Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №30 (372) июль 2021 г.

Дата публикации: 20.07.2021

Статья просмотрена: 59 раз

Библиографическое описание:

Курманаева, А. Ж. Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі / А. Ж. Курманаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 30 (372). — С. 135-138. — URL: https://moluch.ru/archive/372/83334/ (дата обращения: 25.04.2024).



Мақалада герман романтизмнің алтын өкілі — Новалистің «Генрих Фон Офтердингин» туындысындағы миф пен ертегінің калокагатиялық мотивтері қарастырылды. Ұлы жазушының көркем туындылары катарсистік өрлеуге шақыратыны аналогиялық сараптамалар негізінде дәлелденді.

Кілт сөздер: миф, экзистенция, романтизм, Новалис, скептик.

В статье рассмотрены калокагатические мотивы мифа и сказки в произведении «Генрих Фон Офтердингин» золотого представителя германского романтизма — Новалиса. На основе аналогических экспертиз доказано, что художественные произведения великого писателя призывают к катарсисному росту.

Ключевые слова: миф, экзистенция, романтизм, Новалис, скептик.

Герман әдебиетіндегі жаңа романтизмдік бағыт пен бағдар. Новалис және оның замандастары.

Әлем өркениеті мен мәдениетінің синтезі һәм жеті қазынасының бірі саналатын Италияда «Қайта өрлеу» кезеңі XIV-XV ғасыр ширегінде қалыптасып, жаһандық мәдениетке тарады. Ғаламның түкпір-түкпіріне электр қуатының жылдамдығымен тараған «Қайта өрлеу» мәдениеті ғылым мен өнерге, мағрифат (білім) пен әдебиетке өз ықпалын тигізіп қана қоймай, жаңа ағартушылық бағыттар мен әдеби ағымдар негізін құрды. Олар: сюрреализм, абстракционизм, романтизм, симфонизм, импереализм, иротикалық натурализм, мәдениеттегі натурализм. Аталған жаңа заман ағымдарының мәдениет пен ғылымдағы алатын рөлі мен маңызы әртүрлі. Бірақ барлығы дерлік ғылым мен өркениеттің дамуына өз септіктерін тигізген. Әдебиет пен өнер саласында импереалистік үстемдік жүргізген жаңа заман ағымдары ешқашан өз тағынан кетпестей болып көрінді. Алайда бұл ағымдардың ақындар мен жазушылардың шабытын оятып, жаңа әдеби туындыларды қараңғы дүниеге әкелгендігін мойындауымыз қажет. Әлқиссасы, белгілі әлем суретшілерінің тырнақалды туындылары мен әдебиетшілерінің шебер шығармалары жаңа заман ағымының бойында туып, зифа (әсем) қалыптасты.

Әлем мәдениеттануының қойнауына латиф (ғажап) еніп, адамзаттық өркениеттің ажырамас құрамдас бөлігіне айналған жаңа заман ағымдарының бірі — Германия сахнасында да өз орны мен бағытын таба білді. Германияның жүрегі мен тірегіне айналған көркемдік бағыттың аты — Романтизм. Романтизм алғаш өз миссиялық жолын 18 ғасыр мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америкада қалады. Романтизмдік көркем бағыттың басты экзистенциялық ұраны — реализмге (шыңдыққа) жету болды. Романтизмнің идеалдық теориясын берік ұстанып, өмірлерінің негізгі кодексі ретінде алған романтиктер Германияда аз болмады. Бақыт пен азаттық үшін күресті ғұмырларының күретамыры мен нышаны деп ұққан романтиктердің өмірлік парагдигмасы өткен мен жаңаны сұрыптаудан, қоғамнан тәуелсіз өмір сүріп, жалғыздық күйін кешуден құралған. Міне, Герман романтизмде ешкімге бағынбай, иланбай, өз әлемімен күн кешкен романтик жазушылар мен ақиық ақындар пәлсапасы басым болды десек еш қателеспейміз. Назыры (Мысалы), Новалис пен Гофман сынды жазушылар Герман романтизмнің алтын қамалы іспеттес.

Герман әдебиетіндегі романтизмдік бағыттың басты мақсаты мен міндеті неде деген де, сөзсіз, шыншылдықтың тар да тайғақ жолын кешіп, бақытқа жету жолындағы азаттық күресте деп түйіндейміз. Ұлы герман романтизмнің бас сахнасында тұрған Новалис пен Гофман да азаттық тұғырын тілге тиек еткен, романтикалық әлемді дүниежүзі әдебиетіне герман тілі арқылы танытқан — шаһдат (шебер) жазушылар. Ғаусал жүрек қаламгерлердің құрастырған әлеміндегі әр кейіпкер өз алдына жеке романтик. Олардың бар гносеологиялық түсінігі — біртұтас романтизмнен тұрады. Бұл нені білдіреді? Романтик жандар бір-бірінің өмірлік байрақтары саналатын аксиомалық тұжырымдарын жалғастырады. Бір қарағанда көзге оғаш көрінетін сахих (дұрыс) идеализмнің бар шыңдығы осында. Алайда романтизмнің Герман империясы мен Еуропаның өмір сүру стилі болғандығын жасырмауымыз керек. Бірқатар ақындар мен жазушылар романтизмнің ағымында өмір сүрді. Мысалы, Виктор Гюго, Джордж Гордон Байрон, Луиза Бертен, Уильям Блейк, Шарлотта Тернер Смит, Михаил Лермонтов, Вильгем Мюллер және т.б сынды сайыр (алғыр) жазушылар біздің сөзіміздің нақ дәлелі болары хақ.

Новалистің герман романтизмдегі дара жолы. Новалистің әдеби әлемі.

Германиядағы романтикалық әдебиет ХVIII ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде алтын бекіністі қалап, келесі ғасырдың 30-жылдарына дейін өз билігін жүргізді. Романтизм мәдениеттің барлық саласына тастай еніп, судай сіңген өкілдері: Новалис, Людовиг Тик, Вильгелм Вакенродер, Людвиг Арним, Клеманс Брентано, Генрих Клейст, Амадей Гофман, Альберт Шамиссо сынды ақын-жазушылар. Бұл ақын-жазушылар герман романтизмдік бағытын ұлықтап қана қоймай, өзіндік тұтас мектеп құрады. Герман романтизмнің бағыты мен бағдарына, жол сілтеушісіне айналған мектептің аты — Иендік мектеп. Аталмыш мектептің атауы — 1796–1797 жылдары Иен қалашығында романтикалық қозғалысты қалыптастырушылардың біршамасы: ағайынды Август Вильгелм және Фридрих Шлегелдер, Людовик Тик, Новалис бас қосып «Атеней» атты журнал шығаруымен тығыз байланысты. Бұл журналда олар өздерінің эстетикалық жоспарларын жариялап, әлем романтизміне «Иендік мектеп» деп кірді.

Герман романтизміне толықтай құлаш сермемес бұрын, ең алдымен романтизм дегеніміз не, соған тоқталып өтейін. Романтизм — көркем әдеби бағыт. Оның түпкі мағынасы роман сөзінен шығады. Ал роман деген не? Роман — өмірді кітаптағыдай көркем сөзбен суреттеп, қиялға желігу. Өзінің алып империясын герман әдебиетінде орнатып үлгірген романтизмнің анықтамасы жоғарыда атап көрсеткен ұғымға мүлдем қарама қайшы. Иә, романтистер қияли жандар, алайда утопиялық ғұмыр кешетіндер емес. Адам романтик болуы үшін қоғамнан алшақ, басқа адамдардың өмірлік моделдерін көшірмей, олардың сөзіне құлақ аспай, өз заңнамасымен өмір сүруі шарт. Меніңше, әр романтик осы идеалдық теорияға бағынады. Көркемдік бағыттың бостандығымен күн баттырып, ескі пәлсапамен таң аттырады. Бұлай деуімізге, Новалистің «Генрих фон Офтердинген» атты көркем туындысы себеп. Дворян отбасында дүниеге келіп, отбасының көне тегін бүркенші ат ретінде жамылған Новалис алғашында инженерлік салада қызмет істеген. Өз заманында герман романтизмнің басты арнасы болған Новалистің шын аты — Фридрих фон Герденберг. Ол 1772–1801 жылдар аралығында өмір сүріп, иендік герман романтиктері ішіндегі ең көрнекті ақыны болған. Герман романтизмнің шымылдырығын озық ойлы рухани дүниесімен ашқан Новалисті кезінде Гете «романтизмнің әміршісі» деп атаған. Алғашқы романтикалық бағыт пен бағдарлар герман романтизмде Новалистің ыстық қайраты мен жігері арқылы пайда болып, өркендеді.

Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» туындысындағы миф пен ертегі. Новалистің «Генрих Фон Офтердинген» көркем шығармасы жайлы сыр мен толғаныс.

Новалистің 1802 жылы жарық көрген «Генрих фон Офтердинген» атты аяқталмаған романы герман романтизмнің ең алғашқы концепциясы болып қалмақ. Герман романтизмнің алтын ордасын қалаған жазушы өмірден озғаннан кейін, оның жақын да жарқын досы Людвиг Тик аталмыш туындыны қайта бастырып шығарды.

Романның бірінші бөлімі — «Күтуде», екіншісі — «Орындалу» деп аталады. Романның сюжетіне келер болсақ, «Генрих фон Офтердинген» туындысының калокагатиялық суреттелуі бас кейіпкер Генрихтің көк түсті гүлді аңсау мен табу жолындағы скептицизмдік әркетінен бастау алады. Скептицизм дегеніміз, көне грек тілінен аударғанда ойланушы, зерттеуші. Ендеше, романның басты нысанына айналған кейіпкер Гейнрих тек романтикалық қана емес, скептицизмдік кейіпкер деген менің ой-қорытындым дұрыс болғаны. Менің сөзімнің нақ дәлелін сіздер романнан да анық та айқын көре аласыздар. Гейнрих — тұла бойына ақындық дарыған жан ғана емес, ол ғалым. Бұл дегеніміз, ол — скептик. Бірақ таза скептик деп айта алмаймыз. Белгілі үнді ғұламасы Р.Тагор ақылды шамға теңегендей, Гейнрихтің әкесі ұлының жалынды сөзін қызыл шарапқа балайды. Олай болса, Гейнрихтің әкесін таза скептик деп қарастыруға болады. Әрі қарай романдағы бас кейіпкерлер: Гейнрихтың анасы, атасы және оның ақын досы. Романның көркеюіне себепкер болған, қосымша кейіпкерлер: көпестер, саяхатшылар және аңыз-ертегі кейіпкерлері.

Романның бірінші бөлімі Гейнрихтың тылсым дүниеге желігумен басталып, Гейнрихтың көпес әңгімесіне құлақ түруімен дамиды. Гейнрих өзіне ыстық ықылас пен мадақ білдірген жандарға алғыс айтып, олардың әңгімелеріне түсіністікпен қарайды. Оның романтик болғаны сонша, кей әңгіме тұсында жылап та қояды. Жиырма жасқа енді толып, ақыл-ойы толықтай баяғыда дерлік қалыптасқан жас өркеннің романдағы бейнесі оны кинестек адам кейпінде танытады. Көпестердің қияли әңгімесі мен қарт кеншінің таңғажайып оқиғасы Гейнрихті біраз уақытқа әлгі көк гүлден алшақтатқандай болады. Бірінші бөлімнің ортасында Гейнрих өзі іздеген көк гүлді мүлдем ұмытып кетіп, болашақ жары Матильданы кезіктіреді. Герман әдебиетінің мифологиялық негізі саналатын көк гүл, осылайша, Гейнрихтің өмірінен өз орны мен маңызын жоғалтады.

Мифологиялық гүлдің Гейнрихтің тұла бойын жаулап алуы мен ой-санасын билеуі — оқырман қауымға бас кейіпкердің ақылынан адасқаның көрсеткендей болады. Мұғайындап айтқанда, кейіпкер өзінің аусаршы еместігін — ежелгі жұрттың табиғатпен тілдескенін айтуы арқылы дәлелдейді. Роман өмірдің ащысы мен тұщысын қатар өткерген қарттар мен көпестердің әңгімелері арқылы өрлеп, оқырманға өмірден сабақ үйреткендей сезім сыйлайды.

Бұл жайында белгілі қазақстандық ғұламалар былай деп сөз қозғайды:

«Генрих өз қиялындағы өзгеше өмірді іздеп, қауіп-қатері мол алыс сапарға аттанады. Шытырман оқиғаларды бастан кеше отырып, өз жолында әр түрлі адамдарға жолығады. Олар — саудагер, крест жорықшысы, дәруіш, кен қазушы болып келіп, жиһангезге өздерінің кәсіптері жөнінде, бастарынан кешкен шым-шытырық жайттардан сыр шертіп, өмір мектебінен дәріс бергендей әсерде қалдырады».

Новалистің көркем туындысы Гейнрихтің арманындағы көк гүлді Матильдаға алмастырып, өмірлік серігімен қатар, жолын табумен аяқталады.

Герман романтизмнің биік шыңында тұрған Новалистің «Гейнрих Фон Офтердинген» атты көркем туындысына бірқатар ғалымдар баға берген болатын. Назыры, зерттеуші-ғалым Н. Я. Берковский: «Генрих фон Офтердинген» романтикалық прозаның тамаша үлгісі. Өмірдің нақты бейнесі — музыкада деп романтиктер атағандай, әйнектен қарағандай, ән арқылы романның өн бойына үңілгендейсің».

Миф дегеніміз, ежелгі халықтың дүниетанымының көрінісі. Алтын романтизмнің берік қамалының кірпішін салған Новалистің «Гейнрих фон Офтердинген» атты туындысында мифологиялық түсініктер көп. Оларды саралап, парақтап жатуға ұзақ уақыт керегі анық. Зайырын айтқанда, бірқатарын сіздердің алдарыңызға ұсынуға болар-ақ. Мәселен, шығарманың туындауына себепкер болған — көк гүл. Герман әдебиеті мен орта ғасыр мәдениетінде, бәлкім, қазіргі кезде де көк гүл қасиетті саналады. Көк гүл –герман романтизмнің мифологиялық ұраны мен нышаны. Екінші мәселе, романдағы мифтер мен ертегілердің қатар келіп, баяндалуы. Бұл да шығарманың мифологиялық сипаттары. Сонымен, қорытынды пікірге келсек, Новалистің «Гейнрих фон Офтердинген» шығармасындағы миф пен ертегі — бас кейіпкер өмірінің нақ өзі. Оның өмірі бірде ертегі ретінде, енді бірде миф ретінде, ендігі тұста трагедия мен драма ретінде пайымдалады. Гейнрих — миф пен ертегіні өміріне қос қанаттап алған ақын. Оны бұл жалған дүниеде қызықтыратын бар әсемдік Матильда емес, гүлде емес, миф пен ертегі. Гейнрих миф пен ертегі аталатын әлемде өмір сүреді. Жас жігітті тылсым дүниеден бөлек әкетіп, шынайы өмірмен байланыстыратын жалғыз көпір — Матильда. Әйтпесе, оның түсі мен қияланынан ажыратып, нағыз өмірге қарататын кейіпкер атаулы шығармада жоқ. Анасы да, көпестер де, саяхатшылар мен қарт кенші де оған ертегі мен мифті насихаттап, нәзік бойлы кейіпкерді одан сайын эстетикалық сезімге әкетеді. Ал Матильда Гейнрихтің нақ сол бір экзистенциясының негізін қалайды. Жас тылсым ойлы Гейнрихті қайта өмірге әкеледі. Шынайы әлемнің бейнесі мен маңызын оған ән мен күй-аспаптары арқылы жеткізеді. Гейнрих қияли әлеммен тек әуез (ән) арқылы табыса алады. Құрметпен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология бөлімінің студенті Алтыншаш Курманаева.

Әдебиет:

  1. Муталиева Р. М., Жұмабекова Г. А. Шетел әдебиетінің тарихы
  2. Курманаева А. Ж. Фэнтези жанрының қазақ фольклорындағы байырғы көріністері / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Молодой учёный, — 2021.
  3. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлерінің синхрондық классификациясы / Алтыншаш Курманаева, Ерболат Баятұлы — Әдебиет порталы, — 2021.
  4. Курманаева А. Ж. Қазақ фантастикасының диахронды сипаты / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, — 2021.
  5. Курманаева А. Ж. Қазақ мифтік кейіпкерлері күні / Алтыншаш Курманаева, Ербол Бейілхан — Молодой учёный, — 2021.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, миф пен, фон, пена, романтизм, XIV-XV, алтын, атта, бас, романтик.


Ключевые слова

романтизм, миф, экзистенция, Новалис, скептик

Похожие статьи

Сравнительный анализ развития виолончельной...

 Труды и высказывания передовых представителей смычковой школы разных исторических эпох прошлого представляют несомненный практический интерес для современной педагогики. Наряду с устаревшими и исторически отжившими...

Золотой век испанской поэзии: основные направления и авторы

Сложившийся в это время «рыцарский миф», воплотил дух авантюры, неожиданных перемен, постепенно проникавший в жизнь Испании.

Это классический образец ренессансной поэзии, в которой заново осознаются античные образы (например, миф о деве Анаксарете).

Эволюция поэтических жанров в эпоху Романтизма

Переход от Просвещения к Романтизму был ознаменован коренными изменениями в структуре и иерархии жанров.

Таким образом, эпоха романтизма открыла путь деканонизации жанровых структур и послужила тому, что в литературе начинает складываться новая система жанров.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен...

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік

Даңқты өткен тарихымызда «Мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған.

Фольклор в операх Н. А. Римского-Корсакова

Сам композитор, вспоминая работу над оперой, говорил, что хотел уделить особое внимание славянским богам, солнечным мифам и нечистой силе. В предисловии к опере Римский-Корсаков размещает текст, упоминая большое количество...

Традиции готической литературы в произведении...

Немецкий романтизм довольно часто впадает в бесплодный мистицизм [1, c.159], черты же готической литературы ярче всего прослеживаются в творчестве Эрнеста Теодора Амадея Гофмана. Интересен следующий вопрос: чем объясняется...

Возникновение и взаимосвязь монументальной живописи...

На фоне всех этих широких связей отчетливо выступает народная линия местного

Возрождение настенной тематической живописи падает на XIV-XV вв. — время

XIV-XV века — вершина разных видов глазурованной керамики и декоративных...

История возникновения орнамента | Статья в журнале...

Орнамент — один из древнейших видов изобразительной деятельности человека, в далеком прошлом несший в себе символический и магический смысл, знаковость, семантическую функцию. Но ранние декоративно-орнаментальные элементы могли...

Похожие статьи

Сравнительный анализ развития виолончельной...

 Труды и высказывания передовых представителей смычковой школы разных исторических эпох прошлого представляют несомненный практический интерес для современной педагогики. Наряду с устаревшими и исторически отжившими...

Золотой век испанской поэзии: основные направления и авторы

Сложившийся в это время «рыцарский миф», воплотил дух авантюры, неожиданных перемен, постепенно проникавший в жизнь Испании.

Это классический образец ренессансной поэзии, в которой заново осознаются античные образы (например, миф о деве Анаксарете).

Эволюция поэтических жанров в эпоху Романтизма

Переход от Просвещения к Романтизму был ознаменован коренными изменениями в структуре и иерархии жанров.

Таким образом, эпоха романтизма открыла путь деканонизации жанровых структур и послужила тому, что в литературе начинает складываться новая система жанров.

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері, тарих пен...

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік

Даңқты өткен тарихымызда «Мәңгілік ел» идеясы көшпелі империяларды әлемдік өркениетпен тікелей жалғайтын алтын көпір болған.

Фольклор в операх Н. А. Римского-Корсакова

Сам композитор, вспоминая работу над оперой, говорил, что хотел уделить особое внимание славянским богам, солнечным мифам и нечистой силе. В предисловии к опере Римский-Корсаков размещает текст, упоминая большое количество...

Традиции готической литературы в произведении...

Немецкий романтизм довольно часто впадает в бесплодный мистицизм [1, c.159], черты же готической литературы ярче всего прослеживаются в творчестве Эрнеста Теодора Амадея Гофмана. Интересен следующий вопрос: чем объясняется...

Возникновение и взаимосвязь монументальной живописи...

На фоне всех этих широких связей отчетливо выступает народная линия местного

Возрождение настенной тематической живописи падает на XIV-XV вв. — время

XIV-XV века — вершина разных видов глазурованной керамики и декоративных...

История возникновения орнамента | Статья в журнале...

Орнамент — один из древнейших видов изобразительной деятельности человека, в далеком прошлом несший в себе символический и магический смысл, знаковость, семантическую функцию. Но ранние декоративно-орнаментальные элементы могли...

Задать вопрос