үшін ақпараттық технологиялар ресурстарын стратегиялық пайдалануға мүмкіндік береді [2]. Аталған жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып білім сапасын болжамдық талдаудың цифрлық сервисін жасау мүмкіндігі бар. Болжамдық талдау — болашақтағы белгісіз оқиғаларға болжам жасау үшін қолданылатын талдаудың жетілдірілген бөлімі. Болжамдық талдау болашақ туралы болжам жасау үшін ағымдағы деректерді талдау үшін ақпарат жинау, статистика, модельдеу, машиналық оқыту және жасанды интеллектің көптеген әдістерін қолданады. Болжамдық талдаудың цифрлық сервисін жасау оқыту сапасын жақсартуда қандай мүмкіндіктер береді?

Қазіргі уақытта студенттердің білімге деген ынтасын арттыру үшін оқытушылар білім беру үдерісін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін белсенді қолданады [3]. Аталған сервистің көмегімен студенттерге жасалған болжамдық талдауларының интерактивті жүйесі бақылау тақтасы (Дэшборд) түрінде жасалады, онда студенттердің оқу процесіне қатысуы туралы мәліметтер көрсетіледі. Бақылау тақтасы сабақтардан үлгермеуші студенттердің санын азайту, сабаққа қатысуды жақсарту және университет қауымдастығына деген сенімін арттыру үшін жасалады. Студенттерге, оқытушыларға және эдвайзерлерге қол жетімді бұл бақылау панелінде әрбір студенттің оқуға қатысты көрсеткіштері көрсетіледі. Мысалы, кітапханамен жұмыс жасау жиілігі, оқыған курстары туралы ақпарат, сабаққа қатысу және басқа да білім көрсеткіштері.

Сонымен осы сервистің көмегімен кез келген студент өзінің оқу үдерісіне және жалпы білім беру ұйымының өміріне қаншалықты қатысатындығын, сондай-ақ неге көп көңіл бөлу керектігін түсіну үшін өзінің іс-әрекетін бақылап, өзін басқа студенттермен салыстыра алады. Егер студенттің екі апта ішінде сабаққа деген белсенділігі төмендеп кетсе, сервис оқу орны әкімшілігіне, эдвайзерге осы туралы хабарлама жібереді және эдвайзер бұл жағдайдың себебін анықтау үшін студентпен және оның ата-анасымен байланысқа шығады. Сервистің жұмыс істеу алгоритмі бойынша бақылау тақтасында студентердің сабақ үлгерімі бойынша ақпарат беріледі. Мысалы, семестрді сәтті аяқтайтын студенттер жасыл түспен, қауіп-қатер тобындағы студенттер сары түспен, эдвайзерден жедел көмек қажет ететін студенттер қызыл түспен белгіленеді. Big Data технологиясы негізінде жасалған білім сапасына болжамдық талдаудың цифрлық сервисі білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру және білім сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа шешімдер мен әдістерді табу білім беру жүйесі үшін маңызды [4]. Бұл үшін, бір жағынан, талдануы және жүйеленуі тиіс жинақталған ақпараттың үлкен көлемін қолдану қажет. Екінші жағынан, Big Data әр студентке өзінің жеке білім беру траекториясын жаңаша құруға, сонымен қатар білім беру ұйымындағы білім сапасын бағалауға және өздері үшін қолайлы оқу әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты білім беру сапасын бағалау мен жақсарту үшін үлкен деректерді қолдану мүмкіндіктерін қарастыру өзекті мәселе болып табылады.

Big Data — бұл студенттерді оқытуды жекелендіруге мүмкіндік береді, студенттер әр түрлі тақырыптар бойынша толық нұсқаулық алады және кеңейтілген ақпараттық кеңістікке ие болады. Студенттерге курс бағдарламасын таңдауға, үйге берілген жеке тапсырманы орындауға және толығырақ ұсыныстар алуға мүмкіндік беріледі. Білім сапасын болжамдық талдаудың цифрлық сервисі көмегімен білім беру ұйымында топтарда артта қалушылар аз болады, өйткені сервис тәуекелге ұшырауы мүмкін студенттерді ертерек анықтауға мүмкіндік береді, ал оқытушылар үлгермеуші студенттерге уақытында көмектесе алады [5].

Қорытынды

Big Data заманауи білім беруде жаңа көкжиектер ашады, осы технологиялардың дамуымен білім беруде білім сапасын болжамдық талдаудың цифрлық сервисін қолдану қауіп-қатер тобындағы студенттерді немесе ерекше жетістіктерге лайық студенттерді бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейге шығады. Бұл осындай жағдайларды қадағалауға және оларға жеке білім беру траекториясы бойынша табысты ілгерілеуге көмектесуге, сондай-ақ университетте орын жоғалту жағдайын болдырмауға мүмкіндік береді. Оқыту сапасы туралы деректерді талдау студенттерді болашақ перспективадағы жеке қасиеттері мен қызығушылығына сәйкес келетін білім мен мансапты таңдауға бағыттай алады.

Big Data технологиялары негізінде білім сапасын болжамдық талдау оқытуды түрлендірудің, тәсілдерді қайта ойластырудың, орын алған олқылықтарды қысқартудың және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру үшін тәжірибені бейімдеудің қуатты құралы бола алады.

Әдебиет:

  1. Современные решения и подходы к обработке массивов неструктурированной текстовой информации в области больших данных. Борисов А. В. https://cyberleninka.ru/article/n/sovremennye-resheniya-i-podhody-k-obrabotke-massivov-nestrukturirovannoy-tekstovoy-informatsii-v-oblasti-bolshih-dannyh (дата обращения: 25.12.2021).
  2. Predictive analytics in higher education. Manuela Ekowo and Iris Palmer. https://d1y8sb8igg2f8e.cloudfront.net/documents/Predictive-Analytics-GuidingPractices_fbsrc53.pdf (дата обращения: 12.01.2022).
  3. Аналитика больших данных и Machine Learning в образовании: 5 кейсов из ВУЗов, Автор Анна Вичугова, https://www.bigdataschool.ru/blog/big-data-analytics-education-cases.html (дата обращения: 16.02.2022).
  4. Большие данные в системе образования. Гвозденко Ю. В., Ищенко А. А., Пилипенко А. В. https://s.eduherald.ru/pdf/2019/5–1/19731.pdf (дата обращения: 20.02.2022).
  5. Анализ больших данных в сфере образования: методология и технологии. О. А. Фиофанова. Москва 2020. https://iim.ranepa.ru/upload/iblock/c02/Analiz-bolshikh-dannykh-v-sfere-obrazovaniya-_-metodologiya-i-tekhnologii.pdf (дата обращения: 04.03.2022)
Основные термины (генерируются автоматически): данные, дата, мена, обращение, система образования.

Похожие статьи

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін тұрғын үй құрылысында пайдалану тиімділігі

Бүгінгі күні Қазақстандағы тұрғын үй мәселесі өзекті тақырыптардың бірі. Бұған бірқатар факторлар: тұрғын үй қорын молайту үшін ресурстардың жоқтығы, халықтың басым бөлігінің төлем қабілетсіздігі, урбанизация және республикалық маңызы бар қалалардың ...

Зияткерлік қабілеттер туралы зерттеулерге шолу

Мақалада зияткерлік қабілеттерге қатысты психологиялық процестер туралы шетелдік ғалымдардың зерттеулері қарастырылады. Әр түрлі елдерде жүргізілген зерттеулер когнитивті процестердің нейрондық механизмдерін, соның ішінде префронтальды қыртыстың, гип...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Зияткерлік мектепте немесе лицейде тұрақты электр тогын оқыту

Электродинамика объектілерін зерттеу барысында зияткерлік мектептер мен лицейлердің оқушыларының білім жүйесін қалыптастыру процесін жетілдіру мәселесі ашық болып табылады. Бір зерттеуде осы мәселенің барлық аспектілері мен жақтарын бірдей толық қара...

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі шағын және орта бизнесті аймақтық қолдау

Түркістан обылысындағы ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнестің жай-күйі туралы материал ұсынылды және өңірдің ауыл шаруашылыңындағы шағын және орта бизнес қыметінің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер анықталды. Агробизнес саласындағы...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесі

Зерттеу мақсаты посткеңестік Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесін қарастыру болып табылады. Мақалада егемендігін жаңадан алып, демократиялық бағытқа бет бұрған Орталық Азия мемлекеттерінде орын алған адам құқықтары мәселесі қарастыр...

Мектеп ғимараттарында энергия үнемдеу

Мақалада Қазақстандағы мектеп ғимаратының энергия тиімділігін қамтамасыз ету шаралары және энергия үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жалпы білім беретін мектептерді жобалаудың әлемдік тәжірибесі талданады. ХХ ғасырда салынған мектеп ғимараттары...

Задать вопрос