Алғашқы есепті жетілдіру — басқару мен есептілік мақсаттары үшін ақпаратты нығайтудың негізі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Научный руководитель:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №25 (367) июнь 2021 г.

Дата публикации: 16.06.2021

Статья просмотрена: 42 раза

Библиографическое описание:

Мурат, А. Г. Алғашқы есепті жетілдіру — басқару мен есептілік мақсаттары үшін ақпаратты нығайтудың негізі / А. Г. Мурат. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 25 (367). — С. 536-539. — URL: https://moluch.ru/archive/367/82454/ (дата обращения: 25.04.2024).

Мақалада алғашқы есепті жетілдіру жолдары қарастырылған. Мүдделі тұлғаларды сенімді, сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуде алғашқы есепті жетілдіру өте маңызды.

Кілтті сөздер: қаржылық есептілік, ақпарат, алғашқы есеп, алғашқы есепті жетілдіру жолдары.

В статье рассматриваются пути совершенствования первичного учета. Важно улучшить первичный учет, чтобы предоставить заинтересованным лицам надежную и качественную информацию.

Ключевые слова: финансовая отчётность,информация, первичный учет, пути совершенствования первичного учета.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты ұстанымында Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үлкен мәнге ие болуда. Осыған байланысты бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін барабар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады [1].

Кәсіпорындардың қызметі ашық болуы маңызды, сондықтан шешім қабылдау үшін жедел және сенімді ақпарат беретін жүйеге қойылатын талаптар күшейеді. Алайда көптеген ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда басқарудың мұндай ақпаратқа деген қажеттіліктері қанағаттандырылмағандықтан басқарудың жалпы тиімділігіне кері әсер етуде. Осыған байланысты кәсіпорында жұмыс істейтін алғашқы және одан әрі басқару және қаржылық есеп жүйелерін ұйымдастыру мәселелері өзекті бола түседі.

Қолданыстағы есеп жүйесінің негізгі үш компоненті бар. Бұл, біріншіден, ақпарат жинау мен өңдеудің арнайы әдістерін қолданатын статистика. Екіншіден, кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік беретін жедел есеп. Кәсіпорындағы есептің негізгі түрі — акционерлерге, әкімшілікке және басқа да пайдаланушыларға ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы ақпарат беретін бухгалтерлік есеп.

Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте:

1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету;

2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртiппен және уақтылы тiркеу;

3) синтетикалық (қорытынды) есепке алуды талдамалық (егжей-тегжейлi) есепке алуға сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңы бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi [2].

Басқару жүйесін жетілдіру бухгалтерлік есепті жетілдірумен тығыз байланысты, бұл кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының орындалуын бақылауға және талдауға мүмкіндік пен тиісті басқару шешімдерін дайындау және қабылдау үшін қажетті уақытылы, сенімді және объективті ақпарат береді. Демек, бухгалтерлік есеп жүйесінен келетін ақпарат сапалы болуы керек [3].

Алғашқы есеп — бұл ұйымда болып жатқан бизнес-процестер мен құбылыстарды сипаттайтын жеке операцияларды тіркеуді жүйелі қабылдаудың бастапқы кезеңі. Оның объектілері: материалдық ресурстарды жасау, сатып алу және олардың шығындануы, өндіріс шығындары, жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндіріс қалдықтарының қозғалысы, өнімді шығару көлемі, өнімді жөнелту және өткізу, жеткізушілер мен мердігерлер, сатып алушылар, банк, қаржы органдары, құрылтайшылармен және т. б. есеп айырысу [4].

Алғашқы есептің мәліметтері негізінде құрылған бухгалтерлік есеп басқарудағы бақылау функцияларын үздіксіз жүзеге асыру және басқарудың барлық салалары мен деңгейлерінде шешім қабылдау, дайындау, экономикалық дамудың оңтайлы жоспарын әзірлеу үшін қажет ұйымның қаржылық жағдайы, шаруашылық құралдарының жағдайы мен қозғалысы және оларды қалыптастыру көздері туралы жан-жақты аналитикалық, синтетикалық ақпаратты көрсетеді және жинақтайды. Осыған байланысты алғашқы есепті дұрыс ұйымдастыруға және одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударуды қажет етеді.

Бүгінгі күні бастапқы құжаттардың типтік нысандарын әзірлеуге және енгізуге тырысқанына қарамастан («Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурызындағы № 411 «Бастапқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы» бұйрығы) алғашқы есеп жеткілікті реттелмеген және толық ұйымдастырылмаған, әрине бұл ақпаратты өңдеудің интеграцияланған жүйесінің дамуын тежейді. Демек, алғашқы есептің міндетіне тек ақпаратты жинау, өлшеу және өңдеу ғана емес, шешім қабылдау кезінде кері байланыстың болуы кіреді. Автоматтандыру деңгейінің жоғарылауы және есептеу процесінің барлық кезеңдерінде компьютерлік техниканың әр түрлі түрлерінің кең қолданылуы алғашқы құжаттардан қағаз тасымалдаушылар түрінде бас тартуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты тасымалдаушылар массивтерінің қозғалысын ұйымдастырудың алдында тұрған негізгі міндет — бұл тарату арналарын оңтайландыру. Шаруашылық операциялары фактісі алғашқы құжаттарда тіркеледі. Сондықтан олар сенімді ақпаратты қамтуы және операция жасалған кезде дайындалуы қажет. Бұл жағдайларда жеткілікті базалық білімі немесе практикалық тәжірибесі жоқ бухгалтердің алғашқы құжатты толығымен орындауға тиісті мән бермеуі мүмкін. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық санкциялар салынады, өйткені бұл бұзушылықтар көбінесе кірістерді жасыруға немесе төмендетуге ықпал етеді.

Шаруашылық операцияларын дұрыс көрсету және ұйым қызметінің нәтижелерін қорытындылау үшін орындалатын бухгалтерлік есептің белгілі бір рәсімдері:

1-кезең. Шаруашылық операциялары мен құралдарының көрініс табуы мен сәйкестендірілуі.

2-кезең. Таңдалған формаға байланысты журналды тіркеу.

3-кезең. Бас кітаптағы жазбалар.

4-кезең. Тексерілетін қалдық балансын құру.

5-кезең. Түзетілетін проводкалар.

6-кезең. Уақытша шоттарды жабу.

7-кезең. Қорытынды тексерілетін баланс.

Есептік циклға қажетті қосымша ретінде кірістердің өсуі мен шығындарды оңтайландыруды бақылауды қамтамасыз ететін басқару есебі жүйесі үшін ақпарат жинау кезеңдері бола алады.

Сонымен, алғашқы есеп жүргізу есеп процесінің бөлігі ретінде ұйымның белгілі бір объектілері мен жұмыс элементтерін алдын-ала анықтайды, олардың жиынтығы оны ұйымдық тұтастық ретінде сипаттайды. Алғашқы есеп ақпараты ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштері жүйесінде мәліметтер банкін құрудың негізі болып табылады. Алғашқы құжаттардың ішіндегі шаруашылық оперциялары тасымалдануға және есеп регистрлерінде жинақталуға жатады.

Алғашқы есепті жетілдіру немесе тиімділігін арттыру үшін толық автоматтандыруды ұсынуға болады.

Бұл әдістің артықшылықтары:

– қажетті ақпаратты іздеу және жинау процесін жеделдету;

– шаруашылық операцияларды жылдам бекітуді қамтамасыз ету;

– құжаттарды толтыру уақытының қысқаруы;

– алғашқы ақпараттарды өңдеу кезеңдерін жеңілдету және жеделдету (жинақтаушы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрлерін, есептілікті дайындау);

– әр түрлі қателіктердің ықтималдығын төмендету.

Кәсіпорында қателіктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін құжат айналымының кестесін жасаған жөн. Оның болмауы айыппұлдар мен заңнаманың әртүрлі санкциялар түріндегі жағымсыз салдарларына әкеліп соқтырмайды, алайда құжат айналымы саласындағы бақылаудың болмауы өз кезегінде теріс нәтиже беретін көптеген бұзушылықтарды тудырады:

– құжаттардың жоғалуы;

– қажетті құжаттардың болмауы;

– құжаттаманың уақытылы тіркелмегендігі;

– құжаттармен әр түрлі заңсыздықтар.

Нәтижесінде, бұл бухгалтерлік есептің бақылау функциясын әлсіретеді және есеп беруді кешіктіреді.

Құжат айналымының кестесін құрудың бастапқы кезеңінде бас бухгалтер алғашқы құжаттармен жұмыс жасайтын адамдар шеңберін құрып, оларға алғашқы құжаттарды рәсімдеу ережелері және осы құжаттарды бухгалтерияға тапсыру мерзімі туралы ресми түрде хабарлауы керек.

Кестені жасағаннан кейін ол басшының бұйрығымен бекітіліп, ұйымның есеп саясатына тіркелуі тиіс.

Өз міндеттерін орындаушыларды тиісті деңгейде орындағаны үшін марапаттау мен жазалау жүйесін қолдану қажет.

Дұрыс шешімдер қабылдау мен қателіктерді болдырмау мақсатында ішкі аудит жүйесінде бақылаумен айналысатын тұлғаны сайлау қажет.

Құжаттарды сақтауды ұйымдастыруда құжат айналымының кестесін қолданумен қатар мұрағатқа өткізілген құжаттармен жұмысты ұйымдастыру кезінде мұрағат қызметі мәртебесін жоғарылатқан жөн.

Әдебиет:

  1. Баймаханова А. А. Қазақстандағы бухгалтерлік есептің даму перспективалары. https://allrefrs.ru/2–567.html сайт материалдары.
  2. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы.
  3. Амиров А. К. Пути совершенствования организации первичного учета в производственной сфере. http://www.dslib.net/bux-uchet/puti-sovershenstvovanija-organizacii-pervichnogo-ucheta-v-proizvodstvennoj-sfere. html сайт материалдары.
  4. Первичный бухгалтерский учет https://www.grandars.ru/student/ buhgalterskiy-uchet/dokumentaciya-i-dokumentooborot.html сайт мәліметтері.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, первичный учет, путь совершенствования.

Ключевые слова

қаржылық есептілік, ақпарат, алғашқы есеп, алғашқы есепті жетілдіру жолдары

Похожие статьи

Организация первичного учёта на предприятии и пути его...

Библиографическое описание: Полозов, М. Н. Организация первичного учёта на предприятии и пути его совершенствования / М. Н. Полозов.

Бухгалтерский учёт ведется на основании первичных учётных документов. Документы служат гарантией достоверности бухгалтерских...

Организация первичного учета в организациях и пути его...

В статье рассмотрено понятие первичного учета в бухгалтерском учете, его способы организации в организациях, пути его

Библиографическое описание: Еремина, Н. В. Организация первичного учета в организациях и пути его совершенствования / Н. В...

Пути совершенствования бухгалтерского учета расчетов...

Библиографическое описание: Вовнянко, Е. А. Пути совершенствования бухгалтерского учета расчетов с покупателями и заказчиками / Е. А. Вовнянко, Л. А. Парамонова.

Ключевые слова: бухгалтерский учет, расчеты с покупателями и заказчиками, совершенствование.

Пути усовершенствования учёта расчетов с поставщиками на...

Пути совершенствования бухгалтерского учета расчетов...  Постоянно следить за соотношением дебиторской и кредиторской задолженности, так как значительное преобладание дебиторской задолженности создает.

Специфика деятельности сельскохозяйственных предприятий и ее...

- организация первичного учета затрат по каждому сегменту деятельности; - составление бюджетов затрат контроллерами совместно с менеджерами

Пути совершенствования учета затрат и калькулирования себестоимости продукции на примере филиала ФГУП...

Учет основных средств и пути его совершенствования на малом...

Объекты ОС принимаются к учету только на основании соответствующих первичных документов.

Исследовав информацию по учету ОС на примере субъекта малого бизнеса ООО «Универсал» можно порекомендовать некоторые пути совершенствования учета ОС.

Документооборот в сельскохозяйственных организациях...

Порядок и сроки создания первичных учетных документов и их передачи для отражения в бухгалтерском учете определены схемой документооборота, утвержденным в установленном порядке. При этом схему документооборота целесообразно выделить в отдельный документ и...

Совершенствование учета производственных запасов на складах...

Библиографическое описание: Сыроижко, В. В. Совершенствование учета производственных запасов на складах производственного предприятия / В. В. Сыроижко, А. А. Андреева, А. А. Солянникова.

Проблемы учета животных на выращивании и откорме

Для совершенствования путей ведения бухгалтерского учета можно предложить введение

Итак, данный участок учет сталкивается с проблемами неточности оформления первичной

Перспективным направлением совершенствования учета животных на выращивании и...

Задать вопрос