Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (405) март 2022 г.

Дата публикации: 14.03.2022

Статья просмотрена: 650 раз

Библиографическое описание:

Абуов, М. А. Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе? / М. А. Абуов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 10 (405). — С. 196-204. — URL: https://moluch.ru/archive/405/89406/ (дата обращения: 19.12.2024).



Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді.

Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістіктермен қоса күні бүгінге ел тұрғындарының негізгі бөлігі тапқан табыстары мен мемлекет тарапынан берілген әлеуметтік көмектерді тиімсіз қолдануының себебінен қаржылық қиыншылықтарға тап болуда. Осының салдарынан қаржылық тапшылық пайда болып, азық-түлік пен материалдық қажеттілікті қамту бірінші кезекте болып, психологиялық ахуалды тұрақтандыру, жақсы өмір сүруге бағытталған денсаулықты күту және білімін жан-жақты жетілдіру мәселелелері кейінге ығыстырылады. Бұл олқылықтар өз кезегінде жоғары деңгейдегі рухани құндылықтарға жетелейтін мақсаттарға қол жеткізуге кедергі болуда.

Ел тұрғындары бар қаражатты жоспарлы жұмсап, мақсаттарға жету бағытында қаржыны үнемдеу және еселеу жолдарына машықтанып, тек қана материалдық құндылықтармен емес оған қоса рухани құндылықтарға да қол жетукізуге ұмтылуы қажет.

Осы мақала арқылы қаржылық тапшылықтарға тап болған отбасыларға өзекті мәселеден шығу жолдары ұсынылады және әр тұрғынға пайдалы ақпарат болып табылады.

Мақаланы жазудан бұрын тұрғындар арасында сауалнама жүрізіліп, қорытындысы бойынша адамдардың қаржыларын басқару үшін қажетті тиімді әдістерді үйренгісі келетіні анықталды. Осы тұрғыда өзге елдердегі жиі қолданылатын әдістер мен кеңестерді зерделеп, ұсынуымыз арқылы әр адам өзіне қолайлы жеке қаражатты жұмсаудың тиімді тәсілдерін қолдануға мүмкіндік алады.

Түйінді сөздер: отбасы, қаражат, табыс, қаржылық мәселе, әдіс, тиімді шешу, үнемдеу.

В статье рассмотрено повышение финансовой грамотности населения страны и представление того, что для этого нужно.

В условиях динамичного экономико-социального развития в современном мире растет и экономика страны, и благосостояние населения. Однако наряду с этими достижениями сегодня основная часть населения страны испытывает финансовые трудности из-за неэффективного использования заработков и социальной помощи со стороны государства. Вследствие этого возникает финансовый дефицит, в первую очередь-обеспечение продовольственной и материальной потребности, откладываются вопросы стабилизации психологического климата, ухода за здоровьем и всестороннего совершенствования знаний, направленных на лучшую жизнь. Эти пробелы, в свою очередь, препятствуют достижению целей, ведущих к высоким духовным ценностям.

Жители страны должны планомерно расходовать имеющиеся средства, практиковаться в пути экономии и приумножения средств в направлении достижения целей, стремиться к достижению не только материальных, но и духовных ценностей.

С помощью этой статьи семьям, столкнувшимся с финансовыми дефицитами, будут предложены пути выхода из насущной проблемы и предоставлена полезная информация для каждого жителя.

Перед написанием статьи был проведен опрос среди населения, по итогам которого выяснилось, что люди хотят научиться эффективным методам управления финансами. В этом контексте, изучив и предложив наиболее часто используемые методы и советы в других странах, каждый человек получает возможность использовать наиболее подходящие для него способы расходования личных средств.

Ключевые слова? cемья, средства, доход, финансовая проблема, метод, эффективное решение, экономия.

Қазақстанның тұрақты даму міндеттеріндегі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тек қана мемлекет емес, әрбір тұрғынның саналы түрде қоғам игіліктерін дамытуға белсенді араласуына қол жеткізуіміз қажет. Себебі, Қазақстан орындауға міндет алған БҰҰ-ның кедейшілікті жоюға, теңсіздікпен және әділетсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттық өзгерістермен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Орнықты Даму Мақсаттарының барлығы бірдей елдегі тұрғындардың жақсырақ әрі тұрақты болашағына қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыда елдегі әрбір адамның қоғам үшін, қауымдастық үшін өз үлесін қосып, кедергі келтіретін немесе зиянды әрекеттерден аулақ болуы қажет.

Бұл үшін «Отан-отбасынан басталады» ұраны аясында, әр отбасындағы жағдайдың тұрақтылығын, ондағы мүшелерінің білімді, дені сау, экономикалық белсенділігі жоғары болуын қамтамасыз ету міндеті туындауда.

Көптеген жағдайда тұрғындардың өз қаражаттарын немесе мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік, материалдық көмектерді мақсатты қолданбай, қаржы тапшылықтарына кезігіп, әлеуметтік жағдайларын төмендетіп алып жатады.

Қазіргі кезде әлеуметтік жағдайы төмен немесе қаржылық жетіспеушілігі бар отбасылар үшін денсаулығын жақсарту, білімін көтеру мәселелері кейінгі сатыларға қалып жатады. Осының салдарынан адамның физикалық және рухани белсенділігі төмендеп, үнемі қиындықтарға тап болып, психологиялық ахуалының нашарлауынан, өмірге, мемлекетке және қоршаған ортаға деген ішкі наразылығы немесе немқұралылығы пайда болады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының төмендеуі мен мемлекеттің ішкі тұрақтылығына зиянын тигізеді.

Мәселенің шешімін табу үшін отбасындағы қаржылық мәселелерді тиімді шешу жолдарын ұсыну арқылы, жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмай, алдын-алуға және осы санаттағы адамдардың санын азайтуға жұмыстануымыз қажет.

Мәселенің тарихи кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасып келе жатқанын және қанша уақыт өтсе де, қаншама еңбектер мен іс-әрекеттер жасалса да күні бүгінге дейін түпкілікті шешілмеуінде болып отыр. Бұл өз кезегінде адамдардың осы бағыттағы ақпараттармен, қаржылық сауаттылықпен және тиімді әдістермен таныс болмауынан немесе қажетті ақпарат көздерін тұрғындарға тұрақты түрде жолданып, үнемі танысуын қадағалау жұмыстарының болмауынан орын алуы мүмкін. Аталған мәселенің оң шешімін табу үшін, төмендегідей зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ақпараттарды сараладым. Зерттеу жұмысы барысында тұрғындарға электрондық нұсқада сауалнама жүргіздім. Интернет пен әдебиеттердегі ақпарат көздерін саралап, блогерлердің бейне материалдарын зерделедім. Сонымен қатар, қазақстандықтардың отбасындағы кіріс көздерінің мүмкіндіктерін, осы бағыттағы статистикалық есептерді қарап, терминдердің түсініктерімен таныстым. Тұрғындардың бастапқы қажеттіліктер мен кейінгі қажеттіліктерді ажырата білуіне байланысты сұрақтарыма жауаптар алдым. Табыс көздерін үнемдеудің бірнеше нұсқаларын салыстыру арқылы, өзгешеліктерімен қоса өзара байланысты жерлерін анықтадым. Қаржы сауаттылығымен қоса адамдардың осы тиімді әдістерді неге қолданбайтындығы немесе бастаған істі неге аяғына дейін жалғастырмайтындығы жөнінде интернет ақпарат пен әдебиеттерден психологтардың пікірлерімен таныстым. Адамдардың ой өрістерін жігерлендіру арқылы оларға қаражатты тиімді жұмсау арқылы жетістіктерге жету жолдарын талқылау материалдарымен таныстым. Зерттеу жұмыстарындағы негізгі ақпараттарды ұсыну арқылы қаржылық сауаттылық пен тиімді жұмсау әдістерімен таныс боласыздар.

Негізгі бөлім

Отбасылық кіріс көзі — отбасына келетін барлық қаржылық, материалдық табыстардың жиынтығы болып табылады [1]. Елімізде кіріс көзінің бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ,

  1. Еңбекақы және әлеуметтік төлемдер.
  2. Алимент.
  3. Жеке шаруашылық.
  4. Кәсіпкерлік қызмет.
  5. Жалға беру немесе сатудан түскен табыс.
  6. Бағалы қағаздар табысы.
  7. Материалдық, қаржылық сыйлықтар алу, мұрагерлікке алу.
  8. Несие, грант қаржылары.
  9. Қайтарымсыз ақша.
  10. Ақша салымдары мен депозиттер табысы.
  11. Ақша аударымдары.
  12. Ақшалай, заттай ұтыстар.
  13. Соңғы кездері жаңа бағыт алған электрондық табыстар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек (кесте), халықтың орташа табысы 114 995 теңгені құрайды.

Тұрмыс деңгейі статистикасы

2016

2017

2018

2019

2020

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге

76 575

83 710

93 135

104 282

114 995

АҚШ доллары

223,8

256,8

270,2

272,5

278,5

атаулы ақшалай табыстар индексі, өткен жылға пайызбен

113,7

109,3

111,3

112

110,3

атаулы ақшалай табыстар индексі, 1995 жылға пайызбен

4449,4

4864,0

5411,7

6059,4

6681,9

Нақты ақшалай табыстар индексі, өткен жылға пайызбен

99,3

101,8

105,0

106,4

103,3

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі, пайызбен

2,6

2,6

4,3

4,3

5,3

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, теңге

21 612

23 783

27 072

29 342

33015

АҚШ доллары

63,16

72,95

78,5

76,66

79,9

Ескерту: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төмен азық-түлік себеті құнының 45 % мөлшерінде белгіленді.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер, зейнетақылар мен төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі АӘК) беріледі.

Қазақстандағы 2021 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, отбасының барлық табысын есептеп, отбасының барлық мүшесіне бөлгенде осы көлемнің жетпіс пайызынан аз кіріс көзі кіретін азаматтарға АӘК беріледі. Демек, әр отбасы мүшесіне міндетті түрде 24 011 теңге көлемінде қаражаттың болуы қажеттігін мемлекет қадағалап, осы қаражаттан төмен болған жағдайда, үстіндегі жетпес қаражатты АӘК ретінде тағайындап, төлейді.

Ең төмен күнкөріс деңгейі азық-түлік тауарларының бағасына байланысты әр өңір үшін жеке есептеледі. АЕК тоқсан сайын тағайындалады [2].

Ал, Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының отыз бес елі бойынша шығарған орташа табысқа және Ресей мемлекетінің ұлттық статистикасының мәліметіне келетін болсақ, төмендегідей [3].

Елдер

Орташа табыс, долл./жыл

АҚШ

176 076

Швейцария

128 415

Бельгия

104 084

Жапония

97 595

Швеция

90 708

Нидерланды

90 002

Канада

85 758

Ұлыбритания

83 405

Люксембург

74 141

Дания

73 543

Исландия

64 398

Италия

64 109

Израиль

61 805

Австрия

59 574

Франция

59 479

Австралия

57 462

Германия

57 358

Жаңа Зеландия

52 718

Ирландия

43 493

Испания

35 443

Корея

33 495

Португалия

31 877

Финляндия

27 972

Чехия

24 258

Венгрия

23 289

Чили

21 409

Норвегия

20 347

Словения

20 048

Греция

18 117

Латвия

17 105

Эстония

16 967

Польша

14 997

Словакия

10 846

Мексика

4 750

Түркия

4 429

Барлық елдер бойынша орташа табыс:

90 570

Ресей

452,1

Қазақстан

278,5

Ал Ресейде орташа табыс 33 178 рубль, 192 764,76 теңге немесе 452,19 АҚШ доллары болады [4].

Алайда, бұл елдерде табыс көзі жоғары болғанымен, азық-түлік тауарлары да қымбат болып келеді. Мысалы, нан бағасы Ресейде ең төменгісі 8 рубль (46,48 тг), орташасы 36 рубль (209,16 тг), қымбаты 198 рубль (1150,38 тг). АҚШ-та 2,72 доллар немесе 1 231,72 теңге, Норвегияда 3 доллар немесе 1 382,78 теңге [5].

Қазақстанда нан бағасы ұн сұрыптарына қарай 130 бен 376 теңге аралығында бағаланады. Демек, табыс көзі қымбаттаған сайын азық-түліктер мен тауарлар да қымбаттайды [6,7].

Қазақстан Үкіметінің негізгі азық-түлік тауарларын белгілеп, оның бағасын реттеудің нәтижесінде халықтың негізгі азық-түлік тауарларына аз шығындалып, көп қолдануына жағдай жасалған. Мысалға келтірсек негізгі азық-түліктің он түрінің сегізінен қолдану көрсеткіштері өскен.

Халықтың негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынуы

жан басына орташа шаққанда, кг

нан өнімдері және жарма өнімдері

ет және ет өнімдері

балық және теңіз өнімдері

сүт және сүт өнімдері

жұмыртқа (дана)

май және мал

жемістер

көкөністер (картопсыз)

картоп

қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

2015

129,8

73,6

11,3

233,6

164,0

19,3

64,4

90,2

48,5

41,9

2016

130,7

72,9

10,9

235,5

164,7

19,5

61,4

89,3

48,6

40,7

2017

133,7

72,9

10,7

237,7

168,5

19,5

64,6

88,5

46,9

41,3

2018

138,5

77,9

13,2

261,3

193,3

19,2

74,9

94,1

48,6

46,3

2019

136,3

78,9

14,6

253,5

194,3

17,1

77,4

86,6

48,5

42,9

2020

140,3

83,7

15,1

259,4

199,1

17,3

78,7

86,4

50,1

43,0

Бұл табыс көзі өзге елдерден (ЕЫДҰ) төмен болғанымен, қаржы шығындарын да аз жұмсауға мүмкіндік бар екендігін көрсетеді [2].

Материалдар мен зерттеу әдістері

Тақырып бойынша алдымен эмпирикалық әдісті қолдандым. Алдымен тұрғындардың пікірлері мен ойларын анықтау үшін және қандай бағытта жеке қаражаттарын жұмсайтындығын анықтау үшін он алты сұрақтан тұратын элек рондық сауалнама жасақтап, нәтижесінде төмендегідей ақпараттарға қол жеткіздім.

Отбасылық табысты тиімді жұмсауды ұйымдастыру туралы тұрғындарға жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, «Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау туралы білесіз бе?» деген сұрағына олардың 48 пайызы «жоқ» және «жауап беруге қиналамын» деген жауаптарды ұсынды. Ал, «Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсауды үйренгіңіз келе ме?» деген сұраққа 87 пайызы «ия» деген жауапты таңдаған.

Екі сұрақтың қорытындысымен тұрғындар өз қаражаттарын тиімді жұмсауға және оның жолдарын үйренгісі келетіндігі айқындалып отыр.

Сауалнаманың «Отбасылық кіріс көздерінің негізгі жұмсалу бағыттары» деген сұрағымызға 150 адам жауаптарын ұсынып, олардың 57 пайызы тамақ, киім, тауар алумен, ал 18 пайызы өзге де шығындарға жұмсайтыны анықталды. Бұл сұрақтың қорытындысымен адамдардың басым бөлігі қаржылық жинақ жасамайтындығын көрсетеді. Яғни, қолда бар қаражатты жарату арқылы, қиындық пен қажеттілік туындаған жағдайда қаржылық қор жоқтығын білдіреді.

Саулнама қорытындысымен қаржылық қордың болмауынан адамдардың қажеттіліктерді өтеуге керекті қаражатты банктерден несие алу арқылы ұйымдастырады деген тұжырымға келдім. Сол себептен еліміздегі тұрғындардың қызметін жиі пайдаланатын Каспий банкіне зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде қазіргі уақытта Kaspi.kz қызметтерін 6 миллионнан астам қазақстандық пайдаланатын болса, олардың 4 млн. 6 жүз мыңнан астамы Kaspi Gold картасын пайдаланады [8]. Ал несие алу көрсеткішіне тоқталатын болсақ, аталған банктен алған несиелердің көрсеткіші төмендегідей [9]:

Жоғарыдағы кестелерді зерделейтін болсаңыздар барлығында бірдей азық-түлік пен тауар алу басты мақсат болып отыр. Демек, отбасылық қажеттіліктерге қажетті қаражаттардың тиімсіз жұмсалуы себебінен несие арқылы осы қажеттіліктерді өтеу жиі қолданатын әдіске айналған.

Сауалнаманың тағы бір сұрағында «Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсауды үйренгіңіз келе ме?» деген сұраққа 155 адамның 135 адамы «Ия» деген жауап берген. 18 адам «Жоқ», 2 адам «Жауап беруге қиналамын» деген. Осы сұрақтың қорытындысымен адамдардың қаржыны тиімді жұмсау әдістерін үйренгісі келетіндігі анықталды.

Бұл тақырыпты ашу үшін алдымен жеке қаражат деген не екеніне түсінік беріп өтуім қажет болды.

Жеке қаражат — қаржылай табысқа қол жеткізу барысында маңызды жеке және отбасылық ресурстарды зерттеу. Ол адамдар өз қаржы ресурстарын қалай жұмсап, үнемдейтінін, қорғайтынын және инвестициялайтынын қамтиды [17, 26 бет]. Қаржыны тек қана тауып қоймай оны отбасылық мүдделерге жұмсау кезінде қаржылық сауаттылық аса қажет.

Экономикалық әл-ауқаты жоғары елдердің өзінде де тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін және берілетін қаражаттартың тиімді жұмсалуын ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Осы себептен әр елде өзіндік әдістер пайда болып, ел тұрғындарына өз қаражаттарын жұмсауды үйрету саясаты жүргізіледі. Мысалға әр елдердегі әдістерді алатын болсақ, «Какейбо» әдісі , авторы жапон журналисі Хани Мотоко (1904 жыл), «Төрт конверт» әдісі, авторы Ресей бизнес блогері Макс Крайнов (2008 жыл), «Алты құты» әдісі, авторы Канададағы қаржы психологы, кәсіпкер Т.Харв Экер, «50/30/20» әдісі, авторы АҚШтағы кәсіпкер Алексой Фон Тобель, «Қалдықсыз үй» әдісі, авторы АҚШтағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі белсенді Беа Джонсон тәжірибелерін алуға болады.

Бұл әдістердің барлығы да тұрғындардың өз табыстарын тиімді жұмсауды үйретуге арналған. Әр әдістің өзіндік тиімділіктерін ерекшелеп түсіндіру арқылы, оны жазбалай кітап түрінде, электрондық программа түрінде, бейне роликтер тұрінде және интернет ақпараттық сайттары арқылы таратуда, тіпті семинарлар мен безнис тренингтер өткізіліп, адамдар арасында кеңінен таралуы орын алуда.

Әдістерді ойлап табушылардың пайымдауынша адамдар қанша қаражат тапса да оны сауатты жұмсамайынша тапқан табыстарының тиімсіз жұмсалуынан қаржы тапшылықтарына тап болатындығын қаперлейді. Сол себептен өзіндік тиімді жолдарын ұсынуда [10, 11].

Какейбо әдісін алатын болсақ, ka — ke — bo жапонның үш сөзінен құралған «үйдің үнемдеу кітабы» деген мағынаны білдіреді. Какейбо әдісінің негізі отбасы бюджетін келесі айға жоспарлауды көздейді. Кіріс, шығыс және үнемдеу (жинақ).

Бұл әдісте шығындарды төртке бөледі. Күнделікті (бытовой) шығын, мәдени шығындар, демалыс және көңіл көтеру, көзделмеген шығындар. Шығындарды есептей отырып, үнемделетін қаржы көлемі анықталады. Әдістің ерекшелігі шығындарды жоспарлаған сайын, яғни уақыт өткен сайын Сіз артық шығындарды анықтап, оны үнемдеу қаржысына қоса бастайсыз. Сонымен қатар, тауарларды сатып алу кезінде қайтарылған артық қаражатты, ірі көлемдегі ақша бірлігін ұсақтау кезінде ақшаның бір бөлігін, біреуге берген қарызыңызды қайта алғанда сол қаражатты толықтай және күн сайын кешкі мезгілде үйге оралған соң қалтаңыздағы ұсақ-түйек ақшаларды да үнемдеу қаржысына қосуды ұсынады. Екінші бір ұсыныс, дүкенге барған кезде сатып алатын тауарлардың тізімін жасақтап алуды ұсынады. Енді бір ұсынысы, өзіңізге айыппұл төлетуді ұсынады. Мысалы бір жұмысты жоспарлап, сол жұмысты атқармай қалсаңыз, сол үшін өзіңізге іштей қаржылық айыппұл белгілеп, сол қаражатты үнемдеу қаржысына қосуыңыз қажет. Осындай ұысыныстарды қолдану арылы көбірек қаржы үнемдеп, орынсыз шығындарды азайтуға және қаржының мақсатты жұмсалуына қол жеткізуге болады [13].

Төрт конверт әдісі бойынша, бірінші, барлық кіріс көзінен он пайыз қаражатты үнемдеу үшін бөліп аламыз. Екінші, барлық айлық өмір сүруге қажетті шығындарға қажетті қаражатты шығарамыз. Үшінші, қосымша шығындарға арналған қаржыны шығарамыз. Төртінші, осыдан қалған қаражатты қалған жоспарланбаған шығындарға бөлеміз. Басты мәселе осы конверттегі қаржыны барынша тиімді қолдану қажет. Егер де осы конверттегі қаржы қалдық болып қалса, онда оны өз қажттілігіңізге жұмсауға немесе үнемделген қаржыға қосуға болады. Ең маңыздысы, шығыныңызды конвертегі қаржылардан артық жоспарламауыңыз керек.

Тағы бір жағдай, осы қаражаттардан аз ғана қаржы көлемінде қосымша бесінші конверт дайындауды ұсынады. Егер айдың соңына екі-үш күн қалғанда қаржы қажеттілігі туындайтындай болса, осы конвертті пайдалануға кеңес береді [14].

Алты құты әдісінде, барлық қаражаттың елу бес пайызын ай ішіндегі міндетті шығындарға бөліп, он пайызын көңіл көтеруге, он пайызын үнем қаржысына (жинаққа), он пайызын ірі сатып алулар мен күтпеген жағдайларға, он пайызын сыйлықтарға, қалған бес пайызын оқу мен өзін-өзі жетілдіруге арнаған дұрыс. Ең басты ережесі осы құтылардағы қаражаттарды ешқашан өзге шығындарға жұмсауға болмайды.

Ұсыныстарына келетін болсақ, қаражатты міндетті түрде аяғына дейін жұмсау міндетті емес, яғни үнемделген қаржыны қалдыруға болады. Келесі бір ұсынысы қаржыларды бөлу пайызын өзіңіздің отбасылық шығындарыңызға сәкестендіруге болады. Үшінші ұсыныс қосымша кіріс көдерін өз қалауыңыз бойынша кез-келген құтыға қосуға болады. Міндетті түрде қосымша кіріс көзін бастапқы ережемен бөлудің қажеті жоқ [15].

«50/30/20» әдісі қаражатты тиімді пайдаланудың жеңіл жолдарына жатады. Барлық кіріс көздерін есептей отырып, оның елу пайызын ай ішіндегі міндетті шығындар мен негізгі қажет тауарлар мен азық-түліктерге арнап бөлінеді. Қаражаттың отыз пайызы көңіл көтеру мен саяхатқа, сүйікті іске арналады. Қалған жиырма пайызы жинақ пен инвестицияға арналады.

Осы әдістің өзіндік ерекшелігі бойынша әр отбасы өздері шығындарының пайыздық бөлінісін ұлғайтуға немесе кемітуіне болады. Алайда, осы әдіс бойынша жоспарланған қаражатты өзге мақсаттарға жұмсауға болмайды.

Осы әдісті қолданушыларға берілетін ұсыныс, үшке бөлінетін қаражатты үш банкалық картада сақтау арқылы, әр шығындарды өз картасымен жұмсауға кеңес береді. Жинақ қаржыны банкілік жинақ шотын ашып, сол шотта сақтау арқылы қаражатты жұмсап жіберуден сақтап қалуға болады [16].

«Қалдықсыз үй» әдісінде үй шаруашылығын ұйымдастыруда қарапайымдылық пен тиімділік әдістерін қолдану арқылы, артық шығындарды болдырмау, қолда бар заттарды бірнеше мақсаттарда пайдалануға кеңес береді.

Бұл әдісте үйдегі барлық заттарға зерттеу жүргізіп, ұзақ мерзімде пайдаланылмаған тауарлардан құтылу, оларды сату, жалға беру арқылы қосымша қаражат табу, пайдалану мақсатын өзгерту арқылы басқа қажетті тауарды сатып алудың орынына қолда бар тауарлы сол мақсатқа бейімдеуді көздейді. Әр тауарға ерекше көзқарапен қарап, артық тауарларды сатып алуды бодырмауға үйретеді. Келесі бір ұсынысы, қолдан келетін қызметтерді сатып алмау, яғни қызметтерді өзі үйреніп, сол қызметтерге кететін шығындарды болдырмау арқылы қаражатты үнемдеуді көздейді. Бұл әдісте негізгі қағида, неғұрлым қарапайым өмір сүру арқылы, соғұрлым отбасына, өзін-өзі дамытуға, отбасылық құндылықтарға оңтайлы қол жеткізуге шақырады. Қалдық заттарды болдырмау үшін оларды пайдалану әдістерін үйренуге кеңес береді. Көптеген тауарларды қолдан жасауды әдетке айналдыруға шақырады. Басты кеңесі « Әрбір қоқысқа лақтырылған тауар мен азық-түлік, Сіздің еңбегіңізбен тапқан қаржыңыздың қоқыс жәшігіне лақтырылғаны » деген пікірді білдіреді [18].

Нәтиже мен пайым

Зерттеу жұмыстарымның нәтижесінде адамдардың өз қаражаттарын тиімді жұмсауға ниетті екенін және зерттеу бағытындағы сауалнамадан өтуші респонденттердің ақпаратпен төмендегідей жолдар арқылы танысқысы келетіндігін қалайтындықтарын білдірді.

Баспа материалдарынан танысқысы келетіндер он үш пайызды құрайды. Қалған бөлігінде барлық ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы беруге болады. Бұл бағытта қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында «Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020–2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» (бұдан әрі Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысы жүзеге асуда. Қазақстандықтарға арналған https://fingramota.kz/ ресми сайты жұмыс жасауда. Ақапараттар екі тілдер орналастырылған. Алайда осы бағыттардағы жұмыстардың қазіргі уақытта жиі қолданатын әлеуметтік желілерде, оның ішінде Facebook, You Tube, Instagram, Tik tok, тағы сол сияқты әлеуметтік желілерде таратуды қажет етеді. Мемлекеттік Тұжырымдаманы іске асыруда осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру арқылы жалпыхалықтық ақпаратпен танысу мүмкіндігіне ие боламыз.

Қорытынды

Осы зерттеуімнің қорытындысымен еліміздегі тұрғындардың қаржылық сауаттылығын артыру қажеттігін, осы бағытта ақпараттандыру үшін мемлекеттік атқарушы органдар арқылы халық неғұрлым көп қолданатын (ресми емес) әлеуметтік желілерге ақпараттарды орналастыру арқылы түсінік жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындауда. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды тиімді қолдану және әр азаматтың өз қажеттіліктерін жоспарлау арқылы табысқа жетуіне ықпал жасайды.

Әдебиет:

  1. Википедия, отбасы бюджеті, URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/ %D0 %91 %D1 %8E %D0 %B4 %D0 %B6 %D0 %B5 %D1 %82_ %D1 %81 %D0 %B5 %D0 %BC %D1 %8C %D0 %B8.
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, URL: https://stat.gov.kz/official/dynamic.

3. Әлем елдері, саяхаттау, елдер бойынша орташа отбасылық кіріс көзі, 12 мамыр 2021 жыл, URL:https://gidnenuzen.ru/sredniy-semeynyy-dohod-po-strane/.

  1. Михаил Бакунин, ЭЫДҰ әлемнің 36 елінің орташа отбасылық кіріс көзін есептеді// Бизнес жаңалықтары, 01.09.2018 жыл. URL: https://bakunin.com/news/srednij-dohod-semej/.

5. Курсив, 2021 жылы әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді? Зейнетақы, жәрдемақы және декреттік төлемдердің нақты көлемі..., 14.01.2021 жыл. URL: https://kursiv.kz/kz/news/karzhy/2021–01/2021-zhyly-leumettik-tolemder-kalay-ozgeredi.

6. Яндекс Дзен, Әлемнің өзге елдерінде бір қалаш ақ нанның бағасы қанша тұрады? Тұрғындардың орташа кіріс көздері мен бағалар, 15 қараша 2020 жыл, URL: https://zen.yandex.ru/media/id/5d62e3988f011100ad81d5ac/skolko-stoit-buhanka-belogo-hleba-v-drugih-stranah-mira-ceny-i-srednie-dohody-naseleniia-5fb05327f2466e181088a473.

  1. Спутник Қазақстан, Қазақстанда ең қымбат және ең арзан нан қай қалада сатылатыны анықталды, 11:20 15.07.2020 жыл, URL: https://sputnik.kz/society/20200715/14479695/Qazaqstan-nan-qala.html.

8. Қазақстан Forbes, Kaspi Bank, «Kaspi Bank» тақырыбындағы жинақталған материалдарды қарау, Рейтинг банков Казахстана (маусым 2021), URL: https://forbes.kz/ranking/object/8.

9. Литер, Қазақстандықтар несиені қандай мақсатқа жиі алады, 12 қараша 2020 жыл. Статистика, URL: https://liter.kz/na-chto-kazahstanczy-berut-kredity-analiz/.

10. «Уникасса» — Инвестиция және несиелендіру туралы қаржылық портал, Неге көпшілігі өз қаражаттарын үнемдеуді және сақтауды қаламайды, 24 маусым 2019 жыл, URL: https://unikassa.ru/pochemu-mnogie-ne-hotyat-ekonomit-i-ne-umeyut-sberegat-svoi-sredstva.html.

11. Finance.kz, Адамдардың ақшаны үнемдеу кезіндегі жасайтын 5 қате, 20.08.2019 жыл, URL: https://finance.kz/articles/5_oshibok_kotorye_lyudi_sovershayut_pri_ekonomii_deneg-124.

12. Вики Оқу, Жеке бюджет. Бақылаудағы ақша, Макаров Сергей Владимирович, Адамдар неге үнемдемейді? URL: https://econ.wikireading.ru/11767.

  1. Vse-dengy.ru, Kakebo — отбасылық бюджетті жүргізудің жапондық әдісі, 20.08.2018 жыл. URL: https://vse-dengy.ru/semeiny-budzhet/kakebo-yaponskaya-sistema-vedeniya-semeynogo-byudzheta.html.
  2. Vse-dengy.ru, Төрт конверт ережесі — ақшаны қалай дұрыс жұмсауға болады, 1 желтоқсан 2020 жыл. URL: https://vse-dengy.ru/semeiny-budzhet/pravilo-4-konvertov-kak-tratit-dengi-pravilno.html.
  3. Vse-dengy.ru, Алты құты әдісі — отбасы бюджетін жүргізудің қарапайым әдісі, 27 тамыз 2019 жыл. URL: https://vse-dengy.ru/semeiny-budzhet/metod-6-kuvshinov-prostoe-vedenie-semeynogo-byudzheta.html.
  4. Vse-dengy.ru, 50/30/20 ережесі — отбасылық бюджетті жоспарлаудың қарапайым әдісі, 27 тамыз 2019 жыл. URL: https://vse-dengy.ru/semeiny-budzhet/pravilo-50–30–20.html.
  5. Е.Томас Гарман, Рэймонд Е. Форг, «Жеке қаражат» (Қазақстанға бейімделген нұсқа), Нұр-Сұлтан, 2020 жыл.
  6. Бея Джонсон, «Қалдықсыз үй: өмірді қалай жеңілдетуге болады және қалай қоқысты сатып алмауға болады», 2019 жыл.
Основные термины (генерируются автоматически): URL, оса, мена, немес, автор, бар, доллар, пена.


Ключевые слова

отбасы, әдіс, қаражат, табыс, қаржылық мәселе, тиімді шешу, үнемдеу

Похожие статьи

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналарды бақылау үшін жерді қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану

Берілген мақалада жерді қашықтықтан зондтау деректерінің тиімділігі жайлы баяндалады. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау үлкен проблемаларды шешуде ұтымды пайдаланылуда. Қашықтықтан зондтаудың негізгі артықшылықтары,оны пайдалану барысында басқа...

Биология сабағында оқушыларға жеміс жидектерді сақтаудың биотехнологиялық әдістемелерімен таныстыру

Биоәртүрлілікті сақтау — адамзаттың қазіргі және болашақта шешуі тиіс негізгі міндеттерінің бірі. Адамдардың өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі соңғы бірнеше мың жыл ішінде табиғатты қалай сақтай алатындығы адамның түр ретінде өмір сүруіне байланысты. Ада...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Құрманғазы ауданында туризмді дамыту перспективалары: экологиялық аспект

Тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда адамзат табиғи ресурстардың шегі, экологияның нашарлауы, азық-түлік дағдарысы, Covid-2019 және т. б. сияқты жаһандық проблемаларға тап болуымен байланысты. Туризм –бұл мәселені орындауға үлес қоса алатын экономикан...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Похожие статьи

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналарды бақылау үшін жерді қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану

Берілген мақалада жерді қашықтықтан зондтау деректерінің тиімділігі жайлы баяндалады. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау үлкен проблемаларды шешуде ұтымды пайдаланылуда. Қашықтықтан зондтаудың негізгі артықшылықтары,оны пайдалану барысында басқа...

Биология сабағында оқушыларға жеміс жидектерді сақтаудың биотехнологиялық әдістемелерімен таныстыру

Биоәртүрлілікті сақтау — адамзаттың қазіргі және болашақта шешуі тиіс негізгі міндеттерінің бірі. Адамдардың өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі соңғы бірнеше мың жыл ішінде табиғатты қалай сақтай алатындығы адамның түр ретінде өмір сүруіне байланысты. Ада...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Құрманғазы ауданында туризмді дамыту перспективалары: экологиялық аспект

Тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңда адамзат табиғи ресурстардың шегі, экологияның нашарлауы, азық-түлік дағдарысы, Covid-2019 және т. б. сияқты жаһандық проблемаларға тап болуымен байланысты. Туризм –бұл мәселені орындауға үлес қоса алатын экономикан...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Жамбыл облысының геоэкологиялық жағдайы

Жамбыл облысында шаруашылық қызметтің экологиялық жағдайға әсерінің қарқындылығы соншалық, көптеген келеңсіз процестер қайтымсыз болып, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасы оның өмір сүруіне жарамсыз болуы мүмкін. Қарастырылып отырған аймақта экол...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Задать вопрос