Мемлекеттік басқарудағы «Үлкен деректерді» салыстырмалы түрде талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №1 (396) январь 2022 г.

Дата публикации: 10.01.2022

Статья просмотрена: 88 раз

Библиографическое описание:

Масадиков, Х. Г. Мемлекеттік басқарудағы «Үлкен деректерді» салыстырмалы түрде талдау / Х. Г. Масадиков, А. М. Сейдулла. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 1 (396). — С. 296-300. — URL: https://moluch.ru/archive/396/87631/ (дата обращения: 24.04.2024).



Бұл мақалада Үлкен деректер (Big Data) қолданылу аясы және мемлекеттік басқаруда үлкен деректерді пайдалану мүмкіндіктері мен перспективалары қарастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жинақталған тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік басқаруинтернет тұтынушыларына тигізетін пайдасы,сонымен қатар,Үлкен деректердің қазіргі таңдағы маңызы мен рөлі жазылған.

Кілт сөздер: үлкен деректер, мемлекеттік басқару, басқару шешімдері, мемлекеттік ақпараттық жүйелер,жеке деректер, азаматтардың құқықтарыжаңа технологиялар.

В этой статье обсуждаются масштабы больших данных, а также возможности и перспективы использования больших данных в государственном управлении. С учетом накопленного опыта государственных информационных систем описаны преимущества государственного управления для пользователей Интернета, а также текущая важность и роль больших данных.

Ключевые слова: большие данные, государственное управление, управленческие решения, общедоступные информационные системы, персональные данные, права граждан, новые технологии.

Ақпараттар тізбегі шексіз әлемде Big Data термині кеңінен қолданысқа ие. Деректерді өңдеудегі өзгерістер әртүрлі салаларда бастау алып келеді, туындаған проблемалар мен құпиялылық, біртұтастылық және қолжетімділік сынды маңызы зор аспектілер алдыңғы кезекте тұр. Қазіргі таңда бірқатар заманауи ірі компаниялар осы аспектілер үшін қажетті инфрақұрылым ұйымдастырмай, Big Data технологиясына жүгінуде. Себебі үлкен деректер технологиясы олар жинайтын көптеген деректерді жойылып кету қауіпінен сақтайды.

Үлкен деректер — өте үлкен ауқымды деректерді талдау және басқару технологиясы. Бұл технологияны жаңа құбылыс деп анық айтуға болмайды, себебі үлкен деректер көздері бірнеше жыл бұрын пайда болған. Талдаушылар үлкен деректерді ірі компанияларға тұтынушылардың қажеттіліктерін және қалауын болжауға, мүмкін болатын тәуекелдерді бағалауға қолданады [1].

Негізгі бөлім

Үнемі өсіп келе жатқан үлкен деректер технологиясын, пайдалану міндеттерінің кең ауқымын шешу үшін, әлемнің көптеген елдеріндесоңғы жылдары мемлекеттік деректер базасын пайдаланудың тенденциясы пайда болды. Үлкен деректер(Big Data) — құрылымдық және жартылай құрылымданбаған және әр түрлі көздерден алынған көлемді ақпараттар жиынтығының сапасын арттыру және пайдалы өнімдерді құру мақстында үнемі жаңаруға бейім қабілетке ие жиынтық болып табылады. Өте үлкен көлемдегі құрылымдалған және құылымданбаған деректерді өңдеу тәсілдерінің құралдарымен әдістерінің легі ретінде тұтынушыларға тиімді нәтижелерді алу үшін ғалымдар үздіксіз өсу жағдайындағы мәліметтер базасын анықтайды.

Жоғарыда атап өтілген мүмкіндіктер Канада, АҚШ сынды жоғары деңгейде дамыған елдерде де қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Сондай-ақ мұндай ақпараттық жүйелерді АҚШ білім Департаменті өтінімдер түріндегі шешімдерді қабылдау және алаяқтық шағымдарды анықтау мақсатында пайдаланады. Бір қызығы, мұндай жүйені құру мелекет бюджетіне едәуір арзан түскен. Себебі жүйе өздігінен дамиды, ал ақылы сервистерді ұсыну мүдделі коммерциялық құрылымдарға белгілі бір көлемдегі табыс алып келеді.

Үлкен деректердің мемлекеттік басқарудағы құндылығы мен орындылығы .

Ресми статистика үшін үлкен деректердің стратегиялық мәні келесі сипаттамаларментанықталады:

– деректердің үлкен көлемі статистиканың нақты бағыттары бойынша толығырақ ақпарат алуға ықпал ете алады;

– ақпараттың өзгеруінің жоғары қарқыны статистикалық бағалау жиілігінің артуына ықпал етеді;

– үлкен деректердің әртүрлілігі жаңа салаларда статистикалық мәліметтерді өндіруге, ресми статистикамен бақыланбайтын салалар бойынша ақпарат алуға мүмкіндіктер ашуы мүмкін;

– үлкен деректердің шығу тегінің біркелкі еместігі өлшеудің көп өлшемділігіне ықпал етеді және сол арқылы статистикалық бағалаулардың сенімділігін арттырады. Ресми статистикада үлкен деректерді пайдалану құпиялылық мәселелерін шешумен, жұмысты қаржыландырумен, сондай-ақ мамандар мен талдаушылардың болуымен тікелей байланысты.

Дегенмен, қарастырылып отырған технологияны пайдалануда белгілі бір қауіп-қатерлердің бар екендігін естен шығармау қажет. Әзірге бұл технологияның перспективалары елімізде енді ашылуда. Мемлекеттік басқару жүйесінде бұл технологияларды пайдалану кезінде қазірдің өзінде белгілі негізде пайдалану тәжірибесінде коммерциялық құрылымдар біршама тәуекелдерге барған.

Ең алдымен жеке құқықты бұзу қаупін атап өткен жөн. Ақпараттың құпиялылығы деректер базасын пайдалану нәтижесінде жеке тұлға дербес деректерін кең қолданысқа жіберу қаупі орташа деңгейде мүмкін деп саналады. Қазіргі таңда бұрын соңды сыни деп саналған кейбір нақты деректерді қорғау мүмкіншілігі жеткіліксіз, өйткені замануи технологиялар арнайы проблемаларды анықтау арқылы нақты бір адамның жеке басы деректерінің анонимдікте сақтай алмайды. [2]

Басқа ақпараттар сияқты үлкен деректер де зиян келтіру үшін қолданылуы әбден мүмкін. Жалпыға ортақ кез келген деректерді талдаудан қорғау мүмкін емес деуге болады, соған қарамастан әрбір желі пайдаланушысы өзінің анонимдік деңгейін сақтай алады және белгілі талдаулардан қорғана алады.

Көпшілікке ортақ және жеке бас деректерді түрлі шабуылдардан және зиянды талдаулардан сақтау мен киберқауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру мақсатында желі қолданушыларына қойылған шектеулер мен талаптарды заң жүзінде қатаңдату керек.

Мәліметтердің үлкен көлемін сақтаудың негізгі қиындық тудыратын кезеңдері:

– Бөлінген бағдарламалық жүйелердегі есептеулердің қауіпсіздігі;

– Реляциялық емес мәліметтер базасының қауіпсіздігі;

– Деректерді қауіпсіз сақтау;

– Сенімділікті тексеру;

– Нақты уақыттағы қауіпсіздік мониторингі;

– Шифрланған қол жеткізуді басқару және қауіпсіздік байланыстар;

– Фрагменттелген қол жеткізуді басқару;

– Деректер көзі.

Бүгінгі таңда, бірқатар елдер, атап айтқанда АҚШ, болжамды полиция бақылауы деп аталатын мәліметтер базасын қолданады («BlueCRUSH» — жүйесі және Crime Reduction Utilizing Statistical History) бұл жүйе полиция қызметкерлеріне қылмыс жасау статистикасы негізінде дайындалған ақпаратты ұсынады, қылмыс орнын, уақытын көрсете отырып, қылмыс жасаудың ықтимал қаупі бар аймақтар туралы ақпарат береді.Болашақта аталмыш жүйені енгізу Қазақстан және ТМД елдерінің мелекеттік басқару жобасына енгізіліп отыр [3].

Алайда, Big Data технологиясын бірқатар зерттеушілер «Тайғақ жол» деп атайды. Себебі талдау негізінде үлкен деректер ықтимал қылмескерлерді болжай алатын болса, қылмыстың алдын алу мақсатымызға жетуіміз екіталай, өйткені біз «нағыз кінәлілерді» емес, «ықтимал кінәлілерді» жазалаймыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл қауіп «Абсалютті» нұсқада таза теориялық болып табылады. Бірақ, іс жүзінде олар қазірдің өзінде бар теріс жағдайлардың бастау алған ситуацияларына жүргізілген профайлинг негізінде тұлға үшін Big Data технологиясын қолданады, мысалы Банкке жүгінген адамға талдау теріс мәліметті көрсетсе Банк кредит беруден бастартуы мүмкін. Басқа жағдайда, азамат жұмысқа қабылданудан теріс жауап алады, өйкені талдау нәтижелері бойынша ол компанияға адал емес деп танылады [4].

Дегенмен,Big Data жүйесінің артықшылықтары басым келеді. Осы Үлкен деректер технологиясын пайдаланудағы шетелдік тәжірибеге үңілсек,әлемнің заманауи дамыған елдерінде мынадай бағдарламалар жүзеге асырылған:

– Австралияда Үлкен деректердің аналитикасы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылады;

– Испанияда Madrid iNTeligente қызметі (Smart Madrid) құрылған;

– Канадада денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеу үшін үлкен деректер пайдаланылады;

– Жапонияда Ішкі істер министрлігі табиғи апаттар кезінде эвакуация туралы ақпаратты уақтылы қамтамасыз ету үшін үлкен деректерді пайдалануда;

– Қытайда ақылды қалаларды құру [5].

Болашақта жоғары жылдамдықтағы ақпараттың үлкен көлемін талдауға мүмкіндік беретін технологиялар, ақпараттық жүйелер мелекеттік басқару құралы ретінде әлемнің барлық технологиялық дамыған елдерінде қолданылатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасы басқа дамыған мемлекеттерден қалып қалмайтыны сөзсіз, тәуелсіздік алғалы бері дамыған мемлекеттер қатарына қосылу жолында мемлекеттік басқару жүйесін және цифрландыру саласын дамытуға көптеген жобалармен бағдарламалар іске асты.

Үлкен деректердің Мемлекеттік басқару жүйесіне әсерін қала-кент мысалында:

Түркістан облысында қазіргі таңда іске асырылып келе жатқан жобаларға тоқталар болсақ

  1. Жер аукционын автоматтандыру

Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жер қатынастарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аудандар мен қалалардан жер учаскелері онлайн аукциондарға көшіріледі. Өңір толық цифрландырылғаннан кейін жыл соңына дейін барлық жер учаскелері аукционға қойылады.

  1. «Е-Архив»

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық тарихтың дамуына және жалпы жаңа архивтік құжаттарды зерттеуге қуатты түрткі болып табылады. Бұған дейін он жылдық «Мәдени мұра» жобасын сәтті аяқтау аясында алыс және жақын шетелдерден келген халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды құжаттар табылып, жинақталды. Мұрағатталған деректерді мұқият жинап қана қоймай, оны барлық қызығушылық танытқан мамандар мен көпшілікке қол жетімді ете отырып, оны цифрлық форматқа белсенді түрлендіру қажет. Осы жоба аясында облыстық мемлекеттік архивтер құжаттарды электронды форматқа аудару жұмыстарын жүргізуде.

  1. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 мемлекеттік қызметтердің электрондық форматқа өтуін қамтамасыз ету. Облыс бойынша 193 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі,оның ішінде 142 электрондық түрде, жыл соңына дейін 37 Мемлекеттік қызмет автоматтандырылады.

  1. Геоақпараттық жүйе

Жер ресурстары саласында ақпараттық технологияларды қолданатын мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жерді пайдаланудың тұрақты мониторингін қамтамасыз ететін автоматтандырылған аймақтық геоақпараттық жүйе жасалуда. Бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша пилоттық режимде Түркістан облысының Арыс аумағындағы барлық жерлер туралы мәліметтер жарияланды. Сонымен қатар, бірінші кезекте 7 санаттағы облыстың барлық жер ресурстарының мәліметтері геоақпараттық жүйеге толығымен енгізілетін болады.

Қорытындылай келе, Big Data технологиясын енгізу белгілі бір талаптарды әзірлеумен қатар жүруі керек. Оларды азаматтар мен ұйымдарға қатысты қолдану, жоғарыда айтылғандай өз артықшылықтарымен қатар кемшіліктері бар екені белгілі. Алайда мәліметтер базасы әрдайым жеке бола бермейді, сондықтан мәліметтер базасын талдау негізінде оларға соңғы шешімді қабылдауға заң жүйесі де септігін тигізеді. [6]

Әдебиет:

  1. Бернард Э.Харкорт. Болжамдарға қарсы: актуарлық дәуірдегі профильдеу, полиция және жазалау.Чикаго университетінің баспасөзі, 2006 ж.
  2. Дуорк C. «Дифференциалды құпиялылық». ICALP'06 33-ші халықаралық конференция материалдары. Автоматтар туралы, Тілдер және бағдарламалау, Берлин, 2006 ж.
  3. Джо Э. Сандар бойынша полиция қызметі: Үлкен деректер және төртінші түзету // Вашингтон заңыҚарау. 2014ж.
  4. Майер Дж. және т. б. Телефон метадеректерінің құпиялылық сипаттарын бағалау. Стэнфорд университеті.1 наурыз 2016 ж. URL: http://www.pnas.org/content/113/20/5536.
  5. МакГрегор Г. Үлкен деректер сайлауы: сайлаушылардың егжей-тегжейлі жазбаларын құрастыратын саяси партиялар //Оттава азаматы. 2014. 18 қазан. URL: http://goo.gl/7xrTw5.
  6. Нараянан А., Шматиков В. Үлкен сирек деректер жиынының сенімді де-анонимизациясы // Техас университеті. 2008 IEEE қауіпсіздік және құпиялылық симпозиумы. URL: https: // www.cs.utexas.edu/~shmat/shmat_oak08netflix.pdf.
Основные термины (генерируются автоматически): URL, мена, государственное управление, ICALP, IEEE, данные.


Ключевые слова

үлкен деректер, мемлекеттік басқару, басқару шешімдері, мемлекеттік ақпараттық жүйелер, жеке деректер, азаматтардың құқықтарыжаңа технологиялар

Похожие статьи

Технология широкополосного беспроводного доступа

Если в системах IEEE 802.11 используется случайный доступ абонентских станций к среде

В продуктах Revolution реализованы механизмы управления полосой пропускания (MIR, CIR

А именно: радиоинтерфейсы, методы модуляции и доступа к каналам, системы управления...

Технология беспроводной передачи данных Wi-Fi

Данным решением заинтересовались многие государственные структуры в других странах, а в дальнейшем и различные компании, которые в коммерческих целях начали

Как и любой другой способ передачи данных через Интернет, технология Wi-Fiимеет свои отличительные стороны.

Системы сбора информации в аспекте кибербезопасности

 Данная статья заключает в себе обзор агентов и инструментов сбора данных, для наблюдения за поведением пользователей на рабочих станциях, поиска вирусов, угроз сети и ботнетов. Ключевые слова: системы обработки журналов, системы обнаружения атак,системы...

Исследование интерфейсов радиодоступа в сетях 5G

Функции протокола RRC: управление RRC соединением (RRC connection control); управление механизмами межтехнологической мобильности (inter-RAT mobility); выполнение измерений и предоставление отчетности; передача сигнального трафика, не относящегося к...

Некоторые технологии шифрования, применяемые в сотовых...

Технология беспроводной связи в сотовых сетях и передачи данных по таким сетям (например, GPRS, EDGE, WCDMA и HSPA) остается оптимальным для обеспечения связи. Данная технология и сейчас продолжает совершенствоваться, особенно это касается передачи данных.

Использование сервисов мгновенного обмена сообщениями...

В данной работе описаны общие принципы одной из современных форм коммуникации — системы мгновенного обмена сообщениями. Дается определение понятия (Instant Messaging, IM), рассматриваются функции и классификация IM.. Актуальность данной статьи определена все...

Анализ эффективности беспроводных сетей WiMAX

Интенсивное развитие беспроводных сетей передачи данных вызвано потребностью в организации оперативного обмена данными, и в обеспечении качественной связью с подвижными и удаленными абонентами. Отсутствие проводных подключений позволяет...

Модель «Blockchain-IoT-SmartContracts» как основа...

Успешная реализация данных проектов требует сплоченности государственного и частного сектора в ходе совместной деятельности по решению концептуальных проблем технологии блокчейн, а также создания наднациональных органов и комитетов по регулированию...

Мессенджер как новый объект коммуникативной лингвистики

Выделение данных функций предполагает рассмотрение коммуникации в мессенджере как процесса взаимодействия между людьми, протекающего в режиме реального времени в соответствии с определенным контекстом.

Похожие статьи

Технология широкополосного беспроводного доступа

Если в системах IEEE 802.11 используется случайный доступ абонентских станций к среде

В продуктах Revolution реализованы механизмы управления полосой пропускания (MIR, CIR

А именно: радиоинтерфейсы, методы модуляции и доступа к каналам, системы управления...

Технология беспроводной передачи данных Wi-Fi

Данным решением заинтересовались многие государственные структуры в других странах, а в дальнейшем и различные компании, которые в коммерческих целях начали

Как и любой другой способ передачи данных через Интернет, технология Wi-Fiимеет свои отличительные стороны.

Системы сбора информации в аспекте кибербезопасности

 Данная статья заключает в себе обзор агентов и инструментов сбора данных, для наблюдения за поведением пользователей на рабочих станциях, поиска вирусов, угроз сети и ботнетов. Ключевые слова: системы обработки журналов, системы обнаружения атак,системы...

Исследование интерфейсов радиодоступа в сетях 5G

Функции протокола RRC: управление RRC соединением (RRC connection control); управление механизмами межтехнологической мобильности (inter-RAT mobility); выполнение измерений и предоставление отчетности; передача сигнального трафика, не относящегося к...

Некоторые технологии шифрования, применяемые в сотовых...

Технология беспроводной связи в сотовых сетях и передачи данных по таким сетям (например, GPRS, EDGE, WCDMA и HSPA) остается оптимальным для обеспечения связи. Данная технология и сейчас продолжает совершенствоваться, особенно это касается передачи данных.

Использование сервисов мгновенного обмена сообщениями...

В данной работе описаны общие принципы одной из современных форм коммуникации — системы мгновенного обмена сообщениями. Дается определение понятия (Instant Messaging, IM), рассматриваются функции и классификация IM.. Актуальность данной статьи определена все...

Анализ эффективности беспроводных сетей WiMAX

Интенсивное развитие беспроводных сетей передачи данных вызвано потребностью в организации оперативного обмена данными, и в обеспечении качественной связью с подвижными и удаленными абонентами. Отсутствие проводных подключений позволяет...

Модель «Blockchain-IoT-SmartContracts» как основа...

Успешная реализация данных проектов требует сплоченности государственного и частного сектора в ходе совместной деятельности по решению концептуальных проблем технологии блокчейн, а также создания наднациональных органов и комитетов по регулированию...

Мессенджер как новый объект коммуникативной лингвистики

Выделение данных функций предполагает рассмотрение коммуникации в мессенджере как процесса взаимодействия между людьми, протекающего в режиме реального времени в соответствии с определенным контекстом.

Задать вопрос