Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқыту әдістемесінің өзгеруі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №10 (405) март 2022 г.

Дата публикации: 11.03.2022

Статья просмотрена: 2568 раз

Библиографическое описание:

Ниязова, Г. Ж. Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқыту әдістемесінің өзгеруі / Г. Ж. Ниязова, У. А. Турсынбеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 10 (405). — С. 212-214. — URL: https://moluch.ru/archive/405/89326/ (дата обращения: 16.11.2024).

Мақалада білім беруде цифрлық технологиялардың оқытуды жақсарту мүмкіндіктері мазмұндалған. Цифрлық технологиялар арқылы электронды оқыту технологиясының түрленуі мен дамуы жағдайлары қарастырылған. Сонымен қатар, оқытудың әдістемелік жүйесінің дәстүрлі элементтерінің цифрлық технологиялар арқылы түрленуі негізделген.

Кілтті сөздер: цифрлық технологиялар, білім беру, электронды оқыту, оқыту әдістемесі.

В статье изложены возможности цифровых технологий в образовании для улучшения обучения. Рассмотрены условия трансформации и развития технологий электронного обучения посредством цифровых технологий. Кроме того, обоснована трансформация традиционных элементов методической системы обучения посредством цифровых технологий.

Ключевые слова: цифровые технологии, образование, электронное обучение, методика обучения.

Қазақстан Республикасында 2017 жылы қабылданған «Пeдагогтің кәсіби стандарты» [1] педагогтің еңбек қызметінің бағыты көрсетілген: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4)зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік. Педагогтің аталған еңбек қызметін жоғары кәсіби біліктілікпен іске асыруы білім берудегі әлемдік озық тәжірибелерді белсенді әрі оңтайлы үйлестіре іске асыруын талап етеді. Бұл өз кезегінде «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында қойылған «...мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету» міндеттін іке асырудың кепілі [2].

Аталған міндетті іске асырудың маңыздылығы білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында аса өзекті болып табылады.

Білім берудің цифрлық трансформациясы Индустрия 4.0 төртінші индустриялық революция өнеркәсіптік революциясымен тікелей байланысты. «Төртінші индустриялық революция кезінде цифрлық байланыс арналарымен және технологиялық бағдарламалармен жабдықталған коммуникациялар қоғамды түбегейлі өзгертеді. Оның әсер ету аймағы мен жылдамдығы — адамзат тарихындағы басқа өнеркәсіптік революцияларға ұқсамайтын ерекше өзгерістер алып келеді» [3]. Бұл өзгерістер білім беру жүйесіне, оқыту әдістемесіне тікелей ықпал етеді және өзгерістерге ұшыратады. Атап айтқанда, білімнің кез-келген уақытта кез-келген жерде қолжетімділігін қамсыздандырудың тиімді оқыту технологияларын іске қосады. Бұл оқыту технологияларын түбегейлі жаңа деп айтуға болмайды, дәстүрлі оқыту технологияларының заманауи цифрлық технологиялардың педагогикалық әлеуеті арқылы жетілдірілуі әрі жаңара толығуы деп тұжырымдауға болады.

Қазіргі білім беру кеңістігіне тән бірқатар сипаттамаларды айқындауға болады: бұқара халықтың түрлі әлеуметтік, кәсіби, демографиялық топтарының қажеттіліктеріне бағытталу; білім беру қызметінің нәтижелеріне білім алушылардың жеке жауапкершілігі; лайықты жеке Өмір үшін қолайлы алғышарттарды, сондай-ақ қоғамдық және еңбек қызметіне табысты қатысуды қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді дамыту; қазіргі әлемнің тез өзгеретін жағдайларында ұтқырлықты дамыту; оқытуды ұйымдастыру мен әдістеріндегі икемділік [4].

Ұлттың мәдени кодының басым бөлігін анықтайтын білім берудің барлық түрлері алуан түрлі сипатпен адамның бүкіл өмірі бойында орын алады. Формальды және информальды білім беру түрлерін шартты түрде компенсаторлық, бейімдеушілік, дамытушы функцияларды бөлуге болады. Осы функцияларды атқаруда цифрлық технологиялардың ақпарат жинау, тасымалдау мен тарату потенциалымен білім беру қазіргі кезде бұрын соңды болмаған мүмкіндіктерге ие болуда.

Білім беруде цифрлық технологияларды қолдану білім алушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, оқытуды жекелендіруге және сабақтың техникалық қамсыздандырылуын жоғарылатуға, оқу-танымдық іс-әрекет түрлеріне сәйкес білім беру контенттерін қалыптастыруға, атап айтқанда, білімді меңгерудің нәтижелерін жылдам тексеру мен бақылауға, кері байланыс орнатуға, үлкен көлемдегі білім мазмұнын ықшам және ыңғайлы құрылымда ұсынуға, білім алушылардың өзбетіндік зерттеушілік қызметін белсендіруге, сабақтардың практикалық бағыттылығын арттыруға, оқу мазмұнын меңгертуді визуальды қабылдауды белсенді ету арқылы жеңілдетуге, білім алушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық іс әрекеттерін күшейтуге мүмкіндіктер береді.

Бұл педагогиканың жаңа бағыты цифрлық педагогиканың жедел дамуымен, цифрлық педагогиканың пәндік аумағы туралы алуан түрлі зерттеулердің артуымен негізделеді.

Цифрлық педагогика цифрлық білім берудің мәнін, заңдылықтарын, жеке тұлғаның дамуындағы цифрландырылған білім беру процестерінің рөлін ашатын, олардың нәтижелілігін арттырудың практикалық жолдары мен тәсілдерін әзірлейтін ғылым саласы ретінде пайда болды.

«Цифрлық педагогика» деп «жаңа педагогиканы» — білім берудің мәнін, заңдылықтарын, оның тұлғаны дамытудағы рөлін ашатын, педагогикалық процесті орталықсыздандыру, оны білім алушының қызметіне қайта бағдарлау, оның дербестігі мен академиялық ұтқырлығы мақсатында ашық білім беру ресурстарының, ақпараттық технологиялардың көмегімен білім беру процестерінің нәтижелілігін арттырудың практикалық жолдары мен тәсілдерін әзірлейтін педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі ғылыми білім саласы деп түсіну қажет [5].

Цифрлық технологиялардың мұғалім қызметін өзгерту мүмкіндіктері мен дәстүрлі оқыту элементтерінің цифрлық трансформациясы электронды оқытудың жаңа типтерінің дамуына ықпал етті (сурет 1).

Сурет 1. Электронды оқыту типтері

Цифрлық технологиялардың білім беруде қолданылуы әлеуеті мұғалім қызметі сипатының дамуына зор ықпал етіп, «білімде шекара жоқ» деген тұжырымды ақиқатқа айналдырды (сурет 2).

Сурет 2. Цифрлық технологиялардың мұғалім қызметін өзгерту мүмкіндіктері

Енді белсенді қолданылатын оқытудың әдістемелік жүйесінің дәстүрлі элементтерінің бірқатарының цифрлық технологиялар арқылы түрленуі іске асуда (кесте 1).

Кесте 1

Дәстүрлі оқыту элементтерінің цифрлық трансформациясы

p/c

Дәстүрлі оқыту элементтері

Цифрлық технологиялар арқылы түрленуі

1

Семинар

Вебинар, Аудио-, видео-, телеконференциялар

2

Пікірталас

Форум, чат, электронды пошта

3

Сторителлинг

Цифрлық сторителлинг

4

Ойын технологиясы

Геймификация

5

Квест

Веб-квест

6

Тақта

Онлайн тақта

7

Зертхана

Виртуалды зертхана

8

Графика

Инфографика

9

Ментальды карталар

Онлайн ментальды карталар

10

Оқулық

Электронды оқулық

11

Кітапхана

Электронды кітапхана

Қорыта айтқанда, білім беруді цифрландырудың даму қарқыны электронды оқыту жолындағы кедергілерді жойып, онлайн/офлайн білім беру форматтары арасында өзара кірігу үдерісіне әкелді дәне аралас оқытудң өзектілігін көрсетті.

Білім берудің цифрлық трансформациясы оқуға ынталандыру, шешім қабылдаудың тиімді шарттары, білім беру мазмұнын ұсынудың жаңа мүмкіндіктері, оқытудың мақсатында білім меңгертудің практикалық іс-әрекетке бағдарлануы, қолжетімді білім беру жүйесін құру, білім беруді білім алушының сұранысына бейімдейге қабілетті икемді білім беру ортасын дамыту, білім мазмұнындағы құбылыстар мен процестерді визуализациялау, оқу іс-әрекетін геймификациялау маңыздылығын айқындайды.

Әдебиет:

  1. Педагогтің кәсіби стандарты. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша. -133 б. https://atameken.kz
  2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726
  3. Клаус Ш. Төртінші индустриялық революция. — Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл. — 200 б.
  4. Караваев Н. Л. Совершенствование методологии геймификации учебного процесса в цифровой образовательной среде: [монография] / Н. Л. Караваев, Е. В. Соболева. — Киров: Вятский государственный университет, 2019. — 105 с.
  5. Илалтдинова Е. Ю., Беляева Т. К., Лебедева И. В. Цифровая педагогика: особенности эволюции термина в категориально-понятийном аппарате педагогики // Перспективы науки и образования. 2019. № 4 (40). С. 33–43. doi: 10.32744/pse.2019.4.3
Основные термины (генерируются автоматически): мена, электронное обучение.

Ключевые слова

цифрлық технологиялар, білім беру, электронды оқыту, оқыту әдістемесі

Похожие статьи

Оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану

Бұл мақалада оқытудағы цифрлық білім беру ресурстарының өзектілігі талқыланған. Цифрлық оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас болағанымен, уақытты тиімді, әрі жаңа білімді алуда мәліметтердің толықтығы игеріледі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру кезіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі әлемде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет халықпен өзара тиімді әрекеттесуі үшін бұл құралды пайдалануға тиіс. Мақалада мемлекеттік аппараттың АКТ-ны пайдалану түрлері мен тәсілдер...

Мембраналық технологияларды қолдана отырып, ауыз су сапасын дайындау жүйелерін әзірлеу

Бұл мақалада тазарту үшін мембраналық технологияларды қолдану, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылады. Ауыз суды тазарту технологиясының схемасын жетілдіруге арналған ұсыныс қарастырылды. Ауыз суды дайындауда мем...

Жоғары оқу орындарында цифрлық ізді пайдалану мүмкіндіктері

Мақалада «цифрлық із» және «үлкен деректер» ұғымдары білім беру процесін жетілдіру мақсатында мониторинг контекстінде талданады. Жоғары білім беру жүйесінде цифрлық ізді пайдаланудың ықтимал бағыттары қарастырылған. Авторлар цифрлық ізді жаһандық ақп...

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңартылған білім беру мазмұны негізіндегі STEM технологиясы

Бұл мақалада қазіргі таңдағы білім мазмұнының жаңаруына байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру процесінің трансформациялануы жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларын іске асыру мен STEM білім беру жүйесін қолданудың ти...

Эко-қалаларды дамытудың шетелдік тәжірибесі

Экологиялық қаланың дамуына негізделген негізгі принциптер қарастырылады, экологиялық қалалардың жіктелуі және әлемнің әртүрлі елдеріндегі белсенді экологиялық қалалардың кейбір мысалдары, соның ішінде Куритиба, Йокогама және басқалары зерттелді. Жұм...

Тұрғын үй ғимараттарының пәтерлік жылыту жүйесі

Мақалада орталықтандырылған жылу жүйесінің жылу тиімділігін арттырудың негізгі шаралары, қайталама тұрғын үй қорындағы көпқабатты үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылған әдісі қарастырылған.

Linux-сервердің негізгі қауіпсіздік тәсілдері

Қазіргі күні Linux операциялық жүйелерінде алуан түрлі сервелер орнатылады. Серверлерді желіге қосқаннан бастап қауіпсіз ортаға тап болады. Сканерлер мен түрлі боттар сервелерді анықтап, оның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін осалдылықтармен қате бапта...

Оқу үрдісінде аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі

Мақалада қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын дамытудың рөлі негізделеді. Яғни, сабақ барысында оқушылардың аналитикалық ойлау жүйесін дамыта отырып, бірнеше маңызды дағдыларға үйрету. Аналитикалық ойлаудың ерекшелік...

Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын қолданудың педагогикалық мәселелері

Бұл тақырыптың өзектілігі ойындар балалардың қоршаған әлемді тануының, шығармашылық дамуының әмбебап құралы болып табылады. Өйткені олар ойын мен оқуды біріктіреді. Бастауыш мектептегі ойын-бұл мұғалімнің іс-әрекеті мен баланың қажеттіліктерінің қиыл...

Задать вопрос