Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Дауленова, Г. Ж. Жаңартылған білім берудің тиімділігі мен ерекшеліктері / Г. Ж. Дауленова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25.1 (367.1). — С. 4-5. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82727/ (дата обращения: 18.04.2024).



Білім әрбір адамзаттың өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Себебі, білімді және сауатты адамзат, білімі жоқ адамзатқа қарағанда жоғары жетістіктерге көбірек жету мүмкіндіктеріне ие.

XXI ғасыр білімділердің заманы демекші, қазіргі кезеңде экономикалық, әлеуметтік салаларман қатар білім беру саласыда қарқынды дамуда. Соның бірі — «жаңартылған білім беру жүйесі».

Жаңартылған білім беру — сапалы білім алуға негізделген, білім алушыларды заманауи үлгіде оқытудың жүйесі. Бұл жүйе негізінен жаңа технологияларды білім жүйесінде қолдана отырып, сапалы білім беруге бағытталған.

Жаңартылған білім беру жүйесінің мақсаты — сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын, эксперименттер жүргізу, ақпараттық технологияларды пайданалу, жеке, жұптық, топтық қарым-қатынас құру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және пайдалану, оларды тиімді іске асыру, білім алушының жеке басы үшін үйлесімді және қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады [1].

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» атты тақырыптағы өз жолдауын барлық отандастырмызға арнады. Жолдау еліміздің білім беру мазмұнын жаңашаландыру, білім берудің үздік тәжірибелерін біріктіруге бағытталады.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемнің білім беру саласында өзгерістер болып жатыр. Соның бірі Қазақстанның шетелдік әдістемелерді белсенді зерттеп, жаңа білім беру технологияларын қолдана бастауы. Бұл білім берудің түріөзіндік Қазақстандық жаңа білім беру жүйесінің моделін құруға көмектеседі. Қазіргі Қазақстанда әлемдік білім кеңістігіне бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Бұл процесс педагогикалық теория мен практикадағы елеулі өзгерістермен қатар жүруде. Жаңартылған білім берудің тиімділігіне тоқталар болсақ, білім алушылар үшін:

- білім алушылардың ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру;

- шығармашылық қабілеттерін дамыту және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты саралап, жүйелеуді үйрену;

- білім алушылардың дарындылық қабілеттерін шыңдау және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, білім алушылардың өз бетімен ізденуі;

- сыни ойлауға және өз ойын еркін әрі ашық айтуға баулу;

- танымдық қабілеттерін және ойлау деңгейін дамытатын түрлі оқытудың әдістерін пайдалану, білім алуға деген қызығушылықты арттыру;

- қашықтықтан оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдануды жоғары дәрежеде үйрену.

Мұғалімдер үшін жаңартылған білім берудің тиімділігі төмендегідей олар:

- сапалы білім беру үшін жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып, тақырыпты өзекті түсіндіру;

- білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әртүрлі формаларын қолдану;

- қашықтықтан білім беру жүйесіндегі технологияларды меңгеру;

- сабақ берудегі білім сапасын арттыруға, тақырыптың мақсатын, міндетін жіті түсіну, бағалаудың әртүрлі әдістерін қолдану.

Жаңартылған білім берудің тиімділігімен қатар ерекшеліктері де сан қырлы. Соның бірі қазіргі заманғы Қазақстандық жаңартылғанбілім берудің ең өзекті ерекшелігі көптілді тұлғаны қалыптастыру болып табылатыны белгілі [2].

Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшелігі — біріншіден мемлекеттік тіліміздегі сөздік қорға, ұлттық ана тілімізге деген құрметтен бастау алып, екіншіден өз елімізді жоғары деңгейге көтеру барысында басқа да шет тілдерді меңгеріп, жаңа дүниемен жаңашаландыру.

Дәлірек айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылы «Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы» туралы Қазақстан халқының Ассамблеясында атап айтты. Ал 2008 жылы ақпан айындағы Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны іске асыруды жеделдетті.

Қазіргі таңда еліміздің жаңартылған білім беруді дамыту тәжірибесінде мектепқабырғасында, жоғарғы оқу орындарында әртүрлі пәндерді шет тілдерде оқыту қолға алынды. Осының нәтижесінде еліміздің жастарының білімге деген ой-өрісі кеңейе түскені барлығымызға мәлім.

Мектеп жасындағы балалар үшін жаңартылған білім беруді жеделдету мақсатында, балаларды жаңашылдыққа шақыратын түрлі оқулықтар бар. Ал жоғарғы білім алушылардың білімін кеңейтіп, өмірлік мақсаттарын қалыптастыру үшін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асты. Жоба мақсаты қазақ жастарының әлемдік кітаптармен білім алуына жол ашып, саналы ұрпақ тәрбиелеу [3].

Заман ағымымен адам баласы да өзгереді, ал адам өзгерген сайын әлемде жаңа жаңалықтарға толы болуда. Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген қанатты сөзінбасты назарға ала отырып, жаңартылған білім беру жүйесі де жаңа өзгеріс. Егер сол өзгеріс өз уақытында жасалса әлем де жедел әрі қарқынды дамуы сөзсіз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз — оқу. Жаңартылған білім беру жүйесі– жарқын болашақтың кепілі.

Әдебиет:

  1. Әліпбаева А.Қ. Жаңартылған білімге — жаңаша көзқарас.
  2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология.
  3. Назарбаев Н.Ә. Үш тұғырлы тіл бағдарламасы.


Задать вопрос