Студент — жеке тұлға. Яғни, барлық адамдар секілді студент те өзіндік «менімен» өзгелерден ерекшеленетін қоғам өкілі. Әлеуметтану бойынша студент не ересектерге жатпайтын, не балаларға жатпайтын орта топ, не өтпелі кезеңнің өкілі болса, психологияда ол ең алдымен — тұлға.
Гуманистік психолог К. Роджерстің тұлғалық теориясы бойынша, «Мен» құрaмдaстaрының aрaсындaғы мән неғұрлым жaқындaсқaн сaйын, соғұрлым өзіндік бaғaлaу жоғaры болaды [1, 58 б.]. Ол өзіндік сaнa мен өзіндік бaғaлaуды тұлғa құрылымындa ортaлық буынғa жaтқызды. Яғни, өзіндік бaғaлaу тұлғaның әлеуметтік ортaдa бaғдaрлaнуын және ішкі тaлaптaр мен сыртқы жaғдaйлaрдың келісімділігін қaмтaмaсыз етеді. Тұлғaның психикaлық тұтaстығының мaңызды жaғдaйлaрының бірі өзіндік бaғaлaудaғы тәжірибе күшімен бұрын қaлыптaсқaн құндылықтaр жүйесін өзгертуге бейімділігі деп қaрaстырды. Бірaқ, К. Роджерс идеaлды және шынaйы «Мендерді» aрaқaтынaсын жaсaйтын жaлғыз фaктор деп есептей отырып, тұлғa ортaсын және тұлғaaрaлық қaрым-қaтынaс рөлін aсырa бaғaлaйды. Осы орaйдa, aвтор өз зерттеулерінде тұлғaның өзіндік сaнaсы қaлыптaсуындaғы әлеуметтік-экономикaлық қaтынaстaрдың рөлін ескермейді.
Сонымен, студенттік кезең адамның негізгі социогендік потенциалын дамытудың сезімтал шақтарының бірі. Себебі, жоғары білім адамның психикасына, оның тұлға ретінде дамуына үлкен әсер етеді. Жоғары оқу орындарында оқу кезінде қолайлы жағдайлар болған кезде студенттер тұлғалық психиканың барлық деңгейлерін дамытады. Олар өздерін қоршаған адамдардың ақыл-ойының бағытын анықтайды, сонымен қатар, өздерінің кәсіби бағытын сипаттайтын ойлау қабілетін қалыптастырады.
«Студент» термині латын тілінен шыққан сөз. Қазақ тіліне аударғанда термин «білім алушы, еңбек етуші» деген мағынаны білдіреді. Осы аудармасына қарап та, студенттің негізгі қызметі оқумен қатар жұмыс істеп, тәжірибе жинау екенін түсінуге болады.
Ал студент тұлғасының қандай ерекшеліктері бар? Студент белгілі бір жастағы адам ретінде және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:
Біріншіден, психологиялық процестердің, күйлер мен жеке қасиеттердің бірлігін білдіретін психологиялық аспект бойынша, ол–дамушы тұлға. Бұл аспект бойынша бастысы–психикалық процестердің бағыты, психикалық күйлердің пайда болуы, психикалық формациялардың көрінісі негізге алынатын психикалық қасиеттер (бағдарлау, темперамент, мінез, қабілеттер) [2, 186 б.]. Алайда, аталған ерекшеліктердің барлық студенттердің бойынан бірдей деңгейде табыла бермейтінін, әр адамның ерекшеліктерін, оның психикалық процестері мен жағдайларын ескеру қажет.
Екіншіден, әлеуметтік қатынастар тұрғысынан студенттер белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа жатады. Осының нәтижесінде студенттік тағы да тұлғалық қасиеттері пайда болады. Мәселен, тұрмыс жағдайы екі түрлі студент бір-бірінен тұлғалық жағынан ерекшеленіп тұрады. Сол секілді екі бөлек ұлтқа жататын, екі бөлек дінді ұстанатын студенттерде де тұлғалық айырмашылықтар болады.
Үшіншіден, жоғары жүйке түрін қамтитын биологиялыққызмет тұрғысынан студент–ағза. Студент тұлғасына сәйкесінше анализаторлардың құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинкттер, физикалық күш, физика, бет әлпеті, тері түсі, көз, өсужәне т. б. процесстер әсер етеді. Бұл биологиялық аспект негізінен тұқым қуалаушылық пен туа біткен бейімділікпен алдын-ала анықталған болады, бірақ белгілі бір шектерде өмір сүру жағдайларының әсерінен өзгеруі де мүмкін.
Аталған аспектілер бойынша қарастыру студентке тән қасиеттер мен мүмкіндіктерді, оның жас және жеке ерекшеліктерін ашады. Демек, егер сіз студентке белгілі бір жастағы тұлға ретінде жақындасаңыз, онда ол қарапайым, аралас және ауызша сигналдарға реакциялардың жасырын кезеңінің ең аз мәндерімен сипатталады. Сонымен қатар, стуженттеің бойында анализаторлардың абсолютті және айырмашылық сезімталдығының оптимумы, күрделі психомоторлық және басқа дағдыларды қалыптастырудағы ең үлкен икемділік байқалады.
Студенттік кезеңде тұлғада өз бетінше өмір сүруге дaйындық жүреді, құндылықтaрдың, әлемге көзқaрaстың қaлыптaсуы, мaмaндық тaңдaу, сондaй-ақ қоғaмдaғы өз орнын aнықтaу процесстері әртүрлі жылдамдықта жүзеге аса бастайды. Аталған әлеуметтік-тұлғaлық фaкторлaр әсерінен жaстaрдың қоршaғaн aдaмдaрмен қaрымқaтынaс жүйесі қaлыптaсaды, өзіне дегеқaтынaсы өзгереді. Осы кезде қалыптасқан әлеуметтік позициясынaсәйкес оның мектепке, қоғaмдық мaңызды жұмыстaрғa, оқу әрекетіне деген көзқaрaсы өзгереді, болaшaқ мaмaндығы, қызығушылықтaры және жүріс-тұрыс мотиві aрaсындa өзaрa бaйлaныс орнaйды.
Студент тұлғасының дамуы болашақ жоғары білімді маман ретінде бірқатар бағыттарда жүреді. Оның психологиялық, әлеуметтік, биологиялық т.б. ерекшеліктері бар. Студенттің жеке тұлға ретінде психологиялық дамуы– бұл қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуінің, сыртқы көріністің ішкі, өзін-өзі тәрбиелеудің, өз бетімен белсенді жұмыс істеудің диалектикалық процесі.
Әдебиет:
- Роджерс К. Несколько вaжных открытий // Вестник Московского университетa. Серия 14. Психология. — С. 58–65.
- Рубенштейн С. Л. Человек и мир. Проблемы общей психологии. — С. 24.