Студенттердің психологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Пирмахан, А. А. Студенттердің психологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері / А. А. Пирмахан. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25.1 (367.1). — С. 14-15. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82742/ (дата обращения: 18.11.2024).



ХХІ ғасырда Қазақстан дамыған, зайырлы мемлекет. Жаңалыққа толы жаңашыл кезең яғни, ақпараттық ғасырдың студенттерінің педагогикалық және психологиялық негізінде кез келген білім жағынан жаңартылған білім жүйесі арқылы және тағы да басқа әлеуметтік желілер, білім жүйесін дамытуға арналған керемет мүмкіндіктерді арқасында бүгінде сапалы білім берілуде. Жас мамандардың осы мүмкіндіктер арқылы кәсіби іскер белсенділігіне, жоғары деңгейдегі білімділігіне, қоғам мәдениетіне, ал негізгісін айтқанда білім мен тікелей көзқарасқа тікелей ықпал етеді. Сондықтан да келешек маман иесінің ақпараттық білім мен педагогикалық және психологиялық ерекшелігінің қалыптастыруы мен негізгі оқу және тәрбие үрдісінің маңыздырақ болуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Қазіргі таңда, егеменді еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Жоғары білімді, жан-жақты қасиетті ұрпақ еліміздің құны жетпес байлығы. Қазіргі кезде психология, педагогика мамандардың ең негізгі мәселелерінің бірі және бірегейі жеке тұлғаларды бағыттауда, жан-жақты терең дамытуда, ғылымның керемет мүмкіндіктерін қолданып, шығармашылыққа қабілетті, дүниеге деген ой-өрісі кең, жеке тұлғаны рухани даярлау [1].

Студенттер дегеніміз жоғары білім қоры бар, негізгі оқу орындарында білім алып жүрген азамат пен азаматшалардың бірі және бірегейі деп айтуғада болады. Бұл жалпы кәсіби тәжірибеснің тарихта пайда болуын 6-7 ғасырлар төңірегінде ең алғашқы университеттердің ашылуымен байланысты болды. Студенттердің жалпы іс-әрекеті білім алу, яғни мақсатты түрде жүйелі оқу ментиянақты білім алуға ұмтылуы.

Студенттік даму кезеңі жас маманның керемет шағы. Бұл шақта тұлға өміріндегі кез келген өзгерістермен айқындалады. Өмірдің осы шақта физиологиялық даму үдерісі аяқталады бастайды. Жеке тұлғаның өз ортасында белгілі бір дәрежесін иеленеді. Осы кездегі жас мамандардың негізгі мәселелерінің бірі – өзінің ойлау қабілеті мен жеке тұлға ретінде дамуын айтуға болады.

Даму үдерісі нақты тиянақтытылықты қажет ететін процесс болып саналады. Жеке тұлғаның өмірінде негізгі бір дамулың заңдылықтар жиынтығы қалыптасқан. Жеке тұлғаның даму үдерісін айтатын болсам, ол «үдеріс» латын сөзінен аударғанда ұмтылыс дегенді білдіреді.

Келешек маман иесі жеке тұлға ретінде қалыптасуын ең алдымен- сыртқы қоршаған қоғам мен сананың, жеке тұлғаның күнделікті қозғалыс тіршілігінің барлығынна хабары болуы шарт. Дүниеге көзқарас ғылыми және әсемдік, құқықтық, саяси көзқарастар, діни көзқарастар болуы ықтимал. «Дүниеге көзқарас - жеке тұлғаның табиғат негізінде жалпы қоғамдық өмір жайында білімдерінің жиынтығы. Жеке тұлғаның келешекке қойған мақсатының нақты болуы, дүниеге көзқарастан бастауы мен өмірмен ұштастыруымен және құштарлықтан туады. Дүниеге көзқарас жеке тұлғаның табиғи және кез-келген мәселелердің шешу жолдарын нұсқау, ақыл түйіні» [2], - деп байланыстырады З. Серікқалиұлы. Сондықтан, дүниеге көзқарасты нақты анықтау үшін, негізгі құрылысын талдап өтетін болсам:

  1. Ғылыми-ағартушылық – ғылыми дүниеге көзқарас жеке тұлға үшін қоршаған орта мен сыртқы әлемін айқындауда жалпы ағартушылық ой- сананы қалыптастырады.
  2. Маман ретінде даму барысында тәрбиелік мәні қарастырылған көзқарастар мен күтілген нәтижесі жеке түлғадан шынайылыққа негізделген еркін шығармашылыққа бастауларымен эстетикалық байланыстыруды қажет етеді, маманды дамытушы – дүниеге сенімді түрде қабылдау, мәні мен мазмұнын игеру арқылы, ішкі және сыртқы рухани іс-әрекеттер нақтырақ ойларға жауапкершілікпен әрекет етуге үйретеді.
  3. Маманның ұйымдастырушылық қабілеті жеке тұлғаның тәжірибелік қозғалыс барысындағы деңгейі болып саналады.

Қорытындылайтын болсам, психология мен педагогиканың қозғалыс теориясы таным мен білім негізінен қызығу барысындағы ұғымдар жүйесінің өзара байланысы деп айтуға болады [3]. Студенттердің педагогикалық және психологиялық даму ерекшеліктері сүйене жүргізе отырып, студенттердің білімі мен жалпы тәрбиелік тәжірибесінің ең негізгі дамыту және нақты бекіту сатыларын салыстыру кезеңінде танымдық құштарлықтары мен білім тұрғысынан деңгейлерінің дамығаны байқалады. Сондықтан педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерінің даму ерекшеліктері: ұмтылыс, ықпал ету, құштарлық, мақсат қою, ынтасы мен ықыласы және тағыда басқа қабілеттердің танымдықтың негізін құрайтын жиынтық болып табылады. Яғни, студенттердің педагогикалық және психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру кезінде ілгері еңбектенудің жолдарына тоқталатын болсам: тынбай еңбектену, өзінің мамандығына машықтану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі даярлау, үнемі өзін білімге құштарлығын ояту. Міне, осы қасиеттер студент бойында болса демек, студенттің педагогикалық және психологиялық даму ерекшеліктері қалыптасуда деп айтуға болады.

Әдебиет:

  1. Эльконин Д.Б. Дамыта оқытудың психологиялық шарттары. - 210 б., 225 б.
  2. Жарықбаев Қ.Б. Психология. - 325 б., 333 б.
  3. Тәжібаев Т.Т. Абай жастарды тәрбиелеу. - 156 б., 166 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, дама.


Задать вопрос