Қазақ драматургиясындағы комедия жанры | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (364) май 2021 г.

Дата публикации: 31.05.2021

Статья просмотрена: 154 раза

Библиографическое описание:

Кобланов, Ж. Т. Қазақ драматургиясындағы комедия жанры / Ж. Т. Кобланов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 22 (364). — С. 578-580. — URL: https://moluch.ru/archive/364/81734/ (дата обращения: 18.04.2024).

Мақалада қазақ драматургиясының қалыптасуындағы фольклорлық негіздердің рөлі қарастырылады. Тарихи эпостар мен аңыздар тақырыбына жазылған комедиялардың табиғаты айқындалады. Жеке жазушылардың шығармашылық дағдылары мен ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан талданады және бағаланады.

Түйін сөздер : комедия, драматургия, фольклор, конфликт, характер, поэтика.

В статье рассматривается роль фольклорных основ в формировании казахской драматургий, определяются природы комедий, написанных на тему исторических эпосов и легенд. Анализируются и оцениваются с научной точки зрения творческие навыки и особенности отдельных писателей.

Ключевые слова: комедия, драматургия, фольклор, конфликт, характер, поэтика.

Қазақ драматургиясындағы комедия жанры халықтың ауыз әдебиетінің негізінде туды. Батыс және орыс классиктерінің комедиялық өнерін зерттеп, олармен терең танысқан қазақ жазушылары комедия оқиғаларын қайдан алу керектігін тез түсініп, дұрыс аңғарды. Ел әңгімелері негізінде еңбек жазған қазақ халқының тұңғыш режиссері — Жұмат Шанин. Ол 1928 жылы «Торсықбай», «Айдарбек» атты күлкілі комедияларын жарыққа шығарды. Шанинге дейін де комедия жанрының негізін қалаған Бейімбет Майлин болатын. Ол жиырмасыншы жылдардың басында «Неке қияр», «Шаншар молда», «Жасырын жиналыс» атты шағын актілі комедияларын сахнаға шығарған еді. Ал, Ж.Шаниннің «Торсықбай» мен «Айдарбек» атты комедиялары Ж.Аймурзаевтың «Өз таяғың өзіңе» (1939) атты комедиясынан он жыл бұрын жазылды. Олай болса, Ж.Аймурзаев Ж.Шаниннің шығармаларымен таныс та болуы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Қалайда, екеуінің де Мольердің «Скапеннің айласы» атты комедиясына еліктегені байқалады.

Қазақ драматургиясындағы Бейімбет Майлиннің «Неке қияр» атты пьесасында да ауылдың дүмше молдасының қараңғы елді алдап, тамақ асырап жүргендігі сынға алынады. Бірін-бірі сүймейтін адамдарды мұсылмандық неке арқылы бітістірмек болған аяр молданың жағымсыз іс-әрекеті әшкереленіп, ел алдында масқара болады. Сонымен бірге пьесада жас Зәурені Жәлен есімді ажарсыз, есуастау біреуге қоспақ болған бір топ алаяқтар мен дүниеқоңыз жандардың істері де әжуаланады. Мұндағы диалогтар күлкіге толы. Мысалы, Жәленді менсінбеген жас қызға жеңгелерінің бірі: «Қой, дәнеңесі де жоқ, жырық болса қайтсін, құдайдың ісі, кімнің байы оңып тұр дейсің, бәрі де сондай»... [1,37 б.].

Бейімбет пьесаларындағы алаяқ, арамза молда бейнесі әлемдік әдебиеттегі кейбір образдарды есімізге түсіреді. Мысалы, ұлы француз драмашысы Мольердің «Тартюф» комедиясындағы алаяқ монах Тартюф бейнесі.

Тартюфтің екі жүзділігі мен аярлығының құрбаны болған екінші тұлға Оргонның анасы Пернель еді. Өзінің жауыз ниетіне жету үшін Тартюф алдымен аңғал, сенгіш жандарды қолға алады, жастарды ұнатпайды. Өйткені олар Тартюфтің сырын тез аңғарады және оны әшкерелеуге ұмтылады.

Бұл комедияда Мольер ақсүйектер арасында белең алған тойымсыздық, тоғышарлық, екіжүзділік сияқты жағымсыз қасиеттерді Тартюф образында ашып көрсетті. Өзінің арам ниеттеріне жету үшін тақуа болып көрінген бұл адам шындығында өте бұзық, аяр тұлға болып шығады. Тартюф буржуа Оргон мен оның анасын аңғалдықтарынан пайдаланып, алдап соғады. Сыры ашылған соң, Оргонды өз үйінен қуып, мал-мүлкін тартып алмақшы болғанында да Тартюф арсыздықпен бұл істердің барлығын құдай жолы үшін жасап жатқандығын айтады.

Мольер «Тартюф» комедиясында орта ғасырдағы феодалдық зұлматты осы дәуір әлеуметтік өмірі қайшылықтарына байланыста емес, оның бір жағын, яғни діни зұлымдықты, оның саяси қуғындау құралы болғандығын көрсетті. Бұл жағдай жазушыны классицизмге тән абстрактілік пен рационалдық иллюзияға алып келді. Нәтижесінде негізгі қаһарман характерін бейнелеуде схемалылыққа ұрынады. Тартюф феодал-ақсүйектердің барлық бұзықшылықтарын жинақтаған индивидуалданған образ емес, ал кертартпа ақсүйектік азғындықтың түрлі көріністерін әшкерелеген образға айналады. Сол себепті «Тартюф» комедиясы классицизм характерлер комедиясының типтік үлгісі болып табылады. Тартюфтің екіжүзділігі, Гарпагонның сараңдығы сияқты типтік мінез. Жазушының назары жалпы адам характерін ашуға емес, алдын белгіленіп қойылған негізгі қаһарман Тартюф характерінің бір жағын көрсетуге бағытталған. Бұл классицизм театрының негізгі белгілерінің бірі еді [2,257 б.].

Ж.Шаниннің «Торсықбай» пьесасы алғаш рет 1925 жылы Семейде шығатын «Таң» журналында жарияланып, 1928 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылған. 1925 жылдың көктемінде қазақ жастарының күшімен Мәскеуде қойылған пьесаның оқиғасы өмірде болған жәйттерден алынған. Пьесаның кейіпкерлері де көп емес. Төрт-ақ адам, Торсықбай, Қайыр, Қарықбол және Ыбырай молда.

«Таулы дала, жаңадан қойған қабыр маңайында екі-үш қабырдың көрінісі» деп бастайды автор пьесасын. Осы арада Торсықбай мен Қайыр жақында ғана баласын жерлеген Қарықбол бай мен Ыбырай молданы күтіп отыр. Қарықбол баласының жетісіне дәм беріп, құран оқытуға Ыбырай молданы шақырған. Торсықбайдың мақсаты бұл екеуін масқаралау. Өйткені, олардың жалшы-жатақтарға жасамаған жамандығы жоқ. Бай мен молда әсіресе Торсықбайға өш. Торсықбай бұларды неше рет мазаққа айналдырғанын пьесадағы оқиға басталған кездің өзінен-ақ байқалып тұр.

«Торсықбай (күліп) оның (молданы айтып тұр — Қ.Ж.) менімен өшігетін жөні бар. Бұрнағы жылы Жартыбай ауылында молда болып тұрғанда Бердіғұлдың келіншегіне сөз айтып, көндіре алмай жүреді екен. Онысын бір күні мен біліп, келіншекпен ақылдасып, молданы үйдің жабығынан түсірмек болдық. Оның түсетін жеріне үлкен күбіге ашыған іркітті бастырып қойдық. Көптен келіншекке сөзін өткізе алмай, кеуіп жүрген сорлы жабық түгіл шаңырақтан түсуге де көнді. Сонымен молдекең жабықтан түсем деп, күбідегі іркітке түсіп кетіп, салдырымен үйдің іші оянып, ит екен деп молдекеңді шөмішпен, шымшуырмен ұрып, әбден масқара қылған. Артынан Ыбырай молда менен болғанын біліп қойып, содан бері менімен араз» [3,94 б.].

Міне, молда мен Торсықбай арасында болған оқиғаның бір көрінісі осы. Енді сол Торсықбай, сол молда мен Қарықбол байды мола басында күтіп отыр. Қасында Қайыр бар. Бір кезде жаңа сойылған малдың піскен еті мен бір саба қымызын алып Қарықболдар да жетеді, қасында молдасы бар. Молда көзін жұмып, бар әдемі әуезімен құранды оқи бастаған кезде кебін киген Торсықбай қабырдан шыға келеді.

– Алла, сұмдық! — деседі отырғандар.

– Сұхбан..., — дейді молда, бірақ «алласын» айтуға шамасы келмей

жығылады. Қалған жұрт тым-тырақай қашып жоқ болып кетеді. Кебінге оранып, сұмдық тажал болып көрінген Торсықбай молдаға білгенін істейді, ақыры оны көрге тығып, Қайыр екеуі қымыз бен етті алып, зытып отырады.

Қашан да пьеса көркі — характер. Кейіпкер сөздерінің шырайы жойылған жерде бос декламация, арзан ақылгөйсу орын алып, шығарманың ажары түсіп, дәлірек айтқанда, айқын характерлерсіз сахналық туындының өмір сүруі қиын. Осы екі бірдей шағын, бір перделі пьесалардың сахна шарттылықтарын ескеріп, актер ойынына лайықтап жазылғандығы драмашы Ж.Шаниннің жанрдың ішкі заңдылықтарын жақсы білетіндігін көрсетеді.

Әдебиет:

1. Ордалиев С. Қазақ cовет драматургиясының очеркі. — Алматы: 1964.–276 б.

2. Қобланов Ж. Шетел әдебиетінің тарихы. — Алматы: 2015. — 400 б.

3. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. — Алматы: 1971.– 416 б.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, атта, бай мен, комедия.

Похожие статьи

Ілияс Жансүгіровтің «Беташар», «Қолбала», «Қуат»,«Кеңес»...

Ақынның ұлы Саят Жансүгіров «Құлагер ақынның құсасы» [5, 4] атты сұхбатында: Әкемнің «Мұз қала» (1930) атты поэмасы болған, бірақ ол жарық көрмеген. Онда ол кісі 1925 жылы Қазақстан басшысы болып келген Голощекиннің «Кіші Қазан төңкерісін» астарлап, әшкерелеуді мақсат тұтқан. Поэманың оқиғасы мынадай: бір елді басқаруға келген басшы елдің тұрмысын көріп: «мыналар не деген бай халық, түк істемейді! Бұларды бір жерге алып барып, жер жыртқызу керек», — дейді. «Оларға баспананы қайдан тауып береміз?» деген басшылыққа «бұларға баспана не керек, әлгі эскимостар секілді мұздан үй жасап берейік, сонда өмір сүре берсін»,- дейді.

Дәурен Қуаттың «Аспан таулар аясында» әңгімесінің...

Мақалада жазушы Дәурен Қуат әңгімесінің көркемдік ерекшелігі талданады. Шығармада қазақтың байырғы әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін жаңғырту арқылы жазушы пәлсапалық көркем ой түйеді. Қаһарманын қайсарлыққа, табандылыққа, батырлыққа ел тарихын, жер қадірін білуге баулиды...

История в загадках. Петр I. Царь-реформатор | Статья в журнале...

В статье автор показывает на конкретном примере загадок собственного сочинения, что сложный исторический материал можно творчески переработать и представить в доступном формате для успешного восприятия информации детьми младшего школьного возраста.

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетеді. Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын өзіндік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби).

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, атта...

«Орбұлақшайқасы» атты кескіндемелік шығармада тартымды көріністер мен табиғат аясындағы оқиға қылқалам құдыреті арқылы ашып көрсетілген. Полотнода тарихи мекенжай көрінісі жоғары деңгейдегі дəлдікпен жəне сенімді берілген. Жеке бөлшектерге ерекше көңіл бөлінген. Картинаны жазуға майлы бояу техникасы таңдап алынған. «Орбұлақшайқасы» – Ұлы Даладағы болған тарихи оқиға ізі мен жазылған кескіндеме. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне кіретін шайқас көрінісі картина сюжетін құраған. Шығарманың идеясы – қазірге дейін ел тарихындағы белгісіз болып келген. Ұлы даладағы «Орбұлақ жеріндегі тарихи шайқастың» көркемдік образын бейнелеу мүмкіндіктері арқылы жазу болған. Осы картина сюжеті арқылы көрерменді ел тарихымен таныстыру болған. Туындының композициясы өзіндік дара ерекшеліктері мен сипатталады. Бояу түстері мен жарық деңгейі нысанның табиғи қалпына...

Метафоралық модельдердің ұлттық сипаты | Статья в журнале...

Бұл мәтін бай мен кедейдің әлеуметтік жағдайын, қоғамдағы орындарын, таптар қайшылығын білдіріп қоймай, өмірде орын алатын әділетсіздікті де сипаттайды. Прагматикалық әсерді күшейте алатын мұндай қарама - қарсы қойып суреттеу тәсілі бинарлық оппозициялардың прототиптік образдарын сипаттауда кеңінен қолданылады.

Основные термины (генерируются автоматически): мена. Похожие статьи. Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый. Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров. Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных... В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қоғамдағы рөлі

оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық... Адам Смит бәсекелестік – мінез-құлықтық санат, жеке сатушылар мен сатып алушылар. ECM-Journal.ru [Электронный ресурс] URL: http... Социал-демократическая партия Германии в годы Первой...

Задать вопрос