Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №5 (400) февраль 2022 г.

Дата публикации: 03.02.2022

Статья просмотрена: 63 раза

Библиографическое описание:

Бисембаев, Р. Б. Ұңғыманы пайдалануда құм көріністерімен күресу әдістері / Р. Б. Бисембаев, Б. Е. Хамзина. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 5 (400). — С. 417-418. — URL: https://moluch.ru/archive/400/88531/ (дата обращения: 19.04.2024).

Мақалада мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелердің бірі қаралды. Құм көріністерімен күресудің заманауи әдістеріне, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды.

Кілт сөздер: ұңғыма, құм көрінісі, құмтас, тығын, шығым.

В статье рассмотрен один из актуальных вопросов нефтегазодобывающей отрасли. Проведен анализ современных методов борьбы с песчаными проявлениями, их достоинств и недостатков.

Ключевые слова: скважина, песчаник, пробка, выход.

Мұнай-газ өндіру саласындағы басты проблемалардың бірі ұңғымаларды пайдалану кезінде құмды шығару болып табылады. Қабаттары борпылдақ, әлсіз цементтелген жыныстардан тұратын кен орындарында ұңғыманың түп маңы аймағының бұзылуы және бұзылу өнімдерінің ұңғыма түбіне түсуі орын алады, бұл әр түрлі қиындықтардың туындауына және жабдықтардың зақымдалуына әкеледі.

Тау жынысы бөлшектерінің перфорациялық қанал қабырғаларынан және ұңғыма қабырғаларынан бөлінуі ағынды шақыру кезінде қабатқа жоғары депрессия тудырады.

Ұңғыма өнімдерінің салыстырмалы жоғары сулану деңгейі құм көрінісінің қарқындылығына ықпалын тигізеді. Түйіршіктердің байланысқан жерінде сазды цементті су жуып кетіп құм түйіршіктерінің байланысу шамасының азаюына әкеледі және құм түйіршіктерінің жинақталу мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді.

Ұңғымадан ұңғымаға, сондай-ақ бір ұңғыманың ішінде бір горизонттан екінші горизонтқа ауысатын құм бөлшектерінің мөлшерін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Коллектор жұқа борпылдақ қабатты тұрақты және борпылдақ құмтас қабаттарының қезектесіп орналасуынан тұратыны анықталды және бұл құмның түсу көзі болып табылады. Борпылдақ горизонттар қабатқа кез-келген депрессия кезінде құмды шығаратынын талдау көрсетті.

Әрі қарай жүргізілген талдау қабатқа депрессияның критикалық мәні мен қорлардың пайда болу дәрежесі арасында тікелей корреляциялық байланыс бар екенін көрсетті, бұл болашақта қабатты игеру үдерісінде кез-келген уақытта құмның шығарылу уақытын болжауға және депрессияны оның алдын-алу үшін түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу нәтижесінде шегендеу тізбегінің артындағы ықтимал құм шығару аймақтарын анықтауға мүмкіндік туды.

Аномалды төмен қабат қысымы бар кен орындарында мұнай мен газды өндіруді төмендететін және жөндеу жұмыстарын арттыратын құм тығындары қалыптасады, сүзгілердің өткізгіштігі төмендейді [1].

Құм білінуі бар қолданыстағы ұңғыманы пайдалану әдістерін екі топқа бөлуге болады: қабаттан құм шығаратын және қабаттан құм шығаруды болдырмау.

Бірінші топта құм тығындарын жою әдістері жасалынған, сонымен қатар қабаттан түскен бөлшектерді шығаруды қамтамасыз ететін шаралар (қуысты штангілерді қолдану, өнімді аймақ маңына құйрықша түсіру, сұйықтық жіберу) қарастырылған. Жабдықтардың абразивті тозуымен күресу үшін айырғыштар мен зәкірлердің әртүрлі конструкциялары қолданылады. Әдістің негізгі кемшілігі қабаттың түп маңы аймағы бұзылады.

Ұңғымаға құмның түсуінің алдын алатын құм көріністерімен күресу әдістері тиімді. Құмның ұңғымаға келуін азайтатын ұңғымадан сұйықтықты алуды шектейтін әдіс ең қарапайым түріне жатады, бірақ бұл әдісті қолдануда мұнай дебиті төмендейді [2].

Ұңғыманың түп маңы аймағындағы қабат жыныстарын бекіту тиімді нұсқа болып саналады, ол үшін химиялық, физикалық — химиялық және механикалық әдістерді қолданады.

Химиялық әдіс тау жыныстарын тұтқыр және цементті заттармен жасанды бектуге негізделген. Олардың тиімділігі бекіткеннен кейін коллекторлық қасиеттерінің төмендеуі болмайтын жыныстың тұрақтылығымен сипатталады.

Физикалық — химиялық әдістерге коллекторларды ұңғыманың түп маңы аймағында мұнайды кокстеу арқылы бекіту жатады. Бұл әдіс әсіресе ауыр жоғары тұтқырлы мұнайды өндіруде тиімді [3].

Ең қолжетімді және қарапайым көп тараған механикалық әдіс болып табылады. Оған мұнай ұңғымаларының әр түрлі конструкциялы құмға қарсы фильтрлармен жабдықталуы жатады.

Отандық және шетелдік өнеркәсіптердің шығарған және мұнай кәсіпшілігінде қолданылатын құмға қарсы сүзгілердің жұмысын талдау көрсеткендей, олар:

— қажетті механикалық беріктілігімен, коррозияға қарсы жеткілікті тұрақтылығымен сипатталуы қажет;

— түп маңы аймағында қабатпен гидродинамикалық қатынас болуын және жыныстардың суффозиялық тұрақты болуын қамтамасыз ету;

— сүзгіні ұңғымадан шығармай механикалық және химиялық тазарту жүргізуге мүмкіндік туғызу.

Әр түрлі конструкциялы фильтрларды қолданады: блоктық типті, дөңгелек және қуысты саңылаулармен ұзындығы немесе ені бойынша орналасқан сүзгі [3].

Ең тиімдісі кедергісі аз және тесіктердің интерференциясының әсері бар көлденең саңылаулары бар каркасты сүзгілер.

Шығарылатын бөлшектердің мөлшерін анықтайтын сүзгінің негізгі параметрлері сүзгі саңылауларының мөлшері мен формасы және сүзгі қабықшасының элементтерінің геометриясы болып табылады. Өткізу тесіктерінің өлшемдері құмның фракциялық құрамына және сүзгі тесіктерінің пішініне байланысты. Тесіктердің мөлшерін таңдауда біріңғай пікір әлі жоқ.

Құм білінулерімен күресудің немесе олардың ұңғымалардың жұмысына әсерін әлсіретудің ең көп қолданылатын әдісі ұтымды технологиялық режимді таңдау, олардың жұмысын оңтайландыру болып табылады

Фонтанды ұңғымалар үшін жұмыс параметрлерін реттеу тиісті өлшемдер мен конструкцияларды пайдалану штуцерлерін таңдау арқылы жүргізіледі

Пайда болған құм тығындары өнімді аралықтың едәуір бөлігін бітеп тастайды. Құм тығындарын саптама арқылы импульсті су айдау, гидросоққылар арқылы, көбік, полимер ерітіндісіндегі БӘЗ композициялары, сугаз жүйесі, колтюбинг қондырғысы көмегімен жоюға болады [2].

Әдебиет:

  1. Булатов А. И., Савенок О. В. Капитальный подземный ремонт нефтяных и газовых скважин: в 4 т. — Краснодар: Издательский Дом — Юг. — Т. 3. — 2014. -576 с.
  2. Тананыхин Д. С. Обоснование технологии крепления слабосцементированных песчаников в призабойной зоне нефтяных и газовых скважин химическим способом: Автореферат дисс. … канд. техн. наук. — СПб., 2013
  3. Рекомендованные методики по выбору способа заканчивания скважин в условиях пескопроявления. Проспект компании «Роснефть».
Основные термины (генерируются автоматически): бар, мена.

Ключевые слова

ұңғыма, құм көрінісі, құмтас, тығын, шығым

Похожие статьи

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы...

 Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан...

Семантическая классификация неологизмов

В статье рассмотрены подходы к изучению типологии неологизмов. Автором представлена семантическая классификация новых слов в русском языке.

Информационные технологии в сфере общественного...

Стандартный – комплект поставка, подходящий большинству кафе. Здесь есть компоненты для работы официантов, барменов.

Организация питания в гостиничной индустрии

В статье рассматривается организация питания в гостиничной индустрии как один из источников дополнительного дохода гостиничного предприятия.

Молодежный сленг как один из видов современного жаргона

Библиографическое описание: Менов, М. А. Молодежный сленг как один из видов современного жаргона / М. А. Менов, Д. В. Никулин. — Текст : непосредственный...

Манипулирование в рекламных текстах | Статья в журнале...

Библиографическое описание: Нарушева, Д. М. Манипулирование в рекламных текстах / Д. М. Нарушева, И. Е. Полынская, Л. П. Лунева.

Структурная и параметрическая идентификация...

В данной статье рассмотрен водогрейный котел как многомерный объект управления. В соответствии с технологическим процессом определены входные и выходные...

Научный журнал «Молодой ученый» №21 (416) май 2022 г.

Препринт — это статья, доступная для читателей до выхода номера журнала в свет.

HR-бренд работодателя: определение понятия

Библиографическое описание: Торгунская, Н. Л. HR-бренд работодателя: определение понятия / Н. Л. Торгунская, П. С. Торгунский.

Задать вопрос