Есепке жатқызуды қолданудың алғышарттары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №9 (404) март 2022 г.

Дата публикации: 05.03.2022

Статья просмотрена: 33 раза

Библиографическое описание:

Карипова, А. И. Есепке жатқызуды қолданудың алғышарттары / А. И. Карипова, Г. Б. Патшахан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 9 (404). — С. 242-245. — URL: https://moluch.ru/archive/404/89066/ (дата обращения: 16.12.2024).



Бұл мақалада автор міндеттемені тоқтату тәсілінің бірі ретінде танылатын міндеттемелерді есепке жатқызу тәсілін қолданудың алғышарттарын, яғни міндеттемелердің біртектілігі, тараптардың өзара қарама-қарсы талаптарының болуы, міндеттемені орындау мерзімінің сәкес келуі шарттарын қарастырған.

Мақаланы жазу барысында заң ғылымының үздік өкілдерінің жалпы міндеттемелер мен оларды тоқтату әдістері туралы бүгінгі күнге дейін жазылған зерттеу жұмыстары талданып, мақалалары қарастырылған. Сонымен қатар мақалада басты назар Қазақстан Республикасының сот жүйесінде орын алған міндеттемелерді тоқтату бойынша сот істеріне талдау жасауға аударылған. Тақырыпты зерттеу барысында сот тәжірибиесіне талдау жасай отырып автор есепке жатқызуды қолданудың алғышарттарының маңыздылығын және оларды іс жүзінде қолдануда сот тәжрибиесінде кететін кемшіліктер туралы да саралап өтеді.

Зерттеу нәтижелерін ЖОО студенттері аталмыш тақырып бойынша ғылыми зерттеу жасау барысында және сот тәжірибиесінде қолдануға болады.

Кілт сөздер: міндеттемелерді тоқтату, міндеттемелердің біртектілігі, қарама-қарсы талаптар, міндеттемелердің орындалу мерзімі, есепке жатқызу қоданылмайтын жағдайлар.

В данной статье автором рассмотрены предпосылки применения способа зачета обязательств, который признается одним из способов прекращения обязательства, т. е. условия однородности обязательств, наличия встречных требований сторон, совпадения сроков исполнения обязательства.

В ходе написания статьи были проанализированы и рассмотрены статьи лучших представителей юридической науки об общих обязательствах и методах их прекращения. Также в статье основное внимание уделено анализу судебных дел по прекращению обязательств, имевших место в судебной системе Республики Казахстан. Анализируя судебную практику в ходе изучения темы, автор также анализирует важность предпосылок применения зачетов и недостатки, которые могут возникнуть в судебной практике при их практическом применении.

Результаты исследования могут быть использованы студентами вузов при проведении научных исследований по данной теме и в судебной практике.

Ключевые слова: прекращение обязательств, однородность обязательств, встречные требования, срок исполнения обязательств, случаи, когда зачет не подлежит применению.

Азамматтық қоғамда тұлғалар арсында құқықтық қатынастар ұдайы іске асырылып отырады. Ал мұндай қатынастардың көптігі тұлғалардың бірнеше қатынастар бойынша кредитор болуымен қатар кей қатынастарда борышқор ретінде қатысуына себеп болады. Сонымен қатар белгілі бір екі тарап талап ету нысандары біртекті екі түрлі міндеттемелер бойынша бір бірімен бір мезетте жауапкер және талапкер бола алады. Осындай қатнастар барсында борышқор мен кредитор арасында біртекті міндеттемелердің болуы, міндеттемелерді есепке жатқызу әдісімен тоқтатуға мүмкіндік береді. Есепке жатқызу әдісі азаматтық құқықта қолданылатын міндеттемелерді тоқтатудың тиімді әдістерінің бірі саналады. Себебі, міндеттемелерді аталмыш әдіспен тоқтату барысында тараптар арасында материалды игіліктердің алмасуы жүзеге асырылмайды және бұл есептесу механизімін жеңілдетеді.

Есепке жатқызу тәжірибиеде кәсіпкерлік қызметепен айналысу барысында, банк қызметтерінде, бағалы қағаздар нарығында және түрлі субъектілердің есепептесуі барысында кеңінен қолданылады. Есепке жатқызуды тараптар өзара шарт жасасу арқылы немесе бір тараптың өтініші негізінде сотқа жүгіну арқылы іске асыра алады. Осыған орай міндеттемелерді есепке жатқызу бойынша қаралатын сот істері де көп. Алайда тәжірибиеден байқағанымыздай даулы мәселелер бойынша сот шешешімдерінде есепке жатқызу алғышарттары шешім шығарушы соттың немесе алқа өкілдерімен түрлі мәнде талданады.

Міндеттемелерді есепке жатқызу әдісмен тоқтату бойынша құқықтық қатынастарды реттеу номаларының қайнар көзі ҚР Азамматық кодексі болып табылады. Аталмыш кодекстің 370 бабының 1 тармағына сәйкес міндеттемелерді бір тараптың өтінішімен есепке жатқызу үшін олардың біртекті болуы, қарама-қарсы талаптардың және міндеттемелерді орындау мерзімінің жетуі алғышарттарының орындалуы қажет. Яғни, міндеттемелерді есепке жатқызу бойынша даулы істерді қарау барысында сот немсе сот алқасы екіжақты міндеттемелер бойынша осы алғышарттардың болуын басты назарға алуы керек.

Есепке жатқызылатын талаптар біртекті болуы қажет. Біртектілік идеясы есепке жатқызу пәнінің біркелкілігін білдіреді, өйткені егер бастапқы талап ақшалай болса, онда қарызды заттармен, жұмыстармен және қызметтермен есепке алуды ұсыну дұрыс емес, өйткені міндеттеме құнын өзара айырбастау кезінде белгісіздік қаупі бар, бұл өз кезегінде эквиваленттілік қағидатын сақтауға кепілдік берілмейді, ал есепке жатқызуды қолданудың негізгі міндеті-міндеттемелерді орындау процесін барынша жеңілдету; біртектілік принципінің мәні оның минимализмі мен процедуралық үнемділігі болып табылады [1].

Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаға сүйенетін болсақ есепке жатқызылатын міндеттемелердің біртектілігі ең алғашқы кезекте тараптардың құқықтарының теңдігін сондай-ақ міндеттемелердің орын алу негізінің біртектілігін емес, талап ету нысандарының бір тектілігін көздейді. Сот тәжірибиесінде есепке жатқызу әдісі ақшалай міндеттемлерді тоқтату барысында кеңінен қолданылады. Әйтесе де біз ақшалай міндеттемелердің барлық түріне осы әдісті қолдана алмаймыз.

Павлодар қалалық соты азаматша А.Бекназаровнаның азамат К.Бекназаровқа қарсы міндеттемелерді есепке жатқызу бойынша талап арызын қарастырған. Талапкер өзінің бұрынғы жолдасы болып табылатын жауапкердің алименттік берешегінің өтелмегендігін, сәйкесінше сол бойынша тұрақсыздық айыбының пайда болғандығын алға тартып, өзінің ажырасу барысында мүлікті бөлу кезінде пайда болған жауапкер алдындағы берешегі бойынша міндеттемелерді, алимент төлемі мен тұрақсыздық айыбымен есепке жатқызу арқылы тоқтатуды өтінген. Алайда алименттік берешек бойынша қалыптасқан тұрақсыздық айыбы мен мүлік бойынша берешек бір текті талаптарға жатпайды, себебі тұрақсыздық айыбы негізгі міндеттемелердің қатарына кірмейді. Осы жайыттарды ескерген сот талапкердің талап арызын толық қанағаттандырған жоқ, яғни сот шешіміне сәйкес мүлік бойынша талапкердің жауапкер алдындағы міндеттемелері жауапкердің талапкер алдындағы алименттік берешек бойынша міндеттемелерімен есепке жатқызылды [7].

Көрсетілген сот тәжірибиесіне сүйенетін болсақ, міндеттемелердің ақшалай сипатта болуына қарамастан оларды барлық жағдайда бір текті деп тұжырымдау мүмкін емес екендігін байқауға болады. Яғни, негізгі міндеттемелер мен тұрақсыздық айыбы, шығындарды өтеудің бір текті болмауы, аталмыш міндеттемелер бойынша талаптардың есепке жатқызылуына шектеу жасайды.

Бір текті заттарды ұсынуға бағытталған қарсы міндеттемелер болатын жағдайды елестету өте қиын. Сонымен қатар, бұл бір текті ғана емес (қант, көмір, мұнай, құм), белгілі бір түрге, сұрыпқа, сапаға және басқа талаптарға сәйкес келетін заттар болуы қажет. Басқаша айтқанда, бұл заттар бірдей болуы керек, бұл жағдай мұндай заттарға қатысты есепке жатқызудың тәжірибиеде қолдану аясын шектейді [2, 34 б.].

Көрсетілген пікірмен толықтай келісуге болады, себебі сот тәжірибиесінде міндеттемелерді есепке жатқызу бойынша қаралатын істердің барлығы дерлік ақшалай міндеттемелер болып табылады. Ал екі тарап арасындағы есепке жатқызылатын талаптардың нысаны ақша немесе эмиссиялық бағалы қағаздардан өзге бірдей зат болған жағдайда (ағаш, мата және т. б.), екі жақты жасалынған мәміленің маңызы болмас еді, сәкесінше тәжрибиеде мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Сондай-ақ, екі жақты міндеттемелер талаптары бір текті болмаған жағдайларда тараптар өзара келісіммен шарт жасасу арқылы міндеттемелерді есепке жатқызу арқылы тоқтата алады. Яғни бұл жағдайларда тараптардың өзара есепке жатқызу бойынша жасаған шарт талаптарына ерікті түрде келісім беруі жеткілікті, сәйкесінше міндеттемелерді есепке жатқызуды сотқа жүгінбей ақ жүзеге асыруға болады.

Есепке жатқызуда қарама-қарсы талаптардың болуын екі тараптың әрқайсысы бір уақытта бір-біріне қатысты белгілі бір міндеттеме бойынша кредитор, екінші бір міндеттеме бойынша борышқор болып табылуымен айқындауға болады. Есепке жатқызуды қолдану барысында қарсы міндеттемелердің көлемі бірдей болған жағдайда міндеттемелер толық тоқтатылады, ал егер көлемі жағынан міндеттемелерде айырмашылықтар болса, көлемі үлкен міндеттеме бірінші міндеттеменің көлемінде ғана орындалады және кредитор қалған міндеттемені орындауға міндетті болады. Ал тараптардың өзара қарама-қарсы талаптарының болмауы бір жақты өтініш негізінде міндеттемелерді есепке жатқызуға мүмкіндік бермейді. Аталмыш жағдайды Екібастұз қалалық сотымен қарастырылған жауапкер «М» АҚ мен талапкерлер Аскаров С. Т., Аскарова А. Т. арасындағы ипотекалық заем бойынша міндеттемені есепке жатқызу әдісімен тоқтату туралы істен көруге болады. Сот істерінің құжаттарына сүйенетін болсақ талапкерлер мен «К» АҚ (іс бойынша үшінші тұлға) арсында жалпы сомасы 3 145 000 тенгені құрайтын заем шарты жасалған. 2009 жылдың 09 қазанында Екібастұз қалалық сотының шешімімен талапкерлерден «К» АҚ есебіне кепілге қойылған пәтер есебінен 4 033 441,14 тенге өндіріп алу туралы шешім қабылданған. Алайда пәтердің банк иелігіне бағаланған құнынан төмен бағада өтуіне сәкес, талапкерлердің банк алдындағы берешегі толық өтелмеген. Біршама уақыттан соң «К» АҚ-ның қайта құрылуының нәтижесінде талапкерлердің берешегі бойынша талап ету құқығы «М» АҚ-на берілген. Сотта талапкерлер банк алдындағы берешегі бойынша міндеттемелерін ҚР «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 37 бабы 2 тармағына сай толық орындалғандығын алға тартып, кепілге қойылған жылжымайтын мүліктің банк иелігіне өтуіне байланысты міндеттемелерді есепке жатқызу арқылы тоқтатуды талап еткен [8]. Біріншіден, бұл істе талапкерлердің табыс көзі бар болғандықтан олардың жағдайы жоғарыда көрсетілген норманың қолдану талаптарына сәкес келмейді. Екіншіден, талапкерлердің банк алдында міндеттемелері сақталғанымен, Банктің талапкерлер алдында ешқандай міндеттемелері жоқ, сәкесінші қарама-қарсы талаптар да орын алмаған. Бұл өз кезегінде соттың талап арызды қанағаттандырмауына негіз болған.

Сонымен қатар міндеттемелер бойынша қарсы талап, талап ету құқығы үшінші тұлғаға берілген уақытта да сақталып қалады. Яғни, екі тараптың біреуі талап ету құқығын үшінші бір тұлғаға шарт немесе заңнамада көрсетілген өзгеше негіздерде берген жағдайда, талап ету құқығын иеленген үшінші тұлға міндеттемелерді есепке жатқызу туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

Аталмыш жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқасымен қаралған «Н» ЖШС (талапкер) мен «В» (жауапкер) ЖШС арасындағы міндеттемелерді есепке жатқызу бойынша істі мысал рестінде қарастыруға болады. Іс құжаттарына сүйенсек, талап ету құқығының алғашқы иесі «У» ЖШС-і болған. Алайда «У» ЖШС мен талапкер арасында талап ету құқығын беру туралы шартқа сәкес, аталмыш құқықты талапкер иеленді және сотқа сол міндеттемелерді өндіріп алу бойынша арызбен жүгінген [7]. Сәкесінше қарама-қарсы міндеттемелер бойынша мәмілелер бұдан арғы кезеңде талапкер мен жауапкер арасында өрбиді.

Тәжрибиеде бір міндеттемемен бірнеше қарама-қарсы міндеттемелердің есепке жатқызылуы мүмкін жағдайлар кездесіп жатады. Осы орайда Ресей Федерациясының жоғарғы арбитражды сотының қарама-қарсы біртекті талаптарды есепке алумен міндеттемелерді тоқтатуға байланысты дауларды шешу қарастырылған ақпараттық хатының 19 тармағында «бірнеше шарттан туындаған барлық міндеттемелерді есепке жатқызуды тоқтату үшін қарсы талаптың сомасы жеткіліксіз болған кезде, егер есепке жатқызу туралы өтініште өзгеше көрсетілмесе, орындалу мерзімі бұрын басталған шарт бойынша міндеттеме тоқтатылған болып есептеледі» делінген. Яғни, міндеттемелердің есепке жатқызу барысында олардың орындалу мерзімі маңызды рөл атқарады.

Қарама-қарсы міндеттемелердің орындалу мерзімінің келуі алғышарты бірінше кезекте борышқор үшін тиімді болып табылады. Себебі, міндеттеммені орындау мерзімі орын алмайынша заңнамаларда немесе шартта өзгеше көрсетілмеген жағдайларды қоспағанда, кредитор міндеттемені жедел түрде орындау туралы талап қоя алмайды. Аталмыш алғышарттың маңыздылығын төмендегі тұжырымдамамен негіздеуге болады.

Қарсы міндеттемелердің екеуі де есепке алу сәтіне қарай орындалуға тиіс, яғни екі міндеттеме бойынша да мерзім орын алуы қажет. Егер олардың біреуінің міндеттеме мерзімі әлі орын алмаған болса, онда борышкер бұл міндеттемені орындауға міндетті емес, сондықтан болашақ қарызды мерзімі орын алмаған қарыз есебінен есептеуге болмайды [3, 428 б.].

Жоғарыда келтірілген міндеттемлердің орындалу мерзіміне жайындағы тұжырымдамаға мысал ретінде Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының талапекер «К» ЖШС мен жауапкер «Т» ЖШС арасындағы сот ісін қарастыруға болады. Аталмыш іс құжаттарына сай екі тарап арасында тұрғын емес үй-жайды оның ішіндегі құрылғыларымен қоса жалға беру туралы шарт жасалған. Өз кезегінде жалға алушы болып танылатын жауапкер шартқа сәкес жалға алу құнын, тұтынылған электр жарығының құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін толық орындамаған және жауапкер бұл әрекетін жалға алынған құрылғылардың істен шығуына байланысты шеккен зияны мен міндеттеменің орындалмаған бөлігін есепке жатқызғандығымен түсіндіруде [7]. Бұл істе екі жақты қарама-қарсы ақшалай талаптардың болғанымен, жауапкер есепке жатқызуды жауапкерге ескерте отырып өз ықтиярымен жүзеге асырған, сәкесінше бұл жерде талапкердің келісімі болмаған. Есепке жатқызу бір тараптың өтінішімен жүзеге асырылады, дегенмен жауапкердің есепке жатқызу арқылы міндеттемелерді тоқтату бойынша іс әректі қандайда бір сот актісімен негізделмеген. Яғни шартқа сәйкес жалға беруші болып табылатын талапкердің жауапкер алдындағы міндеттемелері орын алған жоқ. Ал міндеттеме орын алмаған жағдайда ол бойынша қандайда бір уақытың болуы да мүмкін емес, сәкесінше жауапкердің міндеттемелерді есепке жатқызу туралы іс-әрекеті заңсыз болып табылады.

Міндеттемелердің орындалу уақытының келуіне байланысты РФ Жоғарғы арбитраждық сотының ақпарттық хатынның 3 тармағында міндеттемелер орындау мерзімі кешірек басталған міндеттемені орындау мерзімі басталған кезден бастап есепке жатқызу арқылы тоқтатылған болып есептеледі делінген. Яғни, еспеке жатқызу туралы бір жақты өтініш тек басқа алғышарттармен қоса алғанда орындалу мерзімі кеш басталтын міндеттеменің орындалу мерзімі келгенде ғана қанағаттандырылады.

Жоғарыда аталып өткендей есепке жатқызу туралы талап арыз есепке жатқызудың барлық алғышарттары орындалған жағдайда ғана толық қанағаттандырылады. Дегенмен, құқықтық әдебиеттерде есепке жатқызудың алғышарттары толыққанды талданбаған және зерттеушілердің алғышарттар мәні туралы ойлары сан түрлі, сәйкесінше тәжрибиеде ұқсас даулы мәселелер бойыншада есепке жатқызу әдісін қолданудың бірізділігі байқалмайды.

Алғышарттардың теориялық тұрғыда талдануы сот тәжірибиісінде қолданылғанымен, отандық сот жүйесіне тәжірибие негізінде құрастырылған, есепке жатқызу тәсілін қолдану бойынша ақпарттық ғылыми жинақтар қажет. Егер мұндай ақпарттық жиынтық ҚР Жоғарғы сотымен құрастырлса, есепке жатқызу туралы сот шешімдірінің сапалылыған арттырып, аппеляцияға жүгінетін азаматтар санының азайуына сеп болады.

Әдебиет:

  1. Зачет как юридический факт в гражданском праве. Рыженков А. Я. Власть закона. 2021 № 3(47) с.59–70. [Электронный ресурс]: https://elibrary.ru/download/elibrary_47460322_11677834.pdf (дата обращения 10.12.2021г.)
  2. Соломина Г. Н., Соломин С. К. Прекращение обязательства по Россискому гражданскому праву: Теоретический очерк/ Национальный исследовательский Томский государственный университет. — М.: Юридический Дом «Юстицинформ», 2014.-142c.
  3. Сарбаш С. В. Элементарная догматика обязательств: Учебное пособие / Исслед. центр частн. права им. С. С. Алексеева при Президенте РФ, Рос. школа частн. права. — М.: Статут, 2016. — 336 с.
  4. Стародубова Л. В. Юридические условия применения зачета как способ прекращения обязательтсва. [Электронный ресурс]: https://cyberleninka.ru/article/n/yuridicheskie-usloviya-primeneniya-zacheta-kak-sposoba-prekrascheniya-obyazatelstva/viewer (дата обращения 10.12.2021 г.)
  5. Бушнев В. В. Зачет и прекращение объязательств в системе гражданского права. [Электронный ресурс]: https://cyberleninka.ru/article/n/zachet-i-prekraschenie-obyazatelstv-v-sisteme-grazhdanskogo-prava/viewer (дата обращения 17.12.2021 г.)
  6. Обзор практики разрешения споров, связанных с прекращением обязательств зачетом встречных однородных требований:информационное письмо Президиума ВАС РФ № 65. [Электронный ресурс]: http://arbitr.ru/arxiv/vas_info_letter/2987.html (дата обращения 09.01.2022г.)
  7. Постановление апелляционной судебной коллегии по гражданским и административным делам Павлодарского областного суда от 02.11.2012 года № 3А-1906/2012. [Электронный ресурс]: https://bestprofi.com/document/506879447?4&isScroll=true (дата обращения 20.12.2021г.)
  8. Постановление судебной коллегии по гражданским делам Павлодарского областного суда № 5599–20–00–2а/884. [Электронный ресурс]: https://bestprofi.com/document/2421765990?6&isScroll=true (дата обращения 20.01.2022г.)
  9. Постановление судебной коллегии по гражданским делам Восточно-Казахстанского областного суда № 6399–16–00–2а/772. [Электронный ресурс]: https://bestprofi.com/document/1553509024?9&isScroll=true (дата обращения 20.12.2020г.)
  10. Решение Специализированного межрайонного экономического суда города Алматы дело № 7527–19–00–2/17059. [Электронный ресурс]: https://bestprofi.com/document/2421552954?12&isScroll=true (дата обращения 20.12.2020г.)
  11. Карапетов А. Г. Договорное и обязательственное право (общая часть): постатейный комментарий к статьям 307–453 Гражданского кодекса Российской Федерации [Электронное издание. Редакция 1.0] / Отв. ред. А. Г. Карапетов. — М.: М-Логос, 2017. — 1120 с. [Электронный ресурс]: https://m-lawbooks.ru/wp-content/uploads/2019/04/Kommentariy-k-statyam-307–453-GK-RF-onlayn-versiya-2.pdf
Основные термины (генерируются автоматически): Электронный ресурс, соты, мена, дата, обращение, прекращение обязательств, судебная практика, Павлодарский областной суд, РФ, судебная коллегия.


Ключевые слова

міндеттемелерді тоқтату, міндеттемелердің біртектілігі, қарама-қарсы талаптар, міндеттемелердің орындалу мерзімі, есепке жатқызу қоданылмайтын жағдайлар

Похожие статьи

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Тәжірибе негізінде алынған нәтижелерді талдау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Ғылымның бірі физика — күнделікті өмірде жиі кездесетін пән. Жаратылыстану ғылымы білім алушылардың құзыреттіліктері мен әлеуетін, әсіресе сыни тұрғыдан ойлау дағдылары сияқты жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту үшін оқушыларға алғашқы тәжірибе...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Похожие статьи

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша оңтүстік Қазақстан аймағының қасиетті және киелі жерлердің географиясы

Елімізде оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан аймақтарының өте маңызды табиғи және тарихи ескерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени ошақтарын ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды мазмұндық жағынан қасиетті және киелі ны...

Жоғары суланған кен орындарды игеру проблемалары

Суланған мұнай кен орындарын толық өңдеу кешенді проблема болып табылады, оны шешудің табыстылығы осы саладағы мақсатты жұмыстарға байланысты болады. Қабаттарға, мұнай өндіру техникасы мен технологияларына әсер етудің ұтымды технологияларын жасау жән...

Мобильді қосымшаларды қолдану арқылы оқушыларға информатика пәнін оқытудың белсенді тәсілі

Бұл мақалада студенттерге информатика пәнін оқытуы қарастырылады, атап айтқанда, оқытуда мобильді қосымшаларды қолданудың орындылығы және білім беруде белсенді әдіс- тәсілдердің маңыздылығы мен тиімділігі қарастырылады. Белсенді тәсіл көптеген ақпара...

Жоғары техникалық оқу орнында жастарға шешендік өнерді оқытып олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақалада қазақ тілі сабағында шешендік өнерді оқыту және жоғары техникалық оку орындарында орыс тілінде білім алатын студенттердің риторикасын дамыту әдістерін жақсарту жолдары қарастырылды. Өзара қатынастар құралы ретінде мемлекеттік тілді және оның...

Тіл меңгерушілер арасында әлеуметтік лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыру

Аталған мақалада кез-келген шет тілін үйрену,меңгеру,жетік білу мақсатында қалыптастыра алатын әлеуметтік және лингвистикалық деп аталатын екі түрлі құзіреттіліктерді қалыптастыру жолын үйренеміз.Жалпылама түрғыдан адамзаттың сөйлеу тілі дегеніміз- л...

Мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері. Түзету әдістері

Мақалада мектептің оқу бағдарламасын игерудегі бастауыш сынып оқушыларының артта қалу себептері сараланған, себебі оқу-тәрбие процесіндегі қиындықтар бастауыш сыныптарда да пайда болса, баланың міндетті мектеп бағдарламасын меңгеруіне айтарлықтай кед...

Ыстық ауамен қамту жүйесі

Мақалада ғимараттар мен имараттарды ыстық ауамен жылыту жүйесі ретінде ауаны жылыту түсінігі көрсетілген, ыстық ауамен жылыту әдістері мен жүйелері қарастырылған, ыстық ауамен жылыту жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелген. Қазіргі уақыт...

Өзін-өзі және өзара бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?

Ұсынылған баяндамада мұғалім оқушылардың қазақ тілі пәнінде қалыптастырушы бағалау бойынша тәжірибесінде кездескен қиындықтар мен кедергілерді еңсерудегі өзін-өзі және өзара бағалауды қолданудың тиімділігі туралы іс-тәжірибесімен бөліседі, бағалауға ...

Тәжірибе негізінде алынған нәтижелерді талдау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Ғылымның бірі физика — күнделікті өмірде жиі кездесетін пән. Жаратылыстану ғылымы білім алушылардың құзыреттіліктері мен әлеуетін, әсіресе сыни тұрғыдан ойлау дағдылары сияқты жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамыту үшін оқушыларға алғашқы тәжірибе...

Отбасылық кіріс көзін тиімді жұмсау қоғамға қажет пе?

Мақалада еліміздегі тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру және ол үшін не қажет екенін ұсыну көзделді. Қазіргі замандағы экономикалық-әлеуметтік қарқынды даму кезінде еліміздің де экономикасы өсіп, халықтың әл-ауқаты артуда. Алайда, осы жетістікте...

Задать вопрос