Студенттер арасындағы психологиялық жағдайды тудырудағы тәрбиенің маңызы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жанатай, А. Ж. Студенттер арасындағы психологиялық жағдайды тудырудағы тәрбиенің маңызы / А. Ж. Жанатай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25.1 (367.1). — С. 6-7. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82721/ (дата обращения: 19.11.2024).



Студенттер арасында психологиялық жағдайды тудыруда тәрбиенің маңызы зор. Топтағы әрбір студенттің жекелеген тәрбиелік жақтары, бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде аса қажет. Себебі, бірін-бірі сыйлауы, бірін-бірі түсінуі тәрбиенің маңызды бөлшектерінің бірі болып табылады. Сондықтан, әрбір студент өзінің жеке басының тәрбиесіне көңіл бөлгенжағдайда,топта жағымды психологиялық жағдай туатыны анық. Сол себепті, әрбір студент ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеуі қажет.

Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі бірнеше кезеңдерден өту арқылы біртіндеп дамуы тиіс: өзінің кемшіліктерін анықтау, өзін-өзі тәрбиелеудің жеке ережелері мен бағдарламасын жасау, өзін-өзі ынталандыру мен өзін-өзі көндіру тәсілдері арқылы бағдарламаны жүзеге асыру, өзін-өзі тәрбиелеу нәтижелерін қадағалау және өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын түзету. Әрбір тұлға өзінің кемшіліктерін анықтауы қажет. Өзін-өзі бағалау барысында студенттер өздері жойғысы келетін кемшіліктерін табады. Бұл, кемшіліктердің шығу табиғаты әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағынан, студент өз кемшілігін жағымды қасиеттің даму мөлшерінен қалып қойғаны ретінде қабылдауы мүмкін. Екінші жағынан, ол кемшілік ретінде өзінің идеалындағы бар қасиетке қарағанда өзіндегі жағымды қасиеті жеткілікті дамымаған деп санайды. Мұндай, жағдайда кемшілікті маңайындағылар байқамайды, сондықтан, оны жоюдың өзіндік бастамасы маңызды рөл атқарады. Студенттің жағымсыз қасиеттерін кейде оның кемшілігі деп түсінеміз. Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында жағымды қасиеттерді дамыту қажеттілігіне қарағанда, мұндай жағдайдағы өзін-өзі тәрбиелеу бойындағы жағымсыз қасиеттерді жоюды, яғни қайта тәрбиелеуді қарастырады. Қайта тәрбиелеу дегеніміз ескі жағымсыз таптаурынды жою деген сөз, міне осыдан келіспеушілік пайда болады. Қайта тәрбиелеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Дайындық кезеңі ішкі келіспеушіліктің пайда болуына себеп болатын алғышарттардың қалыптасуымен сипатталады. Тәрбиенің арқасында студенттің бойында ескі машықтары мен бейімділіктері қайшылықта болатын мінез-құлықтың жаңа түрлері қалыптасады. Екінші, келіспеушілік кезеңінде, студенттер жағымсыз машықтарынан бас тартып, адамгершілік қасиеттерін тұлғасына сіңіреді [1]. Қайта тәрбиелеудің үшінші кезеңі, өзінің жағымды идеалдарына еліктеп, өз кемшіліктеріне риза болмай, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылады. Кемшіліктерді жоюды мақсат ететін өзіндік тәрбие өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасы бар болса ғана жүзеге асырылады.

Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында пайдаланылатын өзін-өзі көндіру амалдары өзін-өзі ынталандыру амалдарына қарағанда өзгешелеу болады. Оларға өзін-өзі талқылау, өзіне-өзі тыйым салу мен өзін-өзі жазалау жатады. Өзін-өзі талқылау – бұл өзінің әрекеттеріне, мінез-құлқына, ой өрістеріне деген шынайы наразылығы. Адамның өзіне сын көзбен қарауы тұлғаның рухани денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Ол тұлғаны өзін-өзі жетілдіруіне итермелейді, студентке өзіне-өзі риза болып тоқтап қалуына мүмкіндік бермейді. Бұл, іштей мойындалған қанағаттанарлықсыздықтың көрінуінің түрі сан алуан. Бұл ішкі диалог ретінде жүзеге асырылатын өзіндіксын түрінде де, өз ұятын қазбалауы да, өзінің тар пейілі мен ұстанымның жоқтығына көрсеткен ашулы монологы түрінде де болуы мүмкін. Алайда, қандай да болмасын түрдегі өзіндік талқылау өзін-өзі жетілдіруге әкеледі [2].

Өзіне-өзі тыйым салу – бұл бір нәрсені қатты тілеген кездегі өзіндік ниеттерінен бас тарту дегенді білдіреді. Бұл амалдың шектеулік қызметі: студенттердің күш-жігерін нақтылы бір өзіндік міндеттемелеріне шоғырландыру. Өзіне-өзі тыйым салу айналысындағы адамдармен болатын келіспеушіліктердің алдын ала отырып, іштегі пайда болатын қарама-қайшылықтардың шешімін табуға мүмкіндік береді. Тілектер тартылысы кезінде бұл амал адамның өзіндік дамуына ықпал ететін қозғаушы күштерді бірінші кезекте жүзеге асыруға көмектеседі. Адам өзіне-өзі тыйым салуды қолдану арқылы өзін-өзі тәрбиелеу жолынан тайдыратын әрекеттерге тойтарыс береді. Өзіне тыйым салудың ерекше бір түрі болып өзіндік бұйрық саналады, тыйым салудың қатаң әрі кесіліп айтқан түрі: «Тәртіпті сақта!», «Шыда!»және т.б. [3].

Алайда, көптеген психологтар мен педагогтар бұл амалдың қолданылуына қарсы. Өзін-өзі жазалаудың жазалаудан айырмашылығы мынада: ол тұлғаның өз күнәсін уайымдап, бас тартуының амалы болмай, олардың нәтижесі болады. Студенттің өз күнәсін мойындап, өз-өзіне риза болмауы маңызды. Өзін-өзі жазалау бұл уайымдарды тереңдетпейді, керісінше оларды жеңілдетеді. Жалпы, өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа бағдарламасын жасау мақсатында алынған міндеттемелерді орындау барысында жасалынған жұмыстың нәтижелерін қорытындылау. Егер студент күнделік жүргізетін болса, онда өзін-өзі бақылау мен өзіндік қорытынды жеңіл жасалатын болады. Мұндай жағдайда студент өзін-өзі тәрбиелеу бойынша бүгін, бір апта ішінде немесе бір айкөлемінде не істеу керектігін ұмытып қалмайды. Сондай-ақ, жасалынған әрекет жайлы жазып отыру қорытынды жасауға, талдау арқылы өзін-өзі тәрбиелеудегі ақауларды табуға және оған түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Ушинский К.Д. Шығармалар жиынтығы. - 27 б.
  2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – С. 240.
  3. Бехтерев В.М. Избранные работы по социальной психологии. – С. 45.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, студент.


Похожие статьи

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Похожие статьи

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Задать вопрос