Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (405) март 2022 г.

Дата публикации: 14.03.2022

Статья просмотрена: 90 раз

Библиографическое описание:

Акишева, А. К. Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері / А. К. Акишева, М. Б. Вайсова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 10 (405). — С. 204-208. — URL: https://moluch.ru/archive/405/89337/ (дата обращения: 16.12.2024).

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кедергі жасайды. Дәл білім берудің бастапқы кезеңінде балаларда білім жүйесінің негізі қаланады, олар келесі жылдарда толығады, сонымен бірге ақыл-ой және практикалық операциялар, әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Бұл іргетастың болмауы орта таптардың бағдарламасын меңгеруде шамадан тыс қиындықтарға әкеледі. Соның салдарынан бұл балалар жиі мектептен шығып қалады. Аталған жағдайларды болдырмау үшін тақырып аясында түзету жұмыстарын жүргізудің әдістемесі ұсынылған.

Кілттік сөздер: түзету жұмыстары, практикалық операция, үлгермеушілік, оқу — тәрбие жұмысы, шығармашылық іс — әрекет, ақыл-ой әрекеті, белсенділік.

В статье анализируются причины отставания младших школьников в освоении школьной программы, так как трудности в учебном процессе даже в начальных классах существенно тормозят усвоение ребенком обязательной школьной программы. Именно в начальный период обучения у детей закладывается фундамент системы знаний, которые пополняются в дальнейшие годы, в то же время формируются умственные и практические операции, действия и навыки, без которых невозможны последующие учения и практическая деятельность. Отсутствие этого фундамента приводит к чрезмерным трудностям в овладении программой средних классов. В результате такие дети нередко выпадают из обучения. Во избежание подобных ситуаций предлагается метод коррекционной работы в рамках темы.

Ключевые слова: коррекционная работа, практическая работа, неуспех, воспитательная работа, творческая деятельность, мыслительная деятельность, деятельность.

The article analyzes the reasons for the lag of younger students in mastering the school curriculum, since difficulties in the educational process, even in the primary grades, significantly hinder the child's assimilation of the compulsory school curriculum. It is during the initial period of education that the foundation of a knowledge system is laid in children, which are replenished in subsequent years, at the same time, mental and practical operations, actions and skills are formed, without which subsequent teachings and practical activities are impossible. The absence of this foundation leads to excessive difficulties in mastering the program of the middle classes. As a result, these children often drop out of school. In order to avoid such situations, a method of corrective work within the framework of the topic is proposed.

Key words: correctional work, practical work, failure, educational work, creative activity, mental activity, activity.

Қазіргі кезде білім беру жүйесі мен оның дамуында оқушының жетістігінің маңызы зор. Қазіргі таңда баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуында оның оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістігі басты рөл атқарады. Мектепте білім беру бағдарламалары мен шарттары бірдей болғанымен, оқушылардың барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу, тәрбие мақсаттарына деген көзқарастары, даму деңгейлері ерекшеленеді. Оқу орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуға және олардың нашар үлгерімін дер кезінде жоюға қоғам мен мемлекет жауапты. Мұның көптеген себептері болуы мүмкін [1].

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған оқушылармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады. Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ оқушылардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей. Оқушылармен оқу — тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рөлдік ойында қолдануға болады. Көп назарды оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға назар аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет. Оқушылардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі оқушылардың ақыл-ой ерекшеліктерінің қалыптасқаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды. Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған оқушылар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек [2].

Қазіргі мектептерде оқушылардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті оқушылар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазіргі мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сурет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады [3].

Мұғалімдер оқушылардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады.

1 сурет. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушілігінің себептері

Ең алдымен мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысуы керек (үлгермеу себептерін айқындау, біліміндегі олқылықтардың сипаты) [4].

Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық басқосулар, семинар, тренингтер өткізуі тиіс. Олардың тақырыптары: Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушыларға білім беру үрдісін белсендіру, үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі педұжымның іс — әрекеті және т. б. Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып пікірлер тыңдалып, үлгермеушілік себептері айқындалуы және жеке оқушыны оқытумен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылуы қажет. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл — амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі пікірлер айтылады [5].

2 сурет. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру шарттары

Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек. Оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет. Бірден ескертетініміз: Ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі: Жұмысты орындаудың және аяқталудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер және т. б. [6].

Оқушылардьң өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдері қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсендік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында айырмашылық бар. Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік-дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан оқушылардың жас шамасы қатар болса да, түсінуі, құбылысты қабылдау қабілеттері әр түрлі. Мысалы, біреуі сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, бір нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді бірі самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Өйткені олар әр жанұядан, түрлі дайындықпен келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта азда болса (сабаққа ынтасы төмен) үлгермейтін оқушылар кездеседі. Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу — мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті. Бұл міндетті орындау үшін біріншіден, оқу сапасын арттырып, теория мен практиканы ұштастыра отырып, әр уақытта газет-журналдарда жарияланған методикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, жаңашылдар әдісін өз сабағында мүмкіндігінше пайдалану қажет. Екіншіден, әр оқушының өзіндік ерекшелігін, тұрмыс жағдайын ескеріп ата-анасымен тығыз байланыс жасаймыз.

Сонымен бірге, оқушыны зерттеп, олардың білімдерін есепке алуды басты мақсат еттік. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде мынадай ұйымдастыру шараларының көп көмегі тиді. Топқа бөліп оқыту әдісін жиі пайдаланамыз. Оқыған оқушылардың мінез-құлқы, ынтасы, білім деңгейі өзімізге белгілі. Сол қорытынды бойынша оқушыларды топқа бөлеміз.

1 топ — өте жақсы;

2 топ — жақсы, 3 топ — орташа,

4 топ — үлгерім дәрежесі төмен оқушылар.

Жоғары үш топпен жүргізілетін жұмысқа тоқталмай, соңғы білім дәрежесі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түріне тоқталмақпыз.

1-сыныпта оқытудың басты міндеті оқушыларды оқуға жазуға және санауға үйрету. Басқа жұмыстар осы мәселелерге негізделіп жүргізіледі. Бұл топта төрт оқушы бар. Екеуі даярлықта оқымаған. Осы төрт оқушының біреуі әліппеден де, математикадан да нашар. Мерейлім деген оқушы өткен дыбысты, санды менімен қосылып айтады, сәлден кейін сұрасам ұмытып қалады. Осы оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземіз.

1. Сабақ үстінде:

а) үлгерімі төмен оқушылардан жиіжиі сұрау, сабақ үстінде оларға барынша мүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, оңтайландыру, сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру;

ә) жолдастарының берген дұрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру.

б) сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру.

2. Сабақтан тыс уақыттарда:

а) өзіндік жұмыстың пайдасы көп, оқушыларға жеңілдетілген үлестірмелер, қызықты тапсырмалар беріп, көбірек сөзге, іске тартып белсенділігін арттыру.

Мысалы: Әліппе кезеңі — сауат ашудың негізгі кезеңі. Бұл кезеңде оқушы оқу мен жазуды жүзеге асырады. Осыған орай үлгерім дәрежесі төмен оқушыларға тапсырманы жеңілден бастап біртіндеп күрделендіру көзделеді. Ұлы педагог К. Д. Ушинский: — Егер сіз бір сөз айтудың өзі қиын соғатын сыныпқа кірсеңіз, жұмысыңызды сурет көрсетуден бастаңыз, сонда сынып сөйлей жөнеледі, — дейді.

Оқушыларға, әсіресе үндемейтін, тұйық оқушыға суреттің, суретті үлестірмелердің әсері зор. Суретті бала көзімен көріп, көңіліне тоқиды, сол заттардың түсін, бейнесін есіне сақтайды. С. Н. Лысенкованың істәжірибесінен тірек схемасын пайдалана отырып, сөйлем құрату. Бұл оқушыны — қателесіп қаламын ба, не — артық сөз айттым ба?, — деген сезіктенуден сақтайды, оқушыларды дәл ойлауға бағыттайды.

  1. Үлестірме бойынша суретке қарап үш сөзден тұратын сөйлем құрайды.
  2. Әр заттың бастапқы дыбысын астындағы тор көзге жазып, шыққан сөзді оқып дауысты дыбысты атау.
  3. Әуелі суреттегі затты атайды. Бірінші қандай дыбыс екенін біліп, орын ауысқан дыбыстарды реттеп дұрыс құрап шығуы керек [7].

Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары оларды шығармашылық іс — әрекетке баулу қажет екенін деп қорытындылаймыз. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.

Әдебиет:

  1. Бабаев С. Бастауыш мектеп педагогикасы.- Алматы, 2007
  2. Ананьев Б. Г. Развитие детей в процессе начального обучения и воспитания. — В кн.: Проблемы обучения и воспитания в начальной школе. — М.: Учпедгиз, 2000
  3. Бабанский Ю. К. Об изучении причин неуспеваемости школьников // Советская педагогика. — № 1. — 2002
  4. Бабанский Ю. К. Школа, семья и общественность в предупреждении неуспеваемости школьников. — М., 2002
  5. Белкин А. С. Начальные формы педагогической запущенности у младших школьников. // Начальная школа, 2006
  6. Педагогикалық және жас ерекшелік психология./ Редакцияны басқарған А. В. Петровский.- Алматы, 1987
  7. Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. А., 2001
  8. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. А. Айнақұлова. / Бастауыш мектеп, № 1, 2007
Основные термины (генерируются автоматически): мена, коррекционная работа, Начальная школа, оса.

Ключевые слова

түзету жұмыстары, практикалық операция, үлгермеушілік, оқу — тәрбие жұмысы, шығармашылық іс — әрекет, ақыл-ой әрекеті, белсенділік

Похожие статьи

Оқушылардың этикалық мінез құлқының ерекшеліктері

Бұл мақалада оқушылардың талапқа сай болуы, мінез құлықтың ерекшеліктері, мінез құлықтың этикалық бағыты қарастырылды. Этикалық мінез құлықтың қалыптасу барысы мен орындалу әрекеттері тұрғысынан зерттеу жүргізілді. Этикалық мінез құлықтың оқушы бойын...

Тілдік мектеп орталықтарда ағылшын тілі сабағында студенттердің және тыңдаушылардың оқыту процесінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Бұл мақалада, көптеген дамыту үшін тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарында. Сонымен қатар, тыңдаушыларды шет тілін үйренуге бей-жай қалдырмауға мүмкіндік бермейтін сабақтан тыс қызметте сабақ қызықты, жандырақ және әр түрлі е...

Оқу нәтижелерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру өлшемдері

Мектеп тарихында білімді қатаң жеке есепке алу жүзеге асырылған және осы мәселе бойынша алғашқы маңызды ғылыми жұмыстар пайда болған сәттен бастап білімді тексеру және бағалау үш негізгі функцияны атқаратыны анықталды: бақылау, оқыту және тәрбиелеу. ...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Есепке жатқызуды қолдануға шектеу қойылған жағдайлар

Мақалада міндеттемелерді есепке жатқызуға заңмен қойылған шектеулер қарастырылып, аталмыш әдіс қолданылмайтын жағдайлар бойынша талдау жасалынған. Мақаланы жазу барысында міндеттемелік құқық саласындағы әдебиеттер мен заңнамалық нормалар қарастырылға...

Жоғары оқу орындарына басқару еркіндігін беру

Бұл мақалада персоналды басқарудың педагогикалық жағдайларын талдау, білім беру мекемесінің жұмыс істеу ерекшелігі, және жүзеге асырылатын оқытушылық функциялар қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны еліміздің жоғары оқу орындарына білім берудің б...

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысаналарды бақылау үшін жерді қашықтықтан зондтау әдісін пайдалану

Берілген мақалада жерді қашықтықтан зондтау деректерінің тиімділігі жайлы баяндалады. Қазіргі таңда жерді қашықтықтан зондтау үлкен проблемаларды шешуде ұтымды пайдаланылуда. Қашықтықтан зондтаудың негізгі артықшылықтары,оны пайдалану барысында басқа...

Шет тілін оқытудағы тұлғаға бағытталған әдіс

Бұл жұмыстың өзектілігі жоғары білім беру жүйесінің өзгеру жағдайларына байланысты. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандардың қажеттілігі, өсіп келе жатқан қоғамның қажеттіліктерімен байланысты. Шет тілі сабақтарында тұлғаға бағытталған әдісті қолдану за...

Университеттің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлеу

Ақпараттық жүйелер көбінесе әртүрлі қауіп-қатерлерге ұшырайды, бұл әр түрлі шығындарға және де айтарлықтай қаржылық шығындарға әкеп соғуы мүмкін. Ақпараттық қауіпсіздікке келтірілген залал аз шығындардан бастап, ақпараттық жүйенің толық жойылуына дей...

Задать вопрос