Қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тулеубай, А. А. Қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері / А. А. Тулеубай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25 (367). — С. Т.1. 21. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82745/ (дата обращения: 16.12.2024).



Бүгінгі таңда, ХХІ ғасыр — жаңа ақпараттық технологиялардың жедел дамып келе жатқан заманы болып табылады. Дамыған заман талабы- жаңартылған ақпараттық технологияларды заманнан қалыспай меңгеру.

Тіпті, Біріккен Ұлттар Ұйымы осы тұрғыда «ХХІ ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» деп атаған және қоғамды жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен — елдің дамуына, мәдениеттің қанат жаюына, ғылымның дамуына, білімнің салтанат құруына бірден-бір негіз болып табылады.

Айта кету керек, қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан жағдай ешкімгеде оңай соғып жатқан жоқ. Бірақ осындай қиын-қыстау мезетте ақпараттық технологиялардың дамуының арқасында қашықтықтан оқыту режимі дер кезде іске қосылды.

Қашықтықтан оқыту — ақпараттық технологиялардың көмегімен және жаңа дәстүрлі білімберу жүйесінің бір түрі.

Қашықтықтан оқытуда жаңа білім беру стандарттары аясында өзекті болып қалатын білім беру проблемаларын шешуде психологиялық- педагогикалық қолдаудың жеткілікті тәжірибесінің жинақталуы осы мезетте маңызыорасан зор. Алдағы білім беру негізі ретінде біз өңірімізде қалыптасқан психологиялық-педагогикалық қолдау практикасының нәтижесінде қашықтықтан оқыту барлық білім саласында үздіксіз жүру процесінде жалғасып жатыр [1].

Қазіргі кезде заманға сай қашықтықтан оқытудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Атап өтетін болсам, қашықтықтан оқыту, білім беру технологиялары: «Online» және «Ofline» режимінде және «Classroom», «Zoom» платформасы және тағы да басқа әлеуметтік желілер арқылы бүкіл әлем өз жұмысын қазіргі кезеңде жалғасын табуда.

Ендігі кезекте, қашықтықтан оқытудың психологиялық- педагогикалық тиімділігіне тоқталатын болсам: білімге құмар болып келетін тұлғаларға қашықтықтан оқыту арқылы керемет мүмкіндіктің жасалуы; ой-санасы терең дамыған тұлғалардың кез келген ақпаратты лезде тауып алу мүмкіндігі; Кез келген білім орталықтарындағы білімді әлеуметтік желілер арқылы оқып алу мүмкіндігі; шығармашылық бағытқа бұрылуға уақыттың барынша берілуі; қашықтықтан оқыту техникалық құралдармен жұмыс жасауға пайдасы зор.

Қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталатын болсам: білімін жетілдіргісі келетін бірақ, көпшіліктен қысылатын тұлғаларға қашықтықтан оқыту арқылы зор мүмкіндік берілуде; адамдармен байланысуы өте баяу тұлғалардың қашықтықтан оқытуда, байланыс жасауға арналған желілердің көбеюі; басқа мемлекеттен білім алғысы келетін бірақ, мүмкіндіктің жоғына қарамастан қашықтықтан оқыту арқылы ақпараттандырылуға, білім алуға мүмкіндіктерінің болуы; Кез келген тұлға өз-өзін қашықтықтан оқыту арқылы ғаламтормен жұмыс істеу қабілеттің дамуына да ықпал етуі [2].

Сондықтан да, кез келген білім алушы мен білім берушінің арасында қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері ескерілетін болса, сапалы білім болары анық.

Қашықтықтан оқыту көптеген ақпараттық технологиялардың дамуына, білімнің жетілуіне бүгінде маңызды рөл атқаратынын ұмытпауымыз қажет.

Жаһанданып келе жатқан, зайырлы мемлекетте қашықтықтан оқытуға бір сарынды қарамай, даму сатысының бір бөлшегі ретінде қарайтын болсақ, қашықтықтан оқыту Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ең алдымен білімді алдыңғы орында тұруы керектігін ашып көрсеткен болатын. Сол себепті қашықтықтан оқыту арқылы қашықтықтан оқытылатын білімнің қыр-сырын, құпиялық ақпараттарын біле аламыз деуге де болады [3].

Сөздің ашығы, білемін, оқимын деген жеке тұлғаға әрқашан қалайда болсын бір жолдың есігі ашық тұратынын ұмытпағаймыз.

«Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні ғаріп», — демекші, білімді қашықтықтан оқудың жолын таба білген адам — білім алудан қалыспайды, ал қашықтықтан оқуға зер салмаған адам көштің соңында қалары сөзсіз түсінікті.

Әдебиет:

  1. Панфилов А. П. Қарым-қатынас психологиясы. — 55 б., 78 б.
  2. Шеламова Г. М. Психология және кәсіби қызметтік этикасы: оку құралы». — 93 б., 112 б.
  3. Майерс Д. Г., Туенж Ж. М. Әлеуметтік психология. — 45 б., 56 б.


Задать вопрос