Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Арынгазина, А. Ж. Бұқашықтарды жайып семіртудің және бордақылаудың нәтижелері / А. Ж. Арынгазина, К. Х. Нуржанова, Б. С. Ахметова, Диляра Ахметова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 9 (404). — С. 235-238. — URL: https://moluch.ru/archive/404/89211/ (дата обращения: 24.04.2024).



Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізіліп, мақалада бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдану нәтижелері келтірілген.

Кілтті сөздер: бұқашық, тұқым, өсу, даму, бордақылау.

В статье приведены результаты применения технологии нагула и откорма бычков. Исследования были проведены в крестьянском хозяйстве «Нур» Восточно-Казахстанской области.

Ключевые слова: бычок, порода, рост, развитие, откорм.

Етті ірі қара мал тұқымдары ет өнімділігінің жоғарылығымен, етінің сапалылығымен, тез өсіп жетілгіштігімен және оларға жұмсалатын азықтың толықтай қайтарылымымен ерекшеленеді. Оларды сойғанда халықаралық стандартқа сәйкес келетін ауыр салмақты ұша, әрі ауыр тері шикізаты алынады. Кейінгі кезде, біздің елімізде шетелдерден асылтұқымды етті бағыттағы ірі қара малын сатып алу, шет елдік қожалықтармен байланысып, фермерлермен біріге жұмыс істеу іске асырылып, жақсы жолға қойылған.

Елімізде шығарылған отандық етті ірі қара мал тұқымдарының, шет елдегі етті ірі қара мал тұқымдарына қарағанда өнімділік көрсеткіштерінің төмен болу себебі оларды толыққанды азықтандыра алмай отырғандығымызда. Егерде, оларды шет елдегідей құнарлы азықпен тойдыра азықтандыратын болсақ, 8–15 айлық бұқашықтар тәулігіне 1000 г аса салмақ қосатыны анық. Сондықтан да, мал өсіру үшін, ең алдымен, оған жағдай жасап, осы малға қажетті азықтың барлық түрімен барынша қамтамасыз етіп, қарқынды өсірудің жолын қарастыру керек. Сонда ғана отандық малдың тұқымдық әлеуеті молынан ашылады [1].

Біз Шығыс Қазақстан облысы «Нұр» шаруа қожалығында (ШҚ)зерттеулер жүргізу барысында қазақтың ақбас және абердин-ангус тұқымды малдарының бұқашықтарын 4 топқа (I — қазақтың ақбас тұқымы (бордақылау), II — абердин-ангус (бордақылау), III — қазақтың ақбас тұқымы (жайып семірту), IV — абердин-ангус (жайып семірту) бөліп бордақылау және жайып-семірту технологияларын қолдандық.

Малды таңертең ерте және кешкі мезгілдерде шаруашылық кестесі бойынша жаяды, әрі жайылым жерлерін ауыстырып тұрады. Арасында мал дем алатын орындарды және суаратын жерлерді белгілейді. Дем алатын жерлерде мал басына есептеп 50–10 г-нан тұз және минералды заттарды астауға қойып таратады. Жайылым азайған кезде немесе күйген мезгілдерінде малға қосымша екпелі көк майса беруді ұйымдастырады, жайылымның соңында әр малға 1 кг-нан 3 кг-ға дейін жем береді. Күйі төмен малдарды бордақылауға қояды .

Төлдің тірі салмағын туғаннан бастап алғашқы ұрықтандыру кезіне дейін, дене өлшемдерін туғаннан бастап 6 айға дейін ай сайын, ал одан кейін ұрықтандыру жасына дейін 3 ай сайын анықтайды. Салмақтық әдісті қолдану кезінде абсолютті, орташа тәуліктік және қатынасты өсімдерді есептейді.

1 кестеде 12 айлық жасынан 15 айлық жасына дейінгі аралықта бұқашықтардың тірі салмақтарының өсуі көрсетілген.

Кесте 1

«Нұр» ШҚ 12 айлығынан 15 айлығына дейінгі бұқашықтардың тірілей салмағынының динамикасы

Жасы, ай

Топ

І

ІІ

ІІІ

IV

M ±m м

M ±m м

M ±m м

M ±m м

12

300,6±11,03

8,35

3,20

295,6±14,5

8,21

1,75

301,3±12,9

8,37

1,88

298,4±16,4

8,29

4,3

15

389,6±14,02

8,65

1,09

401,0±12,2

8,91

2,61

373,3±10,1

8,29

4,31

395,4±12,3

8,79

2,8

12–15 айларында бұқашықтардың тірілей салмағы I топта — 300,6–389,6 кг; II топ — 295,6–401,0 кг болды; III — топтың тірілей салмағы — 301,3–373,3; IV топ — 298,4–395,4 кг құрайды.

2 кестеде жайылымдағы және бордақыдағы бұқашықтардың абсолюттік салмақ қосу және орташа тәуліктік салмақ қосуы келтерілген.

Кесте 2

Жайылымдағы және бордақыдағы бұқашықтардың салмақ қосу көрсеткіштері

3 ай ішінде қосқан салмақ көрсеткіштері

Топ

I

II

III

IV

абсолюттік, кг

89

105,4

72

97

орташа тәуліктік, кг

9,89

1,71

0,8

0,78

салыстырмалы, %

33,3

38,5

33,3

38,5

Жайылымдағы және бордақыдағы бұқашықтардың салмақ қосуы бойынша II-ші топ ең жоғарғы көрсеткіш көрсетті.

Ірі қара малының төлін өсірудегі негізгі мақсат — тез өсіп жақсы жетілетін, дене тұлғасы мықты сиырлар өсіру. Оны іске асыру үшін әр шаруашылықта табиғи және экономикалық жағдайы, жемшөп қорын ескере отырып ғылыми негізделген төл өсіріп жетілдіру жүйесі белгіленеді. Алғашқы 8 айда (ет бағытындағы тұқымдар үшін) ол бұзауды азықтандыру жобасына негізделеді. Ірі қара төлінің өсуі 2–3, ал ал жетілуі 4–5 жасында аяқталады. Осы уақытта олардың жетілуінің биологиялық заңдылықтарын жете ескере отырып, жоғары өнімді сиыр өсіру керек. Оны іске асыру үшін азықтандыруды тұқымдық ерекшеліктері өсіру бағыты мен сақайғандағы тірілей салмағына жеткізетін өсу жоспарына сәйкестендіріледі. Сақа болғандағы тірі салмағы 500–550 кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің алғашқы 6 айдағы орташа тәуліктік салмақ қосымы 650–700 г, 7–12 айлығында — 550–600 г, 18 айлығында — 345 кг жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бұдан да жоғары (850–950 г) орташа тәуліктік салмақ қосуын жоспарлап, 16 айлығында тірілей салмағын 450–500 кг жеткізеді.

Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп — дамып келе жатқан төл организімінің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады.

3 кестеде «Нұр» ШҚпайдаланылатын бұзаулардың рацион құрылымы келтіріліген.

Кесте 3

«Нұр» ШҚ бұзаулардың рацион құрылымы

Көрсеткіштер

Жасы, ай

8–12

13–15

аралас шөп

4–5

5–6

арпа сабаны

4–5

5–6

концентраттар, дәнді дақылдар қоспасы

2

3

витаминді-минеральді премикс

0,08

0,10

рациондағы азық өлшем бірлігі

5,0–5,5

6,0–6,5

қорытылатын протеин

685–741

741–792

қорытылатын протеин 1 а.ө

120–122

109–110

8–15 айлық жасында зерттеудегі бұқашықтардың салмағы 212–389 кг шамасында болды. Жайып семірту барасында оларға тәулігіне 30 кг аралас шөп пен дәнді шалғын балаусамен азықтандырылып, салмағына байланысты нормаға 8,1 көлеміндегі азық өлшем бірлігімен қамтамасыз етілді. «Нұр» ШҚ жаздық жайылым маусымының соңында салмағы шамамен бұқашықтарға тәулігіне жиыны 8,1 а.ө.б. құрайтын азық беріледі. Берілген 8,1 а.ө.б көлеміндегі азық құрамында алмасу энергиясы 92,4 МДж, 900 г қорытылатын протеин.

Азықтандыру деңгейін 15 %-ке көбейту және теңестіру арқылы ірі қара етін өндіру бордақылаумен аяқталады. Нәтижесінде малдың тірі салмағы жоғарылап, семіздігі жақсарып, еті сапалы болады. Бордақылаудан өткен малдардың шығымы 55–60 % және одан көп болады да, дәмділігі жақсарады. Бордақылаудың нәтижесі ірі қара малының байланысты, әсіресе рациондағы қант пен протеин «өз ара» қатынасының да маңызы зор.

Малдың жасына қарай бордақылаудың өзінше ерекшеліктері болады, ет ұлпасының бітуі және қалыптасуы олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, май ұлпасы көбінесі сақа уақытында көбірек бітеді. Сондықтан бордақылауды бірнеше кезеңге бөледі. Оған: 13–15 айға дейінгі, 18–20 айға дейінгі, 2 жастан жоғары (бракка шыққан сиырлар, бұқашықтар, өгіздер) малдар жатады. 13–15 айдағы жас малдарды қарқынды өсіріп, содан кейін бордақылайды, олардың тірі салмағы 420–450 кг-нан кем болмауы қажет, ал 18–20-айлық жас малдардың салмағы 340–360 кг болғанда, оларды 3 айлық бордақылауға қойып, тәулігіне 900–1000 г салмаққа жеткізіп, олардың сатар алдындағы салмағы 430–470 кг жетуі қажет, ет шығымы 56–60 % -ға жетуі тиіс. Осындай бордақылау мезгілдерінде рациондағы жемнің үлесі 30–35 %-ға жетеді. Тірі малдарды 2–3 айдай бордақыласа, олардың тәуліктік қосатын салмағы 900–1000 г жетуі тиісті және осы уақытта 60–90 кг салмақ қосады. Малдардың жасына, жынысына және тірі салмағына байланысты азықтандыру рационың құрастырады. Мал рационы жан-жақты сапалы болуы қажет. Барлық, бордақылау кезіндегі жұмыстар, әсіресе мал азығын тарату және қораны тазалау механизация тәсілімен өтеді.

Етті ірі қара мал шаруашылығында ет өндірудің ең өзекті мәселелерінің бірі, ол ең қажетті, ең ыңғайлы технологияны ұйымдастыра білуде болып отыр. Азықпен толықтай қамтамасыз етіп, ұдайы, қарқынды үдемелі түрде бағып өсіргенде ғана етті ірі қара мал тұқымдарының өзіне тән ет өнімділігін, ет шығымын арттыруға және ет сапасын толығымен жақсартуға болады. Табиғи жайылымдарды толығымен пайдалану, жас малды «бір қыс, екі жаз» негізінде бағып-өсіру, жайып-семірту, соңынан қарқынды түрде бордақылау малдың ет өнімділігінің көбеюіне әсерін тигізеді. Мамандандырылған етті ірі қарамал шаруашылығында «сиыр-бұзау» технологиясының маңызы өте зор [2]. Бұл технология бойынша сиырды бұзау алу үшін және алынған бұзауларды 6–8-айлығына дейін өз енелерінің бауырында ене сүтімен емін-еркін емізіп жетілдіріп, содан кейін енесінен бөліп, арнайы азық рационымен азықтандырып өсіріп, жайып-семіртіп, соңынан қарқынды бордақылау үшін пайдаланады. Елімізде бордақылаудың екі түрлі технологиясы пайдаланылады. Біріншісі — жоғары қарқынды үдемелі технология. Бұл технология бойынша энергиясы жоғары азық құрамын пайдалана отырып еркек бұзауларды енесінен бөліп, суалтқаннан соң бірден қарқынды бордақылауға қояды да, 15–16 айлығында тірілей салмақтары 450–480 кг жеткенде етке өткізеді. Мұндай жағдайда бұқашықтардың орташа тәуліктік салмақ қосуы 900–1000 г-нан кем болмайды.

Бордақылау алаңдарына мал топтарын жасына, тірілей салмақтарына, қоңдылықтарына қарай біркелкі малдан топтастырады. Екінші технология — жас малды қыс мезгілінде күтіп-бағып жетілдіруге бағытталған. Бұл технология бойынша еркек бұзаулар 3–5 айлық кезінде піштіріледі. Жас малдың орташа тәуліктік салмақ қосуы 800–900 г болуы қажет.

Сонымен, жайылымдық маусым басталысымен бұзауларды жақсы жайылымдарға шығарып жайып, жайылым шөптерін толығымен пайдаланады. Сиыр етін өндірудің бұл технологиясы тиімді деп есептелінеді, өйткені шаруашылықтарда жас мал екі жаз бойы табиғи жайылымдардың арзан көк балауса шөбімен қоректеніп өседі, оларға көп шығын жұмсалмайды, осыған байланысты сиыр етінің өзіндік құны төмендеп, жас малдың тірілей салмақтары 500–600 кг-ға дейін жетеді.

Әдебиет:

  1. Ибраева Р. М., Корабаев Ж. З., Мухаметжанова О. Т., Ахметова Б. С., Жанадилов А. Ю. Живая масса, рост и развитие бычков казахской белоголовой, герефордской и их помесей в условиях «Агрофирма «Dinara-Ranch» //Козыбаевские чтения — 2021: новые подходы и современные взгляды на развитие образования и науки: Материалы международной научно-практической конференции, 2021, С.58–65.
  2. Бегімбеков Қ.Н., Төрехан А.Ә., Байжұманов. Б. Б. Мал өсіру және селекция. — Алматы: Бастау, 2006. — 590 б.
Основные термины (генерируются автоматически): III, топ.


Ключевые слова

даму, бұқашық, тұқым, өсу, бордақылау

Похожие статьи

Преимущества и недостатки перевозок грузов в контейнерах...

Контейнер Open-Top представляет собой контейнер со съемной крышей.

В мировой практике Open-Top используют для перевозки труб, оборудования, некоторых видов насыпных грузов и...

Методические основы анализа конкурентной среды, измерения...

III тип – низкоконцентрированные рынки: при CR-3 < 45%; HHI < 1000.

рынков применяются коэффициенты концентрации капитала в доле от общего рынка для одной компании (топ.

Установление половой принадлежности черепа человека по...

Высотный диаметр (III). Длина основания черепа (IV). Наименьшая ширина лба (V).

Основные термины (генерируются автоматически): III, затылочное отверстие, нижняя челюсть, показатель...

Неоакадемизм у истоков компьютерного искусства в России

III международная научная конференция «Культурология и искусствоведение» (Санкт-Петербург, июль 2017). живопись Индии...

Технология широкополосного беспроводного доступа

В статье рассматриваются возможности технологии широкополосного беспроводного доступа в сетях WiMAX...

Сравнительная характеристика японского, американского...

III. Контроль деятельности работников. Контроль, то есть процесс обеспечения достижения организацией своих целей – самая важная функция менеджмента.

Ухудшение российско-германских отношений при Александре III...

Александр III выступал миротворцем в набирающем обороты конфликте между Францией и Германией.

Александр III вел более прямолинейную политику, нежели германский канцлер.

Влияние цифровых технологий на развитие предприятий

...7 %. А 37 % топ-менеджеров констатировали, что в их компаниях инновационные

экономики: прогнозы и реальность: сборник научных трудов III Международной научно-практической...

Классификация ядов и их влияние на организм | Статья в журнале...

В статье рассмотрено огромное значение ядов в истории человечества. За многие столетия люди открыли и изучили достаточное количество отравляющих веществ, распределили их в...

Похожие статьи

Преимущества и недостатки перевозок грузов в контейнерах...

Контейнер Open-Top представляет собой контейнер со съемной крышей.

В мировой практике Open-Top используют для перевозки труб, оборудования, некоторых видов насыпных грузов и...

Методические основы анализа конкурентной среды, измерения...

III тип – низкоконцентрированные рынки: при CR-3 < 45%; HHI < 1000.

рынков применяются коэффициенты концентрации капитала в доле от общего рынка для одной компании (топ.

Установление половой принадлежности черепа человека по...

Высотный диаметр (III). Длина основания черепа (IV). Наименьшая ширина лба (V).

Основные термины (генерируются автоматически): III, затылочное отверстие, нижняя челюсть, показатель...

Неоакадемизм у истоков компьютерного искусства в России

III международная научная конференция «Культурология и искусствоведение» (Санкт-Петербург, июль 2017). живопись Индии...

Технология широкополосного беспроводного доступа

В статье рассматриваются возможности технологии широкополосного беспроводного доступа в сетях WiMAX...

Сравнительная характеристика японского, американского...

III. Контроль деятельности работников. Контроль, то есть процесс обеспечения достижения организацией своих целей – самая важная функция менеджмента.

Ухудшение российско-германских отношений при Александре III...

Александр III выступал миротворцем в набирающем обороты конфликте между Францией и Германией.

Александр III вел более прямолинейную политику, нежели германский канцлер.

Влияние цифровых технологий на развитие предприятий

...7 %. А 37 % топ-менеджеров констатировали, что в их компаниях инновационные

экономики: прогнозы и реальность: сборник научных трудов III Международной научно-практической...

Классификация ядов и их влияние на организм | Статья в журнале...

В статье рассмотрено огромное значение ядов в истории человечества. За многие столетия люди открыли и изучили достаточное количество отравляющих веществ, распределили их в...

Задать вопрос