Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңартылған білім беру мазмұны негізіндегі STEM технологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Манкеш, А. Е. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңартылған білім беру мазмұны негізіндегі STEM технологиясы / А. Е. Манкеш, А. А. Ауезова, М. М. Изат, А. Т. Туздыбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 50 (392). — С. 639-642. — URL: https://moluch.ru/archive/392/86568/ (дата обращения: 21.11.2024).

Бұл мақалада қазіргі таңдағы білім мазмұнының жаңаруына байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру процесінің трансформациялануы жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларын іске асыру мен STEM білім беру жүйесін қолданудың тиімділігі баяндалған.

Кілт сөздер: 4K моделі, белсенді әрекет, STEM білім беру технологиясы.

В данной статье изложена эффективность реализации ключевых идей обновленного содержания образования и применения системы образования STEM в условиях трансформации воспитательно-образовательного процесса в ДОУ в связи с обновлением содержания образования.

Ключевые слова: 4К-модель, активная деятельность, STEM-технология.

Қазіргі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің барлығы Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталуы — білім мазмұнының жаңаруын талап етуде. Осы мақсатқа сәйкес білім беру саласындағы бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа бағдарламалар жарық көріп, білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Балаларды дамыту мен оқытудың талаптарының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту трансформациялануда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны балалардың бойында «креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға» бағытталғандығы көрсетілген [1]. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларының бірі — мектеп жасына дейінгі балалардың бойында 4К моделінің дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде» мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде шешуді талап ететін өзекті мәселелер анықталған. Соның ішінде:

– балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен нысандардың заманауи талаптарға сәйкес келмеуі;

– балалардың танымдық қызығушылықтары мен білуге құмарлығы, дербестігі жеткілікті ескерілмеуі;

– білім берудің әртүрлі деңгейлерінде алынатын негізгі дағдылар жиынтығындағы сәйкессіздіктің өмір бойы оқыту жүйесін (lifelong learning) құруға кедергі жасауы. Сондай-ақ Қазақстанда ECERS-R сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша өткізілген зерттеу нәтижелерінің бірі «Текшелер, математика, ойын, табиғат/ғылым, музыка/қимыл, өнер, ұсақ моторика және т. б. көрсеткіштер бойынша «Белсенділік түрлері» кіші шкаласы бойынша балдар ең төмен» екені анықталған [2]. Сонымен қатар МДҰ-да жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруда ұйымдастырылған оқу қызметтерін білім беру салалары бойынша кіріктіріп өткізудің маңызы зор. Аталған мәселелерді шешу үшін мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жеке қажеттіліктері ескеріліп, тәрбиелеу-білім беру процесінде жаңа заманауи әдістерді енгізу қажет.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде балаларды ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теорияларын негізге ала отырып балалардың бойында ұлттық құндылықты сіңіруде маңызды кезең болып табылады. «Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс»,- деп «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде» берілуі — баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субьект) деп тану қажеттігінің маңызын аша түсті. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнының «Бала үні» атты түйінді идеясының негізі болып табылады. Баланың ойынға, жаңа нәрсе жасауға, зерттеуге, эксперименттерге, танымдық белсенділікке деген қажеттіліктерін ескеріп, педагогтың сапалы маңызды өзара іс-қимыл орнатуы — баланы білім беру процесінің субьектісі ретінде орын алуына мүмкіндік береді. Бала өз қажеттілігі бойынша өз іс-әрекетін өзі жоспарлап, жұмыс алгоритмін құрып, сол алгоритм бойынша нәтижеге бағытталған әрекеттерді орындауды игерсе, өмірдің дамуына тез бейімделіп, балалардың бойында болашақта еңбек етуге қажетті кешенді тапсырмаларды шеше алу, шығармашылықпен ойлау, өз ой пікірін айту және пайымдау, шешімдер шығара алу, бір тапсырмадан екіншісіне тез ауыса алу сияқты дағдылары қалыптасады.

Балалардың танымдық белсенділікке қажеттілігін ескеріп, дербестігін ынталандыруда белсенді әрекетке түсірудің маңызы зор. Себебі бала белсенді әрекетке түскенде ғана ақпаратты толық (визуалды, аудиалды, кинестетикалық) қабылдайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды белсенді әрекетке түсіруде заттық-кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру маңызды және оның өз талаптары бар. Топтың заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы мазмұны толық, өзгермелі, түрлі қызмет атқаратын, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек:

– балалардың ойын, танымдық, шығармашылық, қимыл белсенділігі мен жағымды әлеуметтенуін қамтамасыз ететін материал мен жабдықтардың болуын және әртүрлілігін қамтамасыз ету;

– білім беру жағдайына сәйкес заттық дамытушы ортаның өзгеруін қамтамасыз ету (қызық емес ойыншықтарды уақытша алып қою және қажетілігіне қарай ойын аймағына қайтадан әкелу);

– балалардың еркін таңдауына мүмкіндік беретін түрлі кеңістіктердің (ойынға, құрастыруға арналған аймақтар) болуын қамтамсыз ету;

– балалардың ойынға, ойыншықтарға, материалдарға, құралдарға еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

– баланы дамыту, тәрбиелеу, коммуникативтік, танымдық, жеке-әлеуметтік, қимылдық әрекетін ынталандыру;

– балалардың қызығушылықтарына қарай жабдықтарды аймақтарға бөлу;

– әрбір топта балалардың экспериментті әрекеті үшін орын қарастыру [3]. Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы орталар балалардың жас ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылады және балалардың өз қажеттілігі бойынша әрекетке түсуіне мүмкіндік береді. Педагог баланың әрбір әрекетін бақылап, қажеттілігіне қарай бағыт бере отырып, жаңартылған білім беру мазмұнының «Бала үні» идеясын жүзеге асырады.

Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру процесін модернизациялауда STEM білім беру технологиясын қолдану өзекті мәселеге айналды. STEM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл-стандартта көрсетілген мектеп жасына дейінгі балалардың бойында 4К моделінің дағдыларын қалыптастыру міндетін жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі.

STEM аббревиатурасы:

– S — science (жаратылыстану ғылымы)

– T –technology (технология)

– Е — engineering (инженерлік)

– М-mathematics (математика)

Яғни осы салалардың біріккен жиынтығын қамтитды. STEM білім беру технологиясы мектепке дейінгі ұйымдарда ұймдастырылған оқу қызметтерін интегралды түрде өткізуге мүмкіндік береді. STEM оқыту бойынша педагог оқу қызметтерін интегралды ұйымдастыруға көп көңіл бөлуі керек. Интегралды оқыту — бұл бір тақырып төңірегінде білім беру салалар мазмұндарының тоғысуы, бір-бірімен байланысуы. Интегралды бағытта ұйымдастырылған оқу қызметтері тақырыпты жан-жақты талдауды, зерттеуді, толық меңгеруді қамтамасыз етеді. STEM білім беру технологиясы бойынша балаларға берілетін ақпараттар қарапайым, жеңіл болмауы керек. Керісінше күрделі, ғылыми тұрғыда балалардың жас ерекшелігіне орай тереңірек түсіндірілуі қажет. Мәселен, «Көліктер» тақырыбы бойынша педагог:

– S — көлік туралы ғылыми ақпарат береді. Яғни көліктердің үш түрі болатыны ғана емес, көлікті алғаш рет кім және қашан, не үшін, қалай ойлап тапқаны туралы, басқа дамыған елдерде көліктің қандай түрлері бар екені туралы мағлұматтар береді. Ол үшін педагог міндетті түрде тақырыпты алдымен өзі терең зерттеп, қажетті ақпараттарды тауып, табылған ақпараттарды балалардың жас ерекшелігіне орай ықшамдап, арнайы бейнероликтер дайындап алуы қажет.

– T — балалардың технологиялық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тапсырмалар әзірлейді. АКТ бойынша интербелсенді тақтада дамытушы тапсырмалар құрастыруға болады.

– E-көліктің макетін әртүрлі әдіспен құрастырады. Лего конструкторлармен жұмыс жасау мектеп жасына дейінгі балаларға өте қызықты. Лего конструкторлармен жұмыс барысында балалардың ұсақ қол моторикалары дамиды. Балалар құрылыс әрекетін жоспарлап, жұмыс алгоитмін құрып, сол алогритм бойынша әрекет жасауды үйренеді. Топта ұжымдасып жұмыс жасауға дағдыланады.

– M — көліктерді санайды, түстерін атайды, көлемдерін салыстырады, кеңістікте орналасу ретін анықтайды, қандай пішіндерден тұратынын айтады.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда бұл технологияның жаңа нұсқалары қолданылуда. Оның ішінде кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика). STEM білім беру технологиясының құрылымына А (Аrt) қосылды. А (Аrt) — өнер, яғни балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылады. Мәселен, көлік тақырыбында бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістерін қолдана отырып көліктің суретін салуға, жапсыруға немесе мүсіндеуге болады.

STEM оқытуда балалардың топтық, жұптық жұмыс жасауы маңызды. Топпен ұжымдасып жұмыс жасау ұйымдастырылған оқу қызметінің уақытын үнемдеп, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Топпен жұмыс барысында балалар бір мақсатқа жету үшін бірігіп, мәмілеге келіп әрекет етуге дағдыланады. Бір-бірінің ойын тыңдап, толықтырып, ортақ түйін шығарады және де өз жұмыстарын ортаға шығып таныстыруды үйренеді. Осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуі балалардың бойында 4K моделі дағдыларының қалптасуына әсер етеді.

STEM білім беру технологиясының ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігі мол. Педагогтың шеберлігіне қарай ата-аналармен бірлесіп түрлі жобалар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінде S бағыты бойынша тақырыптың ғылымилығын ашуда балаларға ата-аналармен бірігіп орындауы үшін алдын ала үй тапсырмасын беруге болады. Мәселен, көлік тақырыбының ғылымилығын ата-ана баласымен бірге іздеп, тауып, постер әзірлеп, баланы сол постерді таныстыруға дайындайды. Aта-аналармен үнемі қарым-қатынаста болып, оларды тәрбиелеу-білім беру процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. Осындай бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Тұтас бала бейнесі» идеясын іске асыруға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін модернизациялауда жаңартылған білім беру мазмұнының түйінді идеяларын іске асыру және STEM білім беру технологиясын қолдану педагогикалық білім мазмұнының жаңаруы мен жоғарылауына септігін тигізеді.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы).
  2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы).
  3. «Ерте жастағы балаларға арналған заттық дамытушы орта» стандарты — Астана, 2019ж. — 9 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): STEM, мена, ECERS-R, STEAM, бал.

Ключевые слова

4K моделі, белсенді әрекет, STEM білім беру технологиясы

Похожие статьи

Білім беру ұйымының қазіргі кезеңдегі персоналды басқару жүйесінің ерекшелігі

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі білім беру ұйымының персоналды басқару ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің негізгі мазмұны білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігі, персонал функциялары, мотивациялық механизм мен мұғалімдердің дамуына тән ерекшелікт...

Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады...

Ғимараттар мен құрылыстардың энергия тұтынуын оңтайландыру әдістері

Бұл мақалада жылу жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі — энергия тиімділігін арттыру және оны оңтайландыру мақсаттары сипатталған. Ең жоғары энергия тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралар кешені ұсынылды.

Менің инновациялық сабағым

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні — білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы — ақпаратп қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оны...

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Көркем аударма маңыздылығы

Көркем аударма бар жерде түрлі ғылыми зерттеулердің жасалып, тың ой пікірлердің айтыла беретіні сөзсіз. Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның проблематикасымен тығыз байланысты болады. Аударма теориясының дамуы белгілі бір мәселелер...

Бастауыш сынып окушыларының сыни ойлауын дамыту

Мақалада бастауыш сыныптың білім беру процесінде сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, оны оқытуда түрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау жобасын...

Орта білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформалардың аралық нәтижелері мен сапасын бағалау

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде осы таңға шейін жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік реформалардың нəтижелерін басқа мемлекеттерде өтіп жатқан орта білім жүйесіне қатысты өзгерістермен салыстыра отырып бағалау жəне сапа...

Тұрғын үй ғимараттарының пәтерлік жылыту жүйесі

Мақалада орталықтандырылған жылу жүйесінің жылу тиімділігін арттырудың негізгі шаралары, қайталама тұрғын үй қорындағы көпқабатты үйлердің энергия тиімділігін арттырудың ұсынылған әдісі қарастырылған.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары

Бұл мақалада діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес тетігі: тиімділігі мен қолдану жолдары маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Біз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Қазақстан жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік аясындағы мәселелерді...

Задать вопрос