Алматы облысы жер ресурстарының экологиялық жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №22 (364) май 2021 г.

Дата публикации: 26.05.2021

Статья просмотрена: 1593 раза

Библиографическое описание:

Оспанбекова, Г. К. Алматы облысы жер ресурстарының экологиялық жағдайы / Г. К. Оспанбекова, С. Р. Турганалиев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2021. — № 22 (364). — С. 582-586. — URL: https://moluch.ru/archive/364/81531/ (дата обращения: 24.04.2024).

Мақалада Алматы облысының жер ресурстарының экологиялық жағдайы талданып және ұсыныс берілді. Экологиялық тиімділендіру мәселелерін шешу үшін жер мониторингі маңыздылығы және бақылаулары көрсетілген.

Кілттік сөздер: жер ресурстары, жер мониторингі, экологиялық жағдай.

В статье проанализировано экологическое состояние земельных ресурсов Алматинской области и даны рекомендации. Показана важность мониторинга и наблюдений за землей для решения вопросов экологической эффективности.

Ключевые слова: земельные ресурсы, мониторинг земель, экологическая ситуация.

Жер — Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтың кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі [1, 10 б.].

Жер — саяси, экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, әкологиялық, және басқа салаларда болып жатқан қоғам тіршілігі процессіне негіз болып табылады [2, 20 б.].

Жер ресурстары — қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер [1, 11 б.].

Жер ресурстарын ұтымды пайдаланылуды және қорғалуды қамтмаасыз ету, сонымен бірге жер нарығының дамуына жағдай жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады [3, 66 б.].

Зерттеу объектісі Алматы облысының жер ресурстары болып табылады. Алматы облысы оңтүстікте Қырғыз Республикасымен, солтүстікте Шығыс-Қазақстан облысымен, шығысында Қытаймен, батыста Жамбыл облысымен, солтүстік-батыста Балқаш өзенімен шектеседі [4, 1 б.]

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін нысаналы мақсатқа бөлу қажет. Алматы облысының жер ресуртарының пайдалануының 2010–2020 жылдар аралығында талдау жасайық. 2020 жылғы жылдық жер есебіне сәйкес Алматы облысының барлық жер қоры мың га құрайды. Алматы облысының жер қоры 2020 жылдың 1 қараша жағдайына қарай 22357,2 мың га құрайды [5]. Алматы облысының жер қорының нысаналы мақсатына байланысты жер санаттарына бөлінуі келесі кесте 1 келтірілген.

Кесте 1 талдау жүргізу кезінде 2010 жылға қарағанда 2020 жылы Алматы облысының барлық жер қоры 37,5 мың га азайған. Себебі осы жер көлемі Алматы қаласының шегін үлкейту мақсатында жер берілген. 2010–2020 жылғы жер көлемінің санаттар бойынша жылдар бойынша динамикасы және айырмашылғы келесі сурет 1 келтірілген.

Кесте 1

Алматы облысының жер қорының нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөліну динамикасы, мың га

Жер санаттары

2010 ж.

2020 ж.

Өзгеруі (+, -)

2010 ж. -2020 ж.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

7683,7

8332,5

648,8

Елдi мекендердiң жерi

846,2

722,6

-123,6

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

284,5

257,1

-27,4

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

1098,1

1642,7

544,6

Орман қорының жерi

4066,7

3752,2

-314,5

Су қорының жерi

193,6

192,1

-1,5

Босалқы жер

8221,9

7458,0

-763,9

Барлығы

22394,7

22357,2

-37,5

Ескерту* Автор құрастырған [5,6].

Сурет 1 бойынша 2010 және 2020 жылдарға қарағандағы өзгерістер келтірілген. Суретте көрсетілгендей барлық санаттар бойынша өзгерістер анықталды. Жалпы 2020 жылғы жер есебі бойынша Алматы облысында 22357,2 жер көлемі бар, соның 37 % ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер. Алматы облысында ауылшаруашылық мақсатындағы жердің көлемін ұлғайту мақсатында пайдаланбай жатқан жерлерді немесе нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбаған жерлерді анықтауға мүмкіндік беретін жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізулуде.

Сурет 1. 2010, 2020 жылғы Алматы облысының жер қорының санаттар бойынша айырмашылықтары

Жер ресурстарын экологиялық қауіпсіз пайдануды реттеудің әлсіз құқықтық базасының және тұрақты жер пайдалануды ынталандыру механизмінің жоқтығы, барлық деңгеңдегі басқару органдардың жер қоры туралы ақпаратпен нашар қамтамасыз етілуі бағалы жер алаптарының жойылуына, топырақтардың сарқылуына, эрозия дамуына және басқа да Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құбылыстардың дамуына әсер етеді.

Қазіргі кезде табиғат пайдаланудың барлық түрлері- ауылшаруашылық, өндірістік, орман шаруашылығы және тағы басқалары — жағымсыз экологиялық зардаптарға әкеп соғады. Табиғат пайдаланудың стратегиясының өзгеруі, республика аймақтарында бұл жағымсыз зардаптарды жою мақсатында стратегияны үздіксіз жетілдіру табиғат пайдалануды экологиялық тиімділендірудің негізгі мәселесі болып табылады [7, 4 б.]. Осы мәселені шешу үшін жер мониторингін зерттеу өте ауқымды.

Жер мониторингі мына жұмыстарды орындайды:

1) Жүйелі бақылау, іздестіру, суретке түсіруді тексеру;

2) Жердің жай — күйін талдау мен бағалауды жүргізу;

3) Жердің құнарлығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

4) Белгілі бір уақыт кезеңінде жердің жай — күйін болжау;

5) Жер туралы деректер жинағын ұйымдастыру [8, 7–8 б.].

Жер ресурстарын тиімді пайдалануға жер қорының сапалық және сандық жай-күйін бақылау жер мониторингін жүргізбей қол жеткізуге болмайды.

Жер бетіндегі бақылауларды (экспедициялық, стационарлық, кешендік), ара қашықтықтан (космостық және аэротүсіру) және автоматтандырылған ақпараттық байқаулар автоматтандырылған ақпараттық байқаулар автоматтандырылған ақпараттық жүйемен байланысты.

Зерттеу бырысында мен стационарлық бақылауларды негізге алдым.

Жерлердің экологиялық жай-күйіне әсер ететін процестерді дамытудың дұрыс сандық сипаттамаларын алу мақсатында республикада стационарлық (СЭА) және жартылай стационарлық (ЖСЭА) экологиялық алаңдардан тұратын бақылау пункттерінің мемлекеттік аумақтық-аймақтық желісі қалыптастырылады. Алаңдарды салу топырақ аймақтары мен кіші аймақтарды ескере отырып, аудандар облыстарының, кадастрлық кварталдардың басым топырақ сорттарында жүзеге асырылады

Стационарлық экологиялық алаңдардағы бақылаулар жердің сапасына, олардың агроөндірістік құндылығына әсер ететін топырақ параметрлерінің өзгеруіне жүргізіледі. Бұл ретте жел (дефляция), су эрозиясы, топырақтың сортаңдануы мен сортаңдануы, жердің уытты заттармен ластануы процестерінің дамуына ықпал ететін антропогендік және табиғи факторлар, топырақтағы қарашірік, микроэлементтер құрамының динамикасы зерделенеді.

Бақылаулардың мерзімділігі бақыланатын көрсеткіштердің серпінділігіне байланысты СЭК — да — 1–3 жылды, ЖСЭА 5 жылды құрайды. Әрбір алаңға паспорт, параметрлерді өзгерту кестесі, жерді пайдалану жөніндегі нақты ұсынымдары бар түсіндірме жазба жасалады.

Жердің экологиялық жай-күйіне көпжылдық байқаулар жүргізуге арналған стационарлық экологиялық алаңдар (СЭА) және жартылай стационарлық экологиялық алаңдар (ЖСЭА) Маңғыстаудан басқа барлық облыстардың аумағында салынған. Қазіргі уақытта республика аумағында барлығы 1180 бақылау пункті салынды, оның ішінде 635 СЭА, 545 ЖСЭА. Оларды облыстар бойынша бөлу 2-кестеде келтірілген

Кесте 2

1.01.2019 жылғы жағдай бойынша ҚР жер мониторингі пункттерінің аумақтық-аймқтық желісі

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың атауы

01.01.2019ж. жағдайы бойынша салынғандары

Есепті жылы жаңадан іргесі қаланғаны

2019 ж. Аяғында болғаны

2019 ж. Қайта бақылау жүргізілгені

СЭА

ЖСЭА

СЭА

ЖСЭА

СЭА

ЖСЭА

СЭА

ЖСЭА

Ақмола

39

122

-

-

39

122

1

11

Ақтөбе

37

23

3

-

40

23

3

-

Алматы

-

71

-

-

-

71

-

4

Атырау

1

22

-

-

1

22

-

-

Шығ. Қаз.

9

46

-

-

9

46

4

4

Жамбыл

14

23

-

-

14

23

3

2

Бат.Қаз.

4

19

-

-

4

19

1

5

Қарағанды

7

55

-

-

7

55

-

8

Қызылорда

38

-

-

-

38

-

5

-

Қостанай

59

72

-

1

59

73

5

3

Маңғыстау

-

-

-

-

-

-

-

-

Павлодар

7

37

-

-

7

37

3

3

Сол.Қаз.

14

55

-

-

14

55

-

8

Оң. Қаз.

86

-

-

-

86

-

6

-

Алматы қ.

200

-

-

-

200

-

-

-

Нұрсұлтан қ.

120

-

-

-

120

-

-

-

Барлығы:

635

545

3

1

638

546

31

48

Ескерту* [ 5 ] алынған

Алматы облысында 2020 жылы 4 ЖСЭА қайта бақылау жүргізілді. Алматы облысында 2020 жылы қайталама бақылаулар Қарасай ауданында 28 ЖСЭА Первомай ауылдық округінде 4 ЖСЭА-да жүргізілді. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін бұрынғы тәлімі егістік алқаптың оңтүстік кәдімгі қара топырақтарында егістіктің жыртылу көкжиегінде қарашіріктің 23,6 % — ға 3,68-ден 4,55 % — ға дейін, 0–30 см қабатында 9,1 % — ға 3,64-тен 3,97 % — ға дейін ұлғаюы болды.

6) Жалпы азот мөлшері 2,9 % — ға 0,241-ден 0,248 % — ға дейін өсті. Жоғарғы қарашірік қабатындағы фосфордың жалпы түрлері 0,13 % — дан 0,17 % — ға дейін ұлғайды, бұл егістікті тыңайған күйде қалдырумен байланысты. Фосфордың жылжымалы формаларының мөлшері 1,27-ден 2,02 г/100 г-ға дейін өсті. Калийдің жылжымалы формаларымен қамтамасыз етілуі, керісінше, 44,64-тен 33,72 мг/100 г топыраққа дейін төмендеді. 10 жылдық бақылау кезеңінде сіңірілген негіздердің мөлшері 20,80-ден 27,40 мг-экв/100 г топыраққа дейін өсті, бұл қарашірік құрамының жоғарылауымен түсіндіріледі [5, 191–200 б.].

Жүргізілген талдау республикада жер мониторингі жөніндегі жұмыстарды кеңейту қажеттігін көрсетеді. Стационарлық бақылау пункттерінің аумақтық-аймақтық желісі толық құрылмаған және барлық басым топырақ сорттарын қамтымайды. Жердің жай-күйінің өзгеруі туралы дұрыс ақпарат алу үшін топырақ аймақтары мен кіші аймақтардың ішіндегі бақылау желісін қоюландыру, сондай-ақ мониторинг бойынша жұмыстарды қаржыландыруды ұлғайту қажет. Жер мониторингінің бірыңғай жүйесінен басқа ведомстволар, сондай-ақ 218 жеке кәсіпорындар мониторинг жүргізген кезде алынған жердің жай-күйі туралы ақпарат шықты. Сонымен, табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес республикада жердің өндірістік мониторингі жүргізіледі. Алынған деректер бірыңғай республикалық жер мониторингін жүргізу үшін ұсынылмайды.

Тақырыпты зерттеу барысында біз мынадай қорытындыларға келдік:

— жер ресурстарын пайдалануда кері әсер ететін процестерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

— ғарыштық ақпаратттарды ГАЖ технологиясымен өңдеу;

— жер жағдайы туралы мәліметтерді талдау және экологиялық жай-күйіне бақылау жүргізу;

— жер мониторингі нәтижесін талдау және өңдеу бағдарламасымен қамтамасыз ету.

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. — Алматы: Юрист, 2014. — 104б.
  2. Ахметов Е. С. Жер мен жылжымайтын мүлікке баға беру. — Алматы: Эверо, 2011. — 114б.
  3. Гендельман М. А., Қырықбаев Ж.Қ. Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері. — Астана: Фолиант, 2004. — 154б.
  4. «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-нің 2011–2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары — Талдықорған: 2012. — 18 б.
  5. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық талдамалы есебі. — Нурсултан: 2021. — 265б.
  6. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық талдамалы есебі. — Астана: 2011. — 256 б.
  7. Құрманова Г. К., Жер мониторингі: оқу құралы — Алматы: Эпиграф, 2015.-88 б.
  8. Әліпбеки О., Табынбаева Л. К., Жер мониторингі (Оқу құралы) — Алматы: ҚазҰАУ. 2010. — 106 бет.
Основные термины (генерируются автоматически): Алматы, мена.

Похожие статьи

Ілияс Жансүгіровтің «Беташар», «Қолбала», «Қуат»,«Кеңес»...

- Алматы, Өлке, 2001. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для... Рассмотрены операционные системы, присутствующие на рынке сегодня, выявлены их достоинства и недостатки, в частности, анализ ОС Android и причины ее преимущества по...

Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен қызметі | Статья в журнале...

Алматы қаласында көше, Павлодар мен Жамбыл облысында екі мектеп Е. Бекмаханов атымен аталады. Қорыта айтқанда, Е. Бекмахановтың ғылым жолындағы тұлғалық қасиеті, шығармашылығы, ұлт тарихын зерттеудегі шыншылдығы мен тарихтың ақиқатын батылдықпен зерттеуші – тарихшыларға үлгі өнеге.

Основные термины (генерируются автоматически): алматы, мена...

- Алматы, Өлке, 2001. оса, мена. Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале... - Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005. оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Бала қиялын дамыту жолдары | Статья в журнале...

мена, Секта, бар, немес, христианин. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі. Табиғат дүниесінде кеңінен бар әрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол.

Основные термины (генерируются автоматически): оса, мена. Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері | Статья в журнале... Егер вербена бал аштыру мақсатында қажет болса, онда...

Алматы облысының мал жайылымдарын басқару | Статья...

Мақалада Алматы облысындағы мал жайылымдарының қазіргі даму және жұмыс жасау тенденциясы қарастырылған. Жер жәннәті аталып кеткен аймақтың бүгінде жартысынан астамы жайылым жерлерге тиесілі. Дегенмен, жайылым жетіспейді деп дабыл қағып жүрген шаруалар шағымы күннен күнге ұласып келе жатыр. Бұл жайылым жерлердің қазіргі жағдайын...

Қазақстандағы урбанизация үрдісінің өзекті мәселелері

Екінші Қасымжанов оқулары: Қожамқұлов Т.А., Мансуров З.А. – Алматы, 2005. – 325 б. - 25 б.

Основные термины (генерируются автоматически): урбанизация, мена, сан. Похожие статьи. Актуальные направления бизнеса в рамках стрит-ритейла на...

Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі

Алматы: 2014.-360 б. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Астана: Фолиант, 2012.-656 б. Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, инновация. Похожие статьи.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарында...

Мақалада Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандарындағы жеміс-жидек, егістік өнімдерінің алып жатқан аумағы, үлес салмағы арқылы санат бойынша жерді пайдалану көрсетілген. Ауданда орналасқан шағын шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау жоқтығынан, өнім көрсеткіші төмен және соған талдау жасалған.

Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы

Бұл мақалада оқышылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың маңызы, оның мақсаты мен негізгі қолданылатын әдістері қарастырылған. Ауызша жәннне жазбаша тексеру әдістерінің маңызы, орны мен бөлімдері, жайлы мәселер қарастырылған.

О переходе казахской письменности на латинскую графику

Алфавит любого языка условен в передаче на письме звуков речевого потока живой речи. Условности и недостатки алфавита обычно компенсируются правилами орфографии. При составлении казахского алфавита на основе латинской графики, безусловно, следует учитывать орфографические и фонологические законы.

Задать вопрос