Қазіргі студенттердің уақыт бюджеті мәселесінің ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Отегенов, Балгынбек Нурдинулы. Қазіргі студенттердің уақыт бюджеті мәселесінің ерекшеліктері / Балгынбек Нурдинулы Отегенов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25 (367). — С. Т.1. 1. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82735/ (дата обращения: 17.12.2024).



Бос уақытты зерттеу-әлеуметтік проблема болып табылады, әсіресе қазіргі жағдайда жастардың болашағы үшін бұл өмір саласы маңызды болып келеді. Бос уақыт — бұл адам өмірінің көптеген аспектілерін сипаттайтын көпқырлы ұғым. Бұл бағалы ресурстарды кері қайтарып ала алмаймыз және қалпына келеді деп те айта алмаймыз. Мәселен, біз ақшамызды жоғалқан болсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан тауып алуға болады. Ал, уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарайтын болса, қаншама жылдарының бос өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады.

Уакыт-менеджменті ұғымына тоқталайық, бұл дегеніміз — уақытты орналастырып, тиімділігін арттыру және пайдаланудеген сөз. Сонымен қатар, бұл біздің қажет емес дүниелерге кеткен уақытымызды анықтауға көмек береді. Оны қолданудың өз мақсаты бар яғни, жасаған іс-әрекеттеріңізді басқарып, бақылап, нәтижелікпен, тиімділікпен жоспарлау процесін алу болып табылады [1].

XXI ғасырда компьютерлік технологиялар мен нано-дамудың кезеңі жаһандық өзгерістермен сипатталды. «Заманына қарай адамы» демекші, халықтың күнкөрісінің сипаты да өзгеріске түсіп жатты. Осы кезеңнің өткір және өзекті тақырыптарының бірі студенттерінің бос уақыттарын тиімді пайдалану болып отыр [2]. Себебі, кез келген сау қоғамды құру үшін рухани мәдениеті жоғары және шығармашылық ұмтылысы бар үйлесімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қажет деп есептеймін.

Атап айтатын болсам, қазіргі кезде әлемдегі жағдайға байланысты сабақтардың барлығы онлайн форматында өтіп жатқандықтан студенттердің көпшілігі үйден тыс жерлерде уақыттарын көп өткізбейді. Осы кезеңдегі болып жатқан пандемияға байланысты уақыт-менеджментін студенттермен қоса оқушылардың өзі пайдалану керек деп ойлаймын.

Студенттердің бос уақыт мөлшері менің пайымдауымша: 30 % «толық жеткілікті», — деп есептейді. 35 % «Бос уақыт жеткілікті, бірақ көбірек болса қоғамға пайдалы дүниелермен айналысар едік», — деп жауап берді. 44 % бос уақыттың мөлшері жеткіліксіз деп санайды. Бірақ барлығын тиімді пайдалану өзіміздің қолымызда!

Студенттердің үй тапсырмасына кететін уақыты орташа есеппен алғанда: 33 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 1 сағат уақыт бөледі; 37 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 2–3 сағат уақыт бөлінеді; 20 % студенттер үй тапсырмасына орташа есеппен 3–4 сағат уақыт бөлінеді.

Орта есеппен студенттер сабаққа, үй тапсырмаларын орындауға 10 сағатқа дейін уақыт жұмсайды.

Студенттердің оқудан бөлек маңызды уақыт алушы факторлар бар:

1) Қосымша табыс табумен айналысатын студенттерде жоқ емес, яғни барлық студенттердің ішінде 40–45 %-ы аптасына орта есеппен 36 сағатын табыс табуға жұмсайды екен.

2) Өздерінің қызығушылықтарына арналған курстарға қатысатын (музыка, спорт және т. б.) студенттер шамамен 30 %-ын құрайды. Олар орта есеппен аптасына 6 сағатын жұмсайды.

3) Көп университеттер белсенді студенттерді де бос қалдырмайды. Яғни, студенттердің көпшілігі университет ішінде түрлі ұйымдастыру топтарымен сабақтардан тыс уақытын жұмсайды. Ол аптасына 9–10 сағатты құрайды.

4) 15 %- уақыт алатын өзге істермен айналаспайды.

Студенттер бос уақытының көп бөлігін қалай жұмсайды?

1) уақыттарының көп бөлігі әлеуметтік желімен өтеді (бұл қазіргі қоғамдағы ең үлкен мәселе); 2) өзін-өзі дамыту (курстарға қатысу, кітап оқу, тілдер үйрену және т. б.) (30 %); 3) бос уақытын демалыс орындарында өткізу және т. б. (40 %); 4) спорт (15 %).

Зерттеу жүргізгенде студенттер арасында орта есеппен 5–10 сағат осы әлеуметтік желілерге кетеді, яғни осы студенттердің 60 % әлеуметтік желіге уақытын жұмсайды екен. Оқу орнынан тыс, мұғалімнің бақылауынан тыс болғандықтан студенттер білімді интернеттен іздеуге мәжбүр, сол себептен уақыттың біраз бөлігі осы әлеуметтік желімен жұмсалады.

Қорытындылай келе, студенттерге бос уақытты тиімді пайдалануға кеңес бере отырып, оны дұрыс қолдану керектігін түсіндіруіміз керек. Жұмыстың бастапқы бөлімінде алға қойылған міндеттері орындалады және мақсатқа қол жеткізіледі. Жұмыс барысында, уақыттың құндылығын түсінуге, тайм-менеджмент ұғымымен танысуға, дұрыс күнтізбе құра білу маңызын түсіндіре алдым деп ойлаймын. Студенттердің оқу процесіне жұмсалатын айтарлықтай уақыт, қысқа мерзімде көптеген пәндерді оқып үйрену қажеттілігі, уақытылы тамақтанудың болмауы, бұл айқын нейро-эмоционалды стресстің пайда болуына және денсаулық резервінің төмендеуіне әкеледі. Міне сондықтан, жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып студенттердің уақыт менеджментін өздеріне ыңғайлы етіп игеруі керек деп ойлаймын. «Осы күнге дейін қандай мақсаттарым болды? Сол мақсаттарымның қаншасына жеттім?» деп өздеріне сұрақ қойып, «Қайран бос өткен уақытым-ай!» деп өкініп жатамыз. Сондықтан да, әркім өз уақытын барынша тиімді әрі пайдалы істерге жұмсау керек деп нақты айта аламын.

Әдебиет:

1. Нурматова Ю. А. Свободное время в жизни студента // Молодой ученый. — 2012. — № 2 (37). — С. 227–231.

2. Беккер Е. И. Свободное время студента колледжа культуры как часть профессионального развития.

Основные термины (генерируются автоматически): оса.


Похожие статьи

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Ағылшын тіліндегі мифтік кейіпкерлердің танымдық сипаты

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің даму ерекшелігі

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері

Похожие статьи

Қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің ерекшеліктері

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мифтік сипаттағы прецеденттік есімдердің лингвомәдени ерекшеліктері

Жасөспірімдердің өзіндік бағалауының психологиялық ерекшеліктері

Ағылшын тіліндегі мифтік кейіпкерлердің танымдық сипаты

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Өңірлік еңбек рыногының қалыптасу ерекшеліктері мен факторлары

Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ өнеркәсібінің даму ерекшелігі

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері

Задать вопрос