ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №47 (389) ноябрь 2021 г.

Дата публикации: 19.11.2021

Статья просмотрена: 32 раза

Библиографическое описание:

Джанысова, А. М. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесі / А. М. Джанысова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 47 (389). — С. 488-492. — URL: https://moluch.ru/archive/389/85734/ (дата обращения: 16.12.2024).



Зерттеу мақсаты посткеңестік Орталық Азия мемлекеттерін демократияландыру мәселесін қарастыру болып табылады. Мақалада егемендігін жаңадан алып, демократиялық бағытқа бет бұрған Орталық Азия мемлекеттерінде орын алған адам құқықтары мәселесі қарастырылған. Автор өткен ғасырдың 90-жылдарында Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінің басшыларының алдында саяси жүйені анықтауда өз реформаларынан бөлек АҚШ және ЕуроОдақ көмегімен жұмыстар жүргізу әрекеттеріне тоқталды. Зерттеу кезінде аймақ елдерінде де-юре түрде мемлекеттегі халық билігі мойындалғанына қарамастан, оны дамыту мен ілгерілетуде бұл елдерде салыстырмалы түрдегі айырмашылықтар болғаны анықталды.

Зерттеу барысында автор саяси және тарихи әдістерді қолданды. Нақтырақ айтқанда, саяси анализ және тарихи компаративті талдау.

Түйін сөздер: демократияландыру, адам құқығы, реформалар, Орталық Азия, АҚШ, ЕО.

Цель исследования — рассмотреть вопрос демократизации постсоветской Центральной Азии. В статье рассматриваются вопросы прав человека в новых независимых и демократических государствах Центральной Азии. Автор сосредотачивается на усилиях государств Центральной Азии в 90-х годах прошлого века по работе с помощью США и ЕвроСоюза, помимо собственных реформ, для определения политической системы. Исследование показало, что, несмотря на признание де-юре власти народа в странах региона, существуют относительные различия в ее развитии и продвижении.

В исследовании автор использовал политический и исторический методы. В частности, политический анализ и исторический компаративный анализ.

Ключевые слова: демократизация, права человека, реформы, Центральная Азия, США, ЕС.

Бүгінгі таңда Орталық Азияда батыстық үлгідегі демократиялық жүйені орнату мүмкін бе деген сұрақ көптеген саясаткерлер мен сарапшыларды алаңдатады. Оған себеп тәуелсіздік алғаннан бері елдердегі адам құқықтарының бұзылуы жайлы ақпараттардың болуы. Жас мемлекеттердің өз заңнамаларына сәйкес демократияшыл болғанына қарамастан, қазіргі таңға дейін халық та, саясаткерлер де оған күмән келтіруде. Осыған орай біз неліктен демократиялық үдерістің бұл аймақта тереңінен тамыр жая алмағанын білу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарына тереңірек тоқталуымыз қажет.

КСРО сияқты алып социалистік одақтың құрамында болған мемлекеттердің болашақ саясаты айқын болды. Авторитарлық режимнің құрбандары болған Республикалардың тұрмысы демократияға бір елі болсын жақын болмады. Себебі демократиялық институттардың пайда болуы мен тұрақтылығында тарихи тәжірибе үлкен рөл атқарады. Демократиялық институттар бұрын болған елдерде демократия мұндай тәжірибесі жоқ елдерге қарағанда әлдеқайда оңай тамыр алады. Кеңестік кезеңде кез келген бостандық шектеліп отырды, артық сөз бен артық қимылдар үшін азаматтар жазаланды, оған қоса лагерьлердің одақтың аумағында болуы демократия институттардың әлсіздігін білдірді. Шет елдік араласуларға қармастан кеңестік үкімет елде халық билігінің барын айтты. Мұндай өткені бар елден бөлініп шыққан аймақ мемлекеттерінің болашағы анық болды.

Осындай одақтан бөлініп өз егемендігіне қол жеткізген жас республикалардың алдында үлкен мәселе тұрды. Ол — елдегі биліктің жүйесін анықтау. Заман талабына сай олардың демократияшыл болуы таң қалдырмады. Алайда олар демократия мағынасын толықтай түсінбеген көрінеді. Асығыстықпен жасалған заңнамалық реформалар белгілі бір шаблонға ену үшін ғана жасалған сияқты. Ең алдымен, демократиялық институттардың тиімді жұмысы қоғам мен экономиканың белгілі бір даму деңгейінің, белгілі бір жағдайлардың болуын болжайтынын түсіну керек. Липсет заңы деп аталатын заңға сәйкес, өмір сүру деңгейі мен елдің демократияға өту ықтималдығы арасында күшті оң корреляция бар [1]. Басқаша айтқанда, жан басына шаққандағы ЖІӨ неғұрлым жоғары болса, демократиялық институттардың табысты және тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Алайда тәуелсіз мемлекеттердің экономика жағдайының төмендігі өз нәтижесін көрсетті. 1992–1995 жылдары шыққан Конституциялар мемлекеттердің демократиялық бағыттағы саясатты ұстанғанын жариялады. Ол өз кезегінде продемократияшыл елдердің назарын аудартпай қоймады.

Алғашқы болып Орталық Азия аймағын мойындап, қолдағандардың бірі АҚШ мемлекеті болды. Батыстық адам құқығын қорғау моделі әлемдегі демократияның үлгілі мысалы болып табылады. Авторитарлы режимнан босап шыққан мемлекеттерге жәрдемдесудің азаматтық қоғамның дамуын ескеретін ұзақ мерзімді саясат әзірлеу қажеттігі туындады.

АҚШ үшін демократияның бастамасы берік саяси партияларды құру болып табылады. Оны құру үрдісіне Ұлттық демократиялық пен Халықаралық республикалық институттарды қалыптастыру тартылды. Заңның үстемдігін нығайту, адам құқықтарын құрметтеу, демократиялық күштің ықпалын көтеру салаларына әсер ету американдық саясаттың негізі болды. Аймақ елдерінің тәуелсіз демократиялық принциптерге сүйенуге қол үшін созуға тырысты. Яғни, Вашингтон тек саяси ғана емес, экономикалық та қолдау көрсететінін бірдірді.

Аймақ елдерінің ортақ тарихына қарамастан, егемендікке қол жеткізгеннен кейін олардық түрлі бағыттағы даму жоспары анықталды. Батыспен қарым-қатынасқа есігі кеңінен ашылғандардың қатарында Қазақстан Республикасымен қатар Өзбекстан және Қырғыз Республикалары болды. Демократиялық институттарды құрудағы қиыншылықтарға қарамастан Орталық Азиядағы дәл осы үш мемлекетте едәуір жетістіктерін көрсете алды.

Мәселен Қазақстан АҚШ-пен 1992 жылы қарым-қатынас орнатылғаннан кейін, американдық демократиялық институттары ел азаматтарының өз құқықтарын білуге шақыра отырып, сайлау және саяси үрдістерге қоғамдық қатысуды ілгерілетуге жәрдемдесуді бастады. Оған себеп Қазақстанды Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің тұрақтылығы ретінде қарастырылуы болып саналады. Бірқатар әлеуметтік және экономикалық саладағы келісімдер арқасында Қазақстан гуманитарлық көмекке ие болды. Тұңғыш Президенттің мемлекетті демократияландыру қадамдарына партиялық жүйені өзгерту және құру болды. Оған қарамастан барлық партиялардың бірыңғай саяси бағытты ұстанғаны айқын болды.

АҚШ-тың жәрдем көлемінің өсуі Қазақстанның ядролық қаруды таратпау келісіміне қосылғанына байланысты болды. Американдық Президенттің Қазақстанды аймақтағы демократия үшін маңызды ел ретінде қарастырылып, Демократиялық серіктестік Хартиясына қол қойылуы мәлімденді.

Американдық әсердің күшімен Қазақстанда БАҚ, азаматтарға ақпаратқа қол жетімділік, цензураға тыйым салыну сияқты заңнамалардың қабылдануы демократияландыру жолындағы алғашқы дербес қадамы болды.

Алайда, Қазақстандағы саяси үрдістерді зерттей отырып, кейбір авторлар олар үшін демократияға зиян келтіру арқылы тұрақтандыру және формальды президенттік деп аталатын негізгі принциптерді атап көрсетеді. Соңғысы президенттің конституциялық мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттіктері мен оның нақты билік тұтқалары арасындағы нақты айырмашылық ретінде түсініледі. Осыдан зерттеушілер парадоксалды қорытындыға келіп отыр, Қазақстандағы президенттің бейресми билігі ресми биліктен жоғары [2, с.102].

Қырғыстанда кеңестің ыдырауына дейін демократияны қолдаған А. Ақаевтың Президент атануы елдің қандай жүйемен дамитыны белгілі болды. Мемлекет Қазақстан сияқты бірден американдық қолдауға ие болды. Қырғыз Конституциясы Қазақстанның заңнамаларынан қатты алшақ кетпеді.

Тәуелсіздігін ала сала Қырғызстан елде демократияны ілгерілетудегі көшбасшы имиджіне ие болды. Елдің демократиялық бағытты ұстануының басты мақсаты ретінде экономикалық көмектің көрсетілуі болды. Яғни, Қырғызстан егемендігіне қол жеткізгеніне қарамастан басқа посткеңестік елдер сияқты экономикалық қиындықтарға тап болды [3, с.139].

Конституция бойынша мемлекеттегі бостандықтарды құрметтелмегені белгілі болғанмен, оппозициялық газеттердің жабылуы орын алды. Халық та демократияның тереңінен тамыр жаюына биліктегі әділетсіз іс-шаралардың болуымен байланыстырды. Елдегі сайлау жүйесінің де өз заңды бағытынан ауытқуы да орын алды. Бұл жағдай әрине халықаралық назарды өзіне аударта білді. Осылайша мемлекетте адам құқықтарын құрметтемейтін әрекеттер бірінен соң бірі орын алып жатты.

Жалпылай келгенде А.Ақаев билігінің алғашқы жылдары прогрессивті деп бағаланды, елде демократиялық саяси институттар мен еркін нарық пайда болды. Бірақ та, мәселе президент қолданған елді реформалау құралдарының жарамсыздығында болды. 1990 жылдардың екінші жартысында ел басшысы мемлекетте авторитарлық үлгі құру жолына түсті. Ол президент пен оның жанұясы мемлекет пен оның экономикалық ресурстарын өз меншігіндей қарай бастады [2, с.103].

Тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, биліктің демократиялық жүйені орнатқысы келген аймақ елдерінің бірі Өзбекстан болды. Бұл мемлекет те американдық тараптың қолдауына ие болды. Алайда қарым-қатынастың бірден орын алмағанын байқай аламыз. Бірнеше жылдардың өткен соң ғана, президент Өзбекстандағы демократияның қалыптасуына қадам жасағанын білдірді. Бірақ бұл мемлекет жоғарыда ұсынылған Республикалардан бірнеше тармақтар бойынша артта қалды. Азаматтарға тек шектеулі құқықтар ұсынылды. Бостандық заңнамасы мүлдем қарастырылмады. Ал жиналыс пен ассоциация бостандығы туралы сөз де болмады. Күшейген авторитарлық тенденциялардың әсерінен мемлекетте демократиялық бастамалар құлдырауын жалғастырды. Осыған орай, американдық тарап Өзбекстанның азаматтық құқықтары шектелген, толық билік президенттің қолында болып табылатын, үкімет пен парламент оған бағынатын авторитарлық мемлекет екенін жариялады. АҚШ Мемлекеттік департаменті 1998 жылы Өзбекстанның азаматтық құқықтары шектелген, толық билік президенттің қолында, үкімет пен парламент оған бағынатын авторитарлық мемлекет екенін жариялады. Полицияның азаптау қолданып, қудалау, заңсыз тінту, телефон телефондарын тыңдау, сөз бен баспасөз бостандығын қатаң шектегені айтылды. Сонымен қатар елде орын алған анидемократиялық қозғалыстардың дәлелдерін келтіре білді.

Қиындықтар Орталық Азияның қалған мемлекеттерінде де кездесті. Мәселен, Түрікменстан мен Тәжікстандағы демократия жүйесі аса артта қалды десек те болады. Мәселен, 1990 жылы мемлекет басшысы түрікмен мәдениетінің қайта жандануын жақтаған ұлтшыл “Бірлік” қозғалысына тыйым салса, КСРО-ның басқа республикаларында ұлттық жаңғыру қозғалыстары тыйылып қана қоймай, өркендей бастаған еді. Кеңес ыдырағаннан кейін С. Ниязов кеңестік бірпартиялық басқару үлгісін түрікмендікке өзгертіп, Коммунистік партияның атын Түрікменстан Демократиялық партиясы деп өзгертті. Ол Түркімен элитасына билік пен институттық әлеуетті сақтауға мүмкіндік берген Коммунистік партияның мұрагері ретінде қалыптасты [4].

С. Ниязовтың тұсында кез келген келіспеушіліктер аяусыз басылып отырды. БАҚ мемлекеттің толық бақылауында қалды, қозғалыс еркіндігі шектелді, сыртқы әлемге қол жеткізу өте қиын болды. Түрікмен ұлтшылдығын насихатталып, елдегі орыс ықпалын әлсіретуге тырысты.

АҚШ үкіметінің елдегі әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және нарық пен ауыл шаруашылығының дамуына түрткі болатын әлеуметтік және экономикалық реформаларды қолдады. Түркіменстандағы американдық бағдарламалар жұмыс орындарын құру, кірісті арттыру, біліктілікті арттыру және қолда бар ресурстарды тиімді басқару үшін министрліктермен, мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және қауымдастықтармен жұмыс істейді. Осындай жағдайға қарамастан мемлекет тарапының өз принциптерінен алшақ кетпегенін байқай аламыз [5].

Дәл осы жағдай Тәжікстан Республикасында да орын алды. Демократиялық қозғалыстардың бұл елде ертеректен басталған еді. 1991 жылғы президенттік сайлауға қарай, бір жағынан, партия мен әкімшілік номенклатура, екінші жағынан, Тәжікстанның демократиялық күштері деген атпен біріктірілген барлық жаңадан құрылған саяси партиялар мен қозғалыстар арасында айқын оппозиция болды. Сайлауда жеңіске жеткен Р. Набиев Тәжікстан Компартиясының қызметін қалпына келтіргеннен кейін партиялық-әкімшілік номенклатура мен Коммунистік Жоғарғы Кеңес сайлаудан кейін өздерінің сындарлы ұстанымдарын жариялағанымен, демократиялық күштерге қарсы аяусыз күрес бастады. Саяси партиялар мен қозғалыстардың жетекшілерін, оның жекелеген мүшелерін қудалау орталықта да, жергілікті жерлерде де басталды. Баспасөз туралы және митингілер, шерулер мен жиналыстар туралы заңдар қатаң түрде қаралды.

Тәжікстандағы 1992 жылғы оқиғалар нәтижесінде және билікке Э. Рахмонов үкіметі күштеп келгеннен кейін Тәжікстандағы демократиялық қозғалыс өз жұмысын мүлдем тоқтатты [6]. Сол жылдан бері АҚШ көптеген салалар, соның ішінде демократиялық институттарды дамытуды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен гуманитарлық көмек арқылы Душанбеге 1,8 миллиард доллардан астам қаржы бөлді [7]. Алайда Тәжікстандағы демократиялық жүйе деңгейінің өсуі аса қарқынды дамымады.

АҚШ осы аймақтағы демократияны жандандыру бойынша көшбасшы болғанымен, онымен қатар елде еуропалық ықпалдың да болғанын және бар екеніне тоқтала аламыз.

Мәселен 1990 жылдардан бастап Орталық Азия ЕО елдерінің атынан көптеген жобалар мен бастамалардың нысанасына айналды. Батыс донорларының бастамаларының көпшілігі инструменталдық тәсілді қолдану арқылы азаматтық қоғамды нығайтуға бағытталған еді. Өз әрекеттерінде Еуропа елдері өздерінің тәжірибесі мен батыстық азаматтық қоғамды түсіндіруде қатты жаңылды. Бұл ретте олар қазіргі заманғы батыстық азаматтық қоғамдардың дамуы үшін екі ғасыр қажет болғанын және Орталық Азия мемлекеттерінің басқа әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени жағдайда әрекет ететінін назардан тыс қалдырды.

Әрине, 1990 жылдары Батыс елдері азаматтық қоғамның құрылыс блоктары ретінде қарастырылатын батыстық үлгідегі бірнеше ҮЕҰ құру және қаржыландыру арқылы Орталық Азидағы азаматтық қоғамды дамытуға миллиондаған доллар инвестициялады. Іске асырылған демократияға көмек көрсету стратегиясынан барлығы тұрақтылық мәселесіне келіп тоқталды. Нәтижесінде стратегия жаңа демократиялық саяси мәдениетті таратуда сәтті болмады және саясатты қалыптастыру процесіне әсер ете алмады [8]. Әрекеттестіктің жаңа нысандары арқылы шынайы және тиімдірек азаматтық қоғам құруға ықпал ете отырып, аймақтағы батысқа бағытталған көзқарастың тұзақтары мен шектеулерін еңсеруге тырысатын жаңаша жолдарды ЕО елдері тек 2000-жылдардан кейін қарастыра бастады. Сол кезеңнен бастап жалпы батыстық демократиялық бағдарламалардың қарқынды жылжуы байқалды.

ХХ ғасырдың аяғында Кеңес Одағы басқарған дүниежүзілік социалистік жүйе ыдырап, авторитарлық режимдердің тұтас тізбегі ұмытылған кезеңде, демократияның толық жеңіске жетуіне бір ғана қадам қалғандай көрінді. Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі де олардың табысының негізгі факторларының бірі либералдық құндылықтарға негізделген демократиялық саяси жүйе екенін көрсетті [9, c.35]. 5 мемлекеттің тәуелсіздікке қол жеткізгенінен кейін олардың әрқайсысы конституциямен шектелген, өкілді басқару нысанын және құқықтық базаны қабылдағанына қарамастан мемлекеттер ескі жүйенің құрбанына айналды [10, c.51].

Қорыта келе, Орталық Азияның егемендік алған жас мемлекеттерінің жаһандық және аймақтық саясатына үлкен қызығушылықтар танытылды. АҚШ аймақта өз мүддесі бар жалғыз держава емес екенін ескере отырып, мемлекет сыртқы саясатты жүзеге асыруды ғана емес, сонымен қатар негізгі рөлге ие болуға болатын құралдар кешенін алғашқы күндерден ақ әзірледі. Еуропалық мемлекеттердің де Орталық Азиядағы саясатының негізгі қозғалтқыштары ретінде демократияландыру, азаматтық қоғамның жағдайын жақсарту қарастырылды. Алайда, посткеңестік елдердің қандай қиыншылықтарға тап болуы туралы жоғарыда қарастырылған мәліметтер мен заманауи адам құқықтарын мәселелерін салыстыра келе, ешбір сыртқы әсерлердің мемлекеттің ұстанатын жүйелі бағыттарына түбегейлі өзгерістерді еңгізе алмайтынына көз жеткізе аламыз.

Әдебиет:

  1. Юсупов Ю. Перспективы демократизации стран Центральной Азии или как разбудить спящие институты? [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://cabar.asia/ru/perspektivy-demokratizatsii-stran-tsentralnoj-azii-ili-kak-razbudit-spyashhie-instituty (қаралу күні: 01.11.2021)
  2. Лаумулин М. К вопросу о формировании постсоветской государственности в Средней (Центральной) Азии // Контуры глобальных трансформаций: политика, экономика, право. — 2016. — № 5. — C. 95–113.
  3. Комлякова Ю. Американское влияние на процессы демократизации в постсоветских республиках Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. — 2014. — № 1. — C. 135–145.
  4. Stronsky P. Turkmenistan at Twenty-Five: The High Price of Authoritarianism. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://carnegieendowment.org/2017/01/30/turkmenistan-at-twenty-five-high-price-of-authoritarianism-pub-67839 (қаралу күні: 12.11.2021)
  5. Демократия, права человека и управление. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://www.usaid.gov/node/66256 (қаралу күні: 08.11.2021)
  6. Ниэзов Д. Из истории развития демократического движения в Таджикистане. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://ca-c.org.ru/journal/1997/09–1997/st_16_niezov.shtml (қаралу күні: 10.11.2021)
  7. Расулова Н., Олим А. Генри С. Эншер: Мы не можем подтвердить информацию о гибели Гулмурода Халимова. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://rus.ozodi.org/a/29021755.html (қаралу күні: 12.11.2021)
  8. Pierobon C. The European Union in Central Asia: a New Concept of Democracy Assistance. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: https://www.researchgate.net/publication/310689433_The_European_Union_in_Central_Asia_a_New_Concept_of_Democracy_Assistance (қаралу күні: 15.11.2021)
  9. Temirbolat B. Democracy as a modernization project: the opportunities and limits of development // Central Asia’s Affairs. — 2019. — № 1. — C. 34–39.
  10. Mukesh K. Political Development and Constitutional reforms in Contemporary Kazakhastan // Central Asia’s Affairs. — 2014. — № 3. — C. 50–56.
Основные термины (генерируются автоматически): URL, Азия, Центральная Азия, Электронный ресурс, мена, демократия, елда, пена, Режим.


Ключевые слова

АҚШ, адам құқығы, Орталық Азия, демократияландыру, реформалар, ЕО

Похожие статьи

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Фахриддин Разидің иман түсінігі

Зерттеу жұмысында Ислам әлемінде алғашқы дәуірлерден бастап пайда бола бастаған сенімдік тақырыптар жәнеде ақидалық мазхабтар жайлы сөз қозғалады. Сан ғасырлардан бері мазхабтар арасында пайда болған әр-түрлі ақида тақырыптарындағы мәселелер болды. Б...

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Похожие статьи

Жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing task-2 академиялық жазылым тапсырмасының мазмұнын ашуда жиі жіберетін қате түрлері және оларды дұрыстау жолдары

Бұл мақала жоғары сынып оқушыларының IELTS Writing-2 тапсырмасын орындауда ең көп жіберілетін қателерді қарастырады. Мақала Lesson Study зерттеулерінің нәтижесіне сүйене отыра жазылды. Бұл зерттеуге тілдік деңгейі әртүрлі сынып оқушылылары қатысқан. ...

Екі тілді ортадағы бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық даму ерекшелігі

Мақалада екі тілді ортадағы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой дамуы, баланың интеллектуалды дамуының әдіс- тәсілдері қарастырылған. Екі тілді ортада баланы интеллектуалдық дамыту кешені дидактикалық ойындар негізінде құрылады. Әр дидактикалық ойынн...

Лирикaлық шығармаларды oқытудың дидaктикaлық мәселесі

Лирикалық шығарма дегеніміздің өзі ақынның әр түрлі табиғат, қоғам көріністерін сезіне отырып әлеуметтік тақырыптарды қозғауы. Әр түрлі мәселелерге көзқарасы, күйініш, сүйініш сезімі. Оны оқырманның ішкі сезімімен үйлестіре алу, санасына бекіту дидак...

Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі

Мақалада басқару ғылымының пәні мен әдісі, даму тарихы, сәйкес жүйенің реттілігі туралы айқын жазылған. Автор менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдалануды, нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталға...

Фахриддин Разидің иман түсінігі

Зерттеу жұмысында Ислам әлемінде алғашқы дәуірлерден бастап пайда бола бастаған сенімдік тақырыптар жәнеде ақидалық мазхабтар жайлы сөз қозғалады. Сан ғасырлардан бері мазхабтар арасында пайда болған әр-түрлі ақида тақырыптарындағы мәселелер болды. Б...

Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі

Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс — тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолғ...

Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдары

Мақалада Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру жолдарын қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, Қазақстан Республикасы егемендік алған тұстан бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Қаз...

Матуридилік ғұламалары шығармаларында адам және оның әрекеттері

Орта Азия елдерінде Ислам тарихы және Исламның қоғамдағы рөлі тақырыптарын мынау соңғы он жылда қолға ала бастады. Ислам дініндегі мәселелерді қайта зерттеу қажетті еді. Соған байланысты Матуриди мен оның іліміне деген қызығушылық ғалымдар тарапынан ...

Арал экологиясын жақсартудың кейбір жолдары

Мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кейбір мәселелер қарастырылады. Мақаланың тақырыбы өзекті, өйткені миллиондаған тұрғындар Арал теңізінің экологиялық апатынан зардап шегеді. Автор Арал теңізі ұлтаны...

Орталық Азия аймағының су-энергетикалық мәселелері

Орталық Азия елдері үшін ең күрделі мәселелердің бірі тұщы судың тапшылығы және осыған байланысты трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелері. Орталық Азиядағы қалыптасқан шындық жүргізіліп жатқан экономикалық саясатпен, су ресурстары...

Задать вопрос